ЖДА жағдайындағы неврология-психиатрия

461. 20 жасар ер адамда соѕєы 5 жылда бірнеше секундқа созылатын жағымсыз иіс пайда болып, одан соң естен тану ұстамасына шағымданады. Естен танғаннан кейін аяқ-қолдарында тонико-клоникалық тырысулар, тілін тістеу және еріксіз зәр жіберу байқалады. Ұстама бірнеше минутқа созылып, ұстамадан кейін бас ауыру, ұстаманың болғанан білмейді. Басында ұстамалар жарты жылда 1 рет, ал қазір айына 1 ретке жиілеген. Қарау кезінде неврологиялық статусында өзгерістер табылмады.

1.+Жайылмалы эпилепсиялық ұстама

2.Идиопатиялық эпилепсия

3.Абсанстар

4.Эпилепсиялық статус

5.Кіші тырысу ұстамасы

462. 2 жастағы әйел, миастениямен ауырады, әлсіздіктің өршуіне байланысты дәрігенрдің кеңесінсіз калиминнің дозасын тәулігіне 3 таблеткадан 6-8 таблеткаға дейін жоғарылатқан. Осыдан кейін іштің ауыруы, сілекей бөлінудің көбеюі, аяқ-қолдарының әлсіздігі пайда болды. Қарау кезінде: терісі бозарған, артериалдық қысымы - 80/40 мм сын. бағ., тамыр соғуы 42 рет, тыныс алуы жиілеген, қарашықтары кішірейген, симметриялы, аяқ-қолдарындағы кїші 4 баллға төмендеген, сіңірлік рефлекстер төмен.

1.+миастениялық криз

2.тимома

3.холинэргиялық криз

4.ишемиялық инсульт

5.субарахноидалдық қан құйылу

463. 32 жастағы ер адамда ауыр жүк көтергеннен кейін омыртқаның бел аймағында қатты ауырсыну пайда болды. Ауырсыну қимылдаған кезде арта түседі. Қарау кезінде арқа бұлшық еттерінің қатаюы, сколиоз, бел аймағының тегістелуі анықталды. Бел аймағында қимыл шектелген, ауырсыну себепті алға ќарай еңкею мүмкін емес. Парездер, сезімталдықтың бұзылыстары жоқ.

1.шашыранды склероз

2.кіші жіліктіѕ нейропатиясы

3.+дискогенді радикулопатия

4.шашыранды энцефалополирадикулоневрит

5.жұлынның жарақаттық ауруы

464. 33 жастағы науқаста суық тиюден және ауыр жүк көтергеннен кейін сол жақ аяғының алдыңғы бетінде ауырсыну, ахилл рефлексі жойылған, L4-L5-S1 аймағында гипестезия байқалады. Компьютерлік томографияда - L4-L5-S1 деңгейінде парамедианды типтегі протрузиялар анықталды. Сіздің диагнозыңыз?

1.«Құм сағаты» типі бойынша ісік

2.Жұлын қан айналымыныѕ бұзылысы

3.+Диск жарығы (грыжа)

4.Омыртқадағы метастаздар

5.Гийен-Барре синдромы

465.Науқаста аяқ-қолдарының дисталды бґліктерініѕ атрофиясымен, карпорадиалды және ахилл рефлекстерінің жоғалуымен көрініс беретін тетрапарез анықталды. Аяқ-қолдарының дистальды бөліктерінде сезімталдықтың бұзылуы шұлық және қолғап түрінде бұзылған. Ласег, Вассерман, Нери симптомдары айқын білінбейді. Жүйке жүйесінің қандай құрылымдары зақымдалған?

1.шеткері жүйкелердің зақымдалуы

2.алдыңғы түбіршіктер

3.артқы мүйіз

4.артқы түбіршіктер

5.+алдыңғы мүйіз

466.Науқас П., 48 жаста. Қайтадан түсіп отыр. Ауруханаға келіп түсерден бірнеше күн бұрын жекленіп, тұйықталып, оңаша қалуға тырысқан. “Енді не болады?” деп бірсарынды сұрақ қоя берген. Ол кезде әйеліне тесіліп қараған. Ауруханаға жатқызардың алдында, түнде ұйықтап жатқан әйелін шанышқымен түйремек болған. Дәрігермен әңгімелескен уақытта “көрші үйден арнайы табыстағыштың көмегімен жасыл радиотолқындар сәулеленетінін” айтқан. Әйелдердің, еркектердің, балалардың дауыстарын естиді. Дауыстардың айтқанына қарап олардың жансыздар тобы екенін түсінген. Дауыстар адамдарды өлтіру, үйлерді өртеу қажет екені туралы айтқан. Әйелінің де осы ұйымға кіретінін естіген. Дауыстардың бұйрығы бойынша әйелі оған тамаққа, сүтке у қосып берді деп санайды. Өзінің әйеліне тап бергенін “қылмыскерлердің бандасын” құртуға ниетімен түсіндіреді. Жорамалды диагноз, емдеу.

1.Кататониялык шизофрения

2.Кеш шизофрения

3.Сылбыр ағымды шизофрения

4.+Параноидтық шизофрения. Нейролептиктер, корректорлар.

5.Фебрильды шизофрения

467.Науқас., 20 жаста, қол аяғының әлсіздігіне, алақан, білезік және табанында ұйыптұрғанына шағымданады, жүрген кезде тәлтіректейді. Екі жұма бұрын грипп тәрізді жағдай болғанын айты. Қарағанда: Бұлшық еттер тонусы төмен, карпорадиалды және ахилл рефлекстері шақырылмайды. Бұлшық ет күші алақан және табанында 2,0 баллға азайған. "Шұлық және қолғап " тәрізді сезімталдығының барлық түрі жоғалған, қол аяғының терісінің түсі өзгерген.

Қандай диагностикалық тғсіл тағайындау керек, неге?

1.электромиография, өйткені бұлшық еттердің біріншілік зақымдалуын көрсетеді.

2.миелография, өйткені кеуде көлемінде блок көрсетеді.

3.+люмбалдық пункцияны, өйткені жасуша –ақуыздық диссоциация диссоциацияны көрсетеді

4.компьюторлік томографияны, өйткені мидың төбе бөлімінің зақымдалуын көрсетеді.

5.люмбалдық пункцияны, жасуша –ақуыздық диссоциациясы

468.42 жастағы адам таңертеңгілік басы ауырып, лоқсықпен жалғасатынына шағымданып клиникаға келді. Оң қолының саусақтарынан басталып бүкіл қолына тарап, оң жақ бетіне дейін оқтын-оқтын ұйыйтынын айтты. Үш күн бұрын осыған ұқсас жағдай сіңірлері тартылумен аяқталды, соңынан бір сағаттай уақыт оң қолға әлсіздік, сөйлесу қиыншылық туғызды. Бұл жағдай басталғанына үш айға жуық болған. Бұл адам орталық өкпесіндегі рак ауыруымен онкология диспансерінің тізімінде тұр. Жүйкелік статуста тексеруде: анизорефлекция D>S, оң жағында Бабинский симптомы, оң қолында жеңіл гипестезия, білезіктерде көбірек. ОАК: Нв г/л, Эр. 3,0 *10 12/л, Л.5,0*109/л, СОЭ 50мм/сағ.

Ауруға қандай аспаптық зерттеу істеу қажет жғне неге?

1.Бұзылу деңгейін анықтау үшін, жұлынға МРТ жасау керек

2.+Өзгеріс ошағын жайылуын анықтау үшін, МРТ жасау керек

3.Кесік дғрежесін анықтау үшін, ЭМГ жасау керек

4.Қояншық ауыруының беленділігін анықтау үшін, миға ЭхоЭГ жасау керек

5.Жұлындагы өзгерістерді анықтау үшін, КТ жасау керек

469.Науқас Е,. 35 жаста, шағымдары бас ауырсынуы, оң жақ аяқ қолдарында әлсіздік және ұю. үш жылдан бері аурады, жол апатынан кейін нейрохирургиялық бөлімде емделген, содан бастап оң жақ аяқ қолдарында әлсіздік және ұю.тексергенде есі анық, қарашықтары OD=OS, көз алмасының қозғалуы толық.бұлшық ет тонусы оң жақ қол аяғында жоғары.рефлекстері қолдарынан D>S , аяқтарында D>S . табан жғне тізеде клонустары бар оң жақтан. Бабинский рефлекс оң жақта. оң жақ қол аяғында күші 3 баллға дейін төмен. Менингиальды белгілер жоқ. Гемигипестезия оң жақта.клиникалық диагноз.

1.Посттравматикалық энцефалопатия. оң жақты спастикалық терең парапарез. Гипертензионды синдром.

2.Посттравматикалық миелопатия. оң жақты спастикалық жеңіл гемипарез.

3.Посттравматикалық энцефалопатия. оң жақты спастикалық терең гемипарез

4.Посттравматикалық миелопатия. төменгі спастикалық терең парапарез.

5.+Посттравматикалық энцефалопатия. оң жақты спастикалық жеңіл гемипарез.

470. Науқас П,. 56 жаста, тракторист, мойынының, мезгілінде сол қолына иррадиациалайтын аурулардың пайда болғанына шағым айтады. Анамнезінен: Мойынының ауырғанына 3 жыл болды, 3 ай бұрын ауырғаны күшейе түсті: сол қолына иррадиациалайтын болған, басын қозғалтқанда катты ауырды. Қарағанда : C2-C7 омыртқа бұқақтары өсінділерінің ауыруы, карпорадиальный рефлекс төмен, сол иығының сырқы жағымен жолақ тәрізді гипоестезия, білезіктің шынтақ шетіне, V -ші саусаққа дейін. Науқасқа қандай зерттеу жүргізу керек?

1.Мойын аймағының ренгенографиясы

2.Люмбальды пункция

3.бас миының КТ

4.Электромиография

5.+мойын аймағын МРТ түсіру

Наши рекомендации