Кезең – Медициналық аспаптарды дезинфекциялау.

Дезинфекциялайтын заттармен жұмыс істегенде, яғни құрғақ заттарды – өлшегенде, ерітінділерді дайындағанда залалсыздағанда қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

1) барлық жұмыстарды арнайы халатпен немесе комбинезонмен, резеңкелі биялай, көзілдірік, алжапқыш, респиратормен жасау қажет.

2) жұмыстан кейін қолмен бетін ағынды суда сабынмен жуу керек, көзге ерітінді тиіп кетсе таза сумен немесе арнайы ерітіндімен шаю керек (1-кесте).

Кесте

    Дезинфекция әдісі   Дезинфекциялау тәртібі     Қолдануы     Дезинфекциялау жағдайы    
Температура, уақыт, минут   С %     Көлемі
Қайнату Са содасын қосу 980   2,0 Шыны, резеңке коррозияға төзімді полимерлі материалдар Суға толық батыру   ішек, ауа тамшы іріңді аурулар туберкулез вирусты гепатит
Химиялық әдіс: Н2 О2 180 кем емес 3,0 3,0 4,0
Н2О2 + 0,5 гр жуатын ерітінді 3,0 3,0 4,0
Кальций гипохлориді 0,25 1,0 1,0
Дезэффект 1,0 4,0 2,5

2 кезең: Медициналық аспаптарды стерилизация алдында тазалау -медициналық аспаптарды дезинфекциялаудан кейін залалсыздау алдында тазалау. Мақсаты – дезинфекциядан кейін қалып қойған ақуыз, май, механикалық кірлер және дәрі-дәрмек қалдықтарын кетіру.

Залалсыздау алдында өңдеу үшін жуатын ерітінділер қолданылады, қолмен немесе механикаландырылған әдіспен тазартылады. Жуу үшін «Лотос», «Астра», «Прогресс», «Три-А», «Биолат» және т.б. рұқсат етілген ұнтақтар қолданылады. Жуатын ерітіндіні 1 тәулік ішінде қолдануға болады. Егер ерітіндінің түсі қызғылт түске өзгермесе қайта қыздырып қолдануға болады. Қызғылт түстің пайда болуы заттардың қанмен ластанғанын білдіреді.

Медициналық аспаптарды стерилизациялау алдында тазалау тәртібі:

Кесте

Өңдеу барысы Ерітіндінің алғашқы Т0С Өңдеу ауқыты
Дезинфекциялаудан кейін медициналық бұйымдарды ағын суда шаю     0,5 мин
Жуатын комплексті ерітіндіге толық батыру (17 гр Н2О2 +5 гр жуатын ұнтақ 1 литр суға) 50-600 дейін қыздыру   15 мин
Әрбір бұйымды ершпен немесе мақта-дәке орамымен жеке жуу   0,5
Ағын сумен шаю   10 мин
Дистилденген сумен шаю   0,5
Кептіргіш шкафта ыстық ауамен құрғату 850С кепкенше

Механикалық түрде тазалау кезінде жуатын ұнтақтың көлемі, судың температурасы, өңдеу уақыты мен кезеңдерін сақтау өте маңызды.

Термиялық дезинфекцияда залалсыздау уақыты мен судың температурасы маңызды.

Зертхана және анестезиология бұйымдарын жуу-дезинфекциялау машиналары

Қазіргі кезде Жуу-дезинфекциялау машиналары хирургиялық аспаптар, түтікше, наркоз аппараты, медициналық бұйымдар мен зертханалық ыдыстарды тазалау және дезинфекциялау үшін қолданылады.

Кезең – Медициналық аспаптарды дезинфекциялау. - student2.ru

Сурет

Тазалау сапасын бағалау үшін жуылған бұйымдардың 1% тексеріледі:

а) қанның қалдықтарын 1% азопирам немесе амидопирин сынамасымен тексереді, егер қан қалдықтары болса көк-сия түске өзгереді, заттарды қайтадан комплексті ерітіндіге батырып жуу қажет;

б) жуатын ұнтақ қалдықтарын фенолфталеин сынамасымен тексереді, егер ұнтақ болса қызғылт түске өзгереді, заттарды қайтадан шаю қажет.

Наши рекомендации