Ересектердегі және балалардағы кенеттен өлім синдромы. Терминальді жағдай. Жүрек-өкпелік реанимация.

#1

!Жүрек-өкпе реанимациясы кезінде компрессияның ауа үрлеуге қатынасы:

A. 4 : 1

B. 5 : 1

C. +30 : 2

D. 15 : 2

E. 20 : 6

#2

!Жүрекке тікелей емес массаж жасағанда оң нәтижені көрсететін ЕҢ ТИІМДІ белгі:

A. көз қарашығының тарылуы

B. мәйіттік дақтар

C. тері цианозының азаюы

D. көз алмасы склерасының құрғауы

E. +ұйқы артериясында пульстің пайда болуы

#3

!Жүрек-өкпе реанимациясын жасауға ЕҢ айқын көрсеткіш:

A. анизокория

B. патологиялық тыныс

C. аз уақытқа естен тану

D. тері қабатының диффузды цианозы

E. +ұйқы артериясында пульстің пайда болмауы

#4

!Жүрек-өкпе реанимациясында ЕҢ тиімді желдендіру әдісі:

A. ауыздан-ауызға тыныс

B. ауыздан мұрынға тыныс

C. тыныс аналептиктерін енгізу

D. +трахеяның интубациясы және ӨЖЖ

E. В және С тобының дәрумендерін енгізу

#5

!Жүрек-өкпе реанимациясын жасағанда қанайналымының қалпына келгенін көрсететін ЕҢ ТИІМДІ критерийлері:

A. тахипноэ

B. қарашықтың тарылуы

C. диурездің қалпына келуі

D. +ұйқы артериясында пульстің пайда болуы

E. тері және шырышты қабаттың түсінің қызаруы

#6

! Тыныс жолы өткізгіштігін қамтамасыз ететін «Алтын стандарт»:

A. Геймлих әдісі және ауа өткізгіш

B. трахея интубациясы және коникотомия

C. микроконикотомия және оксигенация

D. Сафардың үштік әдісі және коникотомия

E. +Сафардың үштік әдісі және трахея интубациясы

#7

! Қанайналымның бұзылысына ЕҢ жиі әкелетін себеп:

A. асистолия

B. +қарыншалардың фибрилляциясы

C. қарыншалардың экстрасистолиясы

D. электромеханикалық диссоциация

E. суправентрикулярлы пароксизмалды тахикардия

#8

! ЭКГ да зақымдалған аймақты көрсетеді:

A. Т тісшесінің өзгеруі

B. R тісшесінің өзгеруі

C. Q тісшесінің кеңеюі

D. +ST сегментінің өзгеруі

E. РQ сегментінің өзгеруі

#9

! ЭКГ да ишемиялық ошақты көрсетеді:

A. +Т тісшесінің өзгеруі

B. Q тісшесінің кеңеюі

C. R тісшесінің өзгеруі

D. ST сегментінің өзгеруі

E. QRS комлексінің өзгеруі

#10

!Жүрек өкпелік реанимация жүргізген кездегі қанайналым қалпына келуін бағалауда ең дұрыс критерий:

  1. тахипноэ
  2. көз қарашығының тарылуы
  3. диурез қалпына келуі
  4. +ұйқы артериясында пульс пайда болуы
  5. тері жабындылары мен шырышты қабат цианозы

#11

!Әйел 79жаста, анамнезінде жатыр рагы терминалды сатысында. Жағдайы өте ауыр, есі жоқ. Тері жабындылары мен шырышты қабаттары бозарған. Патологиялық тыныс, Чейн –Стокс типті, 25 мин. АҚ 40/0мм.с.б. Arteria radialis пульс жоқ, ұйқы артериясында 48мин.

Ең мүмкін болжама диагноз:

  1. ми өлімі
  2. клиникалық өлім
  3. +агональді жағдай
  4. биологиялық өлім
  5. предагональді жағдай

#12

!46 жасар науқаста, бұрын дәрігерге қаралмаған,3 сағат бұрын төс артында басып ауыру сезімі пайда болды,нитроглицерин қабылдаудан басылмайды, 2-3 мин бұрын есінен танды. ЖМЖ дәрігері қарап тексергенде есі, ұйқы артериясында пульс және тынысы жоқ.

Ең мүмкін болжама диагноз:

  1. ми өлімі
  2. агональді жағдай
  3. биологиялық өлім
  4. предагональді жағдай
  5. +кенет каронарлы өлім синдромы

#13

!ЖМЖ дәрігерінің қарап тексеруі кезінде 49жасар науқаста есі, ұйқы артериясында пульс және тыныс жоқ. Көрген адамдардың айтуы бойынша таңғы жүгіру кезінде әлсіздік, бас айналу және ауа жетіспеген сезім пайда болған және 4 мин бұрын есінен танған.

Ең мүмкін болжама диагноз:

  1. ми өлімі
  2. агональді жағдай
  3. биологиялық өлім
  4. предагональді жағдай
  5. +кенет өлім синдромы

#14

!Бала, 6 айлық, ЖМЖ дәрігерінің қарап тексеруі кезінде есі, ұйқы артериясында пульс және тыныс жоқ. Ата анасының айтуы бойынша 3 сағат бұрын температурасы көтерілген, жөтел пайда болған, 5 мин бұрын есін жоғалтқан.

Ең мүмкін болжама диагноз:

  1. ми өлімі
  2. агональді жағдай
  3. биологиялық өлім
  4. предагональді жағдай
  5. +кенет бала өлімі синдромы

#15

!Науқас әйел 64 жаста, қарап тексеру кезінде есінен таңды, тері жабындыларында цианоз пайда болды. Көз қарашықтары орташа кеңейген, ұйқы артериясында пульсі және тынысы жоқ.

Ең ықтимал эффективті жедел көмек:

A. ауыз қуысын тазалау

B. электрокардиография

C. +Жүрекке жабық массаж

D. жүрекке эпинефрин енгізу

E. өкпенің жасанды желдету

Жауап эталондары

 
C
E
E
D
D
E
B
D
A
D
C
E
E
E
C

Наши рекомендации