Бесінші деңгей – өз ойын білдіру қажеттілігі
14. ойнау, оқу, жұмыс істеу.
Өз ойын білдіру қажеттілігі - алға қойған мақсаттарын іске асыру және тұлға ретінде өсу қажеттілігі.
Оттегі қажеттілігі – дұрыс дем алу адамның ең негізі физиологиялық қажеттілігі. Оттегі жетіспегенде тыныс жиі және беткей болады, ентігу мен жөтел пайда болады. Ұзақ уақыт болған гипоксия көгеруге әкеледі, терісі және көрінетін шырышты қабаттары көгереді. Бұл қажеттілікті ұстап тұру мейірбикеге басты мақсат болып табылады. Адам осы қажеттілікті қанағаттандыра отырып, өміріне қажетті қандағы газ құрамын қалыпты деңгейде ұстайды.
Тамақ қажеттілігіденсаулықты сақтауға және көңіл-күйдің жақсы болуына аса маңызы бар. Дұрыс және адекватты тамақтану көптеген аурулардың қауіпті факторларын жоюға көмектеседі.Мысалы, жүректің ишемиялық ауруы мал майына және холестеринге байтағамдарды үнемі қабылдағанда пайда болады. Жарма және өсімдік жасұнығына бай тағамдар тоқ ішектің қатерлі ісігі дамуы каупін төмендетеді. Тағамда ақуыздың көп болуы жараның тез жазылуына көмектеседі.
Бұл қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында, мейірбике науқасқа дұрыс және адекватты тамақтану туралы кеңес беру және үйрету. Науқасқа күнде жемістер мен көкөністер, ботқалар, сүт тағамдары, майсыз ет, балық, құстарды жеу ұсынылады, аздап сары май және кілегей, бірақ жұмыртқаның сарысын, қантты, тәтті тамақтарды, тұзды, спиртті ішімдіктерді шектеу қажет.
Тамақты қайнатып, пісіру қажет, бірақ қуыруға болмайды.Тамақ қажеттілігі қанағаттандырылмағанда адам денсаулығы бұзылуы мүмкін.
Сұйықтық қажеттілігі - бұл күнде 1,5-2 л сұйықтықты қолдану: су, тәтті сусын, бірінші тамақтар, жемістер, көкөністер. Осы көлемдегі сұйықтық несеппен, нәжіспен, термен, тыныс алғандағы бумен бөлінетін шығынның орнын толтырады. Су тепе-теңдігін сақтау үшін, адам шыққан сұйықтықтан артық мөлшерде суды қолдану керек, өйткені сусыздану белгілері пайда болуы мүмкін, жүйелер мен мүшелердің қызметі бұзылмас үшін, 2 литрден артық сұйықтық ішуге болмайды. Науқастың денсаулығы мейірбикенің сусыздану мен ісінулердің пайда болу қаупін болжай білуіне тікелей байланысты.
Өмір сүру заттарын шығару қажеттілігі. Бірқатар қажеттіліктерді қанағатандыруды кейінге қалдыруға болады, бірақ өмір сүру заттарын шығару қажеттілігін ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды. Көптеген науқастар бұл істі тек өзіме қатысты деп есептейді және медициналық қызметкерге айтқысы келмейді. Бұзылған қажеттілікті қанағатандыруда мейірбике оны жалғыз қалдыруға болмайды, науқастың құқығын сыйлауға және құпияны сақтауды қамтамасыз етуі қажет.
Ұйықтау және демалуқажеттілігі– ұйқы қанбағанда қандағы қанттың деңгейі төмендейді, мидың қоректенуі бұзылады және ойлау процестері баяулайды, көңіл бөлуі бұзылады, есте сақтау бұзылады. Түннің жартысына дейін ұйықтамаған адамда, фагоцитоз, иммунды қорғанысқа жауап беретін қандағы клеткалардың саны екі есеге азаяды.
Ауру адамға ұйқы өте қажет, өйткені оның көңіл-күйін жақсартуға көмектеседі. Адам ұйықтап жатқанда сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдау төмен болғанымен, бұл белсенді жағдай болып табылады.Адамның ұйқысына көптеген факторлар әсер етуі мүмкін: физикалық шаршау, дәрілер, наркотиктер, өмір салты, эмоционалды күйзеліс, қоршаған орта және физикалық күш. Ауырсынумен, физикалық шаршаумен, қорқу және депрессиямен қосарланған кез-келген ауру ұйқының бұзылуына әкеледі.Мейірбике тағайындалған дәрілік заттардың әсер етуі мен ұйқыға әсерін науқасқа түсіндіру қажет.
Дем алу – физикалық және психикалық белсенділіктің төмендеген жағдайы. Ұзақ уақыт қыдырып жүргенде, кітап оқығанда немесе арнайы босаңсыту жаттығуларын жасау кезінде дем алуға болады. Емдеу мекемесінде қатты шу, жарық шам, басқа адамдардың болуы дем алуғакедергі келтіреді.
Адамның өмір сүруіне дем алу және ұйқы қажет, ол ұйқыда жатқанда қажеттілігін қанағаттандыруға қол жеткізеді және мейірбикеге көмек көрсете алуы мүмкін.
Қозғалыс қажеттілігі. Қозғалыстың шектелуі немесе қозғала алмау адамға көптеген мәселелерді туындатады. Бұндай жағдай ұзақ және үнемі болуы мүмкін. Ол шина салынған жарақаттан кейін, арнайы аспапты қолдану арқылы аяқтарды созу, созылмалы аурулары кезінде ауырсыну, ми-қан айналым бұзылыстарынан кейінгі көріністердің (инсульт) салдарынан болуы мүмкін.
Қозғала алмау – ойық жараның пайда болуы, тірек-қимыл мүшелері, жүрек, өкпе жұмыс қызметі бұзылуының қатерлі факторының бірі. Ұзақ уақыт қозғалмағанда асқорыту жүйесінде өзгерістер байқалады: диспепсия, метеоризм (іштің кебуі), анорексия (тәбеттің төмендеуі), іш өтунемесеіш қату. Үлкен дәретке отырғанда қатты күшену көтен ішекке, миокард инфарктіне, өкпе артериясының тромбоэмболиясына, жүректің тоқтауына әкелуі мүмкін. Әсіресе жатқан қалыпта қозғала алмау, несептің шығуын бұзады және қуықта, астаушаларда қабынудың, бүйрек пен қуықта тастың пайда болуына әкеледі.
Қозғалмаудың ең басты мәселесі науқас қоршаған ортамен араласа алмағандықтан, тұлғаның қалыптасуына біршама әсер етеді. Науқастың қозғалмауының ұзақтығы мен дәрежесіне байланысты психоәлеуметтік өрісінде мәселелер туындауы мүмкін; оқуға ынтасы, уәждемесі (мотивация)төмендейді, сезу мен эмоциясы кемиді.
Мейірбике қозғалысты бар мүмкіндігінше қалпына келтіруге, балдақты, таяқты, протезді қолдана отырып, өз бетінше қозғалуға науқасты бағыттаса, науқастың өмір сүру сапасын жақсартуда үлкен маңызы бар.
Жыныстыққажеттілік. Ол ауырсада немесе жасы ұлғайсада бітпейді. Адамның сексуалды денсаулығына ауру, даму ақаулары әсер етуі мүмкін. Көп адамдар шындап сексуалды мәселесі болса да, бұл тақырыпта ашық айта алмайды. Науқаста бар және потенциалды сексуалды мәселені шешуге көмектесу, денсаулық аспектілерінің барлық жағынан үйлесім табуына қол жеткізеді. Науқаспен әңгімелескенде қалыпты сексуалды түсінік және ең көп таралған бұзылыстары туралы нақты негізгі білім болуы керек; адамның бағыты, мәдениеті, религиозды пікірі сексуалдықажеттілікке әсерін түсіну керек; мейірбике құзіреті шегінен шыққан мәселені анықтауды үйрену және науқасқа маманның кеңесіне жүгінуді ұсыну (сексолог дәрігері, сексопатолог, андролог).
Қауіпсіздік қажеттілігі.Көп адамдарғақауіпсіздік деген беріктік және жайлылықты көрсетеді. Әрқайсымыз үй, киім, біреудің көмегін қажетсінеміз. Науқас өзін қауіпсіз жағдайда сезінеді, егер де керует, кресло немесе каталка бекітілген болса, палатада және дәлізде еден құрғақ және басқа заттар болмаса, қараңғы мезгілде бөлме жарық болса, көзі көрмегенде көзілдірігі болса. Науқас ауа-райына байланысты киінуі керек, тұратын жері жылы болуы керек, қажет жағдайда көмек көрсетілуі керек. Науқас өз қауіпсіздігін қамтамасыз еткендігіне және айналадағыларға зиян келтірмейтініне сенімді болуы керек. Күйзеліс жағдайын ушықтырмауы керек.
Әлеуметтік қажеттілік– бұл отбасына, достарына қажеттілік, олардың қарым-қатынасы, бірін-бірі қолдауы, бауыр басу, жақсы көру. Адамдар өзін жақсы көруін, түсінуін қалайды. Ешкім өзін тастап кетуін, сүйкімсіз және жалғыз қалуды қаламайды. Егер осылай болса, онда адамның әлеуметтік қажеттілігі қанағаттандырылмаған.
Ауыр ауруларда, жұмысқа қабілетсіздікте немесе жасы ұлғайғанда босқуыс (вакуум) пайда болады, әлеуметтік жалғасулар жоғалады. Осы жағдайларда әсіресе қарт және жалғыз адамдарда сөйлесу қажеттілігі қанағаттандырылмайды. Адам бұл туралы айтқысы келмесе де, әлеуметтік қажеттілікті әрқашан есте сақтау қажет. Науқастың әлеуметтік мәселесін шеше отырып, оның өмір сүру сапасын біршама жақсартуға болады.
Сыйлау және өзін сыйлау қажеттілігі.Адамдармен әңгімелескенде, өзіңнің жеңісін туралы айналадағылардың бағалауына немқұрайлы қарай алмаймыз. Адамда сыйлау және өзін сыйлау қажеттілігі пайда болады. Еңбек қанағат әкелуі керек, ал демалыс –қанықты және қызықты болуы керек. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық деңгейі неғұрлым жоғары болса, өзін сыйлау қажеттілігі қанағаттандырылады. Еңбекке жарамсыз және қарт адамдарда бұл сезім жоғалады, өйткені олардың жетістігіне ешкім қуанбайды, қызықпайды, оларда сыйлау қажеттілігін қанағаттандыратын мүмкіншілік жоқ.
Өз ойын білдіру қажеттілігі – адам қажеттілігінің ең жоғарғы деңгейі. Өз ойын білдіру қажеттілігін қанағаттандыра отырып, әрқайсысы басқалардан да артық жасадым деп сенеді. Біреулері үшін өз ойын білдіру – бұл кітап жазу, басқалары үшін–бақ өсіру, үшіншісіне–балаларды тәрбиелеу.
Мейірбике науқасты күту жоспарын құрғанда, өз біліктілігі аясында көмектесуі қажет.