Диареяны үйде емдеудің төрт ережесі.

1. Әдетттегіден артық сұйықтық ішкізу

2. Тамақтандыруды жалғастыру

3. Цинк препаратын беру

4. Тез қайта келуді білу

24. Жылулық тізбегі туралы түсінік. Балалардың шетінеуін төмендетудегі жылу тізбегінің маңызы:

Жылулық тізбегі – бұл нәрестелерге арналған гипотермияның алдын алу бағытында ұйымдастырылыған бірқатар шаралар.

Жылулық тізбегінің 10 тізімі бар:

1. Перзентханадағы туу бөлмесінің температурасы – 25 градустан төмен болмауы тиіс;

2. Нәресте туылған бетте құрғақ, жылы жаялықпен кептіріп сүрту қажет;

3. Салмақ, бой өлшеуді, қарауды кем дегенде 2 сағатқа шегеру қажет

4. Туылған бетте «теріден- теріге» жанасу

5. Емшекпен емізудің басталуы

6. Баланың киім-кешегі (бас киім, қысқа шұлық, кең киім- кешек, жөргектегенде қысып тастамау)

7. Тасымалдау кезінде жылулық шартын сақтау, анасысынан бөлек алмау. (ананың кеудесінде)

8. Баланың анасымен бірге болуы

9. Реанимация жылулық жағдайында

10. Қызметкерлермен гипотермияның алдын алу бойынша

үйрету сабақтарын өткізу.

Жылу тізбегінің маңызы: егер де жылу тізбегінің кем дегенде бір тізбегі үзілсе, жылу тізбегі үзіледі және балада гипотермия болуы мүмкін. Гипотермия – жыл мезгілінің қандай мерзімі болмасын, қандай да климат жағдайында болмасын нәрестелердің шетінеуінің негізгі себебі болып табылады. Гипотермия (баланың дене температурасының 36,6 градустан төмендеп кетуі) гипогликемия, тырысу, респираторлық бұзылыстардың, оттегіне қажеттіліктің жоғарылауының қозғаушы механизмі болып табылады.

25. Нәрестелер мен 2 айға дейінгі сәбилерде кездесетін қаупті белгілер:

1. Еме алмайды немесе баяу емеді

2. Тырысу

3. Тыныс алу жиілігі минутына 60 жиі немесе минутына 30 сирек

4. Кеуде клеткасының төменгі бөліктерінің ішке

5. Қимыл- қозғалысы әдеттегігіден аз, қимылдатқанда ғана

қозғалады.

6. Температурасы 36,5 төмен немесе 37,5 жоғары

7. Іріңді жара көп мөлшерде

8. Кіндіктен бөлінді немесе қызару кіндік маңындағы теріге

жайылған

9. Сарғаю алақан және табанға жайылған

10. Сарғаю өмірінің алғашқы күнінен бастап 14 күннен астам

сақталады немесе шала туылған нәрестелерде 21 күннен артық, азайюға бейім емес.

26. Науқас балаларды стационарда іріктеу (сортировка). Шұғыл және салыстырмалы (приоритетные) белгілер туралы түсінік.Сортировка – бұл стационарға түсетін науқас балалардың шұғыл және приоритетных белгілер болуын анықтау. .

Шұғыл белгілер:

1. Тыныс алуы бұзылған (асфиксия, орталық цианоз, ауыр

дәрежедегі тыныс жетіспеушілігі)

2. Қанайналымының бұзылыстары

3. Қарау кезінде кома немес тырыспалар

4. Диареясы бар балалардағы ауыр дәрежедегі сусыздану

Шұғыл белгілер болса, науқас баланың жағдайы қалыпына келгенше белгіленген кестелер бойынша жедел жәрдем көрсетіледі. Егер жедел жәрдем көрсетілмесе қауіпті белгілері бар бала осы сәтте немесе алғашқы сағаттарда көз жұмуы мүмкін.

Басым белгілер (олар 12):

2 айға дейінгі жасы, кез келген тыныс алудың бұзылыстары, торланудың бұзылыстары, басқа мекемелерден жолданған, жоғары температура, жарақат, ауру сезімі, мазасыздық, бозару, аяқтың ұшының ісінуі, күю, улану. Басым белгілер болса бала кезектің басына ауыстырылып, тез арада қабылданып, бөлімшеде тексеруді, аназилдерді кешіктірмей жүргізіп, дәрігер бақылауына тапсыру қажет. Бала басым белгілермен тәуліктің алғашқы сағаттарында көз жұмуы мүмкін.

Қалған – шұғыл емес жағдайларда баланы жоспарлы түрде қабылдайды.

27. Пневмониялардың ауырлық критерилері (қалта анықтамасы)

Өте ауыр дәрежелі пневмония – орталық цианоз, ауыр дәрежедегі тыныс жетіспеушіліг, бала сұйықтық іше алмайды немесе тыныс жетіспеушілігінің салдарынан сұйықтық іше алмайды және ембейді. Ауыр дәрежелі пневмония – жоғарыда аталған белгілер жоқ, бірақ дем алу кезінде кеуде клеткасының ішке тартылуы бар

Пневмония – жоғарыда аталған белгілер жоқ, бірақ тыныс алуы жиілеген немесе аускультация кезінде ылғалды

28. Астомоидты тыныспен баланың жағдайын бағалау және емдеу(қалта анықтамасы):

Астмоидты тыныс болғанда және жалпы қаупті белгілер болмаса, пневмонияға тес жүргізіледі: тез әсер ететін бронхолититкетердің 3 циклы 1 сағат ішінде 15-20 минут үзіліспен. Әр жүргізілген тесттан кейін жағдайы бағаланады.

29. Оксигенотерапияға көрсетілімдер және оны жүргізу реті(қалта анықтамасы): оттегімен емдеуді мүмкіндігінше пульсоксиметрия мәліметі бойынша жүргізілген жөн болады, (оттегінің сатурациясы 90% төмен болғанды. Егер пульсоксиметр болмаса, оттегі келесі клиникалық көрсетілімдер бойынша беріледі:

Оттегі қоры шектелген болса, онда оны балада өте ауыр пневмония, бронхиолоит немесе астма болғанда береді:

· Орталық цианозы бар балаларға немесе

· Тыныс жетіспеушілігі салдарынан сұйықтық іше алмайтын немесе еме алмайтын (ересек жастағы- сөйлейді)

Оттегі қоры жеткілікті болса, оны сол сияқты келесі белгілері бар балаларға беруге болады:

· Кеуде клеткасының төменгі бөлігінің ішке тартылуы

кезінде

· 2 айдан 5 жасқа дейінгі балаларға тыныс жиілігі минутына

70 жоғары астмоидты тынысы бар, 2 айға дейінгі балаларға

· Басты изеу қимылы болған балаларға

Оттегі көздері: оттегіні мөлшерлеуші құрылымы бар оттегі баллондары (оттегіні беру жылдамдығын реттейді) және оттегі концентраторы

Оттегіні беру әдістері:

1. Назалды вилка арқылы

2. Назалды катетер арқылы (диаметрі 8 немесе 6 Шарьер межесі бойынша )

3. Мұрынжұтқыншақ катетері арқылы

Балаларға оттегіні беру қаупсіз және тиімді жылдамдығы 5 жасқа дейін минутына 1-2 л.

Наши рекомендации