Вестибуляр анализаторы қызметін зерттеу әдісі

Ішкі құлақтың вестибуляр аппараты ауыруын тексеруді, біртіндеп, қарапайым әдістен бастап жүргізу керек.

Осы бағытта сауалдарға берілген жауаптарға қарағанда лабиринтауыруына тән шағымдарды анықтауға болады (бастың айналуы, лоқсу, құсу, жүрістің бұзылуы). Бұл шағымдар вестибуляр анализаторының мишықпен, вегетативтік орталықтарымен қаңқа бұлшықеттерімен байланысты екенін көрсетеді.

Спонтандты нистагмды анықтау. Нистагм – көз алмасының әртүрлі жазықтықта (көлденең, тік, фронтальды – бұл жағдайда көз алмасы өз осінен сагитальды «жартылай» айналады) еріксіз, ырғақты тартуы.

Вестибулярлы нистагмның екі компоненті бар – баяу және тез. Нистагмды анықтау үшін аурудан өзнен 30 см қашықтықта тұрған бір затқа не дәрігердің саусағына тіке қарауын талап етеді. Саусақты ортадан оңға немесе солға дылдыту арқылы қөз алмасының тартуын анықтайды: оң жақтағы нистагм – тез компонент оңға бағытталған. Егер нистагм тез компонент жаққа қарағанда пайда болса – ол бірінші дәрежедегі нистагм. Егер нистагм тек қарағанда да болса, онда ол екінші дәрежедегі нистагм, егер нистагм баяу компонент жаққа қарағанда да қоймаса – ол үшінші дәржедегі нистагм. Нистагмнің тез компоненті лабиринттің «зорығуын» көрсетеді.

Сұқ саусақпен байқау (саусақ – мұрын, саусақ – саусақ). Саусақ – мұрын байқауында көзді жұмып, қолдарын жан-жаққа жайып оң қолдың сұқ саусағымен мұрынның ұшына кезек-кезек тигізуін сұрайды. Лабиринттердің бірінің зорығуы кезінде екі қолдың нистагмнің баяу компоненті жағында, яғни сау құлаққа қарай жаңылысуы байқалады. Егер патологиялық құбылыс бас сүегінің артқы шұңқырында болса, бұл байқауда жаңылысу бір қолда, яғни зақымданған жақта болады.

Саусақ – саусақ байқауында дәрігер қарсысында отырған ауыруға көзін жұмып, қолдарын тізеден жоғары көтеріп, екі сұқ саусағын өзінің тізесінен 40 – 50 см жоғары тұрған дәрігердің сұқ саусақтарына тигізуін өтінеді. Дәрігер сұқ саусақтарының арақашықтығын 20 см шамасында. Егер зорығу оң лабиринтте болса ауру екі қолымен де сол құлаққа қарай жаңылысады (нистагмнің баяу компоненті жағына қарай). Бас сүйегінің артқы бөлігінің шұңқыры зақымданғанды жаңылысу тек сол зақымданған жақтағы қолмен болады.

Адиадохокинезді анықтау.Ауруға көзін жұмып ішке-сыртқа тез-тез қимылдарын жасауын талап етеді. Құлақ лабиринтінің зақымдануында адиадохокинез байқалмайды, яғни екі қол да амплитудасы мен жылдамдығы жағынан бірдей қимылдар жасайды. Бас сүйегінің артқы шұңқыры зақымданғанда адиадохокинез байқалады – зақымданған жақтағы қолдың қозғалысы баяу, ырғақсыз, сылбыр болады. Айта келгенде, зерттеудің қарапайым түрлерінің өзі-ақ иірімнің зақымдануын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге осы зақымдану мен бас сүйегі шұңқыры аймағының зақымдануы (арахноидит, мишықтың іріңді қабынуы) арасында диффенециалды диагноз қоюға мүкіндік береді.

Жүрісті зерттеу. Жоғарыда айтып өткендй, вестибуляр аппараты ауруымн ауыратын адамдардың шағымдары ішінде жүрістің бұзылуын да естуге болады. Оған көз жеткізу үшін ауруға көзін жұмып, 6 м-дей тіке жүруін өтінеді. Оң лабиринттің зорығуы кезінде ауру сол жаққа, нистагмнің баяу компонентіне қарай ауытқиды, ал оңға бағытталған тез компонент оң құлақ лабиринттің зорығуын көрсетеді.

Қанатты жүріс, яғни оңға және солға, бір аяқты екінші аяққа қойып қозғалуды да осылай тексереді. Вестибуляр аппаратының ауруында жүрістің бұл түрі бұзылмайды, ал бас сүйегінің артқы шұңқырының зақымдануында жүріс өте қиын немесе зақымданған жаққа қарай жүру мүмкін емес.

Ромберг кейпінде зерттеу. Ауруға аяғының басын қосып қолын алға созып көзін жұмуын талап етеді. Егере оң құлақ лабиринті зорықса, аурудың денесі сау құлақ жаққа ауытқиды. Бастың тұрған қалпын өзгерткенде аурудың құлау бағыты да өзгереді. Бас сүйектің артқы шұңқыры зақымднғанда құлау бағыты бастың тұрған қалпына тәуелді болмайды (оңға не солға бұрғанда).

Калорияоық байқау. Бұл сұйықтық молекуласын суытқанда төмен түсіп, ал қыздырғанда жоғары көтерілетін физикалық қасиетіне негізделген. Иірімді каналдардағы эндолимфа молекуласының ампула –жаққа не одан кері қарай жылжуын тудыру үшін сыртқы есту тесігіне суық немесе ыссы су құяды. Құлақ лабиринтінің әрқайсысының зорығу дәрежесін анықтау үшін пайда болған нистагм ұзақтығын,оның дәрежесін, көз алмасының тербелу амплитудасын, сонымен бірге вегетативтік реакциялардың (тереңдік, лоқсу,өңінің бозаруы т.б.) нормадағы көрсеткіштермен салыстырады. Ауру басының тұру қалпына қарай (алға, иыққа, артқа) иірімді каналдардың фронтальды (алдыңғы), сагитальды (артқы), немесе латеральды (көлденең) тітіркенуін туғызуға болады. Тәжірибеде негізінен иірімді каналдың латеральды калоризациясын қолданады. Ол үшін креслода отырған аурудың басын артқа қайырады, сонда бұл каналдар ампуласы жоғарғы қалыпқа келеді. Сол уақытта эндолимфаның ампуладан (суық су) немесе ампулаға (жылы су) жылжуы үшін оптимальды жағдай туады. Қалыпты жағдайда сыртқы құлақ тесігінің артқы жоғарғы қабырғасын 20 градустағы 100 мл сұйықтық құйғаннан кейін, 20 сек ішінде көлденең (горизонтальды) нистагм пайда болады, мұнда тез компонент қарама-қарсы құлаққа қарай бағытталған (эндолимфа ампуланың ішінен өтеді).

Айналдырып байқау. Калориялық байқау сияқты бұл зерттеуде құлақ қысымының түсуін немесе оның зорығуын анықтайды. Байқай Эвальд тапқан заңдылықтарға негізделген: эндолимфаның ампула шетіне ауытқуы тітіркенген ампулаға қарай нистагмды тудырады (тез компонент), эндолимфаның ампула шетінен әрі қарай ауытқуы кері нистагмды тудырады. Ауруды арнайы Барани креслосына отырғызып, берілген бағдарлама бойынша (20 сек 10 айналым), сағат тілі бағытымен айналдырып күрт тоқтатқанда пайда болған нистагм соңынан бас пен дененің ауытқуы байқалады. Айналдырған кезде латеральды иірім каналы айналу шеңберінде болу үшін ауру басын 30 градусқа алға еңкейтіп, көзін жұмуы керек. Қалыпты жағдайда айналдырғаннан кейінгі нистагмның ұзақтығы 20 с, 5 мин-тан кейін сағат тіліне қарсы айналдырып екі жақтағы құлақ лабиринті реакциясын салыстырады.

Фистульды бақылау. Зерттелетін құлақтың құлақ түйінін (козелек) саусақпен басады, сол уақыттағы дабыл қуысындағы қысым жоғарылап нистагм пайда болып бас айналады. «Оң фистулды» байқауда дабыл қуысы мен есту тесігінің қысымы жоғарылаған кезде нистагм зерттелетін құлаққа, ал осы қуыстарда ауа сұйылып төмендегенде қарама-қарсы жаққа бағытталады. Фистул симптомының болуы, әсіресе сыртқы иірімді канал құрылымының бұзылғанын көрсетеді.

Лекция 6

Тақырып: Дыбыс талдағыштың патологиясы:

Жоспар: 1.дыбыс анализатордың ақаулары

Дыбыс анализатордың зақымдануы

Кілт сөздер:оталгия, отосклероз, үзеңгіше

Оталгия. Құлақтың өзіндегі патологиялық құбылыспен байланысы жоқ, құлақ қалқаны маңындағы немесе құлақтың терең ішіндегі қатты, ұстамалы ауруды оталгия дейді.

Отосклероз

Бұл аурумен жер шары халқының біраз бөлігі ауырады. Отосклероз құлақ мүкісі мен кереңдікке соқтырады. Көп жағдайда 20-26 жас аралығындағы жас әйелдерде есту қабілетінің нашарлауы кездеседі (жүктілікте, бала туғанда есту қабілеті нашарлап, одан әрі дами түседі). Кейде бұл тұқым құалайды және отбасы ауруына айналады. Естудің төмендеуі екі жақты және симметриялы болуы мүмкін. Патологиялық анатомия жағынан склерозбен ешқандай ұқсастығы жоқ. Үзеңгінің негізі орналасқан кіреберіс терезесінің шетіне белгісіз себептер әсерінен кемікті сүйек ткані өсе бастайды. Бұдан үзеңгі қимылы төмендеп, кейін толығымен қимылдамайтын болады (өйткені үзеңгінің негізі сүйекті ткань арқылы бекітіліп тұрады). Кіреберіс терезесі шетінен үзеңгі негізіне өтетін сүйекті көпіршелері біртіндеп қатая береді де терезе айналасына жайылады. Қимылынан айырылғмн үзеңгі дыбыс тербелісін ішкі құлаққа бере алмайды, осыдан адам есту қабілетінен айырылады.

Отосклероздың тууы туралы теориялар кіреберіс терезесі аймағында отосклероз ошақтарының даму себептерін толық түсіндіре алмайды, өйткені самай сүйегінің басқа бөлімдерінде де осындай отосклерозды құрылымдар (ішкі есту жолы) болады, бірақ бұлар өте сирек кездеседі.

Бір топ авторлар отосклерозды ошақтың өзіне тән белгілі бір жерде – үзеңгі негізінің алдыңғы шетінде пайда болуын сырттан келетін дыбыстың үнемі және қатты тітіркендіруімен байланыстырады. Осыдан «отосклероз – тұрмыстық есту ауруы» деген пікір туған. Бұған ауыл адамдарының отосклерозбен сирек ауыратыны дәлел бола алады.

Отосклероз – тұқым қуалайтын ауру деген де болжам бар. Бұған шешесінде бар аурудың қызында да болатыны дәлел бола алады. Ақырында, отосклероз – организмнің эндокринді жүйесінің бұзылу нәтижесі. Дегенмен барлық көрсетілген жағдайларға салмақты қарсылықтар бар: отосклероз әйелдер организімінде жүктілік, туу, емізу кездерінде болатын эндокринді өзгерістерге байланысты туады. Ал еркектерде болатын ауруды қалай түсіндіруге болады? Сондықтан отосклерозды, пайда болуы әр уақытта тәнді болғанмен, көп себепті ауруға жатқызу керек.

Лекция

Тақырып: Дыбыс талдағыштың патологиясы

Жоспар:

1. Дыбыс талдағыштың қабынуы

Кілт сөздер:отит, лабиринтит, мастоидит, мезотимпанит, эпитимпанит

Наши рекомендации