Дәрілік өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз.Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады:
Айыр;
Алоэ;
Аралия;
Арша;
Асқабақ;
Ақшайыр;
Аюқұлақ;
Бақалақ;
Бәрпі;
Валериана;
Дәрмене;
Дермене;
Диоcкорея;
Долана;
Жалбыз;
Жалбызтікен;
Жалынгүл;
Женьшень;
Жерқонақ;
Жолжелкен;
Жөке;
Жуа;
Жусан;
Жүгері;
Итбүлдірген;
Итжидек;
Итжүзім;
Итмұрын;
Итошаған;
Көкшегүл;
Қаражоңышқа;
Қалақай;
Қаражидек;
Қасқыржидек;
Қырықбуын;
Қырыққұлақ;
Лапыз;
Ламинария;
Левзея;
Меруертгүл;
Мия;
Наперстянка;
Ойраншөп;
Олеандр;
Өгейшөп;
Раувольфия;
Рауғаш;
Сарыағаш;
Секуринега;
Сенна;
Скумпия;
Таңқурай;
Томағашөп;
Шай;
Шайқурай;
Шалфей;
Шәңкіш;
Шөпшай;
Шытыр;.
Шүйіншөп (Valerіana) – өзі аттас тұқымдасқа жататын көп жылдық шөптесін өсімдік, шала бұта, бұта. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және салқын аймақтарында өсетін 200-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетін 9 түрі бар. Бұлардың биіктігі 2 м-дей, сабағы тік өседі. Тамырсабағының жуандығы 2 см, оны жіп тәрізді ақ немесе қоңыр түсті тамырлары шырмап жатады. Тамырсабағы мен тамырының ерекше иісі болады. Жапырақтары қауырсынды салаланған, тегіс жиекті, қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері майда, ақшыл қызыл түсті, қос жынысты, хош иісті. Олар ірі шоқпарбас гүлшоғырына топталған. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – сопақша-жұмыртқа тәрізді тұқымша, оның 10 – 12 сәулелі айдаршасы болады. Шүйіншөптің тамыры мен тамырсабағын дәрі ретінде пайдаланады, тамырынан эфир майы, валериан, сірке және құмырсқа қышқылдары, қант, илік заттар алынады. Шүйіншөптен жасалған дәрілер ұйқы қашқанда, жүйке жүйесі, жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылғанда тыныштандыру үшін қолданылады. Қазақстанда Шүйіншөптің Іле Алатауында – 16 т, Күнгей Алатауында – 0,3 т жылдық қоры анықталған. Көпшілігінің тамырлары жуан, сабағының буындары — түйнектелген шөл 'өсімдігі. Эфир майы бар. Дәрі шығады. Түрінің саны — 200. Мұның СССР-да 30 дайы өседі. Бұған жататындар: дала валерианасы, Тарбағатай валерианасы, Қазығұрт валерианасы, Орыс валерианасы, Түркстан валерианасы. В. Австралиядан басқа жердің бәрінде өседі.
Диоскорея (лат. Dioscorea) — жабайы және қолдан өсірілетін өсімдік. Тамыр сабағы мен тамырларынан алынған диоспонин және полиспонин препараттары кейбір жүрек қан тамыры ауруларына пайдаланылады. Сондай-ақ атеросклероз ауруына холестеринді төмендететін дәрі ретінде қолданылады.[1]
Долана (Crataegus) – раушангүлділер тұқымдасына жататын бұта не ағаш. Долананың Америка мен Еуразияның қоңыржай белдеулерінде кездесетін 200 (кей деректерде 1000-нан астам) түрі бар. Қазақстанда 7 түрі Алтай, Тарбағатай, Іле және Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Көбірек тарағаны – алқызыл долана (C. sangvіnea). Жарық сүйгіш, аяз бен құрғақшылыққа төзімді, топырақ талғамайды. Бұтақтары тікенді, кейбір түрлері тікенсіз болады, биіктігі 1 – 4 м. Жапырақтарының жиегі тілімденген. Мамыр – шілдеде гүлдеп, жемісі тамыз – қыркүйекте піседі, жемісі қыста ағаш басында тұра береді. Гүлі ақ немесе қызғылт, қызыл, жартылай шатырша не қылқан тәрізді гүлшоғырын түзеді, қос жынысты. Жемісі – жидек, ұсақ, алқызыл, сары не қара түсті, 1 – 5 сүйекті, кейбір түрі жеуге жарамды, витаминге бай. Тұқымынан көбейеді. Аралар арқылы тозаңданып, жануарлар арқылы таралады. Долананың 50-ге жуық түрлері қолдан өсіріледі. Долана медицинада дәрі-дәрмек жасауда пайдаланылады.