Тақырып «Акушерия және гинекология_ 3 страница

+ Вагиноз

=Дрожды кольпит

=Трихомониаз

? Науқас 30 жаста, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, жыныс жолдарынан жағынды қанды бөліністерге шағымданып стационарға келді. Анамнезінде: екі өздігінен түсік, жатыр қуысын қырнаумен аяқталған. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойны сақталған, сыртқы аңқа саусақ ұшын өткізеді, жатыр жүктіліктің 5-6 аптасындай ұлғайған, қосалқылары анықталмайды, күмбезі терең. Соңғы етеккірі 1,5 ай бұрын болған. Сіздің алдын ала қойған диагнозыңыз:

=Жүктіліктің 5-6 аптасы. ¤здігінен түсік қаупі.

=Жүктіліктің 5-6 аптасы. Толық емес аборт

+ Жүктіліктің 5-6 аптасы. Басталған өздігінен түсік

=Жүктіліктің 5-6 аптасы. Жолдағы түсік.

=Жүктіліктің 5-6 аптасы. Жатырдан тыс жүктілік

? Әйелдер кеңесіне 29 жастағы жүкті әйел ішіінің төменгі бөлімінің және белінің ауырсынуына шағымданып келді. Жүктілік мерзімі 15-16 апта. Анамнезінде 1 босану және 3 мед. аборт. Қынаптық тексеруде жатыр мойнының ұзындығы 2,5 см, сыртқы аңқа ашық, жатыр мойны каналы жабық, жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес келеді, жыныс жолдарынан бөлінділер шырышты. Қандай диагноз сәйкес келеді:

+ Қауіп төнген өздігінен түсік

=Басталған өздігінен түсік

=Дамымай қалған жүктілік

=Көпіршікті тығын

=Плацентаның төмен жатуы

? Гинекологиялық бөлімге 36 жастағы науқас, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуымен, құсу, дене қызуының 380С-ге дейін жоғарылауымен жеткізілді. Жатыр миомасы және 3 жыл бойына бедеулікке байланысты диспансерлік есепте тұр. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 380С. Шажырқайдың тітіркену симптомы оң. Айнамен қарау кезінде: жатыр мойны таза, бөліністері шырышты. РV: жатыры 5-6 аптаға дейін ұлғайған, оң жақ бұрышта ауырсынатын, өлшемі 5х6 см тығыз түзіліс анықталады. Қосалқылары ерекшеліксіз. Ең ықтимал диагноз қайсысы:

=Тубоовариалді түзілістің тесілуі

=Жатырдан тыс жүктілік

=Жүктілік, ерте түсік қаупі

=Аналық без кисталары аяқшаларының бұралуы

+Миоматозды түйін аяқшаларының бұралуы

? Науқас А., 24 жаста, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуымен және жыныс жолдарынан қанды бөліністерге, етеккірінің 2 аптаға тежелуіне шағымданып келді. АҚҚ 100/60 мм рт ст, тамыр соғысы минутына 90 соққы. Айнамен қарағанда: жатыр мойны шырышы көгерген, бөліністері қанды, күңгірт. РV: жатыры аздап ұлғайған, қозғалмалы, оң жақ қосалқыларында консистенциясы қамыр тәрізді, ауырсынатын түзіліс анықталады. Артқы күмбез қалыңдаған, ауырсынады. Ең ықтимал диагноз қайсысы:

=Эндометриоз

=Толық емес түсік

+ Жатырдан тыс жүктілік

=Жатыр миомасы

=Дисфункционалді жатырдан қан кету

? 40 жастағы науқас әйел, ішінің толғақ тәрізді ауырсынуы мен жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөліністерге шағымданып түсті. 4 жыл бойына ауырады. Соңғы 3 жылда анемиямен ауырады. Қынаптық зерттеуде: бөліністері қанды, көп мөлшерде. Жатыр мойнының өзекшесінен диаметрі 3 см жіңішке аяқшадағы миома түйіні шығып тұр. Жатыры аздап ұлғайған, тығыз, ауырсынусыз. Қосалқылары анықталмайды. Дәрігер тактикасы қандай:

=Анемияны емдеу

=Жатырды қынапүсті ампутациялау

=Гормондық гемостаз және антианемиялық ем

+ Түйінді алып тастап, соңынан жатыр қуысын қыру

=Жатырды қосалқыларынсыз экстирпациялау

? Науқас әйелде жүктілікті үзу мақсатында қылмыстық қол сұққаннан 11-14 күн өткеннен кейін төмендегідей симптомкомплекс басталды: ішінің төменгі бөлімінің ауырсынуы, әлсіздік, дене температурасының 390С жоғарылауы, ентігу, жыныс жолдарынан қанды бөліністердің болуы, олигоурия, жөтел. Берілген клиникалық бейне қайсысына сәйкес келеді:

=Асқынбаған инфицирленген абортқа

+ Асқынған инфицирленген абортқа

=Сепсиске

=Септикалық шокқа

=Перитонитке

? Ф., 34 жаста, тез үдемелі гирсутизмге, етеккірінің тоқтағанына шағымданады. ¤зін 6 айдан бері науқаспын деп санайды, алдыменен етеккірінің тежелуі, бетіне шаш өсе бастағанын (сақал, мұрт) байқады. Соңғы етеккірі 3 ай бұрын болған. Қарау кезінде анықталды: бойы – 152 см, салмағы 57кг, айқын гирсутизм, сүт бездері атрофирленген. Сүт бездерінен бөлінулер жоқ. PV: жатыр мойны цилиндрлік формада, аңқасы жабық. Жатыры ұлғаймаған. Сол жақ қосалқылар аймағы ерекшеліксіз. Оң жақ қосалқылары аймағында қатты түзіліс, өлшемі 5,5х4,5х5,0 см. пальпацияланады. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

=Адреногениталді синдром

=Бүйрекүсті безі ісігі

=Аналық бездердің поликистозды синдромы

+ Аналық бездердің гормонөндіруші ісігі

=Иценко-Кушинга ауруы

? 56 жастағы науқас әйелде, постменопаузадағы (4 жыл) климактерлік синдроммен қандай гормон деңгейінің жоғарылауы байқалады?

=АКТГ

=Кортизол

=ЛГ

+ ФСГ

=Прогестерон

? 45 жастағы науқас әйел, стационарға жатырдың шырыш асты миомасы себебімен келді. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны гипертрофирленген, құрылысы өзгерген, жатыр денесі 9-10 апталық жүктіліктей ұлғайған, тығыз, ауырсынусыз. Қосалқылары өзгермеген. Операцияның оптималді көлемі қандай?

=пангистерэктомия

=жатырды қосалқыларынсыз қынапүсті ампутациялау

=консервативті миомэктомия

+ жатырды қосалқыларынсыз экстирпациялау

=жатырды дефундациялау

? 40 жастағы науқас әйел, қан кету және ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуымен гинекологиялық бөлімге түсті. Соңғы 1,5 жылда, етеккірі ұзаққа созылып, көп мөлшерде бөлінуінен бастап ауырады. Соңғы етеккірі мерзімді келіп, 10 күнге жалғасуда. Анамнезінде: бір босану және 3 артифициалді түсік болған, асқынусыз. Осы жағдай етеккір қызметінің қандай бұзылысына сипатты?

=метроррагия

=альгодисменорея

+ гиперполименорея

=опсоменорея

=аменорея

Акушерия және гинекология- «Босану клиникасы»

?Босану әрекетін бағалау үшін қынаптық тексеру жүргізіледі:

=3сағаттан соң

+ 4 сағаттан соң

=5 сағаттан соң

=2 сағаттан соң

=1 сағаттан соң

? Босанудан кейінгі қан кетудің эффективті алдын алу болып табылады:

+ босанудың ІІІ кезеңін белсенді жүргізу

=бала туған соң окситоцин көктамырға енгізу

=«тамырда инемен» босанудың ІІІ кезеңін жүргізу

=бала туған соң окситоцин бұлшықетке енгізу

=босану ІІІ кезеңін күту тактикасымен жүргізу

? Алғаш босанушы босану әрекеті басталған соң 8 сағаттан кейін қағанақ суы кетті. PV: жатыр мойын ашылуы 8см, қағанақ қабы анықталмайды, ұрық басымен келіп тұр. Оқ тәрізді тігіс оң жақ қиғаш өлшемде. Кіші еңбек оң жақтан алдынан. Шоңданай осі анықталады. Осы жағдайда бас кіші жмбастан қандай өлшемде туады?

=Ортаңғы қиғаш

=Үлкен қиғаш

+ Кіші қиғаш

=Тура

=Отвесным

? Қайта жүкті, қайта босанушы әйел, 30 жаста, жетілген жүктілікпен босануда 3сағат. Ұрық жүрек соғысы анық ретті, 145рет минутына. Толғағы 5-6 минут сайын 30-35 секундтан жақсы күшімен. P.V. жатыр мойны тегістелген, ашылуы – 4,0см. Қағанақ қабы анықталмайды, суы мөлдір. Ұрық басы келіп тұр, кіші жамбас кіре берісіне тірелген. Сіздің тактикаңыз:

=Окситоцинмен босану стимуляциясын бастау

=Амниотомия, босану стимуляциясымен

=Жедел кесар тілігі

=Амниотомия, 1 сағаттан соң жатыр мойны ашылуы болмаса толғақ стимуляциясы

+ Партограмма бойынша бақылау

? Босанушы М, 25 жаста, жүктілік 29 апта мерзімімен 2 деңгейлі перзентханаға түсті. Шағымдары – ішінің төмен тартып ауырсынуына 2 тәулік бойы, Қынаптық тексеруде: жатыр мойны 1,0 см-ге дейін қысқарған, жартылай жұмсарған, цервикальді өзек 2 к/с ішкі араңнан ары өтеді. Қағанақ қабы бүтін. Сіздің әрекетіңіз:

=токолиз нифедипинмен

=Профилактика РДС: дексаметазон 6 mg б/етке

=Ампициллин 2 г к/т әр 6 сағат сайын нәресте туғанға дейін

=Амниотомия

+Токолизді бастау нифедипинмен және 3 деңгейге ауыстыру

? Алғаш босанушы әйелде жүктілік 33 апта 4 күнінде босанудың ІІ кезеңі басталды. Дұрыс босануды жүргізу тактикасын таңдаңыз?

=Ышқыну кезінде босану стимуляциясы

=Ваккум-экстракция ұрықтың

=Пудендальді анестезиямен босануды жүргізу

+ Босануды неонатолог қатысуымен жүргізу

=Эпизиотомия немесе перинеотомия

? Босану әрекеті басталған соң 9 сағаттан кейін жетілген жүктілікпен қайта босанушы әйел келіп түсті. Қынаптық тексеруде – жатыр мойын ашылуы 6,0см, қағанақ қабы бүтін, пальпацияланады: көз, мұрын түбі, бет сызығы оң қиғаш өлшемде. Иек сол жақтан алдынан, мүйіске саусақ жетпейді. Сіздің диагнозыңыз:

=Жетілген жүктілік. Босану І кезеңі. Ерте кеткен су. Бетпен келу артқы түрі.

+ Жетілген жүктілік. Босану І кезеңі. Бетпен келу алдыңғы түрі.

=Жетілген жүктілік. Босану ІІ кезеңі. Бетпен келу артқы түрі.

=Жетілген жүктілік. Босану І кезеңі. Шалқайып келу. Ерте кеткен су.

=Жетілген жүктілік. Босану ІІ кезеңі. Маңдаймен келу түрі.

? Босану ІІ кезеңінде қынаптық тексеру кезінде ұрықтың баспен келуі анықталды, жатыр мойын ашылуы – толық, үлкен еңбек пальпацияланады. Ұрық басының орналасуы қандай:

=Маңдай

+ Төбемен

=Бетпен келу алдыңғы түрі

=Бетпен келу артқы түрі

=Шүйдемен келу артқы түрі

? Босану кезінде босанушы әйелде ҚҚ жоғарылуы, тахикардия байқалды, төс артында ауырсыну, өлімнен қорқу, тыныс алудың қиындауы, цианоз пайда болды. Өлі ұрық туғаннан кейін 2 сағаттан соң өкпе ісінуі, ҚШҰ-синдромы пайда болды. Сіздің болжам диагнозыңыз:

+ Қағанақ суымен эмболия

=Миокард инфарктісі

=Эклампсия

=Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

=Өкпе инфарктісі

? Қайта босанушы, 33 жаста, босануда 17 сағат, ұрықытың жүрек соғуы – 82рет минутына 15 минут арасында. Ышқынуы 1-2 минут сайын 50-55секундтан. Қынаптық тексеруде – жатыр мойын ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ. Бас сегізкөз ойығында, бастың төменгі полюсі шоңданай төмпегі бойында. Оқ тәрізді тігіс тік өлшемде. Сіздің тактикаңыз:

+ Вакуум-экстракция ұрықтың

=Қуысты акушерлік қысқыш салу

=Босану стимуляциясы окситоцинмен

=Ылғанданғыш оттегі беру, босануды консервативті жүргізу

=Эпизиотомия

? Жамбаспен келу кезінде босанудың ІІ кезеңінде ұрық алдыңғы жауырның төменгі бұрышына дейін туылды ары қарай туылуы тоқталды. Сіздің әрекетіңіз:

=Жамбас бөлігінен ұрық экстракциясы

=Цовьянову 1 әдісі

=Цовьянову 2 әдісі

=Морисо-Левре-Лашапель әдісі

+ Классикалық қолмен көмектесу

? Алғаш босанушы 25 жаста, жатыр мойынның ІІІ дәрежелі жыртылуы бар. Сіздің тактикаңыз:

+ Жатыр қуысын қолмен тексеру жатыр жыртылысын жоққа шығару үшін

=Жыртылуды тігу

=Лапаротомия, тотальді гистероэктомия

=Жыртылысты тіккен соң антибиотик тағайындау

=Жыртылысты тігу, келесіде қынап тампонадасымен

? Алғаш босанушы әйел жүктілік мерзімі 38 аптада, босанудың ІІ кезеңінде. Қынаптық тексеруде: ашылуы-толық, оқ тәрізді тігіс оң қиғаш өлшемде, кіші еңбек сол жақтан алдынан. Ұрық жүрек соғуы анық, 164 рет минутына, ретті. Босану шешу әдісін таңда және неге?

=Кесар тілігі операциясымен босандыру, себебі маңдаймен келу

=Кесар тілігі операциясымен босандыру, себебі төбемен келу

=Босануды консервативті жүргізу, себебі маңдаймен келу

+ Босануды консервативті жүргізу, себебі жатыр мойын ашылуы толық

=босануды консервативті жүргізу, себебі шүйдемен келген артқы түрі

? Босану әрекеті басталған соң 10 сағаттан кейін ұл жынысты ұрықпен босану болды, босану ерекшеліксіз өтті. Келесі тактика және неге?

=б/етке 10 бірлікте окситоцин енгізу, атониялық қан кету емдеу үшін

+ б/етке 10 бірлікте окситоцин енгізу, атониялық қан кету алдын алу үшін

=к/т 10 бірлікте окситоцин енгізу, атониялық қан кету алдын алу үшін

=б/етке 5 бірлікте окситоцин енгізу, атониялық қан кету алдын алу үшін

=б/етке 5 бірлікте окситоцин енгізу, атониялық қан кету емдеу үшін

? Қайта босанушы әйел қалыпты жамбас өлшемдерімен, жүктілік мерзімі 39 аптада келіп түсті. Қынаптық тексеруде: жатыр мойын ашылуы толық, ұрық басы келіп тұр, тірелген. Анықталады сагиталды тігіс және кіші мен үлкен еңбектер пальпацияланады. Кіші еңбек артқа қарай ығысқан. ІА-94см, ЖТБ-36см. Босануды шешу әдісін таңдау және неге?

=Босануды кесар тілігі босандыру, себебі төбемен келу

+ Босануды консервативті жүргізу, себебі жатыр мойын ашылуы толық, ұрықтың болжам салмағы 3200,0-3400,0

=Босануды кесар тілігі босандыру, себебі маңдаймен келу

=Босануды кесар тілігі босандыру, себебі бастың асинклитикалық келуі

=Босануды кесар тілігі босандыру, себебі бетпен келу

? Алғаш босанушы жетілген жүктілікпен босануда. Қарау кезінде: ұрықтың жұмсақ бөлігі келген, басы жатыр түбінде. ЖТБ-33см, ІА-95см. Жатыр мойны тегістелген, ашылуы – 4,0см. Ұрық жамбасы келіп тұр. Қағанақ қабы бүтін. Тактика және неге?

+ Консервативті жүргізу, себебі таза жамбаспен келу

=Консервативті жүргізу, себебі жатыр мойын ашылуы 2,0см

=Кесар тілігі себебі аяқтары түсуі мүмкін

=Жедел кесар тілігі, себебі кіндік бауы түсуі және қысылуы мүмкін

=Кесар тілігі себебі босану жарақаты болуы мүмкін

? Қайта босанушы 25жаста, жетілген жүктілікпен перзентханаға түсті. ІА-105см, ЖТБ-42см. Ұрық тігінен орналасқан, жамбасы келіп тұр, тірелген. Жүрек соғуы анық ретті, 140рет минутына. Босану шешу әдісін таңда, неге:

=Жоспарлы кесар тілігі, себебі алғаш босанушы

+ Жоспарлы кесар тілігі, себебі ұрық жамбаспен келген және ірі ұрық

=Табиғи жолмен босану себебі асқынған акушерлік анамнез жоқ

=Табиғи жолмен босану себебі таза жамбаспен келу.

=Табиғи жолмен босандыру, себебі ұрық жағдайы қалыпты.

? Стационарға қайта босанушы әйел ретті толғақпен келіп түсті. ІА-105см, ЖТБ-42см. Ұрықтың болжам салмағын Джонсон бойынша анықтаңыз:

=3628 г

+ 4805 г

=3675 г

=4410 г

=4744 г

? Ұл жынысты жетілген ұрықпен босану болды, салмағы 4200,0. Босану жолдарын айнамен қарағанда жатыр мойнының жыртылуы қынап күмбезіне дейін жетеді болды. Акушерлік тактика және неге?

=Қынап үстілік ампутация себебі ІІІ дәрежелі жатыр мойын жыртылуы

=Қынап үстілік ампутация себебі ІІ дәрежелі жатыр мойын жыртылуы

=Қынап үстілік ампутация себебі жатыр мойнының жыртылуы қынап күмбезіне дейін жетеді

=Жатыр қуысын қолмен тексеру қан ұйындыларын алу үшін

+ Жатыр қуысын қолмен тексеру жатыр жыртылуын жоққа шығару үшін

? Жүкті Т 37жаста жүктілер патологиялық бөлімге жүктілік 40аптасы диагнозымен түсті. Жатырында тыртық. Алғашқы жүктілігі 4 жыл бұрын ұрықтың жедел гипоксиясы салдарынан корпоральды кесір тілігімен аяқталған. Ана мен ұрық жағдайы қанағаттанарлық. Ұрық салмағы-3200гр. Жатыр мойыны жетілген. Босану жоспарын таңдаңыз және неге?

=Босануды консервативті жүргізу, ұрық салмағы орташа болғандықтан

=Босануды консервативті жүргізу, ұрық салмағы орташа және жетілген ұрық болғандықтан

=Босануды консервативті жүргізу, ұрық салмағы орташа, жетілген ұрық және жатыр мойыны жетілген болғандықтан

=жоспарлы кесар тілігі, әйел жасы 37 және өзі босанбағандықтан

+ жоспарлы кесар тілігі, әйел жасы анамнезінде корпоралды кесар тілігі болғандықтан

? Қайта босанушы әйелде жүктіліктің 36-37 аптасында босану кезінде 2 сағат су кету және ышқыну басталды. Басы кіші жамбаста. Ұрықтың жүрек соғысы 120 рет минутына. Кенеттен қалтырау,кеудесінде ауырсыну,бети когергеру, құсу пайда болды. АҚ 80/40 мм.с.б, температура 39,3, айқын ентігу, тырысулар. РУ: жамбас қуысындағы басының толық ашылуы, тік өлшемдегі төбе жігі. Рентгенограммадан не көруді тосасыз

=Өкпенің тотальді инфильтрациясы

=Қарлы боран суреті

+ интерстицианальді ісінудің құйылуы «көбелек»тәрізді,түпкі аймағындағы периферия суретінің ағаруы мен қалыңдауы.

=Картина инфильтрации өкпе сүретінің күшейюімен, қиғаш деңгейдер

=Өкпе түбірі кеңейген, Диаффрагма үстінде бос газ болуы

? Босанушы Р, 30 жаста, жетілген жүктілікпен келді. Босануда 5 сағат, толғақ 10 минутта 4ре 35-40сек. Сусыз кезең 75сағат. Окситоцинмен босану индукциясы жүргізіліп жатыр, 20 тапшыдан 5бірлікте. Температура 36,5 градус , ҚҚ 110/70мм.рт.ст, Пульс 82 уд/мин. Үздіксіз КТГ жүргізілуде: тахикардия 175 уд/мин 30 минут ішінде, кеш децелерация анықталады. Сіздің тактикаңыз және неге:

+ Окситоцинмен инфузияны тоқтату, қынаптық тексеру, КТГ жалғастыру, босануды оперативті шешуді қарастыру, себебі ұрықтың қауіпті жағдайының себебң окситоцинмен индукция болуы мүмкін

=Окситоцинмен инфузияны тоқтату, қынаптық тексеру, КТГ жалғастыру, босануды оперативті шешуді қарастыру, себебі КТГ ақпаратты емес.

=КТГ тоқтату, жедел кесар тілігімен босануды аяқтау, себебі ұрықтың қауіпті жағдайы анықталады

=КТГ тоқтату, жедел кесар тілігімен босануды аяқтау, кіндік бауының түсуі мүмкін.

=КТГ тоқтату, жедел кесар тілігімен босануды аяқтау, ұрықтың интрананатльді өлуі мүмкін

? Антибиотикопрофилактиканың (ампициллин 2,0 к/т) бала туғанға дейін негізгі принципін атаңыз келесі жағдайларда:

-ерте босануда

-жетілген жүктілікте және сусыз мерзім 18 сағаттан асса босану басталысымен

=Ана мен нәрестенің ірінді-септикалық асқынулардың алдын алу үшін

=Хориоамниониттің алдын алу үшін

+ неонаталды сепсистің алдын алу үшін

=Нәрестеде мийға қан құйюлудың алдын алу үшін

=Әр жағдайда өзі принцип бойынша (жетілген жүктілікте -ана мен нәрестенің ірінді-септикалық асқынулардың алдын алу үшін, ал ерте босануда- неонаталды сепсистің алдын алу үшін)

? Көрсетілген суретте босану мүмкін бе және неліктен:

=Босану мүмкін, себебі бетпен келудің артқы түрі

=Босану мүмкін, себебі төбемен келудің артқы түрі

+ Босану мүмкін, себебі шүйдемен келудің артқы түрі

=Босану мүмкін, себебі бетпен келудің алдыңғы түрі

=Босану мүмкін, себебі төбемен келудің алдыңғы түрі

? Акушерде геморрагиялық шоктың алдын алу әдістеріне кіреді:

=Жергілікті гемостазды қалпына келтіру

=ТҚШҰ-синдромын алдын алу

+ Гиповолемияны алдын алу

=Бүйрек жетіспеушілігін алдын алу

=Қуық катетеризациясы

? 22 жастағы босанған әйел салмағы 4200 г бала босанды, босанғаннан кейін жыныс жолдарынан қанды бөліністер пайда болды. Босану жолдарын қарап тексергенде қайық тәрізді шұңқыр аймағы мен аралық терісінде қынаптың артқы қабырғасының жыртылуы байқалады. Болжама диагнозы:

+ Аралықтың жыртылуының I дәрежесі

=Аралықтың жыртылуының II дәрежесі

=Аралықтың жыртылуының III дәрежесі

=Қынап жыртылуының I дәрежесі

=Қынап жыртылуының II дәрежесі

? Кесар тілігі операциясынан кейін ішек парезінің алдын алуы жүргізіледі:

=2 сағаттан кейін

=6 сағаттан кейін

=1-ші тәулік

+ 2-ші тәулік

=3-ші тәулік

? Босануы 10 сағатқа жалғасқан босанушы әйелде қағанақ суы кетті. Әйел аяқ астынан бозарып, жүрек аймағында ауру сезім, қорқу сезімі пайда болды. Қарап тексергенде АҚ 70/50 мм рт. ст., цианоз, ұрықтың жүрек соғуы минутына 100-110 рет. Болжама диагноз:

=Бала жолдасының мерзімінен бұрын сылынуы

+ Қағанақ суының эмболиясы

=Ұрықтың қауіпті жағдайы

=Кардиогенді шок

=Аллергиялық шок

? П., босануда 10 сағат, қағанақ суы кеткен. Әйел бозарған, жүрек аймағында ауру сезім, ентігу, қорқу сезімі, цианоз байқалады. АҚ 70/50 мм сб. бб., ұрықтың жүрек соғысы минутына 100-110 рет. Қынаптық тексергенде: жатыр ернеуінің ашылуы толық, қағанақ қабы жоқ, ибасы кіші жамбас қуысында. Диагнозы: қағанақ суының эмболиясы. Мүмкін болатын емі:

=Жедел түрде босандыру

=Тыныс алу функциясын қалпына келтіру

=Жүрек-қан тамыр жүйесін қалпына келтіру

+ Глюкокортикоидтарды жоғарғы дозада енгізу

=Қанның коагуляциялық қөасиетін қалпына келтіру

? Босанушы әйелді қынаптық тексергенде: жатыр мойнының ашылуы 4 см,

қағанақ қабы бүтін. Жатуы баспен. Жебе тәрізді тігіс оң

қиғаш өлшемде, үлкен еңбек қасаға сүйектен сол жақта, кіші еңбек сегізкөзден

оң жақта, үлкеннен жоғары орналасқан. Мүмкін болатын диагноз:

=Босанудың I кезеңі. Алдыңғы түрі, затылочное вставление.

=Босанудың I кезеңі. Артқы түрі, затылочное вставление.

+ Босанудың I кезеңі. Алдыңғы баспен жатуы.

=Босанудың I кезеңі. Маңдаймен жатуы

=Босанудың I кезеңі. Бетпен жатуы

? Босанатын әйелдің жамбас өлшемдері қалыпты, ұрықтың болжама салмағы 3000,0 гр. Қынаптық тексергенде: жатыр мойнының ашылуы 7 см, қағанақ қабы жоқ. Мұрын, ауыз, иек анықталады. Бет сызығы сол қиғаш өлшемде, иек симфизден сол жақта. Мүмкін болатын акушерлік тактика:

=Кесар тілігін жасау

=Акушерлік қысқыш салу

=Сыртқы-ішкі бұрылыс жасау

+ Табиғи босану жолдары арқылы босануды жүргізу

=Ұрықты бұзу операциясын жүргізу

? 22 жастағы босанушы әйел жамбас өлшемдері қалыпты. Ұрықтың болжама салмағы 3000,0. Босанудың II кезеңі. Жамбаспен жатуы, таза-жамбаспен, жамбасы жамбас түбінде. Күшенгеннен кейін ішінің ауруы, қанды бөліністер пайда болды. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 180 рет, ырғақты. Мүмкін болатын акушерлік тактика?

Наши рекомендации