Элективіне арналған тесттер 7 страница

*Монурал 3 г/тәул., p/os

*Сумамед 500 мг/тәул. p/os

*+Цефтриаксон 1г/тәул., венаға

*Гентамицин 80 мг/тәул., б/е

*Ципрофлоксацин 500 мг/тәул., венаға

#29

*!Мына клиникалық симптомдардың қайсысы асқынған немесе асқынбаған несеп шығару жолдарының инфекциясы диагнозын қоюда дифференциалды-диагностикалық критерий болады?

*Ауыру сезімімен несеп бөлу

*+Улану дәрежесі

*Ауыру симптомы

*Поллакиурия

*Никтурия

#30

*!18 жасар жүкті әйел, жүктіліктің 28 аптасы, дене қызуының 39◦С дейін жоғарылауына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданып ауруханаға жеткізілді. Анамнезінен: жедел ауырған, 3 күннен бері қызба 39◦С дейін, өз бетінше парацетамол, бисептол қабылдаған, әсері болмаған. Қараған кезде улану симптомдарына байланысты жалпы жағдайы бұзылған, температура 39,5◦С, ісіну жоқ, АҚ 110/70 мм с.б., несеп бөлуі еркін. Зертханалық талдау: Қанда – Нв 120 г/л, лейкоциттер 12 мың, с 72%, л 20, м 8%, ЭТЖ 40 мм/сағ; Несеп: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – тұтасымен алып жатыр, бактерия +++. Жүргізілген антибактериалдық емге қарамастан, жағдайы нашарлады, улану симптомдары күшейді. Бұл науқаста қандай жағдай дамыды?

*+Уросепсис

*Асқынбаған НШЖИ

*Пневмония қосарланды

*ЖРВИ қосарланды

*НШЖИ қайталанды

#31

*!18 жасар жүкті әйел, жүктіліктің 28 аптасы, дене қызуының 39◦С дейін жоғарылауына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданып ауруханаға жеткізілді. Анамнезінен: жедел ауырған, 3 күннен бері қызба 39◦С дейін, өз бетінше парацетамол, бисептол қабылдаған, әсері болмаған. Қараған кезде улану симптомдарына байланысты жалпы жағдайы бұзылған, температура 39,5◦С, ісіну жоқ, АҚ 110/70 мм с.б., несеп бөлуі еркін. Зертханалық талдау: Қанда – Нв 120 г/л, лейкоциттер 12 мың, с 72%, л 20, м 8%, ЭТЖ 40 мм/сағ; Несеп: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – тұтасымен алып жатыр, бактерия +++. Жүргізілген антибактериалдық емге қарамастан, жағдайы нашарлады, улану симптомдары күшейді. Қандай асқынудың даму қаупі мейілінше ықтимал?

*Қуық-несепағар рефлюксі

*+Бүйрек абсцессі

*Гидронефроз

*Бүйрек торсылдағы

*Несеп-тас ауруы

#32

*!27 жасар жүкті әйел, 5 жылдан бері қант диабетінен зардап шегеді. Мына симптомдардың қайсысы антибактериалдық емді тағайындауға көрсеткіш болып табылады?

*Полиурия

*Глюкозурия

*Гиперизостенурия

*Артериалдық гипертония

*+Симптомсыз бактериурия

#33

*!20 жасар жүкті әйел, дене қызуының 38,5◦С дейін жоғарылауына, бел аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Тексергенде: температура 38,0◦С, АҚ 110/70 мм с.б. Несеп: лайлы, Ле к/а 20 дейін, Эр 6-8 к/а, бактериурия +++. Пиелонефрит кезінде жүктіліктің ағымының ерекшеліктері:

*Анурия

*Олигурия

*Ісіну синдромы

*Артериалдық гипертензия

*+Жүктіліктің үзілу қаупі

#34

*!Әйел 25 жаста, жүктілік 13 апта. Шағымдары: жиі ауру сезімімен несеп шығару, қасаға үстіндегі ауру сезімі, жиі императивті шақырулар. Бұл шағымдар суықтанғаннан кейін 2-3 күннен бері мазалауда. Тексеру кезінде ЖҚТ өзгеріссіз, ЖНТ-да – Лейк 20-30 к/а, бактериялар +++. Қандай ем жүргізген мейілінше дұрыс болып табылады?

*+Зиннат

*Бисептол

*Гентамицин

*Азитромицин

*Ципрофлоксацин

#35

*!Мына антибиотиктердің қайсысын ЗШЖИ емдеу үшін жүктілік уақытында қолдануға болады?

*Имипенем

*Азитромицин

*+Амоксициллин

*Ко-тримоксазол

*Ципрофлоксацин

#36

*!Жүктілерде жедел пиелонефрит қай мерзімде жиі дамиды:

*1-4 апта

*5-10 апта

*11-22 апта

*+23-28 апта

*28-32 апта

#37

*!20 жасар жүкті әйел, дене қызуының 38,5◦С дейін жоғарылауына, бел аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Тексергенде: температура 38,0◦С, АҚ 110/70 мм с.б. Несеп: лайлы, Ле к/а 20 дейін, Эр 6-8 к/а, бактериурия +++. Антибактериалдық ем тағайындалды.

Антимикробтық препаратты қабылдаудың ұзақтығы қанша күн болуы керек?

*1-3

*5-7

*7-10

*+10-14

*10-20

#38

*!Науқас 25 жаста, жүктілік 32 апта. Клиникаға келесі симптомдармен түсті: оң жақ бел аймағында кенеттен ауру сезімі, несебінде ал қызыл қанмен аралас. Госпитализацияға дейін 3 күн бұрын дене қызуының 37С дейін жоғарылауы, бел аймағында қатты ауру сезімі, несебінің қан аралас болуымен басталған. Спазмолитик қабылдағаннан жағдайы жақсармаған. Анамнезінен: 20 жасынан несеп тас ауруы. Зерттегенде – АҚҚ-150/100, ЖСЖ-86, оң жақ бел аймағында ауру сезімі. Талдауларында: креат-620 мкмоль/л, мочев-35ммоль/л, К-6,5ммоль/л, ЖҚА: Нв-136г/л, тромб-225мың, лейк-8мың, СРБ-15 мг/дл. ЖЗА: Ле –6-8, эритроцит – көп. Бүйрек УДЗ: оң бүйрегінің ұлғаюы, оң жақ астауша 6см дейін ұлғайған. Мына тактикалардың ішінде қайсысы ЕҢ БІРІНШІ кезекте тұрады?

*Гемодиализ

*+Нефростомия

*Уретеролитотомия

*Перитонеалды диализ

*Жедел босандыру

#39

*!Жүктілерде НШЖИ-сын емдегенде қай топтың антибиотиктерін тағайындауға болмайды?

*Фосфомицин

*+Фторхинолондар

*Қорғалған пенициллиндер

*Цефалоспориндердің 3 буыны

*Цефалоспориндердің 2 буыны

#40

*!Жүктілерде НШЖИ-сын емдегенде қай топтың антибиотиктері ұрық үшін ең қауіпсізі болып табылады?

*Уросептиктер

*Макролидтер

*Фторхинолондар

*+Цефалоспориндер

*Аминогликозидтер

#41

*!Жүкті әйел, жүктіліктің 30 аптасы. Клиникаға температурасының 39◦С дейін жоғарылауымен, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданып түсті. Тексергенде: қанда – Нв 120 г/л, лейкоциттер 12 мың, с 72%, л 20, м 8%, ЭТЖ 40 мм/сағ; ОАМ: лайлы, белок 0,066%, лейкоциттер – тұтастай, бактерия +++. Несептің жалпы талдауының ең дұрыс бағалауы?

*+Жедел гестациялық пиелонефрит, цефтриаксон б/е тағайындау керек

*Жүктіліктің үшінші триместрі үшін барлық көрсеткіштер дұрыс

*Симптомсыз бактериурия, зиннат p/os

*Жедел цистит, фосфомицин p/os

*Вульвовагинит, сыртқы жыныс мүшелерін санациялау

#42

*!Бүйрек аурулары бар жүкті әйелдердің диурезін бақылау үшін өткізіледі:

*Несеп түсін бағалау

*Зимницкий сынамасы

*Тәуліктік протеинурияны есептеу

*Несеп шығару ритмін бағалау

*+Қабылдаған және шығарылған сұйықтықты күнделікті есептеу

#43

*!Мына гормондардың қайсысының әсерінен жүктілерде қуық бұлшықетінің тонусы төмендейді?

*АДГ

*Рениннің

*Альдостеронның

*Ангиотензинның

*+Прогестеронның

#44

*!28 жастағы жүкті әйелде суықтағаннан кейін дене қызуы 39С дейін жоғарылап, соған байланысты Ибупрофен қабылдаған. Тәуліктің соңында әлсіздік, бетінде бөртпе пайда болды, келесі күні аяқтары ісінді, несебі азайды. Қабылдау бөлімшесінде алынған талдауларда: креатинин 250 мкмоль/л, мочевина 12 ммоль/л, несебінде – лейкоцит 8-10, эритроциттер 2-3 к/а. Қанда: ЭТЖ 35 мм/сағ., Нв 145 г/л, Л 12 х 10 9/л, эозинофилдер 10%. Осы жағдайға әкелген мейілінше ықтимал себеп?

*Жедел пиелонефрит

*Чардж-Стросс синдромы

*Жедел гломерулонефрит

*+Жедел интерстициалды нефрит

*Жайылған герпестік инфекция

#45

*!Жүктілік кезеңіне тән физиологиялық гиперфильтрацияға әкелетін бүйректің құрылымдық өзгерісі қандай?

*Әкелуші және әкетуші артериолалардың тарылуы

*+Әкелуші және әкетуші артериолалардың кеңеюі

*Әкелуші артериоланың тарылуы және әкетуші артериоланың кеңеюі

*Әкелуші артериоланың кеңеюі және әкетуші артериоланың тарылуы

*Әкетуші артериоланың өзгерісінсіз, әкелуші артериоланың кеңеюі

ГН

#46

*!19 жастағы науқас жүкті әйел. Жүктілік мерзімі 21 апта. Клиникаға ісінуге, бас ауруына, несеп түсінің өзгеруіне шағымданып түсті. Тексеру кезінде: бетте, аяқтарында ісіну, АҚ 160/90 мм с.б. Несеп талдауында белок 2,0 г/л, эритроциттер – көру аймағында тұтастай. Мына болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады?

*Пиелонефрит

*Бүйрек туберкулезі

*+Гломерулонефрит

*Несеп-тас ауруы

*Интерстициалды нефрит

#47

*!Емделуші 20 жаста, жүктілік 8 апта. Айқын ісінуге, асцитке, сирек аз көлемде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суықтанудан кейін жедел ауырды. АҚ 110/70 мм с.б., несебі ашық түсті. ЖҚА: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0, меншікті салмағы – 1025. Мына болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады?

*Нефритикалық синдром

*+Нефротикалық синдром

*Нефро-нефритикалық синдром

*Тубулоинтерстициалды нефрит

*Жекелеген несептік синдром

#48

*!Емделуші 20 жаста, жүктілік 36 апта. Айқын ісінуге, асцитке, сирек аз көлемде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суықтанудан кейін жедел ауырды. АҚ 85/45 мм с.б., несебі ашық түсті. ЖҚА: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0, меншікті салмағы – 1025. Осы әйелде жүктіліктің қандай асқынуы мейілінше ықтимал?

*Гестоз

*Токсикоз

*Анасарка

*+Мерзімінен бұрын босану

*Артериалды гипертензия

#49

*!Емделуші 20 жаста, жүктілік 36 апта. Айқын ісінуге, асцитке, сирек аз көлемде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суықтанудан кейін жедел ауырды. АҚ 85/45 мм с.б., несебі ашық түсті. ЖҚА: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0, меншікті салмағы – 1025. Дамыған гипотензияның механизмі қандай?

*Эндокриндік бұзылыстар

*Жүрек лақтырысының бұзылысы

*Нейрогендік белсенділіктің бұзылысы

*+Тамыр ішілік көлемнің азаюы

*Ренин-ангиотензин жүйесінің белсенуі

#50

*!Емделуші 18 жаста, жүктілік 10 апта. Жедел постстрептококкты гломерулонефритпен ауырады. Қандай клиникалық симптомдар және зертханалық көрсеткіштер НЕҒҰРЛЫМ тән болып табылады:

*Дизурия және гематурия

*Протеинурия және массивті ісінулер

*Артериялық гипертензия және гематурия

*Рецидивті ағымы және лейкоцитурия

*+Гематурия, АСЛО+, С3 төмендеген, циклды ағымы

#51

*!18 жасар жүкті әйел, 10 апта, ісінулерге, несебінің түсінің өзгеруіне және несеп бөлудің сиреуіне шағымданады. Анамнезінен: осының алдында ЖРВИ-мен ауырған. Қарағанда: балтыры аздап ісінген, тығыз, АҚ 140/80 мм с.б., макрогематурия, 1 тәулікте 600 мл несеп бөлген. Зертханалық тексеру: Қанда Нв 120 г/л, лейкоциттер 10х109 г/л, ЭТЖ 34 мм/сағ., белок 60 г/л, креатинин 120 мкмоль/л, мочевина 8,9 ммоль/л, холестерин 3,2 ммоль/л, калий 4,0, натрий 139 ммоль/л; Несепте белок 1,8 г/л, лейкоциттер 2-3 к/а, эритроциттер - тұтастай. Қандай емдеу тактикасы мейілінше дұрыс болып табылады?

*Монотерапия преднизолонмен

*Преднизолон мен гепарин

*Дезинтоксикациялық ем, плазма

*Преднизолонды цитостатикпен біріктіріп

*+Тұзсыз емдәм, симптоматикалық ем

#52

*!19 жастағы жүкті әйел, 1 жүктілік, 12-14 апта. Ауруханаға ісінуге, басының ауыруына, несебінің түсінің өзгеруіне шағымданып түсті. Тексергенде: аяқтары ісінген, АҚ 140/90 мм с.б., макрогематурия. Қанда креатинин 130 мкмоль/л, мочевина 9,2 ммоль/л, белок 59 г/л; Несебінде белок 2,5 г/л, эритроциттер – көру алаңын тұтасымен жауып жатыр.

Мыналардың қайсысы мейілінше ықтимал патоген болып табылады?

*Микоплазма

*Стафилококк

*Ішек таяқшасы

*Көк-ірің таяқшасы

*+b-гемолитикалық стрептококк

#53

*!20 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 15-16 апта, таңертеңгі уақытта бетінің ісіңкі болуына, бел аймағындағы ауру сезіміне, бас ауруына, 3 күн бойына дене қызуының 37,5 0С дейін жоғарылауына, АҚҚ 180/110 мм сбб. дейін жоғарылауына, қызыл түсті несетің пайда болуына шағымданады. Анамнезінен: 2 апта бұрын баспамен ауырған, соған байланысты амоксициллин қабылдаған. Несеп талдауында: эритроциттер жаппай к/а, белок – 1,6 г/л. Қанында: АСЛ-О – бірден оң нәтиже берді. Жүктілікке қатысты қай болжам мейілінше сәйкес келуі мүмкін?

*Жүктілікті сақтауға қатысты қолайлы

*Ұрықтың құрсақішілік дамуының кідіруі болуы мүмкін

*+Құрсақішілік ұрық өлімінің жоғары қаупі

*Ауыр нефропатия дамуының жоғарғы қаупі

*Жүктіліктің 20-22 аптасына дейін белгісіз

#54

*!Жүктілік мерзімі 20 апталық 34 жастағы жүкті әйелде нефротикалық синдроммен, мембраноздық нефропатия диагнозы қойылды. ЕҢ ықтимал асқынуы қандай?

*Ремиссияның болмауы

*Спонтандық ремиссия

*+Бүйрек веналарының тромбозы

*Артериалдық гипертензия

*Тубулоинтерстициалдық нефрит

#55

*!Жүктіліктің 15-16 аптасындағы 23 жастағы жүкті әйел бетіндегі, аяқтарындағы, бел аймағындағы айқын ісінулерге, АҚҚ 185/115 мм с.б. дейін жоғарылауына шағымданды. Бұл шағымдары баспамен ауырғаннан кейін 2 аптадан соң көріне бастады. Ауру басталғаннан кейін 3 күн өткен соң ентігу, көпіршікті қақырықпен жөтел, жүректің соғуы, бас ауруы пайда болды. Аускультацияда өкпеде – көптеген ұсақкөпіршікті сырылдар. ЭКГ-да – жүректің оң жақ бөліміндегі систолалық жүктеме белгілері. Несеп талдауында: эритроциттер жаппай, белок – 4,2 г/л, гиалинді цилиндрлер. Бұл көріністер ЕҢ мүмкін болатын қандай асқынуларды көрсетеді?

*+Жедел сол қарыншалық жеткіліксіздікті

*Жедел тыныс жеткіліксіздігін

*Жедел бүйрек жеткіліксіздігін

*Пневмонияның қосарласуын

*Жедел дистресс-синдромды

#56

*!Жүкті әйел, 36 апта. Созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Ісіктер пайда болуына, несептің түсінің ет түсіндей өзгеруіне, АҚ жоғарылауына байланысты қаралды. Қарау кезінде жағдайы ауыр, анасаркаға дейін ісіну, АҚ 160/100 мм с.б., макрогематурия. Зертханалық: жалпы белок 40 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, холестерин 12 ммоль/л. ШСЖ=53 мл/мин. ЖЗА-де белок 6 г/л, Ле 5-6 к.а, Эр жаппай к.а. Динамикада ісінуі ұлғая түсті, АҚ 200/120 мм с.б. дейін жоғарылауы байқалды. Талдауларында: креатинин 280 мкмоль/л-ге, мочевина 20 ммоль/л-ге дейін жоғарылады. Мына жағдайлардың қайсысы ЕҢ ықтимал болып келеді?

*Жүктілер нефропатиясы

*+Нефриттің үдеуі

*Гипертониялық нефропатия

*Нефриттің сипатты ағымы

*Жедел бүйрек жетіспеушілігі

#57

*!Жүкті әйел 36 апта. Созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Ісіктер пайда болуына, несептің түсінің ет түсіндей өзгеруіне, АҚ жоғарылауына байланысты қаралды. Қарау кезінде жағдайы ауыр, анасаркаға дейін ісіну, АҚ 160/100 мм с.б., макрогематурия. Зертханалық: жалпы белок 40 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, холестерин 12 ммоль/л. ШСЖ=53 мл/мин. ЖЗА-де белок 6 г/л, Ле 5-6 к.а, Эр жаппай к.а. Динамикада ісінуі ұлғая түсті, АҚ 200/120 мм с.б. дейін жоғарылауы байқалды. Талдауларында: креатинин 280 мкмоль/л-ге, мочевина 20 ммоль/л-ге дейін жоғарылады. ШСЖ=28 мл/мин. ЕҢ тиімді емдеу тактикасын атаңыз:

*Диуретиктерді тағайындау

*Гипотензивті препараттарды тағайындау

*+Мерзімінен бұрын босандыру

*Цитостатикпен бірге преднизолонды тағайындау

*Метилпреднизолонмен пульс-терапия өткізу

#58

*!22 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 8-10 апта. Таңертеңгі уақытта жүрек айнуына, құсуына шағымданады. Анамнезінен: Бір жылдай бұрын постстрептококкты гломерулонефритпен ауырған. Несеп талдауынде: эритроциттер -1-2 к/а, лейкоциттер – 2-3 к/а. Қанында: АСЛ-О – әлсіз оң. ЕҢ мүмкін болатын жүктілікке қатысты болжам қайсы?

*+Физиологиялық жүктілікке қатысты қолайлы

*Жүктілік өздігінен үзілуі мүмкін

*Құрсақішілік ұрық дамудың кідіруі мүмкін

*Жүктілер нефропатиясы дамуының жоғары қаупі

*Ауыр токсикоз дамуының жоғары қаупі

#59

*!Әйел 20 жаста. Жүктілік 26 апта. Несеп талдауындегі өзгерістерге шағымданды. Анамнезінен: науқас созылмалы гломерулонефрит диагнозымен нефрологта бақыланады, бұрындарда иммуносупрессивті терапия алған. Қарау кезінде ісіктер жок, АҚ 120/80 мм с.б. ЖЗА-де: белок 0,6 г/л, Ле 5-6 к/а., Эр 2-3 к/а. Емдеу тактикасының қайсысы ЕҢ дұрысы болып табылады?

*+Бақылау

*Диуретиктер тағайындау

*Цитостатиктер тағайындау

*Жүктілікті үзу

*Преднизолон тағайындау

#60

*!19 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 8-10 апта, созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром және артериалды гипертензиямен (АҚҚ 150-170/100-110 мм сбб) ауырады, 2 апта ішінде протеинурия мен креатинин деңгейінің жоғарылауы байқалды. Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ дұрысы болып табылады?

*Гемодиализ жүргізу

*Преднизолон тағайындау

*+Жүктілікті үзу

*Циклоспорин А тағайындау

*Метилпреднизолонмен пульс-терапия жүргізу

#61

*!Гломерулонефриттің қандай морфологиялық нұсқасына бүйрек қызметінің қайтымсыз бұзылыстары мен артериалды гипертензияның дамуының жоғары ықтималдылығы тән:

*Ig-нефропатия

*Мембранозды

*Мембранопролиферативті

*Минималді өзгерістер

*+Фокалді-сегментарлы гломерулосклероз

#62

*!Жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйелдегі люпус-нефритке тән симптомдар жиынтығын көрсетіңіз:

*Нефритикалық синдром, гиперкреатинемия, гематурия

*Протеинурия және гематурия түрінде оқшауланған несеп синдромы

*Нефротикалық синдром, гипоальбуминемия, гиперхолестеринемия

*Нефритикалық синдром, артериалды гипертензия, олигурия, азотемия

*+Жедел нефритикалық синдром, гипокомплементемия, ДНҚ-ға антиденелер титрі

#63

*!20 жасар жүкті әйелде ФСГС, соған байланысты циклоспорин А мен метилпреднизолон алады. Осы әйелге жүйелі түрде қандай міндетті тексеру өткізіп отыру керек?

*ФГДС

*Бауыр ферменттері

*Окулистің кеңесі

*Стоматологтың кеңесі

*+Қандағы циклоспорин А концентрациясы

#64

*!Жүктіліктің 31-32 аптасындағы 19 жастағы әйел ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін таңертеңгі уақытта бетінің ісінуіне, белдегі ауру-сезіміне, дене қызуының 37,50С дейін жоғарылауына шағымданды. Қарағанда: соңғы аптада 1 кг салмақ қосқан, беті, балтыры ісіңкі, АҚҚ – 90/60 мм с.б. Зертханалық: ж. белок 34 г/л, альбумин 18 г/л, креатинин 90 мкмоль/л, холестерин 9,9 ммоль/л. ЖЗА: белок 3,6 г/л, Ле 2-4 к/а, Эр 0-2 к/а. Қандай ары қарайғы жүргізу тактикасы коллаптоидтық жағдай және тромбоэмболиялық асқынулардың дамуын күшейтіп жіберуі мүмкін?

*+Диуретик тағайындау

*Преднизолон тағайындау

*Жоғалған белок орнын толтыру

*Антикоагулянттар тағайындау

*Тұзды шектен тыс қабылдау

#65

*!Босануға дейінгі бөлімшеде 24 жасар жүкті әйел жатыр. Жүктілік үшінші, 29 апта. Анамнезінде 34 аптада болған мерзіміне бұрын босану, жүктілік барысында және босану кезінде АҚ жоғары болған. Осы жүктілік барысында 21-23 аптадан бастап аяқтары ісінген, несебінде белок пайда болған, АҚ жоғарылаған. Амбулаторлы емделген. АҚ 120/80 мм с.б., қарағанда: АҚ 160/100 мм с.б. және айқын ісінулер. Креатинин 80 мкмоль/л, ЖНТ: белок 2,05 г/л, қант жоқ, лейкоциттер 6-8 к/а, эритроциттер к/а 10 дейін, гиалинді және түйіршікті цилиндрлер. Жүкті әйелде қандай клиникалық синдром мейілінше ықтимал?

*+Нефритикалық синдром

*Нефротикалық синдром

*Нефро-нефритикалық синдром

*Оқшауланған несеп синдромы

*Тез үдейтін гломерулонефрит

#66

*!27 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 20-22 апта, созылмалы гломерулонефритпен ауырады, протеинурияның біртіндеп жоғарылауы байқалады 0,33 г-нан 5 г/л дейін, эритроциттер – 0-1 к/а; қанында – креатинин 55 мкмоль/л. Қарап тексергенде: АҚҚ 110/80 мм сбб. УДЗ-де ұрықтың өлшемдері гестация мерзіміне сай. Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?

*Преднизолон тағайындау

*+АҚҚ мен креатининді бақылап отыру

*Циклоспорин тағайындау

*Босандыру

*Диклофенак натрий тағайындау

#67

*!22 жастағы жүкті әйел, жүктілік мерзімі 34-36 апта, созылмалы гломерулонефритпен ауырады, АҚҚ жоғарылауы 180/115 мм сбб дейін байқалады. Анамнезінен: жүктілікке дейін АҚҚ деңгейі 140-150/80-100 мм сбб аралығында болған. Қанында креатинин – 200 мкмоль/л, несебінде белок – 3,6 г/тәул. УДЗ-де – ұрықтың өлшемдері гестация мерзімінен 2-3 апта қалыс қалады. Әрі қарай жүргізу тактикасының қайсысы ЕҢ мақсаттық болып табылады?

*Моноприл тағайындау

*Гемосорбция жүргізу

*Преднизолон тағайындау

*Циклоспорин тағайындау

*+Босандыру

#68

*!Емделуші 22 жаста, жүктілік 10-12 апта. Айқын ісінуге, асцитке, сирек аз көлемде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суықтанудан кейін жедел ауырды. АҚ 110/70 мм с.б., несебі ашық түсті. ЖҚА: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л, холестерин – 7,5 ммоль/л. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0, меншікті салмағы – 1025. Биопсия жүргізген жағдайда гломерулопатияның қандай морфологиялық нұсқасы табылауы мейілінше ықтимал?

*Фокалды-сегментарлы гломерулосклероз

*Мембранопролиферативті ГН

*+Мембранозды нефропатия

*Мардымсыз өзгерістер

*Экстракапиллярлы ГН

#69

*!19 жастағы жүкті әйелде айқын ісіну, гипоальбуминемия, гиперхолестеринемия, несебінде протеинурия 1,5 г/л анықталған жағдайда нефротикалық синромның критерийлерін толықтыру үшін тағы қандай қосымша тексеру жүргізу керек?

*Бүйрек УДЗ

*Коагулограмма

*Липидтер фракциясы

*+Тәуліктік протеинурия

*Несеп тұнбасының микроскопиясы

#70

*!25 жастағы жүкті әйел, жүктіліктің 24-26 аптасы, аяқтарының ісінуіне, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. Сұрау барысында анықталғаны, әйелде оқтын-оқтын бетінде эритема, жиі стоматит, төстің терісінде анулярлы бөртпе, сирек ірі буындарда артралгиялар болған. Амбулаторлық талдауларда: анемия 2 дәрежесі, тромбоцитопения, лейкопения, жылдамдаған ЭТЖ, СРБ қалыпты шамаларда, протеинурия 1,5 г/л, микрогематурия 20-25 к/а, 50%-дан астамы дисморфты эритроциттер. Қандай иммунологиялық көрсеткіш мейілінше оң нәтижені көрсетеді?

*Бүйрек биопсиясы

*cANCA, pANCA

*Креатинин, мочевина

*Стерналді пункция

*+ANA, dsDNA-ға антиденелер

#71

*!Емделуші 22 жаста, жүктілік 20-22 апта. Айқын ісінуге, асцитке, сирек аз көлемде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суықтанудан кейін жедел ауырды. АҚ 110/70 мм с.б., несебі ашық түсті. ЖҚА: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л, холестерин – 7,5 ммоль/л. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0, меншікті салмағы – 1025. Қандай жағдай нефробиопсия жасау үшін критерий болады?

Наши рекомендации