Аралық бақылаудың тест сұрақтары
Биологиялық химия пәнінен 2016-2017 оқу жылында «Медициналық профилактикалық ісі» мамандығының 2 курс студенттеріне арналған
Кредит бойынша
аралық бақылаудың тест сұрақтары
1. Бейтарап аминқышқылдарына жатады:
| аланин
| лизин
| аспарагин қышқылы
| гистидин
| аргинин
2. Нингидрин реактиві ... табу үшін қолданылады:
| a-аминқышқылдарын
| полисахаридтерді
| нуклеин қышқылдарын
| ақуыздары
| глюкозаны
3. Биурет реактивін ... анықтауға қолданады.
| ақуыздарды
| глюкозаны
| а-аминқышқылдарын
| полисахаридтерді
|нуклеин қышқылдарын
4. Оптикалық активтілік көрсетпейді:
| глицин
| цистеин
| лейцин
| тирозин
| аланин
5. Құрамында күкірті бар аминқышқылына жатады:
| цистеин
| тиронин
| глутатион
| тирозин
| триптофан
6. Дисульфиттік байланысы бар:
| цистеиннің
| пролиннің
| метиониннің
| лизиннің
| аланиннің
7. Аминқышқылына ... жатпайды.
| холин
| лизин
| валин
| лейцин
| аланин
8. Гидрофилді глобулярлы ақуыздардың үшінші реттік құрылымы туралы ұғымға сәйкес келмейді:
| екі және оданда көп полипептидтік тізбектерден құралады
| сутектік, иондық, дисульфиттік байланыстармен және гидрофобтық әрекеттесумен тұрақтандырылады
| ақуыздың глобулдық ортасында полипептидтік тізбектің гидрофобтық қалдықтардың негізгі бөлігі орналасқан
| үшінші реттік құрылымды түзеуге аминқышқылдарының бүйірлі радикалдар қатысады.
| бір полипептидтік тізбектен түзіледі
9. Олигомерлік ақуыз туралы ұғымға сәйкес келмейді:
| бір полипептидтік тізбектен түзілу
| гидрофобтық, йондық, сутектік байланыстармен протомерлердің өзара
байланысы
| екі және оданда көп протомерлерден немесе суббөліктерден түзілуі
| протомерлердің комплементарлығы ақуыздың өзін өзі жинауын қамтамасыз
ету
| протомерлердің үшінші реттік құрлымы сақталуы
10. Коллагеннің құрылымдық ұйымдасуы туралы ұғымға сәйкес келмейді:
| үшінші реттік құрылымы бір полипептидті тізбектен тұру
| екі және оданда көп протомерлерден немесе суббөліктерден түзілу
| бірінші реттік құрылымы бір полипептидтік тізбектен түзілуі
| протомерлерден комплементарлығы ақуыздық өзін өзі жинауын қамтамасыз
етуі
| протомерлердің үшінші реттік құрылымы сақталады
11. Домендік құрылымы бар ақуызға ... жатады:
| иммуноглобиндер
| альбуминдер
| жиырылушы ақуыздар
| фибриалды ақуыздар
| гемоглобиндер
12. Ақуыздардың сипатына жатпайды:
| қыздырғанда ерігіштіктің жоғарлауы
| амфотерлік қасиеттері
| түйіршіктену қабілеті
| қыздырғанда бірінші реттік құрылымының сақталуы
| жартылай өткізгіштік мембранадан өте алмайды
13. Ақуыздардың денатурациялану кезінде ... жүрмейді.
| аминқышқылдарының орналасу ретінің өзгеруі.
| ақуыздардың үшінші реттік құрылымының өзгеруі.
| биологиялық активтілігін жоғалтуы .
| олигополимерлік ақуыздардың протомерлік кеңестікте орналасуының
бұзылуы
| төртінші реттік құрылымының өзгеруі.
14. Қорғаныстық қызмет атқаратын ақуыз:
| γ - глобулин
| α-1-глобулин
| α-2-глобулин
| альбумин
| Фибриноген
15. Гликопротеиндердің қатысуымен ... атқарылмайды:
| оттегінің тасмалдануы
| реакциялардың катализі
| биологиялық процесстердің реттелуі
| метал иондарының тасымалдануы
| қанның ұюы
16. Хиломикрондар ... қызметті атқарады.
| тасмалдаушы
| реттеуші
| тіректік
| каталиттік
| қорғаушы
17. Фосфопротеидтерге ... жатпайды.
| альбумин
| вителин, вителлимин, фосфотин
| казионоген және ихтулин
| ихтулин
| овальбумин
18. Фосфопротеидтерге ... аминқышқылдарының бүйірлі радикалмен фосфор қышқылы байланысқан.
| серин, треонин
| лизин, аргинин
| тирозин, цистеин
| цистеин, метионин
| гистидин, тирозин
19. Нағыз гликопротеиндердің простетикалық тобы ... құралған.
| ретсіз көмірсулық көмпоненттерден
| глюкозамингликандардан
| липидтік компонеттерден
| темірден
| нуклеин қышқылдарынан
20. Фосфопротеидтер молекуласында фосфор қышқылының қалдығы ... байланысқан.
| оксиаминқышқылдармен
| құрамында күкірті бар аминқышқылдармен
| моноаминнокарбон қышқылымен
| сақиналы аминқышқылымен
| амидтік аминқышқылдармен
21. Вителиннің құрамында аминқышқылдардан басқа ... болады.
| фосфор қышқылының қалдығы
| РНК
| витаминдердің туындылары
| гем
| липидтік компонент
22. Гемоглобин молекуласы ... тұрады.
| төрт гемнен және төрт полипептидтік тізбектен
| бір гемнен және төрт полипептидтік тізбектен
| бір гемнен және бір полипептидтік тізбектен
| үш гемнен және төрт полипептидтік тізбектен
| бір гемнен және екі полипептидтік тізбектен
23. Миоглобин молекуласының құрамы ... тұрады.
| 1 гем және 1 полипептидтік тізбек
| 2 гем және 2 полипептидтік тізбек
| 1 гем және 4 полипептидтік тізбек
| 4 гем және 4 полипептидтік тізбек
| В2 витамині және жәй ақуыз
24. Казеиноген .... класына жатады.
| фосфопротеидтерге
| липопротеидтерге
| гликопротеидтерге
| хромопротеидтерге
| металопротеидтерге
25. Ақуыз синтезін бастайтын аминқышқылы:
| мет
| лиз
| тре
| арг
| ала
26. Ақуыз синтезінің элонгация сатысы ... басталады.
| екінші аа-тРНҚ қосылуынан
| бірінші пептидтік байланыстың түзілуінен
| транспептидациядан
| транслокациядан
| үлкен рибосома суббірлігіне қосылуынан
27. Ақуыз ... синтезделінеді.
| рибосомада
| лизосомада
| ядрода
| Гольджи комплексінде
| эндоплазматикалық торда
28. Ақуыз синтезіне жатпайды:
| транскрипция
| элонгация
| терминация
| транслокация
| инициация
29. Ақуыз синтезінің реттелуінде репрессор ... қосылады.
| ген-оператормен
| ген-реттеуішпен
| рибосомамен
| құрылымдық генмен
| м-РНҚ
30.Ақуыздық катализатордың ақуыздық емес катализаторлардан айырмашылығы ...
| жоғары талғамдылық көрсетуінде
| реакция процессінде жұмсалуында
| реакция процессінде жұмсаламайтындығында
| реакция бағытын өзгертпеуінде
| реакцияның бағытың өзгертуінде
31. Екі компонентік ферменттің активтік түрі ... деп аталынады.
| холофермент
| кофермент
| кофактор
| апофермент
| аллостерлік фермент
32. Кофакторға ... жатпайды.
| аминқышқылдары
| витамин
| метал иондары
| гем
| нуклеотидтер
33. Тыныс алу ферменттері ... класына жатады.
| оксидоредуктазаға
| трансферазаға
| лигазаға
| гидролазаға
| изомеразаға
34. Абсолюттық талғампаздық көрсететін фермент:
| аргиназа
| трипсин
| пепсин
| липаза
| фосфолипаза
35. Ферменттерді кластарға бөлу ... негізделген.
| катализденетін реакцияның типіне
| реакция өнімінің құрылысына
| апоферменттің құрылысына
| коферменттің құрылысына
| субстраттың құрылысына
36. Изоферменттердің ұқсастығының негізіне ... жатады.
| катализдейтін реакцияның типі
| орналасу жері
| бірінші реттік құрылысы
| молекулалық салмақ
| ингибирлеу механизмі
37. Ферменттердің талғампаздылығын ... қамтамасыз етеді.
| активтік орта
| аллостерлік орта
| кофактор
| кофермент
| простетикалық топ
38. Кілт және құлып ұғымын ферменттік катализ процессіне ендірген ғалым:
| Э. Фишер
| Кошленд
| Самнер
| Михаэлис
| Ментен
39. Ағзада ферменттер әсер ететін орта:
| бейтараптық
| күшті сілтілік
| күшті қышқылдық
| рН 1-2 жоғары.
| рН 9-10 жоғары
40. Ферменттері қышқылдық ортада активтілік көрсететін органоид:
| лизосома
| рибосома
| митохондрия
| ядро
| Гольджи апараты.
41. Мультиферментке дұрыс анықтама беріңіз:
| тізбекті реакцияларды жылдамдататын ферменттер тобы
| жоғары молекулалы олигомер
| изоферменттер топтары
| коферменттер тогптары
| жоғары молекулалы протомер
42. Жүрек бұлшық етінде кездесетін негізгі ЛДГ изоферменттін көрсетіңіз:
| ЛДГ1
| ЛДГ2
| ЛДГ3
| ЛДГ4
| ЛДГ5
43. Бұлшық етте кездесетін негізгі ЛДГ-ны табыңыз:
| ЛДГ5
| ЛДГ2
| ЛДГ3
| ЛДГ4
| ЛДГ1
44. Асқорыту ферменттері ... класына жатады.
| гидролазаға
| трансферазаға
| оксидоредуктазаға
| лиазаға
| изомеразаға
45. Лизосома ферменттері ... класына жатады.
| гидролаза
| трансфераза
| лиаза
| изомераза
| оксидоредуктаза
46. Бір молекуланың деңгейінде құрылыстық өзгерістерді катализдейтін ферменттер ... класына жатады.
| изомеразаға
| лиазаға
| лигазаға
| оксидоредуктазаға
| гидролазаға
47. Пируваткиназа ферменті ... класына жатады.
| трансфераза
| гидролаза
| лигаза
| оксидоредуктаза
| изомераза
48. Цитохромоксидаза ... орналасқан.
| митохондрийде
| рибосомада
| ядрода
| Гольджи аппаратында
| цитоплазмада
49. Митохондрияда ... ферменттері орналасқан.
| тотыға фосфорлану
| фосфолипид биосинтезінің
| гликолиздің
| ақуыз синтезінің
| нуклеин қышқылдарының синтезінің
50. Лиаза ферменттері катализдейтін реакция:
| субстраттардағы байланысты судың қатысуынсыз үзу
| бір субстраттан басқа субстраттарға әр түрлі топтарды тасмалдау
| субстраттағы байланыстарды суды байланыстыру арқылы үзу
| тотықтыру және тотықсыздандыру
| АТФ энергиясын қолдану арқылы синтездеу
51. Егер, ағзада ... ферменті жоқ болса, сүт қорытылмайды.
| лактаза
| амилаза
| сахараза
| мальтаза
| декситиназа
52. Ағзада түзілетін витамин:
| К
| Р
| С
| 1
| 6
53. 20 ғасырда ... авитаминозы кең таралды.
| цинга
| рахит
| пеллагра
| анемия
| ксерофтальмия
54. Витаминнің қажеттілігі эсперимент түрінде дәлелдеген ғалым:
| В.И. Лунин
| П. Эйкман
| А. Гопкинс
| К.Функ
| Сент Дьери
55. Синтезделуіне С витамині қатысады:
| кортикостероидты гормондар
| жыныс гормондар
| тиреоидты гормондар
| гипоталамус гормоны
| гипофиз гормондар
56. С витаминімен қамтамасыз ететін тағам құрамы:
| көмірсулар
| ақуыздар
| майлар.
| микроэлементтер
| тұздар
57. Д витаминін анықта:
| кальциферол
| ретинол
| рибофловин
| тиамин
| никотинамид
58. А витамині ... туындысы.
| каротин
| ретинол
| пиридоксаль
| фелохинон
| холестерин
59. Ағзаға А витаминінің сіңірлуі .. байланысты.
| бос май қышқылдарының сіңірілуіне
| глюкозаның сіңірілуіне
| ақуыздың сіңірілуіне
| микроэлементтердің сіңірілуіне
| холестериннің сіңірілуіне
60. А гипoвитаминозына тән емес:
| дерматит
| шаштың түсуі
| көздің қабынуы
| жүрек айнуы
| гиперкаратоз
61. А витамині ... процессіне қатысады:
| тотығу және тотықсыздану
| гидроксилдену
| метилдену
| ацилдену
| декарбоксилдену
62. Ксерофтольмия кезіндегі жетіспейтін витамин:
| А
| С
| Ғ
| Д.
| В6.
63. Майда еритін витаминдерге жатады:
| А, Д, Е, К.
| В1,В2, В3
| С,Р.РР
| А,В5,В9
| Д,В6,В12
64. Рахит ауруына қарсы қолданылатын витамин:
| Вит Д
| Вит К
| Вит В2
| Вит Е
| Вит В12
65. Жарық қабылдау процессіне ... витамині қатысады:
| К
| А
| В,С
| РР
| Д
66. С витамині ... қатыспайды.
| лактаттың тотығуына
| лизин гидроксилденуіне
| Fe иондарының тұрақтануына
| пролин гидроксилденуіне
| коллаген синтезіне
67. С витаминінің коферменттік қызметі:
| лизин пролиннің гидроксилденуі
| пируваттың декарбоксилденуі
| алланиннің дезаминденуі
| пируваттың карбоксилденуі
| лактаттың тотығуы
68. С витамині:
| аскорбин қышқылы
| парааминобензой қышқылы
| фоли қышқылы
| пангам қышқылы
| липой қышқылы
69. Витамин В12 жетіспегенде бұзылатын процесс.
| трансметилдеу
| декарбоксилдеу
| дезаминдеу
| гидроксилдеу
| ацитилдеу
70. Табиғатта ... витамині микроорганизммен синтезделеді:
| В12
| Д
| Е
| К
| А
71. В12 витаминінің жетіспегенде пайда болатын ауру:
| перинциозды анемия
| орақ тәріздес анемия
| темір жетіспейтін анемия
| макроцетарлық анемия
| мыс жетіспейтін анемия
72. Цинга ауруына тән емес:
| шаштың түсуі
| кариестің дамуы
| тістің түсуі
| жиек етінің қанауы
| табанның жүргенде ауруы және ісінуі
73. Аскорбин қышқылының жетіспеуіне байланысты авитаминоздың пайда болуы:
| скорбут
| анемия
| ксерофтольмия
| дерматит
| пеллагра
74. Жетіспеуі пеллагра ауруына алып келеді:
| РР
| С
| К
| В5
| В12
75. Тотығу реакцияларына жатпайды:
| СО2 бөлінуі
| протондармен электрондардың бөлінуі.
| О2 қосылуы
| сутектің тасмалдануы
| электрондарды жоғалту
76. Анаэробты тотығу ... арқылы жүреді:
| субстраттан сутегінің бөлінуі.
| сутектің оттегіне қосылуы
| сутектің субстратта қосылуы
| сутектің асқын тотығуы
| субстраттың ыдырауы
77. Тыныс алу тізбегінің терминальді бөлігінің ферменттері:
| цитохром А3
| цитохром С
| цитохром В
| цитохром А
| цитохром С1
78. Тыныс алу тізбегінің Р/О коэфиценті ... тең:
| 3
| 4
| 2
| 5
| 22
79. Дегидрогеназа ... реакцияларын катализдейді:
| субстраттың тотығуы
| судың субстраттан бөлінуі
| субстраттың тотықсыздануы
| гидролиз
| судың субстратқа қосылуы
80. Оксидаза деп аталатын дегидрогеназа:
| ФМН ДГ
| цитохром С
| цитохром В
| НАД ДГ
| НАДФ ДГ
81. Темірі жоқ қосылыстарға жатады:
| фумаратдегидрогеназа
| цитохром А3
| каталаза
| цитохром С
| пероксидаза
82. Н2О2 сумен оттегіне дейін ыдырататын фермент:
| каталаза
| оксидаза
| фумарат гидратаза
| лиаза
| пероксидаза
83.Тыныс алу тізбегінің ферменттері ... орналасқан.
| митохондрия
| цитоплазма
| рибосома
| лизосома
| Гольджи аппараты
84. Тыныс алу тізбегінің ұзын жолы арқылы ... АТФ түзіледі.
| 3
| 1
| 2.
| 4
| 5
85. Тыныс алу тізбегінің қысқа жолы арқылы ... АТФ түзіледі.
| 2
| 1
| 5
| 3
| 4
86. Тотыға фосфорлану ... жүреді.
| митохондрияда.
| лизосома
| ЭПТ
| Гольджи аппарат
| цитоплазма
87. Тыныс алу тізбегінің ферменттерінің тежеуші емес заты:
| 2,4 динитрофенол.
| ротенон
| цианидтер
| аминобарбиталь
| антимицин
88. Тыныс алу процессін бақылау ... қамтамасыз етіледі.
| АТФ мөлшерімен
| НАДФ мөлшерімен
| ФМН мөлшерімен
| сукцинат мөлшерімен
| малат мөлшерімен
89. Тыныс алу тізбегі мен тотыға фосфорлануы процесстерін ажыратушы заттары:
| 2,4-динитрофенол.
| тироксин
| цианид
| дикумарин
| орташа қанықпаған май қышқылдары
90. Кетогексоза моносахариді:
| фруктоза
| галактоза
| маноза
| глюкоза
| мальтоза
91. Гомополисахаридті таңда:
| декстран
| гепарин
| гиалурон қышқылы
| дерматан сульфат
| кератан сульфат
92. Жасушааралық кеңістікті толықтыратын гетерополисахарид:
| гиалурон
| гепарин
| дерматан сульфат
| кератин сульфат
| гепарин сульфат
93. Адам ағзасындағы маңызды қор ретінде жиналатын көмірсу:
| гликоген
| крахмал
| галактоза
| глюкоза
| фруктоза
94. Көмірсулардың ең маңызды қызметі:
| энергетикалық
| рецепторлы
| құрылыстық
| айырушы
| қорғаныш
95. Көмірсу классына жатады:
| альдегидоспирттер
| карбон қышқылдар
| екі атомды спирттер
| күрделі эфирлер
| окси қышқылдар
96. Альдозаларға жатпайды:
| дегидрооксиацетон.
| глицеральдегид
| рибоза
| эритроза
| дезоксирибоза
97. Гетерополисахаридтерге жатады:
| гепарин
| крахмал
| гликоген
| декстрандар
| клетчатка
98. Альдогексоза моносахаридін таңдаңыз:
| глюкоза
| рибулоза
| фруктоза
| ксилулоза
| лактоза
99. Лактоза толық ыдыраған кезде глюкозадан басқа ... түзіледі.
| галактоза
| фруктоза
| манноза
| рибоза
| дизоксирибоза
100. Глюкоза және галактозадан түзілетін дисахарид:
| лактоза
| мальтоза
| седогептулаза
| сүт қанты
| сахароза
101. Нуклеин қышқылдарының құрамына кіреді:
| пентозалар
| тетрозалар
| гексозалар
| триозалар
| гептозалар
102. Қарапайым микробтар және ірі молекулаларға тосқауыл қызметін атқаратын гетерополисахарид:
| гиалурон қышқылы
| гепарин
| дерматан сульт
| кератан сульфат
1,2-2,0. хондроитин сульфат
103. Гетерополисахарид антикоагулянт:
| гепарин
| гиалурон қышқылы
| кератан сульфат
| хондроитин –4 сульфат
| хондроитин-6-сульфат
104. Ағзада крахмал мен гликогеннің ферменттік гидролизінде түзілетін дисахарид:
| мальтоза
| сахароза
| лактоза
| целлюлоза
| сүт қанты
105. Ересек адамда қалыпты жағдайда (моль/л) қандағы қанттың мөлшері:
| 3,3-5,6.
| 2,5-3,0.
| 1,2-2,0.
| 6,5-8,6.
| 8,0-9,0
106. Қандағы қанттың мөлшері 10 моль/л тең болғанда- қандай ауру пайда болады:
| қант диабеті
| қантсыз диабет
| эмфезима
| гемалитикалық анемия
| инфаркт миокардасы
107. Ағзадағы ең маңызды гомополисахарид:
| гликоген.
| галактоза
| фруктоза
| глюкоза
| рибоза
108. Ас қорыту жолында көмірсу қорытылуына қатыспайтын фермент:
| гексокиназа
| мальтаза
| амилаза
| амило-1,6- гликозада
| олиго-1,6-гликозада
109. Ішектегі жәй көмірсулардың сіңірлуінің негізгі механизмі:
| активті тасмалдау
| пассивті тасмалдау
| антипорт тасмалдау
| мицелла түзілуі
| ЦДФ туындылары түзілуі
110. Ас қорыту жолдарындағы көмірсулар қортылуына қатысатын ферменттер:
| амило-1,6 олиго-1,6- глюкозидаза
| гликокиназа, гексокиназа
| глюкогенсинтетаза
| фосфоглюкомутаза және глюкоза –1- фосфотуритилтрансфераза.
| фруктоза және галактокиназа
111. Ас қорыту реакциялары ... реакцияларына жатады:
| гидролиз
| гликолиз
| фосфоролиз
| трансметилдеу
| изомерлену
112. Сахарозаның қышқылдық гидролизінде ... түзіледі.
| фруктоза және глюкоза
| глюкоза
| маноза және фруктоза
| глюкоза және манноза
| фруктоза
113. Гликоген гидролизінің өнімі:
| глюкоза
| глюкоза –1- фосфат
| рибоза-5-фосфат
| фруктоза-6-фосфат
| глюкоза-6- фосфат
114. Көмірсулардың ыдырататын және асқазанда синтезделетін фермент:
| синтезделмейді
| бета-амилаза
| альфа-амилаза
| мальтоза
| сахароза
115. Гликогеннің қышқылдық гидролизінің өнімі болып табылады:
| глюкоза
| глюкозо-6 фосфат
| глюкозо-1- фосфат
| фруктозо-6- фосфат
| рибоза-6- фосфат
116. Ауыз қуысында амилаза әсерінен крахмалдан басқа ... ыдырайды.
| гликоген
| целлюлоза
| сахароза
| лактоза
| мальтоза
117. Гликогенолизді ... ынталандырады.
| адреналин жене норадреналин
| альдостерон және вазопрессин
| окситоцин және меланопропин
| инсулин
| тироксин және триодтиронин.
118. Бауыр және ми клеткаларына глюкозаның өтуі ... байланысты.
| глюкозаның мөлшеріне
| инсулинге
| гликогеннің мөлшеріне
| адреналинге
| қан қысымына
119. Глюкокиназа ферменті ... орналасқан.
| бауырда
| бүйректе
| бұлшық етте
| ішек эпителиясында
| барлық ұлпаларда
120. Глюкозаның аэробты тотығуының екінші кезеңі ... басталады:
| пируваттың тотыға декарбоксилденуінен
| пируваттың тотықсыздануынан
| оксалоацеталдың тотығуынан
| лактаттың тотығуынан
| цитраттың синтезінен
121. Глюкозаның аэробты тотығуының екі сатысында түзілетін өнімі:
| ацетил КоА
| лактат
| пируват
| цитрат
| оксалоацетат
122. Адамның май тағамға деген тәуліктік қажеттілігінің өсімдік майы ... пайызды құрайды.
| 20-25%
| 75-80%
| 50-55 %
| 30-35%.
| 40-45%
123. Липидтер- ... табиғи органикалық қосылыстар.
| полярсыз еріткіштерде еритін
| бензолда ерімейтін
| күкірт эфирінде ерімейтін
| суда жақсы еритін
| қышқылдарда еритін
124. Адам ағзасындағы үшглицеридтер құрамында көп кездесетін моноқанықпаған май қышқылын көрсетіңіз:
| олеин
| капрон
| эрук
| нервон
| пальмитин
125. Полиқанықпаған май қышқылын көрсетіңіз:
| арахидон
| линол
| стеарин
| май
| олеин
126. Адамның майға тәуліктік қажеттілігі:
| 80-90 г.
| 150-200 г
| 50-60 г
| 450-500 г
| 110-120 г
127.Табиғатта көп таралған және тағаммен көп мөлшерде енетін липидті көрсетіңіз:
| үшглицеридтер
| холестерин
| гликолипидтер
| фосфолипидтер
| сфинголипидтер
128. Ағзаға үшглицеридтердің негізгі қызметі:
| энергетикалық
| қорғаныштық
| дене температурасының қалыптасуы
| пластикалық
| еріткіштік
129. Ағзаның құрылыстық липидтерін көрсетіңіз:
| мембрана фосфолипидтері
| қарын майы
| тері астындағы май
| бүйрек жанындағы май
| сүт безінің майы
130. Үшглицеридтер ыдырау барысында пайда болған глицерин адам ағзасында оның айналу жолына байланысты емес, өйткені, олар - ...
| фосфорланады
| тотығады
| тотықсызданады
| метилденеді
| ацителденеді
131. Жоғарғы май қышқылдары көбірек ... жолымен ыдырайды.
| бетта тотығуы
| гамма-тотығуы
| декарбоксилдену
| альфа тотығуы
| тотықсыздану
132. Панкреатиттік липазаның қызметі:
| тағам майларының ыдырауы
| липопротеидтер құрамындағы үшглицеридтердің ыдырауы
| протоплазматикалық майлардың гидролизі
| жинақталған майлардың ыдырауы
| фосфолипидтердің гидролизі.
133. Өт қышқылдарының қызметіне ... кірмейді.
| асқазанда НCL пайда болуының күшеюі
| панкреатидтік липазаның активтелінуі
| майлардың эмульгирленуі
| май қышқылдарымен комплексінің түзілуі.
| май қышқылдарының сіңірлуіне қатысуы
134. Фосфолипидтердің құрамына ... кірмейді.
| ацетон
| глицерин
| май қышқылдары
| фосфор қышқылы
| азоттық негіздері
135. Панкреатитті липаза әсерінің нәтижесінде ... соңғы өнімдері пайда болады:
| глицерин және май қышқылдары
| тек қана май қышқылдары
| сфингозин және май қышқылдары
| азоттық қосылыстар және май қышқылдары
| фосфор қышқылы және азотты компанент
136. Өт пайда болу процессінің бұзылуы және өттің толық жүрмеуі ... ауруына әкеліп соқтырады:
| стеаторея
| семіру
| кахексия
| атеросклероз
| сфинголипидоз
137. Өт қышқылдары ... пайда болады.
| холестериннен
| май қышқылдарынан
| фосфолипидтерден
| простагландиндерден
| ганглиозидтерден
138. Аш ішекке өттің енуі бұзылса ... байқалмайды.
| липазаның активтелінуі
| майлы нәжіс
| майда еритін витаминдердің сіңірлуі.
| май қышқылдарының сіңірлуінің бұзылуы
| ақ түсті нәжіс
139. Ішекте майдың қортылу процессіне ... қатыспайды.
| тұз қышқылы
| липазалар
| бикарбонаттар
| өт қышқылдары
| өт пигменттері
140. Липопротеидлипаза ... активтелінеді.
| гепаринмен
| өт қышқылдарымен
| трипсинмен
| колипазамен
| адреналинмен
141. Хиломикрондaр ... пайда болады.
| ішек қабырғасында
| бүйректерде
| бауырда
| қан тамырларының эндотелиясында.
| өкпелерде
142. Кетогенез ... жүреді.
| бауырда
| ішекте
| бүйректе
| қанда
| жүректе
143. Кетон денелері түзілу үшін ... алғашқы зат болып табылады.
| ацетил-КоА
| малонил-КоА
| глутарил-КоА
| гидроксиметил-КоА
| ацетон
144. Кетогенез және холестерин синтезінің реакциялары ... пайда болуына дейін ұқсас:
| гидроксиметилглутарил КоА-ның
| ацетоацетаттың
| мевалон қышқылының
| ацетоацетил КоА-ның
| скваленнің
145. Аминқышқылдарының барлық дезаминдену түрінің жалпы өнімі болып табылады:
| аммиак
| май қышқылдары
| гидроксиқышқылдары
| кетоқышқылдар
| қанықпаған қышқылдар
146. Индол залалсызданғанда ... түзіледі.
| жануар индиканы.
| скатол
| гиппур қышқылы
| бензой қышқылы
| фенол
147. Азот ағзадан негізінен ... бірге шығарылады.
| мочевинамен
| несеп қышқылымен
| аминқышқылдарымен
| биллирубинмен
| нуклеотидпен
148. Мочевина ... синтезделінеді.
| бауырда
| бұлшық етте
| бүйректе
| ішекте
| қанда
149. Ішекте орнитин мен лизин шірігенде ... түзіледі.
| путересцин, кадаверин
| карбон қышқылдары
| аммиак
| моноаминқышқылдары
| сірке қышқылы
150. Ішектегі ақуыздар шіруіндегі өнімдерге жатпайды:
| несеп қышқылы.
| фенол
| путресин
| бензой қышқылы
| скатол
151. Ішекте триптофан шірігенде түзілетін затты көрсетіңіз:
| индол, скатол
| күкіртті сутек, скатол
| фенол, крезол
| метилмеркаптан, күкіртті сутек
| путрессин, кадаверин
152.Адамдағы аминқышқылдарының дезаминденуінің негізгі жолы болып табылады:
| тотығу
| трансаминдену
| ішкі молекулалық
| гидролиттік
| тотықсыздану
153. Тікелей емес дезаминденудің негізгі коферменті болып табылады:
| НАД.
| липой қышқылы.
| ФАД
| ФМН
| убихинон Q
154. Аминқышқылдарының тотыға дезаминденуіде ... түзіледі.
| альфа-кетоқышқылдар +NH3
| қаныққан май қышқылдары +NH3
| қанықпаған май қышқылдары +NH3
| гидроксилқышқылдар + NH3
| биогенді аминдер
155. Аминқышқылдары трансаминдену кезінде ... айналады.
| альфа-кетоқышқылдарға
| альдегидоспирттерге.
| май қышқылдарына
| биогенді аминдерге
| гидроксилқышқылдарға
156. Сау адамның суға тәуліктік қажеттілігі ... тең.
| 2,5л
| 1,5л
| шығарылатын несеп мөлшеріне тең
| терімен, тыныс алумен және несеппен шығарылатын сүйық мөлшеріне тең
| 3,5л
157. Тағамда Са жетіспеушілігі ... гормонның синтезін арттырады:
| паратгормон
| вазопрессин
| кальцитонин
| инсулин
| кортизол
158. Адам ағзасындағы темірдің жалпы мөлшері:
| 3-6
| 1-2
| 2-4
| 5-6
| 5-7
159. Кофакторы селен болатын глутатион пероксидаза ферменті ... жүйеде болады.
| антиоксиданттық
| гормондық
| қанды ұйытушы
| тотығушы
| тотықтырушы
160. Иод ... гормондардың синтезіне қатысып, құрамына енеді:
| тиреоидты
| стероидты
| адреналин, норадреналин
| нейропептидті.
| простагландинді.
161. Мыс плазмадағы ... белогінің құрамында болады.
| церулоплазмин
| трансферин
| альбуминдер
| глобулиндер
| селенопротеин
162. Цинктың ең көп мөлшері ... кездеседі.
| қуық асты безінде
| гипофизде
| бүйрек үсті безінде
| қалқынша безінде
| ұйқы безінде
163. Биомембраналардың құрамына ... кірмейді.
| диольдық липидтер
| сфингофосфолипидтер
| гликолипидтер
| холестерин
| глицерофосфолипидтер
164. Гликолипидтер мен сфингофосфолипидтің негізін ... құрайды.
| церамид
| фосфотидтық қышқыл
| плазмалоген
| фосфатидилинозит
| глицерин
165. Биомембраналардың ақуыздары ... биологиялық қызметін атқармайды.
| энергия бөлу
| рецепторлық
| ферменттік
| тасымалдаушы
| құрылымдық
166. Биомембраналардың құрамына ... липидтері кіреді.
| гликолипидтер, фосфолипидтер, холестерин
| гликолипидтер, үшглицеридтер, холестерин
| гликолипидтер, фосфолипидтер, үшглицеридтер
| гликолипидтер, сфинголипидтер, сульфатидтер
| гликолипидтер, глицерофосфолипидтер, үшглицеридтер
167. Биомембраналардың қос липидтік құрылымын түзетін липидтер мен ақуыздар ... қасиеттерін көрсетпейді.
| ақуыздар бөліктерінің арасындағы әлсіз байланыстардың
пайда бола алмау қабілеті
| липид және ақуыз молекулаларының амфифильдігі
| ақуыздар бөліктерінің арасындағы әлсіз байланыстардың
пайда бола алу қабілеті
| екі фаза шекарасындағы липидтердің белгілі бір бағытқа ие
бола алуы
| ақуыздар мен липидтердің гидрофильді бөліктерінің арасындағы әлсіз
байланыстарының пайда бола алу қабілеті
168. Биомембраналардың ақуыздарының қызметіне жатпайды:
| секрециялау
| рецепциялау
| тасымалдау
| пластикалық
| катализдеу
169. Плазматикалық мембрананың көмірсуларының қызметіне жатпайды:
| липидтік қос қабатта түтікше түзуі
| рецепторлық
| антигендік
| пластикалық
| құрылыстық.
170. Өздерінің ерекше құрылымына сәйкес, биомембраналар қасиет ... көрсетпейді:
| симметриялық
| ассиметриялық
| амфифильдік
| сүйықтық пен қозғалғыштық
| өздігінен жиналушылық
171. Биомембраналардан жәй диффузиямен ... тасымалданбайды.
| аминқышқылдары
| көмір қышқыл газы
| су
| төменгі молекулалы гидрофобтық органикалық заттар
| оттегі
172. Бірінші активтік тасымалдау жолы арқылы тасымалданбайды:
| Аg
| Н+
| Са2+
| Мg2+
| Nа+ және К+
173. Екіншілік активтік тасымалдау арқылы ... тасымалданады:
| аминқышқылдар мен глюкоза
| макромолекулалар
| мембраналардың сынығы
| бактериялар
| тегі бөтен денелер
174. ... кезінде АТФ гидролизденгенде пайда болған энергия жұмсалып, зат өзінің градиентіне қарама қарсы бағытта тасымалданады.
| активтік тасымалдау
| жеңілдетілген диффузия
| экзоцитоз
| жәй диффузия
| пиноцитоз
175. Ферментінің қатысуымен қышқылдық орта түзіледі:
| Н+-АТФ-азаның
| Мg2+-АТФ-азаның
| Са2+-АТФ-азаның
| Na+,К+-АТФ-азаның
| Аденилатциклазаның
176. Лизосомаларда ... жүреді.
| ауто және гетерофагия
| ақуыздардың биосинтезі
| сфингомиелиндердің синтезі
| антиденелердің түзілуі
| гликолипидтердің синтезі
177. Адреналин мен норадреналин жинақталған көпіршіктер, бүйрек
үсті безінің милы затының хромафиндік жасушаларынан сыртқы
ортаға ... шығарылады.
| экзоцитоз арқылы
| жәй диффузия арқылы
| жеңілдетілген диффузия арқылы
| активтік тасымалдау арқылы
| пиноцитоз арқылы