Хафиз жаңабайұлы мақажанов
Тұмау – жұқпалы ауру
Тұмау қоздырғыштары (вирустары) сөйлеген, жөтелген, түшкірген кезде ауаға көп тарайды. Сондықтан тұмауратқан адам аз сөйлеп, аузы – мұрнын орамалмен жабу керек. Тұмау адамның қан қысымын төмендетеді.Сондықтан бөлменің ауасын жиі тазартып отырған дұрыс.
Қызуды төмендету үшін бал, Таңқұрай нәрі, гүл шырыны араластырып, терлеткіш сусындарды ішкен дұрыс. Ашы тұздық (соленная) пен тәтті тағамдарды уақытша жемеу керек. Дәріханадан С витаминін сатып алып жеген дұрыс.
Өз бетімен сульфазол, пенициллин және басқа антибиотиктермен емделуге болмайды.
Тамақ ауырғанда түймедақ (ромашка) және шалфей тұнбаларымен тамақты шаю керек. Жылы суға қыша салып, аяқты салып отырса, жөтел жеңілдейді тумаудың асқынуына жол бермейді.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1. Түбір және қосымша. 2. Мәтіннің мазмұнын айтып бер. Диета № 10 3Лексикалық тақырып: Қазақстанның рәміздері.
Бұл диета мына төменде көрсетілген ауруларға пайдаланылады:
1. жүрек қан тамырлары ауруларына
2. бүйрек жедел және созылмалы қабынғанда
3. артерия қысымы көтерілгенде
Бұл диетада науқасқа ас тұзының және ішетін сұйықтың мөлшері азайтылады (ас тұзы тәулігіне 5г).
Науқас қабылдайтын тағамдар: ақ бидай нан, шай, сұйық кофе, көкөністен жемістен дайындалған сусындар, сүт, , қатық, сары май, майсыз ет, картоп, т.б. тағамдарды , қайнатып беру керек. Құмық және арпа ботқалары. Жемістердің барлық түрлерін беруге болады, әсіресе кептірілген өрік, мейіз.Науқас қабылдауға болмайтын тағамдар: майлы ет, газды сусындар, қою шай, кофе, какао, бұршақ, түйе бұршақ, арақ – шарап ішімдіктері, шоколад,тұзды тағамдар, икра, шалқан, сарымсақ, еттен балықтан жасалған консервілер және қамырдан дайындалған тағамдар.Науқастың қабылдайтын тағамы: майсыз ет, балықты асып береді және жаңа дайындалған ірімшік берген дұрыс. Ақ бидай наны, көкөкніс. Тағамды қабылдау тәртібі: науқас күніне 5-6 рет аз – аздан бөліп-бөліп қабылдауы керек.науқас кешкі тамақты жатар алдында 3 сағат бұрын ішкен дұрыс. Ішетін сұйықтын мөлшері тәулігіне 1000 – 1200 мл болғаны жөн.
-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1. Үндестік заңы.2. Мәтіннің мазмұнын айтып бер. Өзіңді тұмаудан қорға. 3. Лексикалық тақырып: Адамның дене мүшелері.
Зіңді тұмаудан қорға
Тұмау- ауа-тамшылары арқылы берілетін жұқпаулы ауру.
Тұмауды тасымалдаушы тек сырқат адам болады.
Тұмаудын алдын алуының ең тиімді әдісі- эпидемия басталмас бұрын тұмауға қарсы (қыркүйек-қазан айында) екпе жасау;
Тұмау-жөтелгенде ауа арқылы, түшкіргенде, сөйлегенде, сілекеймен және өте ұсақ шырыш шашырандысы арқылы тез тарайды.
Күзде және қыста тұмау инфекциясының өршуі басталады.
Ұжымдарда тұмаудың алдын алу шараларын сақтау өте маңызды.
Тұмауды сізбен тығыз қатынастағы сырқат адамнан жұқтыруға болады.
___________________________________________-
1. Жалғау.жалғаудың түрлері 2 Мәтіннің мазмұнын айтып бер. Диетаның маңызы 3. Лексикалық тақырып: Өзім туралы.
Диетаның маңызы
Қан қысымы ауруын емдеуде диетаның ролі зор. Диета қан қысымын төмендетеді, зат алмасуды ,жүрек пен бүйректің жұмысын жақсартады.Диетадан ең бірінші тұзды алып тастау керек . Мұндай науқастарға бағалы тамақ – магний тұзы. Магний тұзы тарыда, сәбізде, ақ желкенде (петрушка) болады.Сұлы жармасы магний тұзына бай. Магний тұзы теңіз тағамдарында көп. “океан” пастасында, креветкада,теңіз капустасында минералдық тұздар, дәрумендер, белоктар бар. Теңіз тағамдары май алмасуда жақсы. Олар қан түтікшелерінің өткізгіштіктерін қалыпқа келтіреді.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1. Біріккен сөздер.2 Мәтіннің мазмұнын айтып бер. Хафиз Жаңабайұлы Мақажанов 3. Лексикалық тақырып: Науқасты жалпы тексеру үлгісі.
Хафиз Жаңабайұлы Мақажанов
Хафиз Жаңабайұлы Мақажанов 1915 жылы туып, 1987 жылы қайтыс болған. Х.Ж.Макажанов травматолог – ортопед, медицина ғылымының докторы (1968ж), профессор (1969ж). 1956 жылы “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері” атағы берілді. 1941 жылы Алматы мединститутын бітірген. 1950-1957 жылдары Қарағанды мединститутында аспирант, доцент, 1958 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 120-ға жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографиясының, 6 өнертапқыштық ұсыныстың авторы.
Республикалық травматолог – ортопедтердің ғылыми қоғамы облыстық басқармасының төрағасы, республикалық хирургтер қоғамы басқармасының құрметті мүшесі I –ші және II – ші дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.Х.Ж. Макажановтың құрметіне облыстық клиникаға ол кісінің есімі берілген.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
1. Есімше. 2. Мәтіннің мазмұнын айтып бер Балалардағы бронхдемікпесінің даму себептері 3. Лексикалық тақырып: Дәріханада.
Балалардағы бронхдемікпесінің даму себептері:
1.Әртүрлі аллергендердің, үй шаңының әсер етуі;
2.Жүн, қайызғақ, жануарлардың (мысықтың, иттің, теңіз шошқасының, атжалманның,кемірушілердің) сілекейі
3.Аквариум балықтарына арналған құрғақ жемдер, насекомдар;
4.Ауа құрамындағы, кондиционердегі, қараңғы бөлмедегі жертөледегі, гараждағы, душтағы, ванна бөлмесіндегі) сүңгілер;
5.Гүлдеген өсімдіктердің тозаңдары;
6.Дәрілік препараттар, антибиотиктер, пеницилин қатарындағы, сульфаниламидтер, витаминдер, аспирин;
7.Атмосфералық ауаның және тұрғын үй ауасының химиялық қосылыстармен ластануы;
8.Физиқалық ауыртпалық, эмоциональдық күйзеліс, жылау, күлу, метеожағдайдың өзгеруі, бояулардың өткір иісі, дезодоранттар, парфюмер-иялық өнімдер, темекі түтіні;
9.Вирусты инфекциялар, жиі респираторлық аурулар;
10.Мұрында, жұтқыншақта созылмалы инфекция ошақтарының болуы;
Егер сіздің баланызға «Бронхдемікпесі» деген диагноз қойылса, онда аллергия тудыратын заттармен қатынасты мүмкіндігінше шектеңіз немесе мүлдем шектеу қойыңыз!
----------------------------------------------
1. Қос сөздер. 2. Мәтінді мазмұндап айтып бер. Жеңілдету диетасы 3. Лексикалық тақырып: Өмірбаян.
Жеңілдету диетасы
Жеңілдету диетасы – адамның науқасқа шалдыққан мүшесіне жеңілдік беру үшін кейде толық кейде жартылай ашығу диетасы ретінде қолданылады. Бұл диета қан қысымы жоғарыда, жүрек, қан айналысы нашарлағанда, сезімдікте, бауыр, бүйрек, ішек ауруларында айына 1-2 күн арнайы қолданылады.
Берілетін тағамдар:
1. 2 сағат сайын 100 мл сүт
2. 400-600 гр. ақ ірімшік
3. 2 кг қияр
4. 250-300 гр жеміс
5. 300 гр суға піскен картоп
6. 300 гр қарбыз
7. 2 кг алма
8. 200-300 гр піскен ет
1.Қысқарған сөздер. 2. Мәтіннің мазмұнын айтып бер. Әлиев Мұхтар Әлиұлы 3. Лексикалық тақырып: Ауру тарихы.Стационар науқасының картасы.
М.Ә.Әлиев
М.Ә.Әлиев- медицина ғылымының докторы (1974), профессор, ғылым академиясының академигі (1988), Қазақстанның “Халық қаһарманы”
Алматы мемлекеттік медицина институтының (қазіргі С.Ж. Аспандияров атындағы қазақ мемлекеттік медицина университетінің) емдеу факультетін бітірген (1957).1980 –1982 ж.ж. А.Н.Сызғанов атындағы қазақ клиникалық және экспериментальды хирургия ғылыми – зерттеу институтын басқарды.1982-1987 ж.ж. Қазақстан Денсаулық сақтау министрі болды.1987 жылдан бері А.Н. Сызғанов атындағы қазақ клиникалық және экспериментальды хирургия ғылыми – зерттеу институты негізінде құрылған ғылыми орталығының директоры.
Абылай хан алтын медалымен марапатталған (1998).Балтимор қаласының (АҚШ) құрметті азаматы және Кентуки штатының (АҚШ) құрметті азаматы.
1. Көсемше.2. Мәтіннің мазмұнын айтып бер. Энтеробиоз 3. Лексикалық тақырып: Дәріні қолдану тәртібі.
Энтеробиоз
Энтеробиоз– клиникалық белгілері аса байқалмайтын ұсақ бактериялардан болатын ішек гельминтозы. Энтеробиоз кезінде тік ішектің шығар ауызына аурудың ұрықтары жетілген жұмыртқалары түсіп, зуылдап қышу байқалады. Ұрықтандырушы бактерияның ұзындығы 9 - 12 мм-ге дейін болады. Бұл аурумен мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар ауырады. Ауру жұқтыру көзі – тек осы аурумен ауырған адам.
Ауру қол алысудан, тұрмыстық заттардан – тағамнан, төсек- орыннан, киімнен, ойыншықтар мен әжетханадан жұғады.
Белгілері:
- Кешкілік және түнгілік уақыттардағы аналь тесігінің зуылдап қышуы;
- ашушаңдық;
-есте сақтау қабілетінің;
- еңбек қабілетінің;
- -сабақ үлгерімнің төмендеуі;
- -бастың ауыруы;
- тәбеттің жоғалуы;
- -дене салмағының жетіспеушілігі;
- -ұйқының бұзылуы;
- -үлкен дәреттің бұзылуы;
--------------------------------------------------------------------
1.Сөздердің байланысу түрлері. Меңгеру 2. Мәтіннің мазмұнын айтып бер. Диета № 7 3. Әнұранды жатқа айт. Гимн.
Бұл диета мына төменде көрсетілген ауруларға пайдаланылады:
1. бүйректің жедел қабынуы жазыла бастаған кезінде
2. науқастың артерия қысымы жоғарылағанда
3. екі қабат әйелдердің бүйрегі ауырғанда
Бұл диетаның 7-а мен 7-б диеталарынан айырмашылығы мұнда белоктың мөлшері көбірек.
Тамақ бұл диетада тұзсыз дайындалады. Өнімдердің құрамындағы тұздың мөлшері 3/5 г. мөлшерінде болады, ал қабылдайтын сұйықтың мөлшері 800-1000 мл.
Науқастың қабылдайтын тағамы: майсыз ет, балықты асып береді және жаңа дайындалған ірімшік берген дұрыс. Ақ бидай наны, көкөкніс, тұзсыз салат, күніне бір жұмыртқа, жеміс – жидек ішінде өрік қағы,өрік, бал, сары май.
Тағамның энергетикалық құндылығы: белок – 80г, май – 100г, углевод 450-500г. Жалпы калориясы 2800 – 3000 ккал болуы керек. С,Р,В, витаминдерді көп беру керек.
Тағамды қабылдау тәртібі: күніне 4-5 рет тас бұршақ, түйе бұршақ жеуге болмайды.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------
1. Тәуелдік жалғаулары.2. Мәтіннің мазмұнын айтып бер. Қызамық 3. Лексикалық тақырып: Науқасты жалпы тексеру.
Қызамық
Қызамық(скарлатина) – стрептококктар тудыратын жұқпалы ауру.
Мұнымен ауырған бала ауруын басқаға жұқтырады. Аурудың ұзақтығы оның қалай өтуіне байланысты болады. Егер ауру асқынбаса, стрептококктың бөлінуі 7-10 күн ішінде тоқталады. Бұл аурудың инкубациялық кезені 2-7 күн, бірақ ол бір тәуілікке қысқаруы немесе 12 күнге дейін ұзаруы да мүмкін.
Қызамақ жиі асқынғанда құлақтың ісуі (отит), лимфа түйіндерінің қабынуы (лимфаденит), бүйректің қабынуы (нефрит) кездеседі. Бұл аурудың жеңіл өтуіне қарамастан дәрігер оған антибиотиктер белгілейді. Алғашқы 5-6 күнде бала жатуға тиіс, кейін ол өзін жақсы сезінсе, оған тұрып жүруге рұқсат етіңіз, бірақ 11 күн өткенше үйден шығуға болмайды. Балалар бақшасына, мектепке (1-2 сыныптар) ауыра бастаған күннен 22 күн өткенше баруға болмайды.
1. Жіктік жалғаулары.2. Мәтіннің мазмұнын айтып бер «Полиомелит» 3. Лексикалық тақырып: Лабораториялық зерттеу.
Полиомелит
Арқа жұлынының қабынуы (полиомиелит), Ауруды таратушы ауырған адам немесе оның микробын тасушылар. Вирусі апта бойына, кейде ай бойына адам қағынан бөлініп отырады. Ол мұрын – жұтқыншақ қабығында 1-2 апта бойы сақталады.
Полиомиелит (арқа жұлынының қабынуы) ауруы екі жолмен – ішке түсу арқылы (жуылмаған көкөніс, жеміс, лас қол) және ауру адаммен қарым – қатынас, ауа арқылы беріледі. Инкубациялық кезең 30-35 күнге дейін ауытқып, көбінесе 10-12 күн болады. Полиомиелит ауруы нерв жүйесін зақымдап, онан әрі сал (паралич) ауруына соқтырғанымен, кейде жеңіл өтіп салға айналмауы да мүмкін.
-----------------------------------------------------------------------------
1. Септік. Септік жалғаулары.2. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз. Тамырдың соғуын өлшеу 3. Лексикалық тақырып: Рентгенологиялық зеттеу.