Конго -Қырым геморрагиялық қызбасының белгілері және ағымы
§ Инкубационды кезеңнің ұзақтығы 1 және 14 күн аралығында (жиі 2-7 күн). Продромальды көріністер болмайды. Ауру байқаусызда басталуы мумкін,ауру деп аурудың басталған бастапқы алғашқы сағаттарынан басталаған айтуға болады. Дене температурасы тез көтеріледі және кей кезде аурудың жеңіл түріндеде дене температурасы 39-40°С барады.
§ Бастапқы кезеңдерінің өзіндеде жалпылама интоксикация белгілерін көруге болады, көптеген инфекциялық ауруларда болуы мумкін. Бастапқы кезінің өзі 3-4 күнге созылуы мумкін ( 1 мен 7 күн).Бұл кезде өте жоғарғы қызбамен жіне қатты әлсіздікпен көрінеді,қақсаушылық дененің, бастың ауруымен,бүкіл дененің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, бұлшық еттердің және суставтардың ауруы байқалады.
Омбы геморрагиялық қызбасы
Трансмиссивті механизммен берілетін,зоонозды,табиғи-ошақтық,арбовирусты инфекциялық ауру
Қоздырғышы-2 серовары бар РНҚ лы арбовирустар.Антигендік және биологиялық қасиеттері бойынша кене энцефалитінің вирусына ұқсас.Н.П.Чумаков 1947 ж алғашқы рет Омбы облысында науқастың қанынан вирустарды тапқан.1945-1948ж мбы облысында өршу түрінде таралған,кейіннен аурудың ошақтары Новосибирск,Курган,Тюмен,Алтай және Солтүстік Қазақстанда табылған.
Инфекция көзі-иксод кенелері,бүргелер,кеміргіштер,құстар,су ышқанары.
Кене энцефалиті
Encephalіtіs acarіnarum – кене арқылы тарайтын, миқабынуын және орталық жүйке қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйесінқатты зақымдайтын, жедел өтетін жұқпалы ауру. Кейде Кене энцефалитін табиғи-ошақты тайгалық энцефалит, көктемгі-жаздық энцефалит деп те атайды. Кене энцефалитінің вирусын Ресей ғалымдары Л.А. Зильбер, Е.Н. Левкович, т.б. Шығыс Сібірде ауруға шалдыққан адамдардың қанынан тапқан (1937). Бұл індет, негізінен, иксод кенелері (Jxodes persulcatus) мекендейтінорман-тоғайлы жерлерде, Қазақстанда Алтай, Қаратау, Күнгей Алатауыбөктеріндегі орманды аймақтарда кездеседі.
Ауру жоғары латенттілікпен сипатталады, 25-30% құрайды. Ауырғаннан кейін орталық жүйке-жүйесінде келесі органикалық өзгерістер байқалады:
· әлсіз салдану
· бұлшық ет атрофиясы
· дискинезия
· интелектің төмендеуі
· кейде эпилепсия
Кене энцефалиті қоздырғышының құрамында РНК-сы бар вирус, флави-вирус (В тобы) тұқымдасына, арба-вирус (В тобы) этиологиялық тобының тога-вирус тұқымдасы. Вирус қоршаған ортада тұрақты. 1500-ден +300-ға дейінгі температура ауытқуларында өмір сүру қабілетін сақтайды. Кептіргенде және төменгі температурада өмір сүруін көп жылдар бойы сақтайды. Бірақ вирус қайнату кезінде тез жойылады (2 мин). Дезинфекция ерітіндісіне және УК-сәулеленуге төзімсіз. Вирустың 3 түрі ажыратылады: алыс шығыс энцефалит қоздырғышы, орталық Европалық энцефалит қоздырғышы, қос толқынды менинго-энцефалит қоздырғышы. Вирусқа нейротроптылық тән.
Эпидемиологияcы
Кене энцефалиті энцефалит қоздырғышы үшін табиғи ошақ тән. Жұғу жолы трансмиссивті. Антропургиялық ошақтары пайда болуы мүмкін. Кене энцефалиті вирусының тасымалдаушысы және негізгі резервуары болып иксодо кенесі болып табылады. Қосымша резервуары кемірушілер және т.б. сүт қоректілердің 130 түрі. Олар:
· кеміргіштер (қоян, кірпі, бурундук, егіс тышқаны)
· құстар
· жыртқыштар (қасқыр)
· үй жануарлары (сиыр, ешкі, қой)
Кене энцефалитімен ауыратын адам тасымалдаушысы ретінде қауіпсіз. Берілу жолдары. Негізгі-иксодо кенесі арқылы трансмиссивті: шаққанда, мыжығанда. Ошақтарда инфекцияланған кенелер 1-5%-тен 15-20%-ке дейін. Вирус өмір бойы сақталады. Бұл жолға 80% жатады. Басқа жолдармен де жұғуы мүмкін: алиментарлы жол – шикі сүт пайдаланғанда (сиыр, ешкі, қой), лабораторлық жағдайда ауа-тамшы жолмен жұғуы мүмкін. Маусымы көктем-жаз. Жастық фактор 20-40 аралығында, ересектер жиі ауырады: қала тұрғындары, қонақтаушылар, жергілікті тұрғындар азырақ ауырады. Кенеге вирус ауру жануарлардың қанын сорғанда жұғады. Қан сорып, тойынған кене 20 – 30 есе үлкейіп кетеді. Вирус кененің денесіне жайылып ұзақ сақталады, тіпті ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Сондықтан осындай кенелер жайлайтын жерде Кене энцефалитінің тұрақты табиғи ошағы пайда болады. Елді мекендерде ірі қара мал, ешкі, қой және ит кенеден жұққан Кене энцефалитін таратады. Адамға орманды жерде жұмыс жасағанда,жеміс-жидек, саңырауқұлақ жинағанда, ағаш кесіп отын дайындағанда, қайнамаған сүт ішкенде, кене шаққанда жұғады. Бұл ауру көктем, жаз айларында (мамыр – шілде), кей жерлерде тамыз – қыркүйекте тарайды. Себебі, осы мезгілдерде кенелер ұрықтанып, тез көбейеді де, олардың белсенділігі артады. Вирустар кене организмінде көбейіп, шаққанда адамға жұғып, лимфоциттерде, бауыр мен көк бауыр клеткаларында, тамырдың ішкі қабатында өсіп-өніп, миға жетеді. Вирус жұлынды, мишықты және бас мидың жұмсақ қабатын зақымдайды.
Инкубациялық кезеңі 1-3 күннен 25-30 күнге созылады. Орташа 7-14 күн. Кене энцефалитінің клиникасында 2 синдромды қарастыруға болады:
· интоксикация синдромы
· әртүрлі деңгейде орналасқан жүйке-жүйесінің зақымдалу синдромы
Осыған байланысты клиникалық түрлері бар:
1. қызбалы
2. менингеальды
3. менингоэнцефалитикалық
4. менингоэнцефалополиомиелитті
5. полирадикулонневритті
Клиникалық түріне қарамастан ауру жедел басталып, жалпы интоксикация синдромымен өтеді. Байқалады: қалтырау, дене қызуының өте тез жоғарлауы 38-39С, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу. Науқастың бет әлпетіне тән: бет, мойын, кеуденің жоғарғы бөлігінің гиперемиясы байқалады. Көз коньюктивасы тамырының иньекциясы, кейде жас ағуы жақсы көрінеді. Науқастар: апатиялы әлсіз, сұраққа баяу жауап береді, үрей және қорқынышты сезеді, аурудың бастапқы кезеңінде тырысу синдромы байқалуы мүмкін.
Ішкі ағзалар бойынша: ЖҚЖ: тахикардия және брадикардия, гипотония, жүрек тондары әлсіреуі мүмкін. Асқазан-ішек жолдары -тілі жиі ақ жабындымен жабылған, ішіне жел толып, нәжісінің болмауы. Кене энцефалиті кезінде дене қызуы 5-6 күн бойы көтеріледі, сирек 2 апта. Аурудың жеңіл ағымында қызба 2-3 күн болады. Перифериялық қан: нейтрофильді лейкоцитооз 10-20х109 л мөлшерінде, ЭТЖ жоғарлаған Әрбір клиникалық формалар үшін белгілі бір клиникалық белгілер тән. Қызбалық формасы жалпы аурулардың 40-60% кездеседі. Бұл формасы ағымы және болжамы бойынша оң нәтижелі. Негізгі симптомы-қызба, ол бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін сақталады. Кейде болуы мүмкін: ұмытшақтық, әлсіз және тез өтетін неврологиялық симптоматика Жалпы интоксикация синдромы әлсіз және орташа көрінеді. Менингеальды формасы науқастардың 40-60% кездеседі және интоксикация синдромы кезінде серозды менингиттің дамуымен сипатталады. Клиникасында менингеальды синдром және ликвордың өзгерісі байқалады:
· плеоцитоз 30-600 жасуша 1 мкл, лимфоцитарлы түрде
· ақуыздың жоғарлауы 1-2 г/л
Ликвордың өзгерісі ұзаққа созылады: 2-3 аптадан бірнеше айға дейін. Нәтижесі жағымды. Менингоэнцефалитикалық формасы 15% кездеседі және аса ауыр ағыммен сипатталады. Жүйке жүйесінің зақымдалуы ошақты немесе диффузды сипатта болады. Ошақты менингоэнцефалитте клиникалық белгілері бас миының зақымдалу аймағымен анықталады. Бас миының жарты шарларының біреуінің ақ заты зақымдалуында болуы мүмкін:
· оң және сол жақ аяқ қолдың спастикалық салдануы
· беттің және тіл асты жүйкелерінің бір жақты зақымдалуы
Сол жақ жарты шарлардың зақымдалуында бұзылыстар сирек кездеседі. Мидың бағаналы бөліміндегі ақ заттың зақымдалуында: -альтернациялық синдром дамиды, яғни қабыну ошағындағы бас ми жүйкелерінің салдануы және дененің қарсы жағындағы аяқ-қолдың салдануы. Бас невртерінің ішінде жиі ІХ; Х; ХІІ жұп, мынандай көріністер береді: жұмсақ маңдай зақымдалуы, дауыс өзгеруі, сөздің бұзылуы, афония, жұтынудың бұзылуы, сілекей бөлінудің жоғарлауы, ¼ науқастарда бульбарлы бұзылыстардың дамуы. Коповников немесе Джексон түріндегі эпилепсияұстамалары болуы мүмкін. Диффузды менингоэнцефалитте негізінен жалпы ми бұзылыстары белгілері байқалады: естің бұзылысы, эпилепсиялық ұстамалар. Сонымен қатар мидың ошақты зақымдалуы болуы мүмкін: науқаста жиі байқалады: қол треморы, бет және аяқ қол бұлшықеттерінің фибриллярлы тартылуы, терең рефлекстердің тежелуі, бұлшықет тонусының төмендеуі. Менингоэнцефалополиомиелиттік формасы науқастардың 1/3 кездеседі. Бұл формаға мына синдром тән: менингиальды, энцефалиттік, ошақты не диффузды, полиомиелиттік (жұлынның, мойын және жоғарғы кеуде бөлімінің алдыңғы мүйізінің таңдамалы зақымдануы), мойын, дене, аяқ-қол бұлшық еттерінің әлсіз зақымдалуы, кейде зақымдалады қабырға аралық бұлшықеттер және диафрагма. Бұл формаға тән симптом «кеудеге салбыраған бас»-бас вертикальды ұсталынбайды және кеудеге салбырайды. Бұл формада қолдың әлсіз парезі және спастикалық (пирамида-белгісі) аяқ парезінің үйлесуі мүмкін. Қозғалыстың бұзылуы 7-12 күн ішінде өседі, ал аурудың екінші, үшінші аптасында зақымдалған бұлшықеттердің атрофиясы дамиды. Полирадикулоневритті форма 2-4% жағдайда кездеседі. Бұл формаға интоксикация және менингеальды синдром тән: қыртыстардың және перифериялық жүйкелердің зақымдалуы, келесі белгілермен көрінеді:
· «құмырсқаның жыбырлаған сезімі» сияқты парестезияның болуы
· терінің әр түрлі аймақтарындағы шаншуы
· жүйке бағаналарының бойындағы ауырсыну
· «тартылымның» оң симптомы
· аяқ-қолдың дистальды бөліктерінде «қолғап, шұлық» түріндегі сезімталдықтың бұзылуы
Әлсіз салдану әдетте аяқтан басталып, дене және қол бұлшық еттеріне тарайды. Кейбір науқастарда прогридиентті (созылмалы) форма дамиды. Бұл кезде жедел форма вирустың элиминациясымен аяқталмай вирус орталық жүйке жүйесінде сақталады. Бұл аурудың прогридиентті (созылмалы) ағымына әкеледі. Қос толқынды кене энцефалитi. Алиментарлы зақымдалуына байланысты қос толқынды сүт қызбасымен байланысты. Қос толқынды қызба тән: бірінші 3-5 күн, содан кейін апераксия кезеңі 3-8 күнде болады, содан кейін менингоэнцефалит дамиды. Бұл форманың ағымы қатерсіз болады.
1. Адамдар үшін сарып қоздырғышының ең маңызды көзі: 1
а) сиырлар
6) қой, ешкі
в) шошқалар
г) солтүстік бұғылар
д) түйелер
2. Адамдар сарыпты жұқтырады: 3
а) алиментарлы
б) контактілі
в) аспирациялық
г) сулық
д) насекомдар шаққанда
3. Сарып кезінде қабыну ошақтары мына сатыларда дамиды: 2
1. жедел сарып
2. жеделдеу сарып
3. созылмалы сарып
4. резидуальді сарып
4. Сарып кезінде зақымдалуы мүмкін: 1
1. тірек-қимыл аппараты
2. шеткі нерв жүйесі
3. орталық нерв жүйесі
4. зәр шығару жүйесі
5. барлығы
5. Созылмалы сарыпқа тән: 1
1. ауру басталғаннан 4 айдан кейін дамуы
2. әлсіз немесе орташа уланулар
3. ұзақ ремиссия
4. әртүрлі жүйелер мен мүшелерде ошақты зақымданулар болуы
5. барлығы
6. Сарып кезіндегі инфекция көзін атаңыз: 1
1. Ауру адам
2. ірі қара мал
3. реконвалесцент
4. кеміргіш
5. кенелер
7. Сарып кезіндегі инфекция көзін атаңыз: 1
1. Ауру адам
2. ірі қара мал
3. реконвалесцент
4. кеміргіш
5. кенелер
5.Гепатит С- инфекция көзі А
А)қан
Б)несеп
В)шаует
Г)Тер
6.Вирусты гепатит Д көрінеді: 1
А) Суперинфекциямен
Б) ауыр ағымда өтумен
В) Коинфекциямен
Г) созылмалы формаға ауысып бауыр циррозына өтумен
7. В гепатитін жұқтырған адам эпидемиялық қауіпті: 1
а) инкубациялық кезең алдында
б) инкубациялық кезең аяғында
в) инкубациялық кезеңнің барлық уақытында
г) инкубациялық кезеңде емес
8. В гепатиті вирусының биологиялық түр ретінде сақталуы келесі жолдарымен іске асырылады: 4
а) трансфузиялық
б) жынысты
в) парентеральді
г) интранатальді
д) тұрмыстық-қатынастық
9. В гепатиті кезіндегі алдын алу шаралары: 3
а) стационарға түскен науқастарды НВsА тексеру
б) алдын алу шараларын қолдану
в) бір реттік медициналық құралдарды пайдалану
г) қан препараттарының трансфузиясын қан алмастырғыштармен немесе басқа инфузионды-трансфузионды заттармен алмастыру
10. Қазіргі кезде С гепатитін жұқтыру қауіпті: 3
а) қан құйғанда
б) жыныстық қатынаста
в) вертикальді берілу
г) парентеральді емдік процедура жүргізгенде
д) вена ішілік наркотикті қолданғанда
11. Е гепатиті келесі жолдармен беріледі: 2
а) тұрмыстық-қатынастық
б) сулық
в) трансмиссивті
г) ауа-тамшылы
12. С гепатитіне тән: 4
а. 95% сарғаюсыз өтеді
б. біріншілік инфекция субклиникалық ағымда өтеді
в. фульминантты формалары жиі кездеседі
г. бауырдан тыс зақымданулар жиі дамиды
д. созылмалы формаға өтуге бейім
13. С гепатиті кезіндегі қоздырғыш көзі: 1
а)науқас адам
б)Ауру жануар
в)Вирус тасымалдаушы
г)Тағам өнімдері
14. Келтірілген топтардың қайсысында С гепатитімен ауыру қаупі жоғары: 1
А)Тағам өнеркәсібінің жұмысшылары
Б)балалар
В)мед. қызметкерлері
Г)донорлар
15. Д вирусты гепатиті қай топқа жатады: 1
А)қан
Б)ішек
В)аспирациялық
Г)зоонозға
16.Адамдағы безгек қоздырғыштары: 1
а) Pl. vivax
б) Pl. ovale
в) Pl. falciparum
г) Pl. malariae
17. Безгек қоздырғышының көздері: 2
а) науқас адамдар
б) паразит тасымалдаушы
в) маймылдар
г) ауру жануарлар
д) барлығы дұрыс
18. ҚР безгектің маусымдылығын анықтайтын факторлар: 4
а) масалардың түрлері мен белсенділігі
б) маса организміндегі плазмодийлардың спорогония кезеңі
в) климаттық фактор
г) жасырын кезеңнің ұзақтығы
д) жыл бойы
20. Безгектің таралуы мен эпид. процесіне сипаттама берген кезде қандай көрсеткіштерді қолданады? 1
а) көкбауырлық индекс
б) паразитарлық индекс және паразитемия интенсивтілігі
в) 9 жасқа дейінгілердегі паразитарлық индекс
г) жылдық сырқаттанушылық ( паразитологиялық дәлелденген)
д) барлық көрсеткіштер
Тарау