Нефритикалық синдром» клиникалық жағдай бойынша жауаптар эталоны
№ | ||
1. | Шағымдарын және анамнезін жинау | Жүйелі және кезеңді орындалды |
2. | Салыстырмалы диагностика үшін қосымша сұрақтардың көмегімен ауру симптомдарын нақтылау | Анамнезді нақтылауда барлық сұрақтар қойылды, соның ішінде жанұялық, аллергологиялық |
Нефритикалық синдром дамуына алып келетін қауіп қатер факторлары бойынша сұрастыру | Нефритикалық синдром дамуына алып келетін қауіп қатер факторлар анықталды – бұрынырықта өткерген вирусты, бактериальды инфекциялар | |
4. | Физикальді қарауды жүргізу – жалпы қарау | Кезеңді және дұрыс орындалды. Бетінің, тобық-балтырларының ісінуі (ісіктері жұмсақ консистенциялы), ережелерді сақтап АҚ өлшеді |
5. | Зәр шығару жүйесін зерттеу | Бүйрек пальпациясы жүргізілді (ауыру сезімді), ұрғылау симптомы екі жақтан оң |
Алдын ала қойылған диагнозды құру және негіздеу | Бетінде кейін тобық-балтырларында пайда болған екі жақты симметриялы ісінулерді; АҚ 170/100 мм сб.б.; 3,5 г/л дейін протеинурияны, микрогематурияны ескеріп алдын ала мынадай болжама диагнозы қойылды; жедел гломерулонефрит. | |
Нефритикалық синдромды зерттеуді негіздеу | Вирусты инфекциямен байланысы (бірақ стрептококкты инфекциямен емес), екіншілік нефритке алып келетін факторлар мен аурулардың анықталмауын; пальпация кезінде бүйректегі ауыру сезімі, ұрғылау симптомының оң болуын ескеріп мына диагноз қойылды:Нефритикалық синдром. Бүйрек қызметі тексеруді қажет етеді. | |
8. | Лабораторлы зерттеу жоспарын тағайындау | Жалпы қан анализі; Зәрде белоктың тәуіліктік экскрециясы. Коагулограмма; БХҚА: мочевина, креатинин, жалпы белок, альбуминдер, глобулиндер, глюкоза, АЛТ, АСТ; Зимницкий сынамасы, ШФЖ есептеу және бүйрек қызметін анықтау. Комплемент жүйесін, сарысу иммуноглобулиндерін, АНА, РФ, АНЦА Вирусты В С гепатиттерінің маркерлері |
9. | Құралдық зерттеу жоспарын тағайындау | Бүйректің УДЗ; ЭКГ Морфологиялық вариантын анықтау мақсатымен бүйрек биопсиясы |
10. | Жалпы қан анализін интерпретациялау | 1. Гипохромды анемия, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы Фибриноген деңгейінің жоғарлауы 2. Креатинин жоғарлаған |
ЖЗА интерпретациялау | Протеинурия –3,5 г/л дейін Микрогематурия Ісінулер және АГ – нефритикалық синдром | |
12. | Зимницкий сынамасын интерпретациялау | Тәулікті диурез 600 мл. бүйректің концентрациялық қызметі сақталған |
13. | Иммунологиялық анализдерді интерпретациялау | С3 деңгейі төмендеген – ЦИК пайда болуына қолдануының есебінен (за счет потребления на образование ЦИК). IgA деңгейі жоғарлаған АутоАт – теріс HCV антиденелер оң және оң РФ – мүмкін криоглобулинемия – криоглобулиндер деңгейін міндетті түрде анықтау – анализ алып тексеру –криоглобулин деңгейі жоғарлаған |
14. | Кокрофт-Голт формуласы бойынша шұмақтар фильтрациясының жылдамдығын есептеу және интерпретациялау | ШФЖ 72 мл/мин, бүйректің фильтрациялық қызметі төмендеген |
15. | Бүйректің УДЗ және биопсиясын интерпретациялау | Бүйрек өлшемдері ұлғайған (паренхима ісінген) Биопсиясы – мембранозды-пролиферативті гломерулонефрит |
Салыстырмалы диагностика жүргізу үшін классикалық тән белгілерін анықтау | Нефритикалық синдромның классикалық белгілерін анықтау- микрогематурия, протеинурия, ісінулер және АГ. Барынша мүмкін байланыс ол вирусты инфекцияны басынан өткеру (бірақ стрептококкты инфекция емес), екіншілік нефрит дамуына алып келетін қауіп қатер факторлардың және аурулардың болмауы | |
17. | Қорытынды диагнозды тұжырымдау және оны негіздеу | Нефритикалық синдромның болуы, биопсия мәліметтерінің - мембранозды-пролиферативті гломерулонефритке сәйкес келуі, РФ, С гепатитінің маркерлерінің, криоглобулиндердің анықталуы, ШФЖ төмендеуі негізінде: Диагноз:Нефритикалық синдром.Криоглобулинемиялық мембранозды-пролиферативті гломерулонефрит. Бүйрек қызметі төмендеген. |
18. | Емдеу тәсілін анықтау | 1. Тұзды тәулігіне 2 г дейін шектеу емдәмі. Сұйықтық режимі: диурез көлемі + 500 мл 2. Диуретиктер 3. Иммуносупрессивті терапия – ГКС 4. Гипотензивті терапия 5. Фракционирленген гепарин |
Науқастың келешек емдеу тәсілін анықтау | Нефритикалық синдромды жойғаннан кейін (ісінулер, АГ, протеинурия және бүйрек қызметі) – СВГ С бағдарламасы бойынша келесі зерттеулерді жүргізу (ПЦР, вирус генотипі және вирусты жүктеменің деңгейі), вирусқа қарсы терапияны жүргізу сұрақтарын шешу үшін гепатолог кеңесі ВҚТ жүргізу үшін гепатит С жүйелік белгілері болуы керек – бүйрек зақымдалуымен бірге аралас криоглобулинемиялық синдром | |
20. | Науқаспен оптимальді қатынасты орнату және қобалжуды басу | Коммуникация эффективті. Науқас сеніммен қарайды, барлық сұрақтарға жауап алынған |
Әзірлеуші : кафедра ассистенті Кедельбаева К.М.
Рецензент: м.ғ.д., Кабулбаев К.А, нефрология модулінің меңгерушісі
№1 терапия бойынша Иж/еР кафедрасында талқыланған және бекітілген (27 қаңтар 2015, №7 хаттама)
Ішкі аурулар бойынша ББК мәжілісінде талқыланған және бекітілген (29 қаңтар 2015, №5 хаттама)