Асқазан сөлін микроскопиялық жолмен зерттеу.
Бұл мақсатта асқазан сөлі құрамындағы эпителий жасушалары, лейкоциттер, микроскопиялық тағам қалдықтары, асқазан обырына тән ісік жасушалары зерттеледі.
Асқазан сөлі құрамындағы тұз қышқылының қалыпты мөлшері нормацидті, жоғары болуы гиперацидті, төмен болуы гипоацидті, тұз қышқылының тіпті болмауы анацидті жағдай деп аталады. Зерттеу нәтижелері төмендегі кестелерде керсетілген.
Асқазанның қалыпты секрсциясының негізгі көрсеткіштері.
Керсеткіштер | Секреция | ||
Негізгі | Стимуляция | ||
базальды | жасалғаннан кейін | ||
субмакс. | макс. | ||
Асқазан сөлінің мөлшері мл | 50-100 | 100-140 | 180-200 |
Жалпы қышқылдық ммоль л | 40-60 | 80-100 | 100-120 |
Бос тұз қышқ. ммоль л | 20-40 | 65-85 | 90-110 |
Байланысқан тұз кышқ. ммоль л | 10-15 | 10-15 | 10-15 |
Дебит- час.ммоль л | 1,5-5,5 | 8-14 | 18-26 |
Бос тұз қыш. дебит час.ммоль л | 1-4 | 6,5-12 | 16-24 |
Асқазан ішілік РН метрия.
Асқазан қабырғасындағы тұз қышқылы мөлшерін электрометрлік әдіспен анықтауда асқазанның фундальді және антральді бөлігіне электродтар қойылады. Екі электрод аралығындағы қашықтық 11 см. Зерттеу барысын тіркейтін құрал ретінде стандарт санды немесе белгі көрсететін иономерлер, арнайы РН- метрлер қолданады. Зерттеу нәтижесі ЭВМ көмегімен қағазда тіркеліп көрсетіледі. Зерттеу таңертеңгілік ашқарынға жүргізіледі. Егер асқазан эвакуациясы бұзылған жағдайда зерттеуден алдын кешке асқазан тағамнан тазартылып, таңертеңгісін асқазанға жиналған шырыш сорылып алынады.
Қазіргі уақытта қолданылатын резеңке түтікше диаметрі 2 мм. Түтікше ауыз қуысы арқылы енгізіледі, ал микротүтікшелер мұрын қуысы арқылы енгізіледі. Кейбір жағдайларда асқазандағы электродтардың орналасқан орнын жэне түтікшелерді енгізгенде ену барысын рентген аппаратымен бақылауға болады. Зерттеу ашқарынға 30 мин бойы жүргізіледі.
Асқазан сөлі қышқылдылығын анықтауда жүргізілген зерттеу нәтижесі төмендегідей:
РН - 0,9-1.05 - гиперацидті жағдай .
РН - 1,6-2,0 - нормацидті жағдай
РН- 2,1-5,0- гипоацидті жағдай.
РН - 6,0-н жоғары - ахлоргидрия .
Гистамин немесе пентагастринмен стимуляция жасалғаннан кейінгі секреция көрсеткіштері:
Стимуляция жасалғаннан кейін
РН көрсеткіштері 30-60 минут бойы тіркеледі.
РН - 0,9 - 1,2 гиперацидті жағдай .
РН - 1,2 - 2,0 нормацидті жағдай .
РН - 2,0-3,0 орташа гипоацидті жағдай .
РН - 3,0 -5,0 айқын гипоацидті жағдай .
РН - 6,0 ден жоғары нағыз ахлоргидрия .
Асқазан ішілік РН метрлік мониторинг зерттеу немесе интрагастральді реоплетизмографиялық зерттеу.
Зерттеуге арналған жіңішке түтікше диаметрі 2 мм. Түтікше мұрын қуысы арқылы өңеш, асқазан, ұлтабарға енгізіледі. Acқорыту ағзаларының қабырғаларында 11 электрод орналастырады. Асқазанға енгізілген түтікше, электродтардың орналасқан орны рентген аппаратымен бақыланады.
Acқорыту ағзаларындағы (өңеш, асқазан, үлтабар) РН деңгейін мониторинг әдісімен зерттеу 24 сағат бойы жүргізіледі және ағза қабырғаларындағы мәліметтер ЭВМ - да өңделіп, жалпы РН-метр критериімен бағаланады.
Зерттеу стационарда, амбулаториялықжағдайда жүргізіледі.
Көп каналды тәуліктік РН метрлік зерггеудің мақсаты: асқазан секрециясының тэулік бойы жеке организмдегі ерекшелігін, өңеш-асқазандық рефлюкстің жиілігін және айқындығын, ем ретінде тағайындалған дәрі препараттарына мысалы; антацидтерге, стимуляторларға, блокаторларға науқас организімінің реакциясы, ұлпалардың, асқазандағы сүйықтықтың электр тогына қарама қарсылық күшін елшеу.
Тәулік бойы РН - ы зерттеудің РН - метриядан айырмашылығы
асқазан шырышты қабатындағы зақымданған ошақтардың
мозайкалық суретін (алуан түрлілігіи өрнегін) анықтау. Зерттеу нәтижелері «ОМ» өлшеу бірлігімен, ал түз қышқылы мөлшері ммоль /л белгіленеді.
Зондсыз (түтікшесіз ) зерттеу әдісі.
Бұл әдіс ауруханада ( стационарда ) жағдайы ауыр науқастарды
зерттеуде қолданылады. А). Сали сынамасы ( десмоидты сынагы).
0,1 г. метилен көгі себілген жұқа резеңкені суда жуып, науқасқа кешкі тамақтан кейін 1 сағаттан соң жұтқызады. 12 сағаттық несеп тұсінің көк түсті болып өзгеруі асқазан солінің қүрамында тұз қышқылының бар екендігін білдіреді. Б). «ацидотест» сынағы.
Науқасқа индикатор таб. қабылдату арқылы несеп түсінің өзгеруіне қарай асқазан бездерінің тұз қышқылын бөлу деңгейі тексеріледі.