Күдіктіден қосымша жауап алу
Күдіктіден қосымша жауап алу
ХАТТАМАСЫ
2016 жылғы 06 мамыр Павлодар қ.
Басталуы сағ. 14.30, аяқталуы сағ.14.55
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев Павлодар қ. АП 162/1 үй жайында ҚР ҚПК-нің 115, 216, 64 б. 5 б. сәйкес №165552031000064 қылмыстық іс бойынша күдіктіден жауап алды:
Т.А.Ә.: Балагазин Расул Ерсалинович
Туған күні: 26.11.1985 ж.
Туған жері: Лебяжі ауданыы Шақа а.
Ұлты: қазақ
Азаматтылығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: орта
Отбасылық жағдайы: үйленген
Жұмыс орны: жұмыс істемейді
Тұрғылықты жері: Лебяжі ауданы Шақа а. 40 лет Победы к-сі, 3
Құжат туралы мәлімет: жеке басы анықталды
Соттылығы: бұрын сотталған
Күдікті Р.Е. Балагазинге ҚР ҚПК-нің 64 б. қарастырылған құқықтары түсіндірілді, 1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға; 2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге; 3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті; 4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға; 5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесуге; 6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беруге; 7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алуға; 8) айғақ беруден бас тартуға; 9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алуға;10) дәлелдемелерді ұсынуға; 11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; 13) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысуға; 15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға; 16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасуға; 17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беруге; 18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіруге; 19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; 20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға; 21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіруге;22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіруге;23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алуға; 24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беруге құқылы .
ҚР ҚПК-нің 216 б. сәйкес күдікті Р.Е. Балагазинге ол ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. қарастырылған қылмыс жасауда күдікті екені түсіндірілді.
Күдікті _________ Балагазин Р.Е.
Күдікті Р.Е. Балагазин ҚР ҚПК-нің 64 б. қарастырылған құқықтарым түсінікті, жауап беруден бас тартпаймын. Жауапты орыс тілінде беруді қалаймын. Күдік мәні түсінікті, кінәні мойындамаймын.
Маған қойылған сұрақтарға түсіндіремін, көрсетілген мекенжайда тұрамын, ОНД мен ОПНД есебінде жоқпын.
Осылай, 2016 жылғы 16 сәуір сағат 11.00 шамасында мен әдеттегідей мотоцикліммен жалғыз Балагазиндардың отбасына, яғни менің шешеме тиесілі заемкеге бардым. Өзіммен бір шөлмек сыра алдым. Заемкеде осы сыраны іштім. Сосын түсте заемкеде қалған арақты тауып алдым. Екі рет 50 грамнан іштім. Одан кейін ішкен жоқпын. 16.04.2016 ж. сағат 19.30 шамасында мен жоғарыда көрсетілген мотоциклде Лебяжі ауданы Шака ауылына кеттім. Сағат 20.00 шамасында келдім, сол күні. Үйіме емес, ауылдасым Сыздыков Асылбектің үйіне. Соңғысынан моншаға түсуге рұқсат сұрау үшін. Алсыбектің монша терезесінен көрідм. Ол оны күт деді. Мен Асылбекті күтіп отырдым. Осы кезде Асылбектің үйі қасынан Жумадилов Талгат өтіп бара жатты, мас күйде. Амандасып, екеуіміз әңгімелестік. 5 минуттай өткен соң бізге Бозжигитов Серик пен Жумадилов Серик жақындады. Олар да бізден амандасып, Асылбектің моншасына кетті. Ол туралы мен олармен амандасқанда білдім. Аманадсып жатқанда менің қасымда тұрған Жумадилов Талгат Бозжигитов Сериктен қайдан екенін сұрады. Бозжигитов Серик Жумадилов Талгатқа дөрекі түрде жауап қайтарды. Сосын мен Бозжигитов Серикке дұрыс сөйлес дедім. Бозжигитов Серик пен Жумадилов Серик үндемей Асылбектің үйі ауласына кіріп кетті. 5 минуттай өткен соң Асылбек өзі шықты. Ол моншада Бозжигитов Серик пен Жумадилов Серик жуынып жатқандықтан біраз күт деді. Мен Асылбекке үйге барып, заттарымды алып келемін дедім. Асылбекпен сөйлесіп тұрғанда Жумадилов Талгат үйіне кетіп қалды. Асылбекпен сөйлесіп болған соң шамасы 15 минуттан соң моншадан Бозжигитов Серик пен Жумадилов Серик шықты. Мен осы кезде үйіме заттарымды әкелуге барған болатынмын. Бозжигитов Серик пен Жумадилов Серик Асылбектің ауласынан шығып бара жатқанда мен Бозжигитов Серикке мен саған қандай жамандық жасадым деп сұрадым. Соңғысы маған миымды шақпа деді. Қазір таныстарыма қоңырау шалып, өткен айдағыдай таяқ жисің деді. Осы кезде біз екеуіміз бір бірімізге соққы жасауға тырыстық. Бірақ тимедік. Сосын біз тарадық. Бозжигитовпен дауласқан кезде Асылбектің бары-жоғы есімде жоқ. Содан кейін мен екі сағаттай үйде болдым. Осы уақытта үйіме Сыздыков Дамир келді. Мен онымен ауалмда шылым шегіп отырдым. Мен Дамирден біздің наубайханаға барып келуді сұрадым. Онда баруға бұдан бұрын шешем сұраған болатын. Біраздан соң Куленбаев Серик келді.біз үшеуіміз наубайханаға бардық. Нива маркалы автомашина рөліне Сыздыков Дамирды отыруға сұрадым. Себебі мен сәл мас күйде болдым. Біздің дүкен қасында орналасқан наубайханаға келген кезде мен көрсетілген автомашинадан шығып, наубайханаға қарай бардым. Сыздыков Дамир Куленбаев Серикпен автомашина ішінде қалды. Наубайхана есігіне жақындағанда маған қарай екі жігіт жүгіріп келе жатты. Ал үшінші біреу бүйір жақтан бас самайыма бір қатты затпен соққы жасады. Ал мен соққыдан құлаған кезде бір қатты затты ұстап алдым. Мылтық ұңғысы сияқты болды. Осы уақытта мені басымнан ұра бастады. Сосын біреу қолымнан мылтықты жұлып алып, сол қолымнан мылтық сабымен соқты. Соққыдан соң мен төрт аяқтап жігіттерден қаша бастадым. Дүкен бұрышына жүгіргенде мылтықтан бір рет атқан дыбысты естідім. Осы кезде артымда біреу қлағанын естідім. Мен олардан қорғалып, Куленбаев Сериктің үйінің ауласы ішіне кіріп кеттім. Онда апайы шықты. Мен оған аулы сыртына шықпауды, себебі атыс болып жатқанын айттым. Сосын мені байқамасын деп, мен қоршау бойы үйге қарай кеттім. Менің бүкіл бетім қан-қан болды. Үйге келген соң Сыздыков Дамирге қоңырау шалып, кім атқанын сұрадым. Дамир білмейтінін айтты. Қосқым келеді, 17.04.2016 ж. мені учаскелік полиция бекеті орналасқан Лебяжі ауданы Шақа а. әкімшілігіне алып келген кезде далада Бозжигитов Кабдолла тұрды, ол маған мылтықты өз кінәңа ал деді. Әйтпесе, жігіттер бәрі бір саған көрсетеді деді.
Менің сөзімнен дұрыс жазылды, мен оқыдым. Қолы
Күдікті Е.Р. Балагазин
Қорғаушы Е.Б. Адамов
Жауап алған: А.Т. Ивашев
Күдіктіден қосымша жауап алу
ХАТТАМАСЫ
2016 жылғы 14 шілде Павлодар қ.
Басталуы сағ. 16.32, аяқталуы сағ.17.00
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев Павлодар қ. АП 162/1 үй жайында қорғаушы Е.Б. Адамовтың қатысумен, ҚР ҚПК-нің 115, 216, 64 б. 5 б. сәйкес №165552031000064 қылмыстық іс бойынша күдіктіден жауап алды:
Т.А.Ә.: Балагазин Расул Ерсалинович
Күдікті Р.Е. Балагазинге ҚР ҚПК-нің 64 б. қарастырылған құқықтары түсіндірілді, 1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан өзіне тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алуға; 2) өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге; 3) өз бетінше немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті; 4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзін азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалануға; 5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушысымен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесуге; 6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беруге; 7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алуға; 8) айғақ беруден бас тартуға; 9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алуға;10) дәлелдемелерді ұсынуға; 11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; 13) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 14) өз өтінішхаты бойынша немесе қорғаушысының не заңды өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысуға; 15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласуға; 16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасуға; 17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беруге; 18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіруге; 19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; 20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруға; 21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алуға, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіруге;22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіруге;23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алуға; 24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беруге құқылы .
ҚР ҚПК-нің 216 б. сәйкес күдікті Р.Е. Балагазинге ол ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. қарастырылған қылмыс жасауда күдікті екені түсіндірілді.
Күдікті _________ Балагазин Р.Е.
Жауапты орыс тілінде беруді қалаймын. Аудармашы көмегі қажет емес.
Күдікті _________ Балагазин Р.Е.
Бұрын берген жауабыма қосқым келеді, мен ресми түрде үйленген емеспін, Ахметова Салтанат Кайратовнамен азаматтық некеде тұрамын. Екі кәмелетке толмаған баламыз бар. Біз бірге тұрамыз.
16.04.2016 ж. мен Куленбаев Серикпен, Сыздыков Дамирмен сағат 23.25 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сі, 8 орналасқан, отбасымызға тиесілі дүкенге келдік. Автомашина рөлінде Сыздыков Дамир болды. Келу мақсатымыз наубайханаға су алу болды. Автомашинадан шығып, Юбилейная көшесі жағынан маған қарай екі жігіт жүгіріп келе жатқанын көрдім. Осы кезде үшінші біреу мені желке жағымнан соққы жасады. Мен жерге құладым. Жерге құлай жатып, мен бір затқа іліндім. Сосын ол мылтық екенін түсіндім. Мен белгісіз адамнан мылтықты тартып алдым. Осы кезде Қорт ауылы тұрғындары жүгіріп келді, Е. Абденбаев пен К. Бозжигитов. Осы кезде бұрын жүгіріп келе жатқан адамдар осылар екенін тсүіндім. Бірінші маған Ернар Абденбаев жүгіріп келді. Ол мылтықты ұңғысынан ұстап алып, жұлқылай бастады. Алып қойғысы келіп. Осы кезде күресу барысында мен мылтықты ұстап тұрып, мүмкін кездейсоқ мылтықтан атып жібердім. Атқан оқ Е. Абденбаевқа тиді.
Менің мылтықтан атуға ойым болған жоқ. Атыс кездейсоқтан болды. Қосқым келеді, мүмкін мен аттым. Бұрын басқа ажуап беру себебім өзімді қорғау болып табылады, өзіме қарсы айғақ берген емеспін.
Менің сөзімнен дұрыс жазылды, мен оқыдым. Қолы
Күдікті Е.Р. Балагазин
Қорғаушы Е.Б. Адамов
Жауап алған: А.Т. Ивашев
Куәдан жауап алу
ХАТТАМАСЫ
2016 жылғы 06 мамыр Павлодар қ.
Жауап алуды бастау сағ.16.00, аяқтау сағ.16.15
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев Павлодар облысы ІІД ТБ қызметтік кабинетінде ҚР ҚПК-нің 60, 78, 110, 115, 197, 199, 208, 209, 210, 212, 214б. басшылыққа алып, куәдан жауап алды:
1. Т.А.Ә.: Сыздыков Дамир Даниярович
2. Туған күні: 06.07.1991 ж.т.
3. Туған жері: Павлодар облысы Лебяжі ауданы Майқарағай а.
4. Ұлты: қазақ
5. Білімі: орта
6. Азаматтылығы: Қазақстан Республикасы
7. Отбасылық жағдайы: үйленген
8. Соттылығы: бұрын сотталмаған
9. Тұрғылықты жері: Лебяжі ауданы Шақа а. Юбилейная к-сі, 9
10. Жұмыс (оқу) орны: «Ертіс орманы» РММ АТП жүргізушісі
11. Жеке басын куәландыратын құжат: жеке басы анықталды
ҚР ҚПК-нің 210 б. сәйкес куәға ҚР ҚПК-нің 78 б. қарастырылған құқықтары мен міндеттері түсіндірілді: Іс үшiн маңызы бар қандай да бір мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам айғақтар беру үшiн куә ретiнде шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн.
Мыналар:
1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өздерiне белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы – судья, алқаби; 2) аралық судьяның немесе төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы – аралық судья немесе төрешi; 3) өзiнiң мiндеттерiн орындауына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы – күдіктiнiң, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның қорғаушысы, сол сияқты олардың заңды өкілдері, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердiң өкiлi, сондай-ақ куәнің адвокаты; 4) тәубаға келу үстінде өзіне белгiлi болған мән-жайлар туралы – дiни қызметшi; 5) өзiнiң жасының толмауына не психикалық немесе дене кемiстiктерiне байланысты іс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға және олар туралы айғақ беруге қабiлетсiз адам; 6) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, медиацияны жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – медиатор; 7) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, өз қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы куә ретінде жауап алынуға жатпайды.
Куәнiң:
1) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тартуға; 2) өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар беруге; 3) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; 4) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге; 5) жауап алу хаттамасына айғақтарды өз қолымен жазуға; 6) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге құқығы бар.
Куәнің өз адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқығы бар. Адвокаттың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілеген уақытта келмеуі куәдан жауап алуды жүргізуге кедергі келтірмейді.
Куәның қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде шеккен шығыстарын оған өтеу қамтамасыз етіледі.
Куә: 1) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге;
2) іс бойынша болғанның бәрін шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге;3) егер өзіне бұл туралы анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, іс бойынша өзіне белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге; 4) тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.
5. Егер адам қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызда және хабарда оны жасаған адам ретінде көрсетілсе не қылмыстық процеске қатысатын куә оған қарсы айғақ берсе, бірақ мұндай адамға процестік ұстап алу қолданылмаса не оны күдікті деп тану туралы қаулы шығарылмаса, онда ол қорғалуға құқығы бар куә мәртебесін алады.
Куә, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куә, осы Кодекстiң 223 және 271-баптарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, сараптамаға немесе куәландырылуға тартылмайды.
Куә жалған айғақтар бергенi, айғақтар беруден бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауаптылықта болады. Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куәға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
Сондай-ақ, куә көрінеу жалған жауап бергені үшін ҚР ҚК-нің 420 б. және жауап беруден бас тартқаны үшін ҚР ҚК-нің 421 б. бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілді.
Қолы ____________
Жауапты орыс тілінде беремін, тілді жетік білемін, аудармашы, қорғаушы көмегі қажет емес, бұл менің материалдық жағдайыма байланысты емес. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасын қажет етпеймін.
Қолы ______________________
Қойылған сұрақтарға көрсетемін, аталған мекенжайда тұрамын. ОПНД мен ОНД есебінде жоқпын. Бұрын сотталған емеспін.
Осылай, 2016 жылғы 16 сәуір сағат 22 шамасында мен Балагазин Расулдың үйіне бардым. Осы кезде Расул үйінен шығып, біз оынң ауласында шылым шегіп тұрдық. Расул мас күйде болды. Ол менен наубайханаға барып келуді сұрадым. Наубайхана дүкен ғимаратымен бірге орналасқан. Мен келістім. Осы кезде Расулдың үйіне «Клен» лақап атты Серик келді. Ол мас күйде болды. Сосын шамасы бір сағаттан кейін, яғни 23.30-да мен Нива маркалы автомаши на рөліне отырыдм, мемнөмірі есімде жоқ. Осы автомашина Балагазиндердің отбасына тиесілі. Алдынғы жолаушылар орнына Балагазин Расул отырды. Артқы орынға «Клен» лақап атты Серик отырды. Наубауханаға келіп, мен автомашинаны бұрдым да дүкеннің, яғни наубайхананың артына қойдым. Расул жалғыз автомашина ішінен шығып, наубайхананың бас есігіне кетті. Осы кезде мен Серикпен бірге автомашина ішінде қалдым. Мен осы уақытта алдыңғы терезе арқылы наубайханаға қарай Центральная көшесі жағынан жүгіріп келе жатқан екі белгісіз жігітті көрдім. Сосын мен қорқып, осы автомашинамен наубайхананың, яғни дүкеннің бас есігіне жүріп кеттім. Осы уақытта алдынғы терезе арқылы бір топ белігсіз адамдарды көрдім. Оның біреуі тізерлеп тұрып, екі қолымен ішін ұстап тұрды. Мен дүкенді айналып шығып, артқы жақта қолында мылтығы бар Бозжигитов Кабдолланы көрдім. Ол мылтықты ұстап, Расулдың артынан жүгіріп келе жатты. Расул қашып бара жатты. Мен кенеттен автомашинамен Бозжигитов Кабдолланы жолын кестім. Сонымен оған кедергі жасадым. Кабдолла осы кезде мылтықты маған қарай оқтады. Мен шошып кетіп, үйіме кетіп қалдым. Расул осы кезде қайда қашып кеткенін білмеймін. Мен машинадан шыққан кезде «Клен» лақап атты Куленбаев Серикті қайда екенін байқамай қалдым. Абденбаев Ернарды кім атқанын білмеймін. Себебі көрген жоқпын.
Менің сөзімнен дұрыс жазылды, мен оқыдым. Қолы
Куә Д. Сыздыков
Жауап алған: А.Т. Ивашев
Жасалған қылмыстың орны мен уақытын нақтылау туралы
ҚАУЛЫ
2016 жылғы 16 шілде Аққу а.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Д.С. Халемов № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,
АНЫҚТАДЫ:
2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.30 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сі, 8 «ИП Султан» дүкені қасында Балагазин Расул Ерсалинович, 26.11.1985 ж.т. 12 калибрлі №А00343 ИЖ-58МА маркалы екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген.
Осы қылмыстық іс бойынша жауап алынған тұлғалардан А.А. Абденбаевты Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сі, 8 орналасқан Г. Балагазинаға тиесілі «ИП Султан» дүкені қасында 2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.30-да атқаны анықталды.
Осыған орай жасалған қылмыстық құқық бұзушылық уақыты 2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.30, қылмыс орны Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сі, 8 «ИП Султан» дүкені деп саналсын.
Баяндалғанның негізінде ҚР ҚПК-нің 198, 113 б. басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Жасалған қылмыстық құқық бұзушылық уақыты 2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.30,
қылмыс орны Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сі, 8 «ИП Султан» дүкені деп саналсын.
2. Осы қаулы көшірмесі Лебяжі ауданы прокурорына жіберілсін.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі
полиция капитаны Д.С. Халемов
Қылмыс қаруының сипаттамасы мен деректерін нақтылау туралы
ҚАУЛЫ
2016 жылғы 16 шілде Аққу а.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Д.С. Халемов № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,
АНЫҚТАДЫ:
2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.30 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сі, 8 «ИП Султан» дүкені қасында Балагазин Расул Ерсалинович, 26.11.1985 ж.т. 12 калибрлі №А00343 ИЖ-58МА маркалы екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген.
Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында К.К. Бозжигитовтен қылмыс қаруы алынды, атап айтқанда ИЖ маркалы мылтық. Осы мылтықпен Е.Е. Абденбаев атылған. Осы факті бойынша Павлодар облысы ІІД ЖКБ-де баллистикалық зерттеу тағайындалып, осы зерттеуге сәйкес 12 калибрлі №А00343 ИЖ-58МА маркалы аңшы мылтығы анықталды.
Осыған орай жасалған қылмыс қаруы 12 калибрлі №А00343 ИЖ-58МА маркалы аңшы мылтығы деп саналсын.
Баяндалғанның негізінде ҚР ҚПК-нің 198, 113 б. басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Қылмыс қаруы 12 калибрлі №А00343 ИЖ-58МА маркалы аңшы мылтығы деп саналсын.
2. Осы қаулы көшірмесі Лебяжі ауданы прокурорына жіберілсін.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі
полиция капитаны Д.С. Халемов
Жәбірленушінің сауалнама деректерін нақтылау туралы
ҚАУЛЫ
2016 жылғы 16 шілде Аққу а.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Д.С. Халемов № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,
АНЫҚТАДЫ:
2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.30 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сі, 8 «ИП Султан» дүкені қасында Балагазин Расул Ерсалинович, 26.11.1985 ж.т. 12 калибрлі №А00343 ИЖ-58МА маркалы екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген.
Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында жәбірленуші Абденбаев Ернар Ерсиновичтің, 07.09.1991 ж.т. деректері қате бұрмаланған, жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес Абденбаев Ернар Ерсинович, 07.09.1991 ж.т.
Осыған орай жәбірленушінің сауалнама деректері Абденбаев Ернар Ерсинович, 07.09.1991 ж.т.
Баяндалғанның негізінде ҚР ҚПК-нің 198, 113 б. басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Жәбірленушінің сауалнама деректері Абденбаев Ернар Ерсинович, 07.09.1991 ж.т.
2. Осы қаулы көшірмесі Лебяжі ауданы прокурорына жіберілсін.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі
полиция капитаны Д.С. Халемов
Күідктінің сауалнама деректерін нақтылау туралы
ҚАУЛЫ
2016 жылғы 16 шілде Аққу а.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Д.С. Халемов № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,
АНЫҚТАДЫ:
2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.30 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сі, 8 «ИП Султан» дүкені қасында Балагазин Расул Ерсалинович, 26.11.1985 ж.т. 12 калибрлі №А00343 ИЖ-58МА маркалы екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген.
Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында күдікті Балагазин Расул Ерсалиновичтің, 26.11.1985 ж.т. деректері қате бұрмаланған, жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес Абденбаев Ернар Ерсинович, 07.09.1991 ж.т.
Осыған орай күдіктінің сауалнама деректері Балагазин Расул Ерсалинович, 26.11.1985 ж.т.
Баяндалғанның негізінде ҚР ҚПК-нің 198, 113 б. басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
3. Күдіктінің сауалнама деректері Балагазин Расул Ерсалинович, 26.11.1985ж.т.
4. Осы қаулы көшірмесі Лебяжі ауданы прокурорына жіберілсін.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі
полиция капитаны Д.С. Халемов
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ІІД
ЛЕБЯЖІ АУДАНЫ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІНІҢ ТЕРГЕУ БӨЛІМЕШСІ
«Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар
облыстық ауруханасы» ШЖҚ-дағы КМК
бас дәрігері
С.В. Сыздыковқа
2016 жылғы 17 сәуірде ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. бойынша қозғалған № 165552031000064 қылмыстық істі тергеуге байланысты Сізден 2016 жылғы 17 сәуірде сеніп тапсырылған ұйымның жан сақтау бөлімшесіне түскен Абденбаев Ернар Ерсиновичті, 07.09.1991 ж.т. емдеуге жұмсалған шығын сомасын хабарлауыңызды сұраймын.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі
полиция капитаны Д.С. Халемов
Начальнику ОВД
Лебяжинского района
полковнику полиции
Тусупбекову К.Ж.
Прокурору Лебяжинского района
младшему советнику юстиции
Есенову Р.К.
Сообщаю об истечении срока ареста следственно-арестованного, числящегося за ТИЗО УВД г. Павлодара Балагазина Расула Ерсалиновича, 26.11.1985 г.р., который был 17.04.2016 г. задержан СО ОВД Лебяжинского района Павлодарской области подозреваемого по ст. 106 ч. 2 п. 7 УК РК, срок окончания ареста последнего 17.07.2016 г. 10 часов 00 минут.
Если в установленный законом срок не будет решен вопрос о продлении ареста либо изменении меры пресечения, подозреваемый будет освобожден на основании ст. 152 ч. П. 4 УПК РК.
Поршу Вас принять соответствующие меры по продлению меры пресечения в виде ареста, а также предоставить сопроводительное письмо, удостоверенное печатью о направлении уголовного дела в прокуратуру.
И.о. начальника РГУ
«учреждение АП-162/1»
капитан юстиции Магзумов Д.К.
№ 165552031000064
қылмыстық іс бойынша
сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін 4 айға, яғни 2016 жылғы
17 тамызға дейін
«ҰЗАРТАМЫН»
Павлодар облысы
прокурорының орынбасары
аға әділет кеңесшісі
________ Б.К. Мырзакеров
2016 жылғы 14 шілде
Сотқа дейінгі тергеп тексеру мерзімін ұзарту өтінішін қозғау туралы
ӨТІНІШ
2016 жылғы 02 шілде Аққу а.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Д.С. Халемов № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,
АНЫҚТАДЫ:
2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.30 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сі, 8 «ИП Султан» дүкені қасында Балагазин Расул Ерсалинович, 26.11.1985 ж.т. бұзақылық ниетпен, сәл себепті пайдаланып, 12 калибрлі №А00343 ИЖ-58МА маркалы екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген.
Осы факті бойынша Лебяжі ауданы ІІБ ТБ ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. бойынша № 165552031000064 қылмыстық іс қозғады.
12.06.2016 ж. алдын ала тергеу мерзімі үш айға, яғни 17.07.2016 ж. дейін ұзартылды.
№ 165552031000064 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру мерзімі 17.07.2016 ж. аяқталады, ал іс бойынша келесі тергеу амалдарын өткізу қажет:
Қазіргі кезде жәбірленуші Е.Е. Абденбаев Павлодар облыстық ауруханада стационарлық емделуде, оны шығарған соң күдікті Р.Е. Балагазинмен беттестіру өткізу қажет;
Жәбірленуші Е.Е. Абденбаевтың келіп түскен өтінішіне сәйкес қылмыстық істі мемлекеттік тілге аудару қажет;
Жәбірленуші Е.Е. Абденбаев пен күдікті Р.Е. Балагазинды қылмыстық іс материалдарымен таныстыру қажет;
Айыптак актісін құрастырып, қылмыстық істі ҚР ҚПК-нің 300 б. тәртібінде прокурорға жіберу.
№ 165552031000064 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру мерзімі 17.07.2016 ж. аяқталатынын, бірақ іс бойынша тергеу амалдарын өткізу үшін бір айдан кем емес мерзім қажеттілігін ескеріп, 0
ҚР ҚПК-нің 192, 198 б. басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Павлодар облысы прокурорының орынбасары алдында № 165552031000064
қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру мерзімі төртайға, яғни 2016 жылғы 17 тамызғае дейін ұзарту туралы өтініш қозғалсын.
2. Осы қаулы көшірмесі қадағалаушы прокурорға жіберілсін.
3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі
полиция капитаны Д.С. Халемов
Лебяжі ауданы прокуроры
аға әділет кеңесшісі
__________ Р.К. Есенов
2016 жылғы 12 шілде
Лебяжі ауданы прокуроры
аға әділет кеңесшісі
__________ Р.К. Есенов
2016 жылғы 16 шілде
Бұлтартпау шарасын өзгерту туралы
ҚАУЛЫ
Аққу а. 2016 жылғы 15 шілде
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Д.С. Халемов ҚР ҚК-нің 114 б. 3 б. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша СТБТ № 165552031000064 енгізілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,
АНЫҚТАДЫ:
2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.30 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сі, 8 «ИП Султан» дүкені қасында Балагазин Расул Ерсалинович, 26.11.1985 ж.т. бұзақылық ниетпен, сәл себепті пайдаланып, 12 калибрлі №А00343 ИЖ-58МА маркалы екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген.
17.04.2016 ж. осы факті ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық, яғни бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру белгілері бойынша СТБТ № 165552031000064 енгізілді.
19.04.2016 ж. күдікті Р.Е. Балагазинге қатысты Лебяжі аудандық соты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасына санкция берді.
09.06.2016 ж. Лебяжі аудандық соты қамауда ұстау мерзімін 3 айға, яғни 2016 жылғы 17 шілдеге дейін ұзартты.
16.07.2016 ж. қылмыстық іс ҚР ҚКнің 114 б. 3 б.-ке қайта сараланды, яғни абайсыздықтан денсаулыққа ауыр зиян келтіру, бұл ауыр емес қылмыс санатына жатады.
Одан басқа, талай рет жауап алынған жәбірленуші Е.Е. Абденбаев қазіргі кезде Р.Е. Балагазинге талабы жоқ екенін көрсетті, себебі барлығы кездейсоқ болды.
Сонымен, қазіргі кезде Р.Е. Балагазинге қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын ұзартуға негіздер жоқ, сонымен қатар 2016 жылғы 15 маусымда адвокат Е.Б. Адамовтан күдікті Р.Е. Балагазинге қатысты кепіл түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініші келіп түсті. Өйткені, Р.Е. Балагазин Р.Е. Балагазинге қатысты Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шақа а. Лесная к-сі, 18 мекенжайда орналасқан тұрғын үйді кепілге салуға өз еркімен шықты.
Баяндалғанның негізінде ҚР ҚПК-нің 136-138, 145, 153, 198 б. басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Келесіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы «кепілге» өзгертілсін:
Т.А.Ә.: Балагазин Расул Ерсалинович
Туған күні: 26.11.1985 ж.
Туған жері: Лебяжі ауданы Шақа а.
Ұлты: қазақ
Азаматтылығы: Қазақстан Республикасы
Білімі: толық емес орта
Отбасылық жағдайы: үйленген
Жұмыс орны: жұмыс істемейді
Тұрғылықты жері: Лебяжі ауданы Шақа а. 40 лет Победы к-сі, 3
Құжат туралы мәлімет: ҚР ІІМ 30.11.2011 ж. берілген жеке куәлік №032535764
Соттылығы: күші бар сотталғы жоқ
2. Павлодар қ. АП-162/1 ММ ұсталынатын Р.Е. Балагазин қамаудан босатылсын.
3. 1 766 000 теңге көлемінде кепіл ретінде Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шақа а. Лесная к-сі, 18 мекенжайда орналасқан тұрғын үй белгіленсін.
4. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі
полиция капитаны Д.С. Халемов
Қылмысты қайта саралау туралы
ҚАУЛЫ
Аққу а. 2016 жылғы 15 шілде
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Д.С. Халемов № 165552031000064 қылмыстық іс материалдарын қарастырып,
АНЫҚТАДЫ:
2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.30 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сі, 8 «ИП Султан» дүкені қасында Балагазин Расул Ерсалинович, 26.11.1985 ж.т. бұзақылық ниетпен, сәл себепті пайдаланып, 12 калибрлі №А00343 ИЖ-58МА маркалы екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген.
Жәбірленуші ретінде жауап берген Е.Е. Абденбаев көрсетті, 2016 жылғы 16 сәурде Р.Е. Балагазинмен дауды шешу үшін Лебяжі ауданы Шақа а. келді. Сосын шамасы 23.30-да Центральная к-сі, 8 мекенжайында Балагазиндердің дүкені жақтан атыс естіді. Сосын К. Бозжигитовпен көрсетілген жаққа қарай жүгірді. Қолында мылтығы бар Р. Балагазинді көрді. Сосын алдап сулап Р. Балагазинмен сөйлесіп, Р. Балагазин әңгімелесу барысында оған атқысы келмейтінін айтты. Себебі бір бірін жақсы біледі деп. Әңгімелесу барысында ол соңғысынан мылтықты алып қоюды шешіп, мылтықты жұлқылайды, күресу барысында мылтықты ұңғысынан ұстап тұрғанда іш қуысының сол жағына атылып кетті. Алынған жарақаттан ол ауруханаға жатқызылды.
Осы факті бойынша жауап берген К. Бозжигитов Е.Е. Абденбаевқа ұқсас жауап берді, ол Р.Е. Балагазин бір бірімізді жақсы білеміз, Е.Е. Абденбаевқа оны атқысы келмейтінін айтқанын растады. Бірақ Е.Е. Абденбаев мылтықты алып қойғысы келгенде мылтық кездейсоқ атылып кетті.
201+6 жылғы 23 маусымдағы № 1710 сараптама қорытындысына сәйкес гемоперитонеуммен (іш қуысына қан жиналуы), ІІІ-ІҮ деңгейдегі геморрагиялық шок, бауыр, оң жақ бүйрек, без жолдарын зақымдаумен іш қуысының атыс бытыра жарақаты түрінде стационарлық науқастың медициналық картасында сипатталған дене жарақаты ауруханаға түсу алдында (17.04.2016 ж.) аз уақытта атыс-бытыра қарудан ату салдарынан пайда болып, өмірге қауіпті белгі бойынша денсаулыққа АУЫР ЗИЯН келтіруге сәйкес.
Осыған орай Р.Е. Балагазин абайсыздықтан қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп санау қажет, себебі Р.Е. Балагазин мен Е.Е. Абденбаев күресу барысында мылтық атылып кетті. Е.Е. Абденбаевты қасақана атуға ойы болған жоқ, өйткені Р.Е. Балагазин алдын ала оған атқысы келмейтінін айтқан болатын.
Р.Е. Балагазиннің әрекеттерінде ҚР ҚК-нің 114 б. 3 б. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық құрамы көзделеді, ал осы қылмыстық іс СТБТ-ге ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. бойынша енгізілген.
Баяндалғанның негізінде ҚР ҚПК-нің 198 б. басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. № 165552031000064 қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т.-нан ҚР ҚК-нің
114 б. 3 б.-на қайта саралансын.
2. Осы қаулы көшірмесі Лебяжі ауданы прокурорына жіберілсін.
3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі
полиция капитаны Д.С. Халемов
ЛЕБЯЖІ АУДАНЫ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІ
Павлодар ОПНД
КМҚК бас дәрігеріне
Павлодар қ. Усолка к-сі, 42
Тергеу қажеттілігіне байланысты Сізден Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шақа а. тұратын Балагазин Расул Ерсалиновичтің, 26.11.1985 ж.т. мекемеңіз есебінде тұратынын-тұрмайтынын хабаралуыңызды сұраймын.
Егер көрсетілген тұлға есепте тұрса, қай уақыттан және қандай диагнозбен?
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі
полиция лейтенанты А.Т. Ивашев
ЛЕБЯЖІ АУДАНЫ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІ
ПОНД ШЖҚ-дағы КМК
бас дәрігері
В.Н. Даневичке
Павлодар қ. Ростовская к-сі,50
Тергеу қажеттілігіне байланысты Сізден Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шақа а. тұратын Балагазин Расул Ерсалиновичтің, 26.11.1985 ж.т. мекемеңіз есебінде тұратынын-тұрмайтынын хабаралуыңызды сұраймын.
Егер көрсетілген тұлға есепте тұрса, қай уақыттан және қандай диагнозбен?
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі
полиция лейтенанты А.Т. Ивашев
Ақпараттық сервис
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті
Арнайы есептер
Тегі Балагазин
Аты Расул
Әкесінің аты Ерсалинович
Туған күні 26.11.1985 ж.
Тұрғылықты жері Павлодар обл., Лебяжі ауданы Шақа а.
Қамауға алынған/ұсталған/сотталған
Үкім шығарылған күн 14.08.2002
Тұлғаны соттаған орган Павлодар обл., Лебяжі аудандық соты
ҚР ҚК-нің 363 б.
1 жыл бас бостандығынан айыру
ҚР ҚК-нің 63 б. қолданумен 1 жылға сынау мерзімімен ҚР ҚК-нің 65 б. 1 т.
негізінде жазасын өтеуден босату
үкім заң күшіне 24.08.2002 ж. енді
Қамауға алынған/ұсталған/сотталған
Үкім шығарылған күн 12.08.2009
Тұлғаны соттаған орган Павлодар обл., Лебяжі аудандық соты
ҚР ҚК-нің 321б. 1 б.
3 жыл бас бостандығынан айыру
ҚР ҚК-нің 63 б. қолданумен 3 жылға сынау мерзімімен
үкім заң күшіне 28.08.2009 ж. енді
ТҰРМЫСТЫҚ МІНЕЗДЕМЕ
18.04.2016 ж.
Балагазин Расул Ерсалиновичке, 26.11.1985 ж.т.
Мекенжайы Павлодар обл. Лебяжі ауданы
Шақа а., білімі толық емес орта, қазақ,
ҚР азаматы
Жоғарыда көрсетілген мекенжайда аз. Р.Е. Балагазин отбасымен тұрады, жұмыс істемейді. Тұрып жатқан кезең бойы ауылдастардан арыз түскен жоқ. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған емес, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған, қолданыстағы соттылығы жоқ. Тұрғылықты жері бойынша жағымды жақтан мінезделеді. Есірткі заттар мен алкогольді пайдалануда байқалған жоқ. Атына дақ келтіретін басқа материалдар жоқ.
Лебяжі ауданы ІІБ ЖПҚ УПИ
полиция аға лейтенанты А. Турганбаев
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі
полиция капитаны Д.С. Халемовке
адвокат Е.Б. Адамовтан
күдікті Р.Е. Балагазинінң мүддесінде
ӨТІНІШ
Сізден күдікті Р.Е.Балагазиннің қамауда ұстау бұлтартпау шарасын кепілге өзгертуіңізді сұраймын. Себебі ҚР ҚК-нің 114 б. 3 б. үлкен емес ауыр санатына жатады, сондай-ақ кепілдік мүлкі бар.
15.07.16 ж.
Қолы
Қылмыстық істі өндірісіме алу туралы
ҚАУЛЫ
2016 жылғы « » шілде Аққу а.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.Т. Ивашев № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,
АНЫҚТАДЫ:
2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.30 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сі, 8 «ИП Султан» дүкені қасында Балагазин Расул Ерсалинович, 26.11.1985 ж.т. 12 калибрлі №А00343 ИЖ-58МА маркалы екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген.
Осы дейінгі тергеп тексеру қылмыстық ісін терегу маған тапсырылғанын ескеріп, ҚР ҚПК-нің 60, 198 б. басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Қылмыстық істі өндірісіме алып, тергеуге кірісу.
2. Осы қаулы көшірмесі Лебяжі ауданы прокурорына жіберілсін.
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі
полиция аға лейтенанты А.Т. Ивашев
Кепіл берушіге «Кепіл» бұлтартпау шарасын
қолданылу тәртібі мен шарттарын түсіндіру
ХАТТАМАСЫ
Аққу а. 2016 жылғы 15 шілде
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Д.С. Халемов күдікті Р.Е. Балагазинге қатысты кепіл қолданылу туралы адвокат А.С. Арынованың өтініші негізінде ҚР ҚПК-нің 99 б. басшылыққа ала отырып, ҚР ҚПК-нің 145 б. талаптарын сақтаумен, кепіл беруші Балагазин Руслан Ерсалиновичке Балагазин Расул Ерсалинович ҚР ҚК-нің 114 б. 3 б. тұлғаға қарсы қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдікті екенін түсіндірді, ол туралы ҚР ҚПК-нің 199 б. талаптарына сәйкес осы хаттаманы құрастырды.
Сонымен қатар, кепіл беруші Р.Е. Балагазинге ол 1 766 000 теңге көлемінде кепіл ретінде Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шақа а. Лесная к-сі, 18 мекенжайда орналасқан тұрғын үйді салатыны түсіндірілді.
Кеіл беруші Р.Е. Балагазинге күдікті Р.Е. Балагазин шақыру бойынша келуден жалтарған жағдайда кеіл мемлекет пайдасына айналып, күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қатаң түріне ауыстырылатыны түсіндірілді.
«Кепіл» бұлтартпау шарасының тәртібі мен шарттары маған түсіндірілді.
Кепіл беруші Р.Е. Балагазин
Хаттама дауыстап оқылды, ескертулер мен толықтырулар жоқ.
Кепіл беруші Р.Е. Балагазин
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі
полиция капитаны Д.С. Халемов
Кепілді қабылдау
ХАТТАМАСЫ
Аққу а. 2016 жылғы 15 шілде
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Д.С. Халемов Лебяжі ауданы ІІБ ТБ № 7 қызметтік кабинетінде ҚР ҚК-нің 114 б. 3 б. қарастырылған қылмыс жасауда күдікті Балагазин Расул Ерсалиновичтің, адвокат Е.Б. Адамовтың, кепіл беруші Балагазин Руслан Ерсалиновичтің қатысуымен, ҚР ҚПК-нің 199, 145 б. сәйкес осы хаттаманы құрастырды.
Кепіл беруші Балагазин Руслан Ерсалиновичтің мекенжайы Лебяжі ауданы Шақа а. Лесная к-сі, 18.
Кепіл беруші Балагазин Руслан Ерсалиновичке Балагазин Расул Ерсалиновичке қатысты осы бұльтартпау шарасы таңдалатынына байланысты күдік мәні, сондай-ақ осы бұлтартпау шарасынаың міндеттемелері мен оларды орындамауға немесе бұзуға байланысты салдары түсіндірілді.
Кепіл беруші Р.Е. Балагазин
Күдікті Р.Е. Балагазинге тергеушінің, прокурордың, соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерінен кетпеу, тағайындалған уақытта көрсетілген тұлғалардың шақырысы бойынша келу, немесе өзге жолмен қылмыстық іс бойынша өндіріске кедергі жасамау міндеттері түсіндірілді.
Күдікті Р.Е. Балагазин
Кепіл беруші Р.Е. Балагазин мен күдікті Р.Е. Балагазин көрсетілген міндеттемелер орындалмаған жағдайда ҚР ҚПК-нің 145 б. 11 б. белгіленген тәртіпте кепіл мемлекет пайдасына айналдырылатыны туралы ескертілді.
Кепіл беруші Р.Е. Балагазин
Күдікті Р.Е. Балагазин
Хаттама оқылды, дұрыс жазылды.
Кепіл беруші Р.Е. Балагазин
Күдікті Р.Е. Балагазин
Адвокат Е.Б. Адамов
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі
полиция капитаны Д.С. Халемов
осы қаулы көшірмесі 2016 жылғы 15 шілдеде алдым
Кепіл беруші қолы Р.Е. Балагазин
Куәдан жауап алу
ХАТТАМАСЫ
2016 жылғы 15 шілде Шақа а.
Жауап алуды бастау сағ.09.00, аяқтау сағ.09.15
Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Д.С. Халемов Лебяжі ауданы ІІБ ТБ №7 қызметтік кабинетінде ҚР ҚПК-нің 60, 78, 110, 115, 197, 199, 208, 209, 210,