Денсаулыққа келтірілген ауыр зиян

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Адам патологиясы кафедрасы

«БЕКІТЕМІН »

Кафедра меңгерушісі, доцент

Н.А.Жуманазаров

хаттама №_ ”__ ” _____2016 ж.

Сот медицинасы курсы

Дәріс: №6

Тақырып: Жәбірленушіні, айыпталушыны, сезіктіні және басқа да тірі

Адамдарды сот-медициналық сараптан өткізу.

Түркістан– 2016ж.

1.Дәріс тақырыбы: Жәбірленушіні, айыпталушыны, сезіктіні және басқа да тірі

адамдарды сот-медициналық сараптан өткізу.

2.Дәріс жоспары:1.Кіріспе.

2.Денсаулыққа келтірілген ауыр зиян .

3.Адам өміріне қауіпті денсаулыққа келтірілген зияндар.

4.Орта дәрежедегі денсаулыққа келтірілген зиян.

5.Қорытынды.

3.Дәрістің мақсаты: Студенттерге сот медициналық сараптамада қылмысқа тән кездесетін алуан түрлі өлім себептерін анықтау қажет. Сот-меднцина тәжірибесінде жиі кездесетін жарақаттар әсерінен алынған зақымданулар нәтижесінде өлім себептері туындалады .Мәйітке сараптама жүргізу танатология бөлімінде жүргізіледі.і

4.Дәрістің мазмұны:Сот медициналық тексеруге жіберілегін объектілерге тірі адамдар/ жәбірленуші, айыпталушы, сезікті ж.т.б./, зорлық өлімнің белгілері бар мәйіттер, қылмысты айғақтайтын заттар және қылмыстық іс-құжаттары жатады. Тірі адамдарды сот медициналық сараптан өткізу - мақызды әрі жиі жүргізілетін сарап түрі. Тергеу, сот органдары тірі адамдарды төмендегі сұрақтарды шешу үшін сот медициналық сараптауға бағыттайды: Денесіңде жарақат бар ма? Егер бар болса, ол жарақаттар қалай және қай кезде түсірілген, денсаулыққа қаншалықты зиянды? Сонымен қатар, тергеуші сот медициналық сарапқа бағытталған адамның жасын анықтауды қажет етуі мүмкін. Сот-медициналық сараптау міндетті түрде заң, сот, полиция орындарының қаулысы немесе жолдамасы негізінде жүргізіледі. Сот-медициналық сараптау тағайындауға арналған тергеуші қаулысында /жолдамасында/ қысқаша іс барысы баяндалады, сарап алдына қойылған сұрақтар көрсетіледі. Тірі адамдарды сот-медициналық сараптан өткізу көбінесе сот медицина мекемесінің амбулатория бөлімінде жүргізіледі. Сот медициналық сарап кезінде тергеуші немесе басқа тергеу орнының қызметкері қатыса алады (егер жәбірленуші басқа жыныстан болса, онда тергеуші қатыспайды). Көп жағдайларда жәбірленушілер сот медициналық сарап тағайыңдауға дейін медициналық мекемелерде болып, ем қабылдайды. Сондықтан сот медициналық сараптан өтуге келгенде жарақатының біраз бөлігі немесе түгел жазылып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда сот медициналық сараптамаға жәбірленушінің медициналық құжаттары қоса жіберілуі керек. Сарапшы сот медициналық сарап өткізгендігі туралы құжат толтырады: сот медицина сарапшысының қорытындысы. Сарапшы қорытындысы сарап өткізілгеннен кейінгі 3 күн ішінде толтырылып тергеушіге берілуі керек. Бұл мерзім қосымша тексерулер жүргізілгевде немесе дәрігер-мамандардың кеңесі қажет болған жағдайларда ғана ұзартылуы мүмкін. Сотмедицина сарапшысының қорытындысы 3 бөлімнен тұрады: 1. Кіріспе бөлімі; 2. Негізгі бөлім; 3. Қорытынды.

Кіріспе бөлімінде: сот медициналық сарапты тағайындаған тергеушінің аты-жөні, жұмыс орны, қаулының жазылған күні, мазмұны көрсетіледі және жәбірленуші туралы мәліметтер: аты-жөні, жасы, мекен-жайы, мамандығы ж.т.б. көрсетіледі.

Негізгі бөлімінде: сот медициналық сараптаудың мәліметтері: жәбірленушінің шағымдары, жалпы қарау нәтижесі көрсетіледі.

Қорытынды бөлімінде сот медицина сарашпысы алдына қойылған сұрақтарға ғылыми түрде негізделген жауаптар беруі керек. Сарапшы қорытындысының соңы сол жарақаттың денсаулыққа зияндылығын анықтаумен аяқтылады. Жарақаттың денсаулыққа тигізетін зиянының дәрежесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004жылғы 20желтоқсанда №875/1 бұйрығымен бекітілген «Сот медициналық сараптама жүргізу және ұйымдастыру ережесіне» сай анықталады. Осы ереженің 2-ші бөлімі «Денсаулыққа келтірілегін зиян ауырлығының сот медициналық сарап ережесі» деп аталады және оның 5-ші тарауында жалпы ережелер берілген:

«...31. Осы Ережелерде Қазақстан Республикасының қарастырылған заңымен көзделген денсаулыққа келтірілген әр-түрлі дәрежедегі зияннық медициналық (критерилері) белгілері келтірілген. Денсаулыққа келтірілген медициналық зиян белгілеріне сәйкес сот-медицина сарапшысы бұл зиянның ауырлығын белгілейді.

Денсаулыққа келтірілген зиян ауырлығын белгілеу үшін осы медициналық зиян белгілерінің біреуі де жеткілікті. Бірнеше квалификациялық белгілер бар болған жағдайда, денсаулыққа келтірілген зиян ауырлығын, денсаулыққа келтірілген аса ауыр зияндықты көрсететін белгі бойынша анықтайды.

Денсаулыққа келтірілген зиян мағынасында ағзалардың бүтіндігінің бұзылуы немесе олардың физиологиялық қызметтерінің бұзылуы (дененің зақымдануы) және де сыртқы ортаның әртүрлі: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психикалық факторлар әсерінің нәтижесінде пайда болған ауруларды немесе патологиялық жағдайларын түсіну керек.

Денсаулықтың бұзылуы деп ағзаның нақты жарақаты немесе жергілікті сипаттағы клиникалық айқын сырқаттар пайда болғанда, ағзаның анатомиялық бүтіндігінің немесе физиологиялық қызметінің бұзылу жағдайын түсіну керек.

Жалпы еңбек қабілеттілігі мағынасында адамның белгілі бір зат, бұйым немесе қызмет түрінде әлеуметтік маңызды нәтиже алуына бағытталған туа біткен және жүре пайда болған әрекетке деген қабілеттілікті түсіну керек.

Кәсіби еңбек қабілеттілік деп өз мамандығында немесе оған төлемі немесе біліктілігі бойынша тең дәрежедегі өзгеде еңбекке деген қабілеттілікті біліктілігін бойынша түсінген жөн.

Денсаулыққа келтірілген ауыр зиян

Денсаулыққа келтірілген ауыр зиянның квалификациялық белгілері ретінде:

1) денсаулыққа келтірілген зиянның адам өміріне қауіптілігі;

2) адам өміріне қауіпті емес, бірақ денсаулыққа келтірілген ауыр зиянның әсерінен:

· Көздің көрмей қалуы, есту, сөйлеу қабілеті немесе басқа мүшелердің қызметінің жоғалуы (бұзылуы);

· Бет пішіннің қалпына келмейтіндей зақымдануы;

· Еңбек қабілеттілігінің үштен бірінен айырылуы (33% және жоғары), денсаулықтың бұзылуы;

· Жүктіліктің үзілуі;

· Психиканың бұзылуы (психикалық сырқаттар);

· Наркомандық немесе токсикомандық сырқаттар болып табылады.

Денсаулыққа келтірілген зиянның адам өміріне қауіптісі деп, зақымдану кезінде зақымданушы тұлғаның өміріне қауіп туғызатын сыртқы факторлардың әсерінен пайда болған дене жарақаттарын және патологиялық жағдайларды, олардың қалыпты ағысы немесе заңды түрде асқынуы адам өміріне қауіп төндіруін санау керек.

Адам өміріне келтірілген қауіптілікті бағалауда, өлімнің алдын ала мақсатында медициналық жәрдем, өзіндік жәрдем немесе бір-біріне жердем беру, сондай-ақ кездейсоқ жағдайлармен кездесуі ескерілмеуі керек.

Адам өміріне қауіпті денсаулыққа келтірілген зияндарға:

1) бассүйекке кірген жарақат, сонымен қатар мидың зақымданбауы;

2) бассүйек күмбезінің ашық және жабық түрде сынуы және бассүйек негізінің сынуы, бассүйек күмбезінің сыртқы пластинкаларының бөлек шытынауын қоспағанда, ми бассүйегінің бөлігіне жатпайтын бет қаңқа сүйектерінің сынуы.

Ми бассүйегінің қалыптасуына қатысатын торлы сына тәрізді сүйектердің сынуы;

3) мидың ауыр дәрежедегі соғылуы, мидың орта дәрежедегі соғылуы, мидың күмбез бөлігінде зақым белгілерінің бар болуы;

4) қатты қабық асты, қатты қабық үсті, мидың ішкі қабы және қарыншаның ішкі жағынан қан кетуі адам өміріне қауіп төндіру жағдайы;

5) омыртқа өзегіне кірген жарақаттар, сонымен қатар жұлынға зақым келмеуі;

6) мойын омыртқаларының орнынан тайып-сынуы, мойын омыртқаларының доғасының екі жақты сынықтары, 1-ші және 2-ші мойын омыртқаларының доғасының бір жақты сынықтары, осы жарақаттар анықталып жұлын қызметі бұзылмаған болса да;

7) мойын омыртқасының шығуы, мойын омыртқасының шығуының салдарынан адам өміріне қауіп тудыратын жағдайлар мен бірге жүйке қызметінің бұзылуы;

8) мойын бөліміндегі жұлын жабық түрде зақымдануы, адам өміріне қауіп төндіру жағдайларымен қоса жұлынның қызметінің бұзылуы;

9) бір әлде бірнеше кеуде немесе бел омыртұалаларының сынуы немесе сынып-шығуы мен бірге жұлынның қызметінің бұзылуы немесе клиникалық белгіленген ауыр дәрежедегі шок және адам өміріне қауіп тудыратын жағдайлар;

10) кеуденің, белдің және жұлынның сегізкөз сегменттерінің жабық жарақаттануы, ауыр шоктарын келтірумен қоса жамбас мүшелерінің қызметінің бұзылуы;

11) жұтқыншақтың, өңешті, көмей және кеңірдекті тесіп өту жарақаты сондай-ақ қалқанша безі және айырма безінің ашық түрде жарақаттануы;

12) ашық және жабық түрдегі көмей шеміршегінің және кеңірдектің сынуына қоса адам өміріне қауіп тудыру жағдайы;

13) өкпенің ішкі бетін қаптап жататын шандыр қабық қуысына, жүрекқап қуысына немесе көкірек қуысының клетчаткасына кірген кеуденің жарақаттары (кеуде қуысыела ауа мен қанның болмауынан, тері асты ауа жиынтығы кірген жарақат ретінде қаралмайды) сонымен қатар ішкі мүшелерінің зақымданбауы;

14) қарынның ішкі астар қуысына кірген жарақаты (ішкі қуысы) сонымен қатар ішкі ағзалардың зақымданбауы;

15) қуық қуысының кірілген жарақаты, тік ішектің жоғарғы және ортаңғы бөлімдерінің жарақаты, сондай-ақ тік ішектің астыңғы қабат бөлімдерінің кең көлемде ашық зақымдануы;

16) кеуде ішкі астар қуысының ішкі мүшелерінің ашық және жабық жаралануы (ажырауы) немесе ішкі астар артындағы кеңістіктер (бүйрек, бүйрек үсті, ұйқы безі) немесе диафрагмалар қуық асты безі, зәрағар немесе несеп шығаратын өзектің жарғақты бөліктерінің жаралануы;

17) жамбас сүйегінің артқы жартылай сақинасының екі жақты сынуы, сегізкөз мықынының бөлшектеніп ажырауы және жамбас сақинасы жалғасуының бұзылуы немесе жамбас сақинасының алдыңғы немесе артқы бөлігінің бұзылуы;

18) түтікті ұзын сүйектердің диафизарлы бөліктерінің (тоқпан жілік, ортан жілік, асықты үлкен жіліншек, біліктің екі сүйегі) ашық түрдегі сынықтары;

19) кәрі жілік, шынтақ жілік, асықты кіші жіліншек сүйектерінің ашық түрде сынуы, тоқпан жілік, ортан жілік және асықты үлкен жілікшек жабық сынуы, сонымен қатар ірі буындардың жабық жарақаттарын (иық буыны, шынтақ, кәрі жілік, білезік буыны, жамбас, ортан жілік буыны, тізе, сирақ-аяқ ұшы буыны) денсаулықтың бұзылуының ұзақтылығына немесе еңбек қабілеттілігінің тұрақтылығын жоғалту белгілеріне байланысты адам өміріне қауіп төнуінен анықтауға болады:

20) ірі қан тамырларының: қолқа, ұйқы, (жалпы, ішкі, сыртқы) бұғана асты, иық, сан, тізе асты артериялары немесе олардың қосымша тамырларының жарақаттануы;

21) периферия тамырларының зақымдануы (беттің, мойын, білезік, қол ұшы, аяқ басы) адам өміріне нақты қауіп төнуіне байланысты, әр жағдай сайые анықталады (мысалға көп мөлшерде қан жоғалтуы, ауыр дәрежедегі шок және басқалар);

22) нәтижесінде адамның өмір жағдайына қауіп келтіретін зақымдар: ауыр дәрежедегі шок (3-4 дәрежедегі) аурудың әртүрлі себептеріне байланысты ессіз күйге түсу, көп мөлшерде қан жоғалту, жіті тамыр әлсіздігін келтіру, жүректің қауырт әлсіздігі немесе тамырларының әлсіздігі, жіті тамыр әлсіздігі, мидың қан айналымының ауыр дәрежеде бұзылуы, бүйрек немесе бауырдың өте қатты әлсіздігі, тыныс алудың ауыр дәрежедегі әлсіздігі, іріңді септикалық күйі, аймақтық немесе ағзалық қан айналымының бұзылуынп, ішкі ағзалардың инфаркт алуы, өлі еттен аймақтары, ми тамырларының тығындалуы (газ немесе майдың) қан ұйғының тығындалуына байланысты адам өмір жағдайына қауіп төндіру;

23) дененің 15%астамы үстіңгі бетінің ыстыққа күюі, 3-ші, 4-ші дәрежедегі аймақтық зақымдануы, 3-ші дәрежедегі күю 20% жоғары,2-ші дәрежедегі күю 30% жоғары, тәннің үстіңгі бетінің азғантай жерінің күюйі, күйіктің әсерін бетке жасаған пластикалық және қалпына келтіру операциясын ескерусіз бағалу керек;

24) жергіліктіден абсқа өмірге қауіпті жалпы уытты әсер беретін химиялық күйіктер (қышқылдар қоспалары, улы сілті басқада уландыратын заттар);

25) химиялық заттармен (улар) улану немесе өмірге қауіп төндіретін жағдай туындатқан биологиялық агенттер әсерінен пайда болған патологиялық жағдайлар;

26) мойын мүшелерінің тапталуы және басқа механикалық асфиксия, егер ол объективті мәліметтермен (ми қан айналымының бұзылуы, есінен айрылу, амнезия және т.б.) айқындалған болса өмірге қауіп төндіретін жағдайлардың айқын белгілерімен қоса өзге де түрлері.

35. Салдары мен шығуы бойынша денсаулыққа келтірілген ауыр зиянға жататын, адам өміріне қауіпсіз емес жарақаттар: көру, сөйлеу, есту қабілеттерін жоғалту, немесе қандай да бір мүшенің немесе мүшенің өз қызметінің жоғалтуы жатады:

1) көру қабілетінен айырылу дегеніміз – екі көзге деген толық тұрақты соқырлық немесе көру өткірлігінің жарық сезуге деген қабілетінің төмендеуі, бір көздің көру қабілетін жоғалтуы;

2) бір көздің көрмей қалуы, мүшелердің өз қызметін жоғалтуына әкеледі, сол себептенде денсаулыққа келтірілген зиян ауырлығына жатады; бір сау көздің көз ұяшығының жоғалуы мүшеден айрылу болып табылады және денсулыққа келтірілген зиян ауырлығы болып табылады;

3) соқыр көздің зақымдануы, оның алынып тасталу қажеттілігі жағдайда, денсаулықтың бұзылу ұзақтығына байланысты бағаланады, жарақаттың қалпына келмейтіндігі жөнінде міндетті түрде көрсетілуі тиіс;

4) сөйлеу қабілетін жоғалту деп - өз ойын бөлшекті дыбысты түрде, айналасындағыларға түсінікті түрде жеткізу қабілетінен айырылуды айтады немесе дауыс жоғалту салдарынан болады;

5) есту қабілетін жоғалту дегеніміз – толық кереңдікті немесе зақымданушының құлақ қалқанынан 3-4 сантиметр қашықтықтағы дыбысты, сөйлеген сөзді естімейтін, қалыпқа келмес жағдайы. Құлақтың біреуінің есту қабілетінің жоғалуы мүшенің өз қызметін жо,алтуы болып табылып, денсаулыққа келтірілген зиян ауырлығына жатқызылады;

6) қандай да бір мүшенің жоғалуы немесе мүшенің өз қызметін жоғалтуы деп: қол, аяқтан айырылуы яғни олардың денеден бөлінуі немесе өз қызметтерінің қабілеттілігінен айырылу (мүшенің салдануы немесе оларды жұмыстан айыратын өзгеде жағдайлар) болып табылады.

Аяқ немесе қолдан анатомиялық айырылу дегеніміз денеден бүкіл қолдың, аяқтың, қол ұшы мен аяқ басының толық бөлінуі;

өндіру қабілеттілігін жоғалту қорытындысында: ұрақтандыру, жүкті ету қабілеті, бала көтеру, бала туу және емізу қабілетінен айыру;

жұмыртқаның біреуін жоғалту, мүшені жоғалту болып табылады;

7) бет жарақаты барысында сарапшы олардың ауырлық дәрежесін осы Ережедегі белгілерге сәйкес анықтайды.

Сонымен қатар ол жарақаттың қалпына келтірілетіндігін немесе қалпына келтірілмейтіндігін анықтайды.

Қалпына келтірілетін жарақат дегеніміз зақым салдарынан пайда болған (көрнекті тыртықты, өзгерістерге ұшырауды, мимиканың бұзылуы және басқа) іздердің уақыт өте немесе консервативті емдеу (хирургиялық емес) кезінде жазылуын немесе едәуір кішірейуін айтамыз. Ал егерде оларды жою үшін операциялық араласушылық (косметикалық немесе пластикалық операция) керек болса, оңда беттегі жарақаттар қалпына келтірілмешін жарақат болып сараланады. Қалпына келмейтіндігін анықтау барысында сарапшы өз қорытындысында мұндай салдар сотпен немесе тергеушімен бет-әлпеттің қалпына келмейтіндей бұзу деп таныса, жарақаттарды осы Ереженің 28 бөлімінің 2 пунктінде тиісті белгілері бойынша денсаулыққа келтірілген ауыр зиян ретінде бағалауы керек.

8) жалпы еңбек қабілеттілігініқ нағыз тұрақтылығының үштен бірін (33% жоғары) жоғалтуы:

зақым алған кездегі жалпы еңбек қабілеттіліктің тұрақтылығын жоғалту мөлшері жарақаттың пайда болуы анықталғаннан кейін (әртүрлі жарақаттың әсерінен еңбек қабілеттілігін жоғалтуының пайыз кестесі бойынша 1-қосымшаға сәйкес) анықталады;

9) балаларда осы Ережеде белгіленген жалпы ереженің шығуынан балалардың еңбек қабілеттілігін жоғалтуы анықталады;

мүгедектердің нағыз тұрақты еңбек қабілеттілігі, алған жарақаттарына байланысты мүгедектік группаларына қарамай, сау адамдардікіндей анықталады;

10) кәсіби еңбек қабілеттіліктің толық жоғалуын анықтау, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің орынбасарының бекітуімен 15 наурыздан 1995 жылдың 2-3747 Медицина-әлеуметтік жағдай мәселесінің сарапшылар комиссиясы белгілеген жұмысшылардың кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалту дәрежесі мертігуі немесе олардың еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулықкы басқа да зиян келуі туралы талаптарына сәйкес жүргізіледі;

11) жүктілік мерзіміне қарамай (тоқталуы) үзілуі, ағзаның жекелік ерекшелектеріне байланысты болмаса жарақатпен тікелей себептеріне байланысты болса денсаулыққа келтірілген ауыр зиян болып табылады;

12) наркомандар, токсикомандар (психикалық аурулар) психиканың бұзылуының (диагностикасы) анықтамасы психиатриялық, наркологиялық және токсикологиялық сараптамалармен жүзеге асырылады, бірақ олардың алған зақымдары мен сондай-ақ салдарынан ішкі жан дүниенің бұзылуы наркомандық және токсикомандық аурулардың денсаулыққа келтірілген зиян ауырлығының бағалануы сот-медициналық сарапшылар комиссиясымен психиатрдың, наркологтың, токсикологтың қатысуымен жүргізіледі.

Психиканың бұзылуынан (психикалық сырқат) психикалық ауруларды түсіну керек.

Психикалық аурулар қатарына реактивтік зақымданған (психоздар, невроздар) жағдайлармен зақымдар кірмеуі керек.

Денсаулыққа келтірілген ауыр зиян ретінде бағаланады, егерде зиян ағымының ұзақтығы және жазылу дәрежесіне қарамай ақ өзімен бірге психикалық аурудың дамуына әкелсе.

Наши рекомендации