Босанудан кейінгі кезеңдегі қан кету
824. Босанғаннан кейінгі ерте кезеңдегі қан кету келесі кезеңде дамиды (тәулікпен):
*+1
* 7
* 30
* 42
* 48
825. Босанудың 3-кезеңін белсенді жүргізу босанудан кейінгі қан кету мүмкіншілігін төмендетеді (есе):
* 1,5 -1,9
* +2,0-2,5
*3,0-3,5
*4,0-4,5
*5,0-5,5
826. Босанудан кейінгі қан кету мүмкіншілігін төмендету мақсатында босанудың 3-кезеңін белсенді жүргізуде келесі дәрілік зат қолданылады:
* энзапрост
*+ окситоцин
* мизопростол
* антигестагендер
* метилэргометрин
827. Босанудан кейінгі қан кету мүмкіншілігін төмендету мақсатында босанудың 3-кезеңін белсенді жүргізуде окситоцин келесі мөлшерде енгізіледі (бірлік):
* 5
* +10
* 15
* 20
* 25
828. Босанудан кейінгі қан кету мүмкіншілігін төмендету мақсатында, босанудың 3-кезеңін белсенді жүргізуде, босанудан кейінгі алғашқы минутта қолданылатын окситоцин 10 бірлік мөлшерінде дененің келесі бөлігіне енгізіледі:
* иыққа
* + санға
* бөксеге
* білекке
* жатыр мойнына
829. Босануды белсенді жүргізу босанудың келесі кезеңінде босанудан кейінгі қан кету қаупін 2,0-2,5 есеге төмендетеді:
* 1-ші
* 2-ші
*+ 3-ші
* жалған толғақта
* босанудан кейінгі ерте кезеңде
830. Босанудың 3-кезеңін белсенді жүргізу келесі кезеңдегі қан кету қаупін төмендетеді:
* босану
* бала жолдасы
*+ босанудан кейінгіерте кезеңде
* жүктілік
* босанудан кейінгі кеш кезеңде
831. Босанғаннан кейінгі акушерлік қан кетудің этиотропты емі үшін қанның ұю факторлары (жаңа мұздатылған плазма, тромбоцитарлы массаның криопреципитаты), антифибринолитиктер, қанның рекомбинантты VII факторын қолдануға келесі төрт себептерінің бірі алып келеді:
* тін (жатыр қуысында тіннің қалуы)
* тонус (жатырдың жиырылу қызметінің бұзылыстары)
* травма (босану жолдарының жарақаты)
*+ тромбин (коагуляцияның бұзылысы)
* аномальды жатырдан қан кету
832. Босанғаннан кейінгі акушерлік қан кетудің этиотропты емінде жатыр массажы, утеротониктер, бимануальды жатыр компрессиясын қолдануға келесі төрт себептердің бірі алып келеді:
* тін (жатыр қуысында тіннің қалуы)
* + тонус (жатырдың жиырылу қызметінің бұзылыстары)
* травма (босану жолдарының жарақаты)
* тромбин (коагуляцияның бұзылысы)
* аномальды жатырдан қан кету
833. Босанғаннан кейінгі акушерлік қан кетудің этиотропты емінде жатыр қуысын тексеруге келесі төрт себептердің бірі алып келеді:
* + тін (жатыр қуысында тіннің қалуы)
* тонус (жатырдың жиырылу қызметінің бұзылыстары)
* травма (босану жолдарының жарақаты)
* тромбин (коагуляцияның бұзылысы)
* аномальды жатырдан қан кету
834. Босанғаннан кейінгі акушерлік қан кетудің этиотропты емінде босану жолдарының жұмсақ тіндерінің жыртылуын тігу, жатырдың айналып шығуын дұрыстау, жатыр жыртылуында лапаратомияға алуға келесі төрт себептердің бірі алып келеді
* тін (жатыр қуысында тіннің қалуы)
* тонус (жатырдың жиырылу қызметінің бұзылыстары)
* + травма (босану жолдарының жарақаты)
* тромбин (коагуляцияның бұзылысы)
* аномальды жатырдан қан кету
835. Көпсулық, көпнәрестелі жүктілік, ірі нәресте жатырдың шамадан тыс созылуына алып келеді және босанғаннан кейінгі кезеңдегі келесі қан кетудің клиникалық қауіп факторлары болып табылады:
*+ жатырдың жиырылу қызметінің бұзылуы («Т»-тонус)
* жатыр қуысында тіндердің қалып қоюы («Т»-тін)
* коагуляцияның бұзылыстары («Т»-тромбин)
* босану жолдарының жарақаты («Т»-жарақат)
* аномальді жатырдан қан кету
836. Тез және ұзаққа созылған босану, жоғары паритет (≥ 5 босану) жатырдың жұқаруына алып келеді және босанғаннан кейінгі кезеңдегі келесі қан кетудің клиникалық қауіп факторлары болып табылады:
*+ жатырдың жиырылу қызметінің бұзылуы («Т»-тонус)
* жатыр қуысында тіндердің қалып қоюы («Т»-тін)
* коагуляцияның бұзылыстары («Т»-тромбин)
* босану жолдарының жарақаты («Т»-жарақат)
* аномальді жатырдан қан кету
837. Хориоамнионит, босанудағы қалтырау - босанғаннан кейінгі кезеңдегі келесі қан кетудің клиникалық қауіп факторлары болып табылады:
*+ жатырдың жиырылу қызметінің бұзылуы («Т»-тонус)
* жатыр қуысында тіндердің қалып қоюы («Т»-тін)
* коагуляцияның бұзылыстары («Т»-тромбин)
* босану жолдарының жарақаты («Т»-жарақат)
* аномальді жатырдан қан кету
838. Жатыр миомасы, бала жолдасының жатуы - босанғаннан кейінгі кезеңдегі келесі қан кетудің клиникалық қауіп факторлары болып табылады:
*+ жатырдың жиырылу қызметінің бұзылуы («Т»-тонус)
* жатыр қуысында тіндердің қалып қоюы («Т»-тін)
* коагуляцияның бұзылыстары («Т»-тромбин)
* босану жолдарының жарақаты («Т»-жарақат)
* аномальді жатырдан қан кету
839. Бала жолдасы тіндерінің жетіспеушілігі, жатыр тыртығы, жоғары паритет, бала жолдасының тығыз жабысуы мен бітісіп өсуі - босанғаннан кейінгі кезеңдегі келесі қан кетудің клиникалық қауіп факторлары болып табылады:
* жатырдың жиырылу қызметінің бұзылуы («Т»-тонус)
*+ жатыр қуысында тіндердің қалып қоюы («Т»-тін)
* коагуляцияның бұзылыстары («Т»-тромбин)
* босану жолдарының жарақаты («Т»-жарақат)
* аномальді жатырдан қан кету
840. Жатыр гипотониясы жатырдың қуысында ұйыған қанның қалып қоюына әкеледі және босанғаннан кейінгі кезеңдегі келесі қан кетудің клиникалық қауіп факторлары болып табылады:
* жатырдың жиырылу қызметінің бұзылуы («Т»-тонус)
*+ жатыр қуысында тіндердің қалып қоюы («Т»-тін)
* коагуляцияның бұзылыстары («Т»-тромбин)
* босану жолдарының жарақаты («Т»-жарақат)
* аномальді жатырдан қан кету
841. Тез және оперативті қынаптық босану - босанғаннан кейінгі кезеңдегі келесі қан кетудің клиникалық қауіп факторлары болып табылады:
* жатырдың жиырылу қызметінің бұзылуы («Т»-тонус)
* жатыр қуысында тіндердің қалып қоюы («Т»-тін)
* коагуляцияның бұзылыстары («Т»-тромбин)
* + босану жолдарының жарақаты («Т»-жарақат)
* аномальді жатырдан қан кету
842. Кесар тілігінде нәрестенің алда жатқан бөлігінің төмен орналасуы немесе нәрестенің дұрыс орналаспауы - босанғаннан кейінгі кезеңдегі келесі қан кетудің клиникалық қауіп факторлары болып табылады:
* жатырдың жиырылу қызметінің бұзылуы («Т»-тонус)
* жатыр қуысында тіндердің қалып қоюы («Т»-тін)
* коагуляцияның бұзылыстары («Т»-тромбин)
* + босану жолдарының жарақаты («Т»-жарақат)
* аномальді жатырдан қан кету
843. Қынап арқылы босануда жатыр тыртығы - босанғаннан кейінгі кезеңдегі келесі қан кетудің клиникалық қауіп факторлары болып табылады:
* жатырдың жиырылу қызметінің бұзылуы («Т»-тонус)
* жатыр қуысында тіндердің қалып қоюы («Т»-тін)
* коагуляцияның бұзылыстары («Т»-тромбин)
* + босану жолдарының жарақаты («Т»-жарақат)
* аномальді жатырдан қан кету
844. Босанудың 3-кезеңін белсенді жүргізу шарттарын бұзу, бала жолдасының жатыр түбіне орналасуы, жоғары паритет - босанғаннан кейінгі кезеңдегі келесі қан кетудің клиникалық қауіп факторлары болып табылады:
* жатырдың жиырылу қызметінің бұзылуы («Т»-тонус)
* жатыр қуысында тіндердің қалып қоюы («Т»-тін)
* коагуляцияның бұзылыстары («Т»-тромбин)
* + босану жолдарының жарақаты («Т»-жарақат)
* аномальді жатырдан қан кету
845. Тұқым қуалайтын коагулопатиялар, бауыр аурулары, гематомалар, преэклампсия, эклампсия, HELLP-синдромы, нәрестенің антенатальды өлімі, хориоамнионит - босанғаннан кейінгі кезеңдегі келесі қан кетудің клиникалық қауіп факторлары болып табылады:
*+ коагуляцияның бұзылуы - тромбофилия, ҚІШҚҰ-синдромы («Т»-тромбин)
* жатырдың жиырылу қызметінің бұзылуы («Т»-тонус)
* жатыр қуысында тіндердің қалып қоюы («Т»-тін)
* босану жолдарының жарақаты («Т»-жарақат)
* аномальді жатырдан қан кету
846. Босанғаннан кейінгі кеш кезеңдегі қан кету себептерінің бірі:
* жатыр атониясы
* тамырішілік шашыранды қан ұю синдромы
* қынаптың жыртылуы
* жатыр мойнының жыртылуы
* + бала жолдасы тінінің қалдықтары
847. Босанғаннан кейінгі қан кетудің ең жиі кездесетін себебі:
* тамырішілік шашыранды қан ұю синдромы
*+ жатыр атониясы
* ірі нәресте
* плацентарлық тін қалдықтары
* босану жолдарының жұмсақ тіндерінің жарақаты
848. Ірі нәрестемен босанған әйелде босанғаннан кейінгі ерте кезеңде жыныс жолдарынан ұйыған қанды бөлшектермен қан кету басталды, жатыры оқтын-оқтын босаңсиды. Қан шығыны 600,0 мл құрады және одан ары жалғасуда Қан кетудің мүмкін болатын себептері:
* тамырішілік шашыранды қан ұю синдромы
* жатырдың жыртылуы
*+ жатыр атониясы
* қынаптың жыртылуы
* аралықтың жыртылуы
849. Босанған әйелде босанғаннан кейінгі ерте кезеңде жатыры босаңсыған, жиырылмайды. Утеротониктерді енгізуге қарамастан, жатыры оқтын-оқтын босаңсиды, қан шығыны 700,0 мл құрады және одан ары жалғасуда Қан кетудің мүмкін болатын себептері:
*+ жатыр атониясы
* тамырішілік шашыранды қан ұю синдромы
* қынаптың жыртылуы
* жатыр мойнының жыртылуы
* аралықтың жыртылуы
850. Босанушыда бала жолдасы кезеңді күту тактикасымен жүргізгенде, қан шығыны 250,0 мл және жалғасуда, бала жолдасының бөліну белгілері бар. Жүргізілетін іс-әрекет:
* +Бала жолдасын қолмен шығару
* Күту тактикасын жалғастыру
* Лапаротомия, жатырдың экстирпациясы
* Көктамырға окситоцинді енгізу
* Бала жолдасын қолмен бөлу және шығару
851. Бала жолдасының кемшілігі анықталғанда қажетті жүргізетін шара:
* Жатыр мойнын айнамен қарау
* 30 минут күту тактикасы
* Ұзақ уақыт көктамырға утеротониктерді енгізу
* Бала жолдасы қалдықтарын аспаппен шығару
* +Бала жолдасының қалдықтарын қолмен бөлу және шығару
852. Босанушыда бала жолдасы кезеңін белсенді жүргізуде, 30 минут аралығында бала жолдасының бөліну белгілері жоқ және қан кету жоқ. Бұл клиникалық көрініс келесі жағдайға сәйкес:
* Босанудың үшінші кезеңі. Жатырдың айналып шығуы.
* Физиологиялық босанудан кейінгі кезең.
* Босанудың үшінші кезеңі. Бала жолдасы бөлігінің кідіруі
* Босанудың үшінші кезеңі. Бала жолдасы шығуының ауытқуы
*+Босанудың үшінші кезеңі. Бала жолдасы бөлінуінің ауытқуы
853. Босанушыда бала жолдасы кезеңін белсенді жүргізуде, 30 минут аралығында бала жолдасының бөліну белгілері жоқ. Жүргізілетін іс-әрекет:
* Жатыр мойнын айнамен қарау, 30 минут күту тактикасы
* Бала жолдасын шығару мақсатында көктамырға утеротониктерді енгізу
* Бала жолдасы қалдықтарын қолмен бөлу және шығару
* +Бала жолдасын қолмен бөлу және шығару
* Бала жолдасын аспаптармен шығару
854. Босанған әйелде бала жолдасы бөлінгеннен соң бірден жыныс жолдарынан алқызыл қанды бөлінділер бөліне бастады. Жатыр түбі кіндік деңгейінде орналасқан, тығыз. Бала жолдасын қарап тексергенде оның бүтін екендігі анықталды. Қан кетудің мүмкін болатын себептері:
*+ босану жолдары жұмсақ тіндерінің жыртылуы
* тамырішілік шашыранды қан ұю синдромы
* жатыр атониясы
* тромбофилия
* жатырдың жыртылуы
855. Гемотрансфузияға көрсеткіш болатын ең төменгі гемоглобин деңгейі (г/л):
* + 70
* 80
* 90
* 100
* 110
856. 28 жастағы босанған әйелде босанғаннан кейінгі ерте кезеңде жатыры босаңсыған, оқтын-оқтын босаңсиды, жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінділер бөлінуде. Утеротониктерді енгізуге және бимануалды компрессияға қарамастан, қан шығыны 800,0 мл құрады және одан ары жалғасуда. Қойылған диагноз – жатыр атониясы, қан кету. Жүргізілетін іс-әрекет:
*+ лапаротомия, хирургиялық гемостаз
* жатыр қуысының қабырғаларын қыру
* жатыр қуысын қолмен тексеру
* лапаротомия, аднексэктомия
* лапаротомия, гистерэктомия
857. Ірі нәресте босанған әйелде босанғаннан кейінгі ерте кезеңде қан кету басталып, қан шығыны 500,0 мл құрады және одан ары жалғасуда. Бала жолдасын тексергенде, оның бүтіндігі анықталды. Жүргізілетін іс-әрекет:
* + утеротониктерді енгізу
* лапаротомия, жатыр ампутациясы
* жатырдың бимануальды компрессиясы
* жатыр қуысын қолмен тексеру
* лапаротомия, хирургиялық гемостаз
858. Бала жолдасының шынайы бітісіп өсуінде хорион бүрлері келесі шекарада орналасады:
* эндометрийдің функциональді қабатында
* эндометрийдің базальды қабатында
*+ миометрийде
* параметрийде
* периметрийде
859. Бала жолдасының шынайы толық бітісіп өсуінде дәрігердің іс-әрекеті:
* метилэргометринді көктамырға енгізу
* бала жолдасын қолмен бөлу және шығару
* окситоцинді көктамырға енгізу
* жатыр қуысын қыру
*+ лапаротомия, гистерэктомия
860. Нәресте туылғаннан 30 минуттан соң, босанушы әйелде бала жолдасының бөлінуі мен сыртқа қан кету белгілері жоқ. Бала жолдасын қолмен бөліп алу әрекеті кезінде бала жолдасының шынайы бітісіп өсуі анықталды. Дәрігердің жасайтын іс-әрекеті:
*+ гистерэктомия
* тік ішекке мизопростол
* күту тактикасы
* окситоцин көктамырға
* метилэргометрин көктамырға
861. ҚР денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық хаттамасына сәйкес (2010), табиғи босану жолдарымен босанған әйелде, босанғаннан кейінгі ерте кезеңде, утеротониктерді енгізу фонында 600,0 мл және одан да көп қан шығыны кезінде жасау қажет:
* бала жолдасын қолмен бөлу және шығару
* лапаротомия, хирургиялық гемостаз
* жатыр қуысын қыру
* + бимануальды жатыр компрессиясы
* лапаротомия, гистерэктомия
Акушерлік жарақаттар
862. Аралық жыртылуының келесі түрлерін ажыратады:
* жедел, жеделдеу
* біріншілік, екіншілік
* беткей, терең
* асқынған, асқынбаған
* + өзіндік, жасанды
863. Аралықтың артқы жабыспақтың және терісінің бүтіндігінің бұзылыстары сәйкес келеді:
* + аралық жыртылуының 1-дәрежесі
* аралық жыртылуының 2- дәрежесі
* аралық жыртылуының 3- дәрежесі
* жатыр мойны жыртылуының 1- дәрежесі
* жатыр мойны жыртылуының 2- дәрежесі
864. Аралықтың терісі мен бұлшықеттерінің бүтіндігінің бұзылыстары сәйкес келеді:
* аралық жыртылуының 1-дәрежесі
* + аралық жыртылуының 2- дәрежесі
* аралық жыртылуының 3- дәрежесі
* жатыр мойны жыртылуының 1- дәрежесі
* жатыр мойны жыртылуының 2- дәрежесі
865. Аралық жыртылуының II дәрежесін қалпына келтірмегенде кездесетін асқынулар:
* диспареуния.
* зәр-жыныс жыланкөзі
* ректовагинальды жыланкөз
* + қынап қабырғаларының түсуі
* қынап көктамырларының варикозды кеңеюі
866. Аралықтың терісі мен бұлшықеттерінің, қынап қабырғасының, тік ішектің сыртқы сфинктері мен қабырғаларының бүтіндігінің бұзылыстары сәйкес келеді:
* аралық жыртылуының 1-дәрежесі
* аралық жыртылуының 2- дәрежесі
* + аралық жыртылуының 3- дәрежесі
* жатыр мойны жыртылуының 1- дәрежесі
* жатыр мойны жыртылуының 2- дәрежесі
867. Босану кезінде қынап жыртылуының жиі кездесетін себептері:
* преэклампсия
* босанудың ұзаққа созылуы
* + қарқынды босану
* мерзімінен бұрын босану
* қағанақ суының мерзімінен бұрын кетуі
868. Жатыр мойнының жыртылуы әдетте кездеседі:
* артынан
* + бүйірінен
* алдынан
* бүйірінен және артынан
* бүйірінен және алдынан
869. Жатыр мойны жыртылуының келесі түрлерін ажыратады:
* жедел, жеделдеу
* біріншілік, екіншілік
* беткей, терең
* асқынған, асқынбаған
* + өздігінен, күштеп
870. Жатыр мойны жыртылуының I дәрежесі болып табылады:
* + 2 см-ге дейін
* жатыр түбіне дейін
* жатыр түтіктеріне дейін
* 2 см-ден көп, бірақ күмбезге жетпейді
* күмбезге жетеді немесе өтеді
871. Жатыр мойны жыртылуының II дәрежесі болып табылады:
* 2 см-ге дейін
* жатыр түбіне дейін
* жатыр түтіктеріне дейін
* + 2 см-ден көп, бірақ күмбезге жетпейді
* күмбезге жетеді немесе өтеді
872. Жатыр мойны жыртылуының III дәрежесі болып табылады:
* 2 см-ге дейін
* жатыр түбіне дейін
* жатыр түтіктеріне дейін
* 2 см-ден көп, бірақ күмбезге жетпейді
* + күмбезге жетеді немесе өтеді
873. Босанған әйелде босанғаннан кейін жыныс жолдарынан алқызыл түсті қанды бөлінділер пайда болды. Жатыр мойнын айнамен қарағанда қынаптың күмбезіне өтетін жатыр мойнының жыртылуы анықталды. Клиникалық көрініс келесі диагнозға сәйкес келеді:
* жатырдың жыртылуы
* қынаптың жыртылуы
* жатыр мойнының I дәрежелі жыртылуы
* жатыр мойнының II дәрежелі жыртылуы
* + жатыр мойнының III дәрежелі жыртылуы
874. Уақытына байланысты жатыр жыртылуының жіктелуі:
* толық, толық емес, сызаттар
* + жүктілік және босану кезінде
* қауіпті, басталған, жыртылған
* өзіндік, күштеп, аралас
* түбінде, төменгі сегменті мен денесінде, жатырдың қынап күмбезінен үзілуі
875. Этиологиясы мен патогенезіне байланысты жатыр жыртылуының жіктелуі:
* толық, толық емес, сызаттар
* жүктілік және босану кезінде
* қауіпті, басталған, жыртылған
* + өзіндік, күштеп, аралас
* түбінде, төменгі сенгменті мен денесінде, жатырдың қынап күмбезінен үзілуі
876. Орналасуына байланысты жатыр жыртылуының жіктелуі:
* толық, толық емес, сызаттар
* жүктілік және босану кезінде
* қауіпті, басталған, жыртылған
* өзіндік, күштеп, аралас
* + түбінде, төменгі сенгменті мен денесінде, жатырдың қынап күмбезінен үзілуі
877. Клиникалық ағымына байланысты жатыр жыртылуының жіктелуі:
* толық, толық емес, сызаттар
* жүктілік және босану кезінде
* + қауіпті, басталған, жыртылған
* өзіндік, күштеп, аралас
* түбінде, төменгі сенгменті мен денесінде, жатырдың қынап күмбезінен үзілуі
878. Зақымдалу сипатына байланысты жатыр жыртылуының жіктелуі:
* + толық, толық емес, сызаттар
* жүктілік және босану кезінде
* қауіпті, басталған, жыртылған
* өзіндік, күштеп, аралас
* түбінде, төменгі сенгменті мен денесінде, жатырдың қынап күмбезінен үзілуі
879. Жатырдың толық емес жыртылуы деп келесі қабаттардың зақымдалуы аталады:
* барлық
* серозды
* шырышты
* серозды және бұлшықетті қабаты
* + шырышты және бұлшықетті қабаты
880. Шырышты қабат пен бұлшықет қабатының бүтіндігінің бұзылысы босану жолдары жарақаттарының келесі түріне сәйкес келеді:
* жатырдың айналып шығуы
* жатырдың толық жыртылуы
* + жатырдың толық емес жыртылуы
* жатырдың басталған жыртылуы
* жатырдың жыртылу қаупі
881. Жатырдың барлық қабаттарының бүтіндігінің бұзылуы (шырышты қабаты, бұлшықет қабаты, ішперде) босану жолдары жарақаттарының келесі түріне сәйкес келеді:
* жатырдың айналып шығуы
* + жатырдың толық жыртылуы
* жатырдың толық емес жыртылуы
* жатырдың басталған жыртылуы
* жатырдың жыртылу қаупі
882. Жатырдың толық жыртылуы, жатырдың келесі қабаттары бүтіндігінің бұзылуын айтамыз:
*+ барлық
* серозды
* шырышты
* серозды және бұлшықетті
* шырышты және бұлшықетті
883. Жатырдың жыртылуы жиі кездеседі:
* босанудың I кезеңінде
* босанудың III кезеңінде
* + күшену кезеңінде
* жүктілік кезінде
* босанғаннан кейінгі ерте кезеңде
884. Тыртық бойынша жатырдың жыртылу қаупінде дәрігердің тактикасы:
* перидуральды анестезия
* нәрестені бөлшектеп шығару операциясы
* окситоцинмен босануды ынталандыру
* жоспарлы түрде кесар тілігі
* + жедел лапаротомия, кесар тілігі
885. Жүктіліктің қалыпты ағымында қасаға байламының жігінің арасы келесі өлшемнен көп емес (см):
* + 0,4 - 0,5
* 0,6 – 0,7
*0,8 – 0,9
* 1,0 – 1,1
* 1,2 – 1,3
886. Қасаға буынының ажырауы келесі бұзылыстары бар босанушы әйелдердерде неғұрлым мүмкін:
* гормондық
* май алмасу
* белок алмасу
* көмірсу алмасу
* + минералды алмасу
887. Қасаға буынының ажырауы босанудың келесі кезеңінде байқалады:
* I
* II
* III
* + босанғаннан кейінгі ерте кезеңде
* босанғаннан кейінгі кеш кезеңде
888. Босанушы әйелде 4200,0 салмақпен нәресте босанғаннан кейін симфиз аймағында жүргеннен және аяқтарын ашқаннан кейін күшейетін ауру сезімі, «үйрек жүрісі» пайда болды. Клиникалық көрініс келесі патологияға сәйкес:
* жатырдың жыртылуы
* құйымшақтың сынуы
* жатыр мойнының жыртылуы
*+ қасаға сүйектерінің ажырауы
* сегізкөз-құйымшақ буынының ажырауы
889. Қасаға буынының ажырауын анықтау үшін жүктілік кезінде қолданылатын зерттеу әдістері:
* + ультрадыбыстық зерттеу
* перкуссия
* пальпация
* допплерометрия
* рентгенография
890. Қасаға сүйегінің ажырауы диагнозын анықтау үшін босанғаннан кейін жасау қажет:
* кульдоскопия
* қынаптық зерттеу
* + жамбас сүйегінің рентгенографиясы
* қасаға сүйегіне пальпация жасау
* қасаға сүйегіне перкуссия жасау
891. Қасаға сүйегінің ажырауы кезінде босанғаннан кейін жүргізілетін ем:
* оперативті
* физиоем
* медикаментозды
* санаторлы-курорттық
* + төсектік тәртіп, ортопедиялық гамак
892. Бастың ұзақ уақыт бір жазықтықта тұруы әкелуі мүмкін:
* Нәресте қолының қайырылып қалуына
* Кіндік бауының түсуіне
* Тым күшті босану әрекетіне
* +Зәр- жыныс жыланкөздерінің пайда болуына
* Нәрестенің көлденең жатуының асқынуына
893. Босанғаннан кейінгі жыланкөздің жіктелуі:
* типті, атипті
* біріншілік, екіншілік
* жанасусыз, індеттелген
* асқынған, асқынбаған
* + өзіндік, күшпен
894. Босанудан кейінгі жиі кездесетін жыланкөздер:
* үрпілік-қынаптық
* мойындық-қынаптық
* + қуықтық-қынаптық
* ішектік-қынаптық
* несепағарлық-қынаптық
895. Ірі нәресте босанған әйелде, босанғаннан кейін бір аптадан соң қынаптан өздігінен зәрдің ағуы анықталды. Клиникалық көрінісі келесі диагнозға сәйкес келеді:
* мойын-қынаптық жыланкөз
* ішек-қынаптық жыланкөз
* + қуық-қынаптық жыланкөз
* несепағар-қынаптық жыланкөз
* қынап- бұтаралық жыланкөз
896. Босану кезінде акушерлік қысқыш салынған босанған әйелде бір аптадан соң қынаптан өздігінен нәжістің бөлінуі анықталды. Клиникалық көрінісі келесі диагнозға сәйкес келеді:
* мойындық-қынаптық жыланкөз
* + ішектік-қынаптық жыланкөз
* қуықтық-қынаптық жыланкөз
* несепағарлық-қынаптық жыланкөз
* қынаптық-бұтаралық жыланкөз
897. Босанғаннан кейінгі жыланкөзді емдеу тактикасы:
* қынапты дәрі-дәрмекпен шаю
* физиоем
* мазды тампон
* + хирургиялық ем
* антибактериалды терапия
898. Босанған әйелде босанғаннан кейін бір аптадан соң қуықтық-қынаптық жыланкөз анықталып, хирургиялық ем тағайындалды. Босанғаннан кейін реконструктивті–пластикалық ота жасауға ең ыңғайлы уақыт:
* 6-12 жыл
* 6-12 күн
* 6-12 сағат
* 6 -12 апта
* + 6-12 ай
899. Босанға әйелде босанғаннан кейін бір аптадан соң тік ішектік-қынаптық жыланкөз анықталып, хирургиялық ем тағайындалды. Босанғаннан кейін реконструктивті–пластикалық ота жасауға ең ыңғайлы уақыт:
* 6-12 жыл
* 6-12 күн
* 6-12 сағат
* 6 -12 апта
* + 6-12 ай