Бактериологиялық зерттеу.

Зерттеу үшін жіберілетін материалдар – ми, паренхиматозды органдар.

1. Микроскопиялық зерттеулер – тек қана шамаланған, жуықталған мәліметтер береді. Жағындыны Грам бойынша бояйды. Люминесцентік әдісті қолдануға болады.

Бактериологиялық зерттеу.

- кәдімгі қоректік орталарға егу (микроорганизмдер көп себілген кезде қоректік ортаның бетін тұтастай алып, ал аз себілген кезде 2 – 3 күн аралығында жекелеген шоғырлар түрінде байқалады);

- зақымдалған материалдан бөлінген өсінділерге бөтен микрофлораның өсуін тежейтін 0,05% теллурит калий немесе полимиксин қосылған орталарды қолданады. Сонымен қатар 1:10000 қатынасындай мөлшерде нитрофурозан қосылған триптозды – фосфат сорпасын (байыту ортасы) қолдануға болады, содан кейін оны 7% жылқы сарысуының фенилэтанолды агарына егуге болады. Петри аяқшасынан листерия тізбектерін табу үшін жасыл көк түсті тәуліктік листерия өсінділерін микроскоппен қарап табады.

Дифференциалды-диагностикалық орталар ретінде 1% глюкоза мен 2% глицерин қосылған ет-пептонды картоп агарын немесе 1% глюкоза и 3% глицерин қосылған картопты-пептонды агарын қолдануға болады.

Листерияның өсімін жоғарылату үшін Грей әдісін қолданады, мұнда листериялардың ұзақ уақыт бойы өлі торшаларда жақсы



өсетіндігін ескере отырып, полимиксин қосылған мүше бөлікшелерін тоңазытқышқа (4-60С) 5-10 күн сақтайды. Содан кейін қоректік орталарға себінді жасайды.

Серологиялық зерттеулер.

- Агглютинация реакциясы. Реакцияны қою үшін О-антигенін

қолданады, оны листерияның тәуліктік өсіндісін 1 – 2 сағат аралығында 100 0С-та қыздыру жолымен алады. Содан кейін антигенді 0,5 % фенол еріндісінде консервілейді. Нәтижені бағалау қиын, өйткені жоғарғы титрде антиденені сау жануарлардан да табуға болады. Диагностикалық титрі - 1:200 (мүйізді ұсақ мал және шошқалар үшін), 1:400 (жылқылар және мүйізді ірі қара мал), 1:50 (қояндар).

- Комплемент байланыстыру реакциясы.

- Аллергиялық сынама. Аллергенді тері ішіне 0,2 мл. мөлшерінде енгізеді. Ауру жануарлар мен листерия тасымалдаушыларда 72 сағаттан кейін 2х3 см мөлшерінде домбығу пайда болады.

Биологиялық сынама ақ тышқандарға жүргізіледі.

Listeria monocytogenes – листериоз қоздырушысын ажырату белгілері

Морфология   Қысқа таяқшалар      
Тинкториалды қасиеттер Грам оң        
Қозғалғыштығы Қозғалғыштығы –0,3% уколмен
    егу кезінде және   бөлме
    температурасында өсірген кезде
Ферменттеуі   Газсыз, қышқыл түзе отырып
    глюкоза, мальтоза, салицинді
    ыдыратады        
Ферменттемейді Маннитті        
Каталазаға сынама Оң          
Теңіз шошқасына Оң (тәуліктік өсіндісін теңіз
конъюнктивитті сынама шошқасының     қабағына
    енгізгеннен кейін 2-3 күн
    аралығында іріңді конъюнктивит
    дамиды          
АР   Листериозды     сарысуда
    агглютинация өзгешелігі  
  Бақылау сұрақтары:      
1. Листериоз ауруына сипаттама беріңіздер.      


2. Жануарлар лестериоздың негізгі қоздырғышын айтыңыз.

3. Листерияның морфологиялық белгілерін сипаттаныз.

4. Листерияны өсіру үшін қандай қоректік орталар қолданылады?

5. Листериялар қандай ферментативтік қасиеттерге ие?

6. Листерияның патогенезі қандай?

7. Листериоз қандай формада өтеді?

8. Листериоздың негізгі клиникалық белгілерін атаңыз?

9. Ірі қара малда, шошқада және қойда листериоз кезінде қандай патологанатомиялық көріністер байқалады?

10. Ірі қара мал, шошқа және қой листериозын қандай аурулардан ажырату қажет?

Тест сұрақтары

1. Листериоз қоздырушысы?

А) Brucella ovis

B) Listeria monocytogenes

C) Pasteurella multocida

D) Mycobacterium murium

E) Escherichia coli

2. Листериоз қоздырушысының пішіні қандай? А) таяқша В) иректелген

С) шар тәрізді Д) элипс тәрізді Е) ромб

3. Тыныс алу типі? А) анаэроб В) қатаң анаэроб С) аэроб

Д) факультативті анаэроб Е) факультативті аэроб

4. Қоздырушының культурасын өсіруге арналған орталар? А) Эндо ортасы В) ЕПА, ЕПС С) Сабуро ортасы

Д) Терских, Уленгут ортасы Е) Китт-Тароции ортасы



5. Ауруға тән белгілер:

А) іш өту, қан аралас зәр бөлу В) сепсис, іш тастау, нерв жүйесінің зақымдалуы С) эндометрит, артрит

Д) тері, клегейлі қабықтардың некрозға ұшырауы Е) ларингит, артрит

6. Листерияларда қандай антигендері бар? А) протективті В) соматикалық, жіпшелі, капсулдық

С) соматикалық, жіпшелі Д) соматикалық, капсулдық Е) соматикалық

7. Листериялардың таза өсіндісін қандай әдіспен бөліп алады? А) Аликаева әдісі В) Грей әдісі

С) бөгде микробтардың өсуін тежейтін 0,05% теллурит калий немесе полимиксин қосылған орталарды қолданып Д) зерханалық жануарларға егу арқылы Е) АР қою арқылы

8. Қай белгілеріне байланысты ценурозды листериоздан ажыратады?

А) іш тастау, артрит В) эндометрит, агрессивтік

С) мида көпіршіктің болуы Д) мастит, гасторэнтерит Е) шу түспеу

9. Қандай бактериядан листерияларды ажырату керек?

А) шошқа тілмесінің қоздырушысы В) бруцелла С) сальмонелла

Д) микобактерия Е) пастерелла

10. Листериоздың негізгі балау әдісі? А) клиникалық В) микроскопиялық С) аллергиялық

Д) бактериологиялық Е) серологиялық

11. Листериозға қарсы вакциналар



А) 19 шамнан жасалған вакцина В) ВР-2 штамнан жасалған вакцина С) поливалиентті вакцина Д) А штамынан жасалған вакцина

Е) 82 штамынан жасалған вакцина

Бактериологиялық зерттеу. - student2.ru

38 сурет. Листерийлердің Рим V цифрасына ұқсас, бір-біріне паралельді орналасуы

Бактериологиялық зерттеу. - student2.ru

S   R
     

39 сурет. Листерийлердің S—формалы шоғырлары. Микрофото Листерийлердің R-формалы шоғырлары.



Бактериологиялық зерттеу. - student2.ru

Наши рекомендации