Аймақтық дәрігер қандай ем тағайындайды?
А) Витамин D3
В)Витамин Е
С)Витамин B5
D) Витамин РР
Е)Витамин А
Алалық перзентханада жүктіліктің 36 аптасында ұл бала дүниеге келді. Салмағы 2500 г, бойы 45см. Неонотолог тексеріп қарағанда: баланың терісі қоңыр қызыл,шел май қабаты мардымсыз,денесінде үлпілдек жүндері бар, жұмыртқасы дорбасына түспеген,рефлекстері төмен.
Неонотолог қандай болжам диагноз қойды?
А) Крипторхизммен туылған нәресте
В) Жетіліп туылған нәресте
С) Шала туылған нәресте
D) Тым жетілген нәресте
Е) Жетілген аз салмақты нәресте
Аурухананың қабылдау бөліміне 3 жасар ұл баланы анасы алып келді.Шағымдары:дене қызуы көтерілген,басы аурып мазасызданған,тәбеті төмендеген,әлсіз болған, құрғақ жөтел мазалаған .Дәрігер қарағанда:өкпесінде қатаң тыныс,үлкен және орташа калибрлі ылғалды сырылдар естілді. Рентген нәтижесінде симметриялы түрде өкпе суретінің күшейгенін көруге болады.
Дәрігер балаға қандай диагноз қойды?
А)Бронхтық астма
В)Жедел бронхит
С)Созылмалы бронхит
D)Жедел пневмония
Е)Созылмалы пневмония.
Аймақтық дәрігер үйге шақыртумен 1 жасар ұл баланы көруге келді. Бала кенеттен ауырып қалған. Дене қызуы 38,50С, ринит белгілері және жөтел байқалады. Анасының айтуынша бала кешке қарай мазасызданған. Тыңдағанда: шулы тыныс, дөрекі «үрген тәрізді» жөтел, инспираторлық ентігу, бұғана үсті ойығының ішке кіруі, ауыз төңірегінің біршама цианозы байқалды.
Осы пайда болған симптомды қалай бағалайсыз?
А)Көмейдің компенсацияланған стенозы
В)Көмейдің субкомпенсацияланған стенозы
С)Көмейдің декомпенсациялық стенозы
D)Стеноздың терминалды фазасы
Е)Ларингит
Абылдау бөліміне 8 айлық қыз бала түсті. Ауруы жедел басталған.Үлкен дәреті жиі және сұйық, құсу байқалады. Ішек инфекциясы диагнозы қойылды.
Балада сусызданудың пайда болуына қандай көрсеткіштер тән?
А)Шөлдеу, шырышты қабаттың құрғауы
В)Үлкен еңбектің ісінуі
С)Тері жамылғысының ылғалдануы
D)Дене қызуының көтерілуі
Е)Әлсіз,мазасыздану
Айлық бала стационарға сусызданудың 3- дәрежесімен жеткізілді.
Ауыр дегидратация диагнозын қоюға тән көрсеткіштер?
А) тін тургорының қатты төмендеуі
В)Диурезі сағатына 10 мл-ден төмен
С)Акроцианоз
D)Қайталамалы құсу
Е)Дене қызуының көтерілуі
Аймақтық дәрігер үйге шақыртумен 10 айлық баланы қарады. Дәрігер ішек инфекциясы, сусызданудың 2- дәрежесі диагнозын қойды. Дене салмағы 7% -ға дейін төмендеген.
Андай емдеу тактикасын қолданған дұрыс?
А)Көктамырішілік гемодезді енгізу
В)Көктамырішілік реополиглюкин енгізу
С)Көктамырішілік тұзды глюкоза ерітінді енгізу
D)Энтералды тұзды-глюкоза ерітінді енгізу
Е)Көктамыр ішілік физиологиялық ерітінді енгізу
Жарым жасар ұл бала жиі ЖРВИ-мен ауырады. Лимфатико-гипопластикалық анамолиясы бар. Анасы соңғы тәулікте баласының тәбетінің төмендеуін, мұрынмен дем алуы қиындығын, әлсіздігін байқады. Дене температурасы 37,00С. Түнде кенеттен мазасыз ұстамалы жөтел, ысқырықты, алыстан естілетін шулы тыныс пайда болды. Бала мазасызданды. Жедел жәрдем дәрігері қарау барысында анықтады: бетінің ісіңкі болуы, ауыз төңірегінің цианозы, тыныс алу жиілігі минутына 52-60 рет, аускультацияда өкпеде құрғақ ысқырықты және әртүрлі калибрлі ылғалды екі жақты сырылдар естіледі.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
А) Обструктивті синдромы бар ЖРВИ
В)Бронхтарға бөгде зат түсу
С) Бронх демікпесінің ұстамасы
D)Жедел пневмония
Е)Көкжөтел
Абылдау бөліміне 5 жасар ұл бала анасымен келіп түсті. Бала басының ауыруына, әлсіздікке, зәрінің түсі «ет жуындысы тәрізді» екеніне шағымданады. Стационарда жедел гломерулонефрит диагнозы қойылды.
Емді қажет ететін жедел гломерулонефриттің асқынуын атаңыз?
А) Эклампсия
В)Жедел қанайналым жетіспеушілігі
С)Жедел бүйрек жетіспеушілігі
D) Емізікшелік бүйрек некрозы
Е)Жүрек жетіспеушілігі
Жасар ұл бала стационарда жедел гломерулонефрит диагнозымен ем қабылдауда. Ауру нефритикалық синдроммен өтуде: макрогематурия, артериалды гипертензия. Аурудың 4-ші күні жедел бүйрек жетіспеушілігімен асқыну пайда болған.