СтуденттердіҢ Өзіндік жҰмысын Ұйымдастыру жоспары
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
АНАТОМИЯ ЖӘНЕ ГИСТОЛОГИЯ КафедраСЫ
Силлабус
(Syllabus)
Пән:Anat 1-(2) 203
Пәннің коды: 5В130100
Мамандығы: Жалпы медицина
Оқу сағаттың көлемі: 108
Курс және оқу семестрі: 1 курс, 2 семестр
Семей – 2016ж.
Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) анатомия бойынша Типті оқу бағдарламаның негізінде анатомия кафедрасымен құрастырылған
Авторлары: доцент И.Н. Милюшина, доцент С.К. Кожанова
(аударған оқытушы Есболатова Г.М.)
талқыланды
№ 1 Хаттама 1.09.2016ж.
Каф.меңгерушісі___________ С.К. Қожанова
КАФЕДРА ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
№ | ФИО | Қызыметі, лауазымы, ғылыми дәрежесі, | Ғылыми қызығушылығы және жетістіктері/санаты |
Кожанова С.К. | Каф.меңгерушісі, м.ғ.к, доцент | Ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен перинаталды кезеңдегі иммунды жүйенің морфофункционалды жағдайы. | |
Милюшина И.Н. | Аға ,м.ғ.к. | Патология және қалыпты жағдай кезіндегі регенерация мен морфогенез мәселелері. | |
Щетинина Н.В. | Аға оқытушы | Патология және қалыпты жағдай кезіндегі регенерация мен морфогенез мәселелері. | |
Милюшина Я.А. | Аға оқытушы, м.ғ.к | Айырша бездің патоморфологиясы | |
Жандаулетова М.Б. | Оқу-ісінің меңгерушісі, оқытушы | Тісжақ аномалияларының анатомиялық алғышарттары | |
Мекебаева А.Н. | Оқытушы | Патология және қалыпты жағдай кезіндегі регенерация мен морфогенез мәселелері. | |
Мукашева М.М | Оқытушы | Гипофизарлы-хиазмалық аймақтың хирургиялық анатомиясы. | |
Токанова Д.М. | Оқытушы | Патология және қалыпты жағдай кезіндегі регенерация мен морфогенез мәселелері | |
Мамырбаева А.К. | Оқытушы | Патология және қалыпты жағдай кезіндегі регенерация мен морфогенез мәселелері | |
Садыкова Д.О. | Оқытушы | Өсіп келе жатқан ағзаның физиологиялық өзгерістері. | |
Букатов А.К. | Оқытушы | Патология және қалыпты жағдай кезіндегі регенерация мен морфогенез мәселелері |
БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ
Семей қ-сы, Абай Кунанбаев көшесі №103, морфологиялық корпус, тел.8-(722)- 252-19-05
Пән саясаты
•
Сіздерге, жоғары медициналық оқу орнын студенттері болғандықтан, мәйіт арқылы анатомия бойынша білімді игеруге мүмкіншілік беріледі. Сіздер анатомия кафедрасында келесі ережелердіПән саясаты – бұл білімалушының (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) оқу материалын анағұрлым толық меңгеруіне және оқытушылар мен білімалушылардың нәтижелі әріптестігіне бағытталған осы пәнді меңгеру үрдісінде білімалушыға кафедраның қоятын жалпы талаптары.
Білімалушы міндетті:
Білімді, шеберлікті, практикалық дағдыларды - біліктіліктерді толық көлемде меңгеру.
Таңдалған білім траекториясы бойынша біліктіліктерге жету үшін бірінші курстан бастап электронды нұсқада «Портфолио» жинау.
Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен қарау.
Семей қ. ММУ Ұжымдық этика Кодексін, соның ішінде «Сыртқы түріне талаптар» тарауын білу және қатаң сақтау.
Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтау.
Өрткеқарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Мұнтаздай таза және тәртіпті болу, Университетте, емханаларда өзін лайықты ұстау, сабақтарда, холлдарда, дәліздерде тыныштықты және тазалықты сақтау.
Білімалушы сабақ басталғаннан соң (оқытушы сабақты нақты бастағаннан соң) аудиторияға тек оқытушының рұқсатымен кіріп шыға алады.
Пән бойынша оқу бағдарламасын толық меңгеру үшін дәрістерге, практикалық (зертханалық, семинарлық) сабақтарға қатысу міндетті болып табылады. Клиникалық кафедраларда профессордың немесе доценттің қарауына, дәрігерлер консилиумдарына міндетті түрде қатысу.
БОӨЖ (білімалушылардың оқытушы жетекшілігімен өздік жұмысына) қатысуда кафедраның талаптарын орындау.
Дәрістерге, практикалық, зертханалық және семинар сабақтарға, емтихандарға медициналық форма киіп қатысу.
Клиникалық кафедраларға СЭС рұқсаты бар санитарлық кітапшаның болуы.
Кафедра мүлкіне ұқыптылықпен қарау, үстелдер үстін ластамау, жазу жазбау, мүлікті сындырған жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру.
Үшкір өкшесі бар аяқ киімді киюге тыйым салынады.
Кафедра өміріне белсене қатысу (СҒЖ үйірмесіне, кафедра іс-шараларына және т.б. қатысу).
Мамандық бойынша ғылыми-практикалық, патологоанатомиялық конференциялармен ассоциациялардың жұмысына қатысу.
Дәрістер, сабақтар кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою.
Емтихандарға ұялы телефондарды, i-Pad,басқа ақпараттық қызмет көрсету құралдарын алуға тыйым салынады. Білімалушы ұялы телефонды, i-Pad, шпаргалкалар және б. еске түсіру құралы ретінде пайдаланса:
емтиханның ауызша түрі немесе дифференциалды сынақ кезінде жауап жоққа шығарылады емтиханнан шығарылып соңынан акт жасалады; қайталап билет таңдау мүмкіндігінен айырылады, «0» баға қойылады.
емтиханның тестілік түрінде – емтиханнан шығару негізінде тестілеу аяқталады, жауап толық жоққа шығарылады, «0» баға қойылады.
пәндер бойынша тестілерді ықпалдаса тапсыру кезінде шпаргалка табылса, тест аяқталады, осы пән бойынша «0» баға қойылады, басқа пәндер бойыынша басталмаған тестілер жалғастырылады.
Шпаргалкалар және ұялы телефондар, i-Pad және басқа ақпараттық қызмет көрсету құралдарын пайдалану кезінде аппеляцияға беруге тиым салынады.
Себепсіз жағдайлар бойынша босатылған сабақтарды білімалушы 2 апта бойы қосымша оқыту түрі ретінде (ҚОТ) ақылы негізде өткізіледі, ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады.Егер білімалушының қосымша оқыту түріне және факультативті сабақтарға қажеттілігі болған жағдайда, онда да ҚОТ көрсетуге келісім шарт жасалады. ҚОТ барлық түрлері ақылы негізде өткізіледі. Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) басқадай себептермен сабақ босатқан жағдайда топ старостасы немесе куратор бір тәулік ішінде кафедраны және деканатты (телефонмен және басқадай жолмен) болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек. Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек), жақындарының қайтыс болуы туралы куәлік, донорлық анықтама, некелесу туралы куәлік, баланың туу туралы куәлігі. Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар жұмысқа жарамсыздығы парағын беруі керек. Ақтау құжаттары болмаған жағдайда себепсіз болып саналады. Жалған анықтамалар берген жағдайда рұқсатнама берілмейді және білімалушыға қатысты ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес әкімшілік шаралар қолданылады.
Білімалушының сабақтарды себепті және себепсіз босатқан жағдайда деканаттан рұқсатнаманы сабаққа шыққаннан кейін 7 күн ішінде алуы керек.
Деканаттан алынған рұқсатнамалар оқу топтарының журналдарында сақталады.
Кафедраларда өтелімдер сабақтан тыс уақытта өтелімдерді өткізу туралы Ережеге сәйкес өткізіледі, жай күндері де рұқсат етіледі (сол сияқты теориялық кафедраларда кезекші оқытушы 18.00 дейін болуы керек).
Білімалушы себепті жағдаймен босатылған сабақтарды сабаққа шыққан күннен бастап бір ай ішінде өтеуі керек.
Білімалушы сабақтарды себепсіз босатқан жағдайда сабаққа шыққан күннен бастап 2 апта ішінде қосымша оқыту түрі (ҚОТ) ретінде ақылы түрде ҚОТ көрсетуге келісім шартты құрумен жүргізіледі.
Дәрістерді босатқан жағдайда себептерге қарамай білімалушы дәріс материалдарының конспектісі болуы керек және оны дәріскерге көрсетуі керек, босатқан дәрістерді өтеуі керек. Дәрістер тегін өтеледі, өтеулер журналында міндетті түрде тіркеумен кафедра өтелімдері кестесіне сәйкес және деканатқа босатылған дәрістердің болуы мен өтелуі бойынша мәліметтер беріледі. Дәрісті өтеу үшін деканаттан рұқсатнама талап етілмейді.
Өтелмеген екі және одан да көп дәрістер болған жағдайда пән бойынша ЖРБ сынақ кітапшасына қойылмайды және білімалушы осы пән бойынша емтиханға жіберілмейді .
Әскери кафедрадан өтумен байланысты білімалушының дәрістерді босатуы жеке кесте бойынша өтеледі.
Кафедраға рұқсатнамамен бірге растайтын құжат көшірмесі беріледі. Білімалушы себепті жағдаймен босатылған 2 сабақты бір ретте өтеуіне болады.
Себепті жағдаймен босатылған сабақты өтеу кезінде қағаз журналда «бж» дөңгелектенеді және алынған баға қағаз және электронды журналға енгізіледі. Электронды журналға бағаларды қою өтеулерден кейінгі бір тәулік ішінде жүргізіледі. Босатылған сабақтар мен дәрістерді өтеуді қабылдау сессияға 3 күн қалғанда тоқтатылады.
Егер білімалушы себепті жағдайлармен қорытынды бақылауды босатқан жағдайда және бір ай ішінде өтемесе, журналда «бж» орнына «0» қойылады және оның рейтингі автоматты түрде төмендетіледі.
Бекітілген мерзімде білімалушы екі және одан да көп сабақтарды өтемеген жағдайда аттестатталмаған деп саналады.
Білімалушылардың аттестатталуы туралы мәліметтерді уақыттылы беруге кафедра меңг. арнайы жауапты.
Білімалушы ағымдағы үлгеріміне бақылау оқу пәнінің әрбір тақырыбы бойынша өткізіледі.
Оқытушы бағаларды күнделікті жариялауы керек және дубликат үшін топтар старосталарына оқу журналын беруіп отыруы керек.
Оқу пәнін бір оқытушы ғана жүргізуге болмайды. Оқу ісі меңгерушісі алынатын ставкаларды есепке алумен ПОҚ бөлуі керек.
Соңғы сабақта пән бойынша жіберу рейтингісінің бағасы (ЖРБ) есептеледі, жетекші оқытушымен сынақ кітапшасында ЖРБ қойылады.
Ағымдағы сабақтарда және қорытынды бақылауда алынған қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар болған кезде білімалушы төмен ЖРБ алады, ол өз ретінде емтихандарға жіберуге әсер етеді.
Білімалушы пәннің аудиторлық сабақтарының (дәрістер, практикалық) жалпы сағат көлемінен себепсіз 50% және одан да көп босатса, онда пән бойынша аралық аттестаттау (емтиханға/дифф.сынаққа) жіберілмейді және жазғы (ақылы) семестрден өтуі керек.
Білімалушы жазғы (ақылы) семестрден өткен кезде себепті жағдайлармен (денсаулығына байланысты) босатса, бірақ GPA жинамаса, онда ол академиялық қарыздармен курстан курсқа ауыстырылады. Академиялық қарыздарды жою мерзімі – бір академиялық мерзім.
Кафедра әрбір практикалық дағды (ҚКЕБ, ҚПЕБ, науқас төсегі қасындағы мини – клиникалық емтихан және б.) бағасының әдісін анықтауы керек, білімалушылармен дағдылар семестр бойы тапсырылады, оқу журналына қойылады, барлығы қосылады да, практикалық дағдыларға қорытынды баға сессия кезінде емтихандық ведомстіге қойылады.
ЖРБ сынақ кітапшасының оң жағына қойылады. Дифференциалды сынақ бағасы шәкіртақы тағайындауға әсер етеді.
Осы семестрдің оқу жоспарымен қарастырылған семестрдің барлық пәндері бойынша оқу бағдарламасын орындау шарттары барлық сынақтарды тапсыру/ алуда білімалушылар аралық және қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Емтихан сессиясына жіберу деканат өкімімен сессияға 3 күн қалғанда рәсімделеді, сонымен қатар білімалушы сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» мөртабаны қойылады, онсыз білімалушының емтиханға кіруге құқығы жоқ.
Семестр аяқталғаннан кейін емтихандық сессияға рұқсатнама алу үшін 1 күн беріледі.
Егер жіберу рейтингісі бойынша және қорытынды бақылаудан да (емтихан/дифф сынақтан) білімалушы оңды баға алса ғана қорытынды баға есептеледі. Сонымен бірге оңды баға болып 50% -дан 100% -ға дейінгі баға болып саналады, қанағаттанарлықсыз баға - 0 -дан 49% -ға дейінгі баға болып саналады.
Егер интеграцияның бір пәні немесе аралас пәндер бойынша «Жалпы медицина» мамандығы 4,5 курстары білімалушысы «F» алса, онда білімалушы жазғы (ақылы) семестр кезінде «F» бар пәнді ғана өтейді. Толық пән бойынша қорытынды баға ақылы семестрді өткеннен кейін қойылады.
Егер емтихан екі және одан да көп кезеңдерден тұрған жағдайда және білімалушы кезеңдердің бірінен «0» алса, онда ол білімалушы үшін емтиханның келесі кезеңіне өту үшін кедергі болып табылмайды, емтихан бағасы әрбір кезеңнің үлес салмағына сәйкес саналады. Егер емтихандық баға 19,8 баллды құраған жағдайда, яғни 40%, онда қортынды баға есептеледі.
Егер емтихан үш кезеңнен тұрған жағдайда, онда тестілік емтихан үлес салмағы 20 % құрайды, практикалық дағдылар 10%, ауызша жауап - 10%. Егер емтихан тек қана ауызша сұраудан және практикалық жағдыдан тұрса онда тиісінше әрбіреуі -20%.
Аралық аттестаттау бойынша оңды бағаны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Пән бойынша апелляцияға өтініштерді беру емтиханнан кейін келесі күннен кешіктірмей 12 сағатқа дейін білімалушы бастамасы бойынша мынадай жағдайларда өткізіледі:
түсініксіз немесе орынсыз тұжырым;
дұрыс жауап жоқ;
бірнеше дұрыс жауаптар;
пәннің жұмыс бағдарламасында көрсетілген оқу бағдарламасы шегінен шығатын сұрақтар.
Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағасы бар және аппеляциялық комиссияның теріс шешімін алған білімалушы ақылы негізде пәнді қайтадан өтеді.
Білімалушы белгілі себептермен (стационарда емделсе, төтенше жағдайлар болған кезде: табиғат апаты, апаттар және басқалар) сабақ босатқан жағдайда топ старостасы немесе куратор бір тәулік ішінде кафедраны және деканатты (телефонмен және басқадай жолмен) болған жағдай туралы хабардар етуге тиісті және үш күн ішінде осы жағдайды куәландыратын құжат әкелуі керек. Ақтау құжаттары болып табылады: студенттік емханадан анықтама (нөмірі емхананың анықтама беру журналындағы нөмірмен бірдей болуы керек). осы жағдайда білімалушыға деканның өкімімен емтиханды жеке кесте бойынша тапсыру тұрақталады.
Білімалушыны курстан курсқа ауыстыру студенттің үлгерімінің орта баллы (GPA) негізінде жүргізіледі.
Егер білімалушы қажетті өту баллының GPA санын ала алмаса, білім грантынан айрылуымен қайталау курсын өтеді немес өз еркімен оқудан шығарылады.
Толық көлемде курс бағдарламасын орындаған білімалушы, бірақ өту баллын (GPA) жинай алмаған, өзінің үлгерімінің орта баллын көтеру мақсатында ақылы негізде пәнді қайта жазғы (ақылы) семестрде оқуға мүмкіндік беріледі («Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» пәнінен басқа, ол бойынша мемлекеттік емтихан тапсырылады) және және қайта емтихан тапсырады.
Қайта тапсырғанда алынған оңды баға шәкіртақыны тағайындауға әсер етпейді.
Академиялық демалыстан кейін оқуға келген немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан кезде білімалушы барлық курсты толық өтуі және емтихан тапсыруы қажет.
«Қазіргі заманға Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан студент «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол ақылы негізде осы пәнге қайта жазылады, қайтадан келесі академиялық мерзімде немес жазғы семестрде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, ағымдағы бақылаудың талаптарын орындайды, рұқсатнама алады және мемлекеттік емтиханды қайтадан тапсырады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)
«Қазіргі заманғаҚазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан оңды бағасын оны көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. (ҚР білім және ғылым Министрінің №125 бұйрығы 85т. 18 наурыз 2008ж.)
Бітіруші емес курс білімалушыларына сессия қорытындылары бойынша академиялық қарыздарды жою үшін ақылы семестр 6 апта ұзақтығымен жазғы мезгілде ғана өткізіледі.
Жұмыс және жеке оқу жоспарының және жұмыс оқу бағдарламаларының талаптарын орындамаған бітіруші курс студенті жазғы семестрді өтпей оқытудың қайталау курсына қалады. (ҚР білім және ғылым Министрінің №94 бұйрығы 99 тарауы 16 наурыз 2011 ж.)
Сіздерге, жоғары медициналық оқу орнын студенттері болғандықтан, мәйіт арқылы анатомия бойынша білімді игеруге мүмкіншілік беріледі. Сіздер анатомия кафедрасында келесі ережелерді сақтау керексіздер:
1. Болашақтағы дәрігер студенттік кезінде анатомиялық препараттармен жұмыс істегенде, толық медициналық формасын кию керек: ақ халат, қалпақ, маска, қорғаныш көзілдірік (формальдегидтың концентрациясы жоғары болғандықтан). Формальдегид—нейротоксикалық және эмбриотоксикалық химиялық реагент. Линза кимеуге тырысыңыздар, себебі формальдегид линзаға әсер етіп, көздің мөлдір қабығының қабынуына әкелуі мүмкін. Формальдегид көзге тигенде, жедел сумен көзді жуу керек! Қысқа балақ киімді, ашық аяқ-киімді киюге рұқсат берілмейді. Тағамдарды, суды, телефондарды оқу бөлмеге әкелуге тыйым салынады. Фото-және видеобейне жасауға академияның меңгерушісі не кафедра меңгерушісі рұқсат беру керек.
2. Анатомиялық препараттарды (сүйек, жеке ағза), мүсіндерді, планшеттерді кафедрадан шығаруға болмайды. Осы ережені бұзғандар академиядан шығарылуы мүмкін.
3. Мәйітті, оның жеке бөлімдерін сабақтан не өзіндік жұмыстан кейін ылғалды матаға жинау тиісті. Препараттаудан кейін теріні, майлы не дәнекерлі ұлпаны, ағзалардың талшықтарын бөлек ыдысқа жинаңыздар. Қағаздарды, перчатканы, мәйіттің қалған үлесшелерімен бірге тыстауға тыйым салынады!!
5. Анатомиялық препаратпен жұмыс істеген соң қол жуу керек!!
6. Оқу орынның тазалығын сақтаңыздар!! Үстелді, инструменттерді жұмыстан кейін жууға ұмытпаңыздар.
7. Мәйіт бөліміне және оқу бөлмелерге бөтен адамдарға кіруге тыйым салынады!!
Пререквизиттер, постреквизиттер:
Пререквизиттер –биология, Адам анатомиясы бойынша мектеп бағдарламасы;
Постреквезиттер гистология, қалыпты физиология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология, аурулардың алдын алу.
Пәннің мазмұны
Анатомия физиологямен бірге теориялық және практикалық медицинаның негізі, себебі адам денесінің құрылысы, пішіні бойынша тұрақты білімі – сау және науқасты организмнің өмірлік өзгерістерін түсінуге, аурудың себебін дұрыс табуға керекті, онсыз алдын алу шаралары және емдеу шаралары өткізілмейді.
Дәрістердің тақырыптық жоспары:
№№ | Дәрістердің тақырыбы | Сағаттар саны |
1. | Анатомия пәні және оның міндеттері. Тіндер, ағзалар, жүйелер және аппараттарға жалпы сипаттама. Адам эмбриогенезінің алғашқы сатылары, адам организмінің дамуындағы негізгі кезеңдер. Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы. Сүйек ағза ретінде. Сүйектердің құрылысы және дамуы, олардың жіктелуі. | |
2. | Сүйек қосылыстары туралы түсінік. Сүйек қосылыстарының дамуы. Сүйек қосылыстарының түрлері. Жалпы миология. Бұлшықет ағза ретінде. Бұлшықеттердің онтогенездегі дамуы. Бұлшықеттердің жіктелуі. Бұлшықеттердің қосымша аппараттары. | |
3. | Нерв жүйесі туралы түсінік. Нерв жүйесінің ұйымдасу принциптері. Күрделі және қарапайым - рефлекторлық доғалар. Вегетативті нерв жүйесінің жалпы морфологиясы. Симпатикалық және парасимпатикалық нерв жүйесі туралы түсінік. | |
4. | Жұлын мен мидың өткізгіш жолдарының анатомиясы және топографиясы. | |
5. | Ішкі ағзалар туралы ілімге (спланхнологияға) кіріспе. Ас қорту жүйесі, тыныс алу, зәр шығару, әйел және еркек жыныс ағзаларының құрылысының және дамуының ерекшеліктері. | |
6. | Ангиологияға кіріспе. Қантамырлардың құрылысының жалпы принциптері, тармақтануы, жіктелуі. Микроциркуляциялық арна. Коллатералды қанайналу. Жүректің функционалды анатомиясы. | |
Барлығы: 6 сағат |
Сабақтың тақырыптық жоспары:
№ | Практикалық сабақтардың тақырыптары | Сағаттар саны |
IІ семестр | ||
ОСТЕОЛОГИЯ | ||
1. | Халықаралық анатомиялық номенклатура. Біліктер және жазықтықтар туралы түсінік. Қанқаға жалпы шолу. Тұлға сүйектерінің құрылысы: омыртқалар, қабырғалар мен төстің құрылысы. | |
2. | Иық белдеуі және еркін орналасқан қол сүйектерінің құрылысы. Жамбас белдеуі және еркін орналасқан аяқ сүйектерінің құрылысы. | |
3. | Ми сауыты сүйектерінің және бет сүйектерінің құрылысы. | |
4. | Бассүйек топографиясы. Бассүйек және тұлға сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметтері. | |
СИНДЕСМОЛОГИЯ | ||
5. | Иық белдеуі және еркін орналасқан қол сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметтері. | |
6. | Жамбас белдеуі және еркін орналасқан аяқ сүйектерінің қосылыстары: құрылысы және қызметтері | |
МИОЛОГИЯ | ||
7. | Бас, мойын бұлшықеттері мен шандырлары: құрылысы, топографиясы, функциялары. Тұлға бұлшықеттері мен шандырлары: құрылысы, топографиясы және функциясы. | |
8. | Қол, аяқ бұлшықеттері мен шандырлары, олардың құрылысы, топографиясы, функциялары. | |
9. | Рубеждік бақылау. Жазбаша жұмыс, ОСПЭ | |
БАС ПЕН МОЙЫННЫҢ АНАТОМИЯСЫ ЖӘНЕ И ТОПОГРАФИЯСЫ | ||
10. | Сопақша ми, ромб тәрізді шұңқыршақ, IV қарынша: құрылысы және функциясы. Ортаңғы ми, су құбыры: құрылысы және функциясы. Аралық ми, III қарынша: құрылысы және функциясы. | |
11. | Бастың милық бөлігінің топографиялық анатомиясы: маңдай-шеке-шүйде аймағы, самай және емізіктік аймақтары. Ми бөліктерінен жалпы шолу. Бассүйек нервтерінің ми негізіндегі топографиясы. Ми қабықтары. Соңғы ми: құрылысы және функциясы. Үлкен ми сыңарлары. Жамылғы, иіс сезу миы. Сүйелді дене, күмбез, алдыңғы ми дәнекері. Базалды ядролар. Бүйір қарыншалар. | |
12. | Бастың беттік бөлігінің топографиялық анатомиясы: құлақмаңы, шайнау және ұрт аймағы. Беттің майлы кеңістіктері. Ауыз қуысы. Тіл, таңдай, тістер, сілекей бездері: құрылысы, топографиясы, функциялары. Сыртқы мұрын, мұрын қуысы: құрылысы, топографиясы, қызметі. Мұрын маңындағы қойнаулар. Мойын: аймақтарға бөлінуі. Жұтқыншақ: құрылысы, топографиясы, қызметі. Көмей: құрылысы, топографиясы, қызметі. Қалқанша және қалқанша жанындағы бездер: құрылысы, топографиясы, қызметі. | |
БАСПЕН МОЙЫННЫҢ ТАМЫРЛАРЫ МЕН НЕРВТЕРІ | ||
13. | Сезім ағзаларының анатомиясы мен топографиясы. Көру ағзасы. Көру (II), көз-қозғалтқыш (III), шығыршық (ІV), әкеткіш (VІ) нервтері. Көру анализаторының өткізгіш жолы. Есту және тепе-теңдік ағзасы. Кіреберіс-ұлу нервісі(VIII). Есту және тепе-теңдік анализаторларының өткізгіш жолдары. Иіс сезу және дәм сезу ағзалары, иіс сезу нервісі (I). Иіс сезу және дәм сезу анализаторының өткізгіш жолдары. | |
14. | Жалпы, сыртқы, ішкі ұйқы және бұғанаасты артериялары: топографиясы, проекциясы тармақтары, қанмен қамтамасыз ету аймақтары. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі. Ішкі, сыртқы, алдыңғы мойындырық, бұғанаасты веналары: топографиясы, құйылыстары. Бас пен мойынның лимфа тамырлары мен түйіндері. | |
15. | Үшкіл нерв (V жұп): ядролары, тармақтары, вегетативті түйіндермен байланысы, нервтендіру аймақтары. Бет невісі (VII жұп), тіл-жұтқыншақ нервісі (ІХ жұп): ядролары, тармақтары, вегетативті түйіндермен байланысы, нервтендіру аймақтары. Кезеген (Х жұп), қосымша (ХІ жұп) және тіласты (ХІІ жұп) нервілері: ядролары, тармақтары, вегетативті түйіндермен байланысы, нервтендіру аймақтары. | |
16. | Жұлын: пішіні, топографиясы, құрылысы. Жұлын қабықтары. Жұлын нервтерінің түзілууі. Мойын өрімі: топографиясы, тармақтары, нервтендіру аймақтары. Баспен мойын ағзаларының вегетативтік нервтенуі. | |
17. | Аралық бақылау: жазбаша жұмыс, ОСПЭ | |
18. | Дифференциалды сынақ. |
Студенттердің өзіндік жұмысының жоспары (СӨЖ)
№№ | Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары | Сағаттар саны |
II семестр | ||
1. | Анатомиялық глоссарий. | |
2. | Тірі адамда зерттейтін анатомияның әдістері: антропометрия. Дене бітімінің түрлері. | |
3. | Тірі адамда тәжрибелік маңызды қанқаның шығынқы бөліктерін сипап қарау орындары | |
4. | Краниометрия. Бассүйектің милық және бетсүйектік индекстерін анықтау. анықтау. | |
5. | Еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың сүйек құрылысына тигізетін әсері. | |
6. | Анатомиялық препараттардан кіші және үлкен жамбас астауларының гинекология мен акушерстводағы тәжрибелік маңызды көлемдерін анықтау. | |
7. | Табан күмбездері, табан күмбездерін қатайту механизмдері. Жалпақтабандылық. | |
8. | Буындардағы қозғалыстардың мүсіндеу (моделін құрастыру) | |
9. | Іштің тік бұлшықетінің қынабын мүсінін құрастыру (моделдеу). | |
10. | Шап өзегінің мүсінін құрастыру. | |
Барлық сағаттар саны: 30 | ||
Барлық сағаттар саны ІІ семестрде: 72 сағат |
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОСПАРЫ