Бауыр жастық ерекшеліктері

Бауыр нәрестеде үлкен өлшемді болады да, іш қуысының жартысынан көбін алып жатады. Нәресте бауырының салмағы 135 г (дене салмағының 4-4,5%-ы, ересектерде дене салмағының 2-3%-ы). Бауырдың сол үлесі оң үлесімен бірдей немесе үлкенірек болады. Нәресте бауырының төменгі жиегі оң жақ бұғанаортаңғы сызық бойымен қабырға доғасынан 2,5-4 см шығып тұрады, ал алдыңғы ортаңғы сызық бойынша семсертәрізді өсіндіден 3,5 – 4 см төмен тұрады. 3-7 жастағы балаларда бауырдың төменгі жиегі қабырға доғасынан 1,5 см-2 см төмен тұрады. 7 жастан кейін бауырдың төменгі жиегі қабырға доғасынан шықпайды. Балаларда бауыр өте қозғалғыш және оның орналасу қалпы дене қалпы өзгергенде бірге өзгеріп тұрады.



«Ас қорыту жүйесі»

1. Нәресте асқазанында нашар дамыған:

A.кардиалық бөлігі+

B.түбі+

C.қақпалық бөлігі+

D.денесі

E.алдыңғы қабырғасы

2. Өтқуық түбінің проекциясы:

A.іштің оң жақ тік бұлшықетінің сыртқы жиегінің қабырға доғасымен қиылысқан жері+

B.іштің сол жақ тік бұлшықетінің сыртқы жиегінің қабырға доғасымен қиылысқан жері

C.кіндік аймағы

D.сол жақ бүйір аймағы

E.семсертәрізді өсінді деңгейінде

3. Ұйқы безінің қызметі:

A.ас қорыту+

B.иммундық

C.қан түзу

D.эндокриндік +

E.дезинтоксикациялық

4. Асқазанның проекциясы:

A.құрсақүсті аймағында +

B.оң қабырғасты аймағында

C.сол қабырғасты аймағында +

D.кіндік аймағында

E.сол жақ бүйір аймағында

5. Жіңішке ішектің шажырқайлы бөліктері:

A.он екі елі ішектің жоғарылаған бөлігі

B.аш ішек +

C.мықын ішек +

D.он екі елі ішектің төмендеген бөлігі

E.он екі елі ішектің көлденең бөлігі

6. Асқазанның оң жақ төрттен бір бөлігінің проекциясы:

A.құрсақүсті аймағында +

B.оң жақ қабырғасты аймағында

C.сол жақ қабырғасты аймағында

D.кіндік аймағында

E.оң жақ бүйір аймағында

7. Нәресте тоқ ішегінің ерекшеліктері:

A.қампаймалары жоқ +

B.таспалары жоқ

C.майлы өсінділері жоқ +

D.жарты ай тәрізді қатпарлары жоқ

E.бұлшықеттік қабығы жоқ

8.Мықын ішектің проекциясы:

A.сол жақ бүйір аймағында

B.оң жақ қабырғасты аймағында

C.кіндік аймағында +

D.оң жақ бүйір аймағында +

E.құрсақүсті аймағында

9. Бауыр қақпасына кіреді:

A.жалпы бауыр түтігі

B.қақпа венасы +

C.меншікті бауыр артериясы +

D.лимфа тамырлары

E.жалпы бауыр артериясы

10.Ұйқы безінің басымен жанасып жатқан ағзалар:

A.көлденең жиек ішек +

B.асқазан +

C.оң бүйрек

D.он екі елі ішек +

E.оң бүйрекүсті безі

11. Балалар асқазанының ересектегілердей пішінге ие болу мерзімі:

A.3-5 жас

B.5-6 жас

C.7-11 жас +

D.12 -15 жас

E.1-3 жас

12.Аш ішектің проекциясы:

A.сол жақ бүйір аймағында +

B.оң жақ қабырғасты аймағында

C.кіндік аймағында +

D.оң жақ бүйір аймағында

E.сол қабырғасты аймағында

13.Нәрестенің он екі елі ішегінің пішіні:

A.тағатәрізді

B.вертикалді орналасқан ілмек

C.көлденең орналасқан ілмек

D.сақинатәрізді +

E.спиралтәрізді

14.Бауырдың үлестері:

A.оң үлесі +

B.артқы үлесі

C.шаршы үлесі +

D.құйрықты үлесі +

E.алдыңғы үлесі

15. Ұйқы безінің бөліктері:

A.құйрығы +

B.басы +

C.мойны

D.денесі +

E.қылтасы

16. Толған асқазанның үлкен иінінің проекциясы:

A.құрсақүсті аймағында

B.оң жақ қабырғасты аймағында

C.сол қабырғасты аймағында

D.кіндік аймағында +

E.құрсақасты аймағында

17.Он екі елі ішектің төмендеген бөлігі орналасқан деңгейі:

A.I-II бел омыртқалары

B.II-III бел омыртқалары

C.III-IV бел омыртқалары

D.I-III бел омыртқалары +

E.Х кеуде – I бел омыртқасы

18.Vv. hepaticae құяды:

A. v. portae

B.v. cava superior

C.v. cava inferior +

D.vv. centrales

E.v. lienalis

19.Ұйқы безінің қосымша түтігі ашылады:

A.он екі елі ішектің үлкен бүртігіне

B.он екі елі ішектің кіші бүртігіне +

C.бауыр-ұйқы безі кеңжері

D.он екі елі ішектің бойлық қатпары

E.он екі елі ішектің көлденең бөлігіне

20. Асқазан алдыңғы бетімен жанасады:

A.көкетпен +

B.ұйқы безімен

C.сол бүйрекпен

D.бауырдың сол үлесімен +

E.көкбауырмен

21.Асқазанның бөліктері:

A.денесі+

B.кардиалық бөлігі +

C.түбі+

D.қақпалық бөлігі+

E.мойны

22.Асқазан артқы бетімен жанасады:

A.шарбылық қап +

B.көлденең жиек ішек +

C.сол бүйрек +

D.ұйқы безі +

E.аш ішек

23.Балалардың жіңішке ішегі ұзындығының ересек адамның жіңішке ішегінің ұзындығымен теңесетін мерзім:

A.1-3 жас (ерте балалық шақ)

B.4-7 лет (бірінші балалық шақ)

C.8-12 лет (екінші балалық шақ) +

D.13-16 лет (жасөспірімдік шақ)

E.1 жылға дейін

24.Ұйқы безінің ішастарға қатысты орналасуы:

A.интраперитонеалді

B.мезоперитонеалді

C.экстраперитонеалді +

D.интраперитонеалді, шажырқайы бар

E.интра-мезоперитонеалді

25. Жалпы бауыр түтігін түзеді:

A.өтқуық түтігі

B.оң жақ бауыр түтігі +

C.сол жақ бауыр түтігі +

D.жалпы өт түтігі

E.үлесшелік түтік

26.Асқазанның қабықтары:

A.дәнекертінді қабық (адвентиция)

B.бұлшықетті қабық +

C.сірасты негізі+

D.шырышты қабық+

E.сірлі қабық+

27.Сигматәрізді жиек ішектің проекциясы:

A.оң жақ қабырғасты аймағында

B.сол жақ қабырғасты аймағында

C.оң жақ шап аймағында

D.сол жақ шап аймағында +

E.құрсақүсті аймағында

28.Балаларда таспалар, қампаймалар және шарбылық өсінділер қалыптасып бітетін кезең:

A.2-3 жас

B.4-5 жас

C.6-7 жас +

D.13-14 жас

E.15-16 жас

29. Бауыр қақпасынан шығады:

A.жалпы бауыр түтігі +

B.қақпа венасы

C.меншікті бауыр артериясы

D.құрсақ артериясы

E.жалпы бауыр артериясы

30. Өтқуықтың бөліктері:

A.түбі +

B.денесі +

C.ұшы

D.мойны +

E.құйрығы

31.Асқазанның бұлшықетті қабығының қабаттары:

A.сыртқы дөңгелек қабат

B.ішкі қиғаш талшықтар +

C.ортаңғы дөңгелек қабат +

D.сыртқы бойлық қабат +

E.ортаңғы қиғаш-бойлық қабат

32.Жіңішке ішектің шажырқайлы бөлігінің ілмектері проекцияланады:

A.құрсақ аймағында (mesogastrium) +

B.құрсақүсті аймағында (epigastrium)

C.құрсақасты аймағында (hypogastrium) +

D.сол жақ қабырғасты аймағында

E.оң жақ қабырғасты аймағында

33.Қабырғасында бүрлері бар ішектің бөліктері:

A.көлденең жиек ішек

B.аш ішек +

C.мықын ішек +

D.сигматәрізді ішек

E.тік ішек

34. Бауыр сегменттерінің саны:

A.5

B.6

C.7

D.8 +

D.10

35. Ұйқы безінің іштің алдыңғы қабырғасына проекциясы:

A.меншікті құрсақүсті аймағында +

B.оң жақ қабырғасты аймағында

C.сол жақ қабырғасты аймағында +

D.кіндік аймағында

E.оң жақ бүйір аймағында

36.Асқазанның он екі елі ішекке ауысатын жерінде орналасқан анатомиялық құрылымдар:

A.қақпа +

B.бұрыштық тілік

C.қақпа қысқышы +

D.асқазан қабырғасының қысқышы

E.жалпы өт түтігінің ашылатын жері

37.Ересек адамда кездесетін асқазан пішіндері:

A.ілмек пішінді +

B.мүйіз пішінді +

C.шұлық пішінді +

D.ұршық пішінді

E.эллипс пішінді

38.Соқыр ішектің проекциясы:

A.құрсақүсті аймағында

B.құрсақ аймағында

C.оң жақ бүйір аймағында

D.оң жақ шап аймағында +

E.оң жақ қабырғасты аймағында

39. Ductus pancreaticus бірігеді:

A.ductus pancreaticus accessorius-пен

B.ductus hepaticus communis-пен

C.ductus choledochus-пен +

D.ductus cysticus-пен

E.ductus hepaticus dexter-мен

40. Бауырдың үлестері:

A.оң үлес +

B.артқы үлес

C.шаршы үлес +

D.құйрықты үлес +

E.алдыңғы үлес

41.Жоғарылаған жиек ішектің проекциясы:

A.құрсақүсті аймағында

B.құрсақ аймағында

C.оң жақ бүйір аймағында +

D.оң жақ шап аймағында

E.кіндік аймағында

42.Асқазанның кіші иіні аймағында орналасқан ірі қатпарлар:

A.қиғаш қатпарлар

B.көлденең қатпарлар

C.бойлық қатпарлар +

D.сақинатәрізді қатпарлар

E.жарты ай тәрізді қатпарлар

43.Көлденең жиек ішектің проекциясы:

A.құрсақүсті аймағында +

B.кіндік аймағында +

C.оң жақ бүйір аймағында

D.оң жақ шап аймағында

E.құрсақасты аймағында

44. Бауырдың дене бетіне проекциясы:

A.оң жақ қабырғасты аймағында +

B.меншікті құрсақүсті аймағында +

C.сол қабырғасты аймағында +

D.кіндік аймағында

E.оң жақ шап аймағында

45. Асқазанның ішастарға қатысты орналасуы:

A.интраперитонеалді+

B.мезоперитонеалді

C.экстраперитонеалді

D.мезо-, интраперитонеалді

E.ретроперитонеалді

46.Төмендеген жиек ішектің проекциясы:

A.оң жақ қабырғасты аймағында

B.сол жақ қабырғасты аймағында+

C.сол жақ бүйір аймағында+

D.оң жақ бүйір аймағында

E.кіндік аймағында

47.Он екі елі ішектің бөліктері:

A.жоғарылаған бөлігі +

B.горизонталды бөлігі +

C.төмендеген бөлігі +

D.жоғарғы бөлігі +

E.артқы бөлігі

48.Жіңішке ішектің шырышты қабығында орналасқан анатомиялық құрылымдар:

A.жекелеген лимфалық түйіншелер +

B.жарты ай тәрізді қатпарлар

C.ішек бездері +

D.шоғырланған лимфалық түйіншелер +

E.ішек бүрлері +

49.Ұйқы безінің артқы бетіне жанасып жатады:

A.аш ішек

B.көлденең жиек ішек

C.іш қолқасы +

D.асқазан

E.жоғарғы қуыс вена

50. Нәресте бауырының құрылымының ерекшеліктері:

A.ересектерге қарағанда салыстырмалы түрде өлшемдері үлкен +

B.ересектерге қарағанда салыстырмалы салмағы көп +

C.сол үлесі мен оң үлесі бірдей +

D.сол үлесі оң жағына қарағанда кіші

E.ересектерге қарағанда салыстырмалы түрде өлшемдері кіші

Бауыр жастық ерекшеліктері - student2.ru Бауыр жастық ерекшеліктері - student2.ru


.


Наши рекомендации