Пульмонология. Өкпенің қабынбалы инфильтрация синдромы.
Антибактериялық терапия фонында пневмонияның созылмалы ағымының мүмкін себептеріне не жатады:
1.Адекватты антибиотикалық терапия
2.Иммунитеттің бұзылуы
3.Уақытында ауруханаға жатқызу
4.Жасы жас науқас
5.Полипрагмазия
Ошақты пневмонияға тән аускультативті мәліметті көрсетіңіз:
1.бронхтық тыныс
2. әлсіз тыныс, ылғалды сырылдар
3. қатаң тыныс, барлық алаңда құрғақ сырылдар
4. тыныс шығарудың ұзаруы, барлық алаңда ызындаған сырылдар
5. амфоралық тыныс
Созылмалы бронхит пен пневмонияны салыстыруға қандай зерттеу көмектеседі:
1. Пневмотахометрия
2. Спирография
3. Қақырықты бактериологиялық зерттеу
4. Кеуде клеткасын рентгенологиялық зерттеу
5. Физикалық зерттеу
Жедел пневмония кезінде қандай синдром анықталады:
1. Резорбционды – некротикалық синдром
2. анемиялық синдромы
3. сидеропениялық синдромы
4. өкпе тінінің инфильтрациялық синдромы
5. Астеноневротикалық синдром
Пневмонияның өкпеден тыс асқынуына не жатады:
1. парапневмониялық плеврит
2. өкпе карнификациясы
3. бактериялық эндокардит
4. абсцесстік өзгерістер
5. дистресс синдромы
Жедел іш клиникалық көрінісін келесі орналасудағы пневмония симуляциялайды:
1. ортаңғы бөліктік пневмония
2. төменгі бөліктік пневмония
3. сегментарлы
4. жоғарғы бөліктік
5. түбіралдылық пневмония
Өкпе ауруларының емінде қолданылатын препарат:
1. Пенициллин
2. Зитролид
3. Клабел
4. Роксибел
5. Цефазолин
ӨСОА комплексты терапияда негізгі орынды алады:
1. бронходилятатор
2. антибиотиктер
3. қабынуға қарсы стероидты емес препараттар
4. муколитиктар
5. антиоксиданттар
Өкпе абцессімен асқынған жедел пневмонияға тән аускультативті көрініс:
1. амфоралық тыныс
2. ылғалды сырылдар
3. әлсіреген везикулярлы тыныс
4. Бронхтық тыныс
5. крепитация
Пневмония этиологиясында негізгі рольды атқарады:
1. энтерококк
2. пневмококк
3. стрептококк
4. стафилококк
5. микоплазма
Науқас Т., 38 жаста, 5 күн бойы ауырған. Рентгенінде – оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде бірдей емес ошақты көлеңке. Болжам диагнозыңыз?
1. бөліктік пневмония
2. өкпенің қатерлі ісігі
3. Ошақты пневмония
4. жедел бронхит
5. өкпенің туберкулезі
Науқас аурухананың қабылдау бөліміне түсті, шағымдарымен: дене темпереатурасының көтерілуі, ентігу, шағымдарының пайда болғанына екі күн болды.Ауруханадан тыс сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмония диагнозымен емханадан жолдама алды. Ауруханада жалпы әлсіздік жүрек қағу пайда болды. Пульс 124 рет минутына АҚ 60/20 мм.сын.бағ. Науқаста қандай асқыну пайда болды?
1. геморогагиялық шок
2. инфекционды токсикалық шок
3. дисстресс синдромы
4. анафилактикалық шок
5. травматикалық шок
Науқас А., 25 жаста, болжам диагноз: сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің бөліктік пневмониясы. Осы науқаста қандай аускультациялық өзгерістер болуы мүмкін:
1. бронхалық тыныс, ылғалды сырылдар
2. әлсіреген везикулярлы тыныс, ылғалды сырылдар
3. амфоралық тыныс
4. стридорозды тыныс, құрғақ сырылдар
5. бірден әлсіреген тыныс
Науқас А., 25 жаста, болжам диагноз: сол жақ өкпенің төменгі бөлігінің бөліктік пневмониясы. Осы науқастың рентгенограммасында қандай өзгерістер болуы мүмкін:
1.сұйық деңгейіндегі қуыс
2. гомогенді интенсивті қараю
3. біркелкі емес қараю
4. Дамуазо сызығы
5. өкпе суретінің күшеюі
Бронхтық бітелу синдромы
22 жастағы науқас дене қызуының көтерілуіне, аз мөлшерлі қақырықты жөтел, шамалы физикалық күш түскенде, кеуде клеткасының ауырсынуы, әлсіздік, тәбеттің жоқтығы шағымдармен стационарға түскен. Бір апта бұрын ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тыныштықтағы ентігу мен жиі тыныс алу 22 рет минутында. Беттің диффузды цианозы. Тыныс алу жүйесінің ағзаларын зерттегенде оң жақ жауырынның төменгі бұрышының перкуторлы дыбысының тұйықталуы және дауыс дірілінің күшеюі анықталған, аускультация кезінде қатан дыбыс, қүрақ, ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар.Жүрек тондары тұйықталған, пульсі – 96 рет минутына, АҚҚ – 120/75 мм..сын.бағ. Диагнозды қою үшін қай зерттеу әдісі көбірек ақпарат береді?
1. спирография
2. бронхография
3. кеуде клеткасының ағзаларын рентгеналогиялық зерттеу
4. пневмотахометрия
5. бронхоскопия
42 жастағы науқас тамағындағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Кеудесіндегі ауырсыну, дауысының қырылдауы. Дене қызуының 4 күн бойы 380С-қа дейін көтерілуі, қатты жөтел. Кейде қан қосындыларымен. Объективті мәліметтері: конъюктивит. Мойынның лимфа түйіндерінің ұлғаюы, өкпенің оң жақ жауырын асты аймағының перкуторлық дыбысының қысқаруы, қатаң тыныс және жауырынның төменгі бұрышынан оңға ылғалды ұсақ, орташа көпіршікті сырылдар. Өкпе рентгенограммасында: ұсақ ошақты қараюлар және оң жақ өкпе түбінің лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Сіздің диагнозыңыз?
1.ЖРВИ
2.аденовирусты пневмония
3.жедел бронхит
4.перифериялық өкпенің қатерлі ісігі
5.туберкулез
Науқас 30 жаста, стационарға өзінің жалпы жағдайының бірден нашарлауымен түскен. Күні бұрын кешке таман 16.10.98 ж. 18.00-де кенеттен өзін нашар сезініп – қалтырау, бастың ауыруы, дене қызуының 39-400С-қа дейін көтерілуі, құрғақ, ауырсынумен болатын жөтел, айқын ентігу пайда болады. Терең демалғанда, жөтелгенде күшейетін кеуде клеткасының оң жағындағы ауырсыну қосылады. Стационарға түскен күні қанды «татты» тыс қақырықтың болғандығы атап көрсетіледі. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Тыныштық жағдайындағы ентігу, тыныс алу жиілігі 22 рет минутына. Тыныс алу ағзаларын тексергенде тыныс алу кезінде оң жақ кеуде клеткасының қалуы көрінеді, өкпенің зақымдалған аймағынан перкуторлық дыбыстың қысқаруы анықталады, қатаң тыныс естіледі. Тыныс алудың жоғарғы шегінде крепитация айқын анықталады. Дауыс дірілі және бронхофония біраз қатайған. Жүрек тондары тұйықталған. Пульсі 96 рет минутына, АҚҚ-120/70 мм.сын.бағ. Сіздің болжам диагнозыңыз?
1.ауруханадан тыс сол жақты төменгі бөлікті крупозды пневмония, этиологиясы бактериялық, ауыр дәрежесі, жедел ағымды
2. екі жақты бронхопневмония, этиологиясы бактериялық, ауыр дәрежесі, жедел ағымды
3. оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің инфильтративті туберкулез
4.ауруханадан тыс оң жақты төменгі бөлікті крупозды пневмониясы, этиологиясы бактериялық, ауыр дәрежесі, жедел ағымды
5.оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің ауруханадан тыс ошақты пневмониясы, этиологиясы бактериялық, ауыр дәрежесі, жедел ағымды
Қандай синдром жедел пневмонияда кездеспейді:
1. анемиялық
2. интоксикациялық синдром
3. астеноневротикалық синдром
4. «Плеша» синдромы
5. Диспепсиялық синдром
Жедел пневмониямен ауыратын науқастарға қандай жағдайда кортикостероидтарды енгізу көрсетілген:
1. ұзақ уақыт бойы дене қызуының жоғарғы болып сақталуы
2. жедел пневмонияның плевритпен асқынуында
3. жедел пневмонияның абсцесспен асқынуында
4. жедел пневмонияның инфекциялық-токсикалық шокпен асқынуында
5. созылмалы бронхит фонында дамыған пневмонияда
Созылмалы обструктивті бронхиттің ажыратуы бірінші кезекте келесі аурумен жүргізіледі:
1. бронхтардың қатерлі ісігі
2. ошақты пневмония
3. крупозды пневмония
4.экссудативті плеврит
5. ошақты туберкулез
Пенициллиндер тобындағы антибиотиктердің жиі кездесетін жанама әсерлері:
1. аллергиялық реакциялар
2. нефротоксикалық әсер
3. диспепсия
4. ототоксикалық әсер
5. гепатотоксикалық әсер
ӨСОА кезінде тәуліктің қай уақытында жөтел басым болады?
1. Түнде
2. Таңертең
3. Кешке
4. Күндіз
5.Тұрақты
Сыртқы тыныс функциясын зерттеу үшін жеке қолдануға ыңғайлы әдіс
1. пневмотахометрия
2. пневмотахография
3. спирография
4. пневмоскопия
5. Пикфлоуметрия
Созылмалы бронхит пен бронхоэктаздық аурудың ажырату диагностикасының негізі болып табылады:
1. науқасты физикалық тексеру
2. өкпе рентгенограммасы
3. бронхоскопия
4. бронхография
5. Спирография
Пневмония мен бронхитті ажырату үшін қандай зерттеу әдістері көмектеседі:
1. пневмотахометрия
2. спирография
3. қақырықты бактериологиялық зерттеу
4. кеуде қуысын рентгенологиялық зерттеу
5. науқасты физикалық тексеру
Астмалық статустың 2 дәрежесіне тән аускультациялық белгілер:
1. қатқыл тыныс, құрғақ сырылдар
2. крепитация
3. “үнсіз өкпе” аймақтары
4. ылғалды сырылдар
5. бронхтық тыныс
Жүрек астмасына қарағанда бронхтық астма ұстамасына тән:
1. көп мөлшерде қызғылт түсті көпіршікті қақырық бөлінетін жөтел
2. тыныс шығарудың ұзаруы
3. тыныс шығарудың қиындауы
4. құрғақ ысқырықты сырылдар-дистанциялық сырылдар
5. “үнсіз өкпе” аймақтары
ӨСОА бронхитикалық вариантына тән аускультативті белгісі:
1.бронхтық тыныс
2. Везикулярлық тыныс
3. қатты тыныс, құрғақ сырылдар
4. әлсіз везикулярлық тыныс
5. Амфорлық тыныс