Медицина қызметкерінің қолды жуу деңгейі
Қолды жуудың үш деңгейі бар: әлеуметтік, гигиеналық (қолдың саусақтарын дезинфекциялау), хирургиялық (белгілі бір уақытқа қолдың саусақтарын стерилділікке жеткізу).
Қолды өңдеудің әлеуметтік деңгейі
Мақсаты:механикалық тәсіл арқылы қолдағы микрофлораны жою. Пациент және персоналдың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көрсеткіш:қолды әлеуметтік өңдеуқолды тазалаудың ең қарапайым әдісі, қолғаппен және қолғапсыз емдік емшараларды жүргізер алдында, сонымен қатар одан кейін де жүргізіледі; тамақтану алдында және кейін; әжетханадан кейін; науқастың биологиялық сұйықтығымен қолы былғанбаса да пациентті күтуге қатысқаннан кейін.
Жабдықтар:кір сабын бір рет қолданатын, стерильді салфетка,секунд көрсететін тілі бар сағат, жылы ағынды су, жеке орамал (электрлі кептіргіш).
Міндетті жағдай:терісі сау тырнақтары боялмаған қол. Алдымен тырнақ астындағы кірді тазалап қолды ағынды сумен жуу.
Дайындық:
1. саусақтағы сақинаны шешіп, терінің бүтіндігін тексеру
2. халаттың жеңін шынтаққа дейін түріп, сағатты
3. шүмекті ашып, судың температурасын ретту (35-40)
Орындау:
1. Қолды сабындап, су ағатын шүмекті сабындап жуады, (шынтақпен жабылатын шүмек жуылмайды) сабынды таза салфеткаға немесе сабын салғышқа салады.
2. Ағынды судың астында қолды сабындап алдымен білектің 2/3 бөлігіне дейін, саусақтың арасын мұқият 30 секунд жуады, содан кейін алақанды және қолдың сыртқы бөлігін саусақтармен айналдырмалы қозғалыс жасап жуады.
3. Қолдағы сабын көбіктерін тазалау үшін қолды ағынды сумен шаяды
Ескерту: қолдың басындағы су шынтаққа қарай ағу үшін саусақтарды жоғары қаратып қолды көтеру керек (қолды су ағатын шүмекке тигізбейді).
4. Қолды жууды осы тәртіппен қайталаңыз.
Аяқтау:
1. салфетка арқылы шүмекті жабады (шынтақпен жабылатын шүмекті шынтақпен басып жабады).
2. Қолды жеке орамалмен немесе кептіргішпен кептіреді.
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу.
Қолды гигиеналық тазалау ең нәтижелі болып саналады.
Мақсаты:гигиеналық деңгейде қолды деконтаминациялау.
Көрсеткіш:
- қолғапты киер алдында және шешкеннен соң;
- организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жұмыс істегенде;
- иммунитеті төмендеген науқастарды күту алдында.
Жабдықтар: кір сабын, секунд көрсететін тілі бар сағат, жылы ағынды су, пинцет, мақта шариктері, салфеткалар. дез.ерітінді құйылған ыдыс.
Міндетті жағдай: теріде зақымдалулар болмау керек
Этаптар | Ескерту |
Дайындық
1. Саусақтағы сақинаны шешу | Қолдың жуылатын бөлігін дайындау |
2. Халаттың жеңін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайыру, сағатты шешу | Мейірбикенің инфекциялық қауіпсіздігін сақтау |
3. Шүмекті ашу | Ағынды су қолданады |
Орындау
1Ағынды сумен қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін және саусақтардың арасын 10 секунд сабындап жуу. | Қол саусақтарының деконтаминация дәрежесіне детуін қамтамасыз ету, «тазадан кірге қарай» деген тазалау принцпін сақтау |
2. Сабын көпіршігін жуу үшін қолды ағынды сумен шаю | |
3.Қолды жууды 5-6 рет қайталау |
Аяқтау
1.Қолды салфеткамен сүрту | Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
2.Салфетканы дез.ертітінді құйылған ыдысқа салу | |
3.Стерильді салфетка арқылы шүмекті жабады немесе көмекшіге шүмекті жабуды өтіну |
Қолды хирургиялық деңгейде тазалау
Хлоргексидин биглюконаттың 0,5%-спиртті ерітіндісімен қолды жуу тәсілі.
Мақсаты: Мейірбике қолының стерильділігіне жету.
Көрсеткіш:
- стерильді үстелді дайындау;
- операцияға қатысу;
- босандыруға қатысу
Қарсы көрсеткіш:
- қолды іріңдіктердің болуы;
-терінің жарылуы және жарақаттануы;
-тері аурулары
Жабдықтар:
-бір рет қолданатын кір сабын;
-1 мин, 3 мин-тық құм сағаттар.;
-20-30 мл хлоргексидин биглюконаттың 0,5%-спиртті ерітіндісі;
-корцанг және стерильді лоток;
-стерильный бикс с целевой укладкой для покрытия стерильного стола.
Міндетті жағдайлар:бұл жұмыс қатаң және ерекше стерильді аймақта жүргізіледі.
Жұмыс асептика ережелерін сақтай отырып бикстен стерильді материалдарды алып беретін көмекшінің көмегімен жүзеге асырылады.
Этаптар | Ескертулер |
Дайындық | |
1. Қолды қарапайым әдіспен жуу | Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
2. Стерильді жаймалар бар биксті дайындап, оның маркировкасын және стерильділігін тексеру. | Инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету |
3. Педаль арқылы немесе көмекшінің көмегімен биксті ашу | Инфекциялық бақылауды сақтау |
4. Стерильділікті тексеретін индикаторды алып оның жағдайын қарайды | Стерилизацияның сапасын бақылау |
5. Корцанг арқылы бикстен алдымен орамалды, одан соң масканы алып, оларды киеді. | Стерильділікті сақтау |
6. Корцангті лотокқа салады | Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету |
Орындау | |
1. Ағынды сумен қолды шынтаққа дейін және саусақтың арасын бір минут уақыт бойы жуады. | Құм сағатқа қарау керек |
2. Сабын көпіршігін жуу үшін қолды ағынды сумен шаяды | |
3. Қолды салфеткамен сүртеді | |
4. Хлоргексидиннің 0,5%- спирт ерітіндісіне батырылған салфеткамен әрбір қолды саусақтың ұшынан бастап шынтаққа дейін екі рет 3 минут уақыт бойы сүртеді. | Қолды хирургиялық өңдеу жүзеге асырылады.Сағатқа қарау керек |
Аяқтау | |
1. Стерильді киім және қолғап киеді | Асептиканы сақтау керек |
Стерильді қолғапты кию ережесі
1.Стерильді қорапты ашып қолғапты алу,
2. Қолғаптың білек бөлігін сыртқа қайырып, оның ішкі жағына саусақтарды тигізбей оң жақ қолдың қолғабын алады.
3. Оң қолдың саусақтарын бір-бірімен біріктіріп қолғапқа саусақтарды енгізеді.
4. Қолғапты киіп, оң қолдың саусақтарының арасын ашады.
5. Қолғап киілген оң жақ қолдың екінші, үшінші және төртінші саусақтарымен сол жақ қолдың қолғабын оның ішкі жағына оң қолдың саусақтырын тигізбей етіп алады.
6. Сол қолдың саусақтарын біріктіріп қолғапқа енгізеді
7. алдымен сол қолдағы, одан соң оң қолдағы қолғаптың қайырылған шетін түзейді.
Стерильді қолғапты шешу ережесі
1. Оң қолдың саусақтарын сол қолдағы қолғаптың сыртқы жағына тигізбей, оның ішкі жағына енгізіп, қолғапты сыртқа қарай қайырады.
2. Сол қолдың саусақтарын қолғаптан суырып, қолғапты сыртқа қарай қайыру.
3. Оң қолмен сол қолдағы қолғаптың қайырылған шетінен ұстап оны шешу.
4. Сол қолмен оң қолдағы қалғаптың қайырылған шетінен қолдың ішіне қарай енгізіп шешу.
5. Екі қолғапты да дез.ерітінді құйылған ыдысқа салады.
Ескерту:бір рет қолданылатын қолғаптардыдезинфекциялағаннан соң жояды, ал көп рет қолданылатын қолғаптарды медициналық тағайындауларға арналған құралдар сияқты өңделінеді.
Емшара бөлмесінде кәсіптік жұқтырулардың алдын-алу.
Емшара бөлмесінде жұмыс жасау кезінде пациенттің ақпаратты статусы туралы білу мүмкін емес, сондықтан да «Еліміздегі гепатитпен ауырытындардың санын төмендету шаралдары туралы» деген 12.07.89ж №408 бұйрықта ұсынылған сақтану ережелеріне бағынуға тура келеді.
1. Жұмыс істеу кезінде бір рет қолданылатын құралдарды пайдаланған дұрыс.
2. Құралдар 90100176 от 06.08.97 ж. СанПин «Медициналық тағайындауға арналған құралдарды стерилизациялау және дезинфекциялау» бойынша өңделінеді.
3. Пациенттің қаны және биологиялық сұйықтықтары арқылы аурулар жұғуы мүмікн барлық манипуляцияларды орындағанда міндетті түрде латексті қолғап, маска, клеенкалыфартук кию қажет
4. Қолды щеткамен жууға болмайды.
5. Қанмен былғанған құралдарды дезинфекциялық ерітіндіге салғаннан кейін ғана тазалайды.
6. Жұмыс орнында жаңадан дайындалған дезинфекциялық ерітінділер, мақталы дөңгелектер, пробиркалар, шприцтер, инелер және т.б. болу керек.
7. Емшара бөлмесінде аптечка болу керек.
8. Лабораторияға бағытталған жолдамаларды пробирканың ішіне салмай, ыдыстың сыртына жабыстыру керек .
ВИЧ ке күдікті биологиялық сұйықтықтарға жатады:
- қан және оның компоненттері: жұлын (цереброспинальді) сұйықтығы: амниатиялық сұйықтық; шәует;
- төс сүті; қынып бөлінділері; аяқ; сілекей; көз жасы; жыныс; асқазан сөлі.