Талдағыштардың үйлесімді қатынастары

Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

Арағанды мемлекеттік медицина академиясы

Физиология кафедрасы

Д Ә Р І С

Тақырып: «Талдағыштардың физиологиясы.

Ақпараттарды талдау механизмдері»

«Физиология-1» пәні

051301 «Жалпы медицина» мамандығы

2 курс

Уақыты 1 сағат

Қарағанды 2008 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

Хаттама _____________ 2008 ж.

Кафедра меңгерушісі ______________ Ф.А. Миндубаева

· Дәрістің тақырыбы: «Талдағыштардың физиологиясы. Ақпараттарды талдау механизмдері»

· Дәрістің мақсаты:талдағыштардың шеткі, өткізгіштік және қыртыстық бөлімдерінде ақпараттарды өңдеу ерекшеліктері, сезімтал жүйелердің өзара әрекеттесуі, талдағыштардың әрекетінің реттелуінің ерекшеліктері туралы түсінік беру.

· Дәрістің жоспары:

1. Талдағыштардың қозуының жалпы механизмдері. Талдағыштардың шеткі бөлімдерінде сигналдарды қайтадан өңдеу процестері.

2. Талдағыштардың өткізгіштік бөлімі, афференті қозуды өткізу ерекшеліктері.

3. Талдағыштардың орталық (қыртыстық) бөлімі. Афференттік қозудың жоғары қыртыстық анализі мен синтезі процестері.

4. Талдағыштардың бейімделуі.

5. Талдағыштардың өзара әрекеттесуі.

6. Талдағыштардың әрекетінің реттелуі.

Талдағыштардың үйлесімді қатынастары

Организмнің икемделу эсерленісі көптеген жэне эр алуан сезім мүшелерінің өзара эрекеттесуі арқылы атқарылады.Олардың сыртқы қабылдагыш аппараттары барлық физиологиялық жүйелермен мол байланыс жасайды.Қоршаған ортаның тітіркендірістерін сезінетін сыртқы қабылдағыштар жүйесі рефлекторлы түрде барлық басқа мүшелерге эсерін тигізеді.Сонымен бірге ішкі ағзалардың күйін түйсіну іс-әрекетіне ықпал етеді.Осындай өзара ықпал жасайтын байланыстар организмнің икемдейтін эсерленіс торын қүрайды.Сондықтан сезім мүшелерінің арасындағы эрекеттестік (тері-көз,көз-тері,т.б.) бірлестіруші жэне талдағыш іс-әрекетті ойдағыдай жоғары дәрежеде өткізеді, қоршаған төңіректе дұрыс бағдарланысты, жалпы биологиялық маңызы бар әртүрлі ағзалар мен жүйелердің арақатынасын анықтайды.Мэселен, иіс сезіну белсендірілгенде көру қабілеті күшейеді, ал дыбыс қабылдау өскен жағдайда, көру талдағышының сезгіштігі төмендейді.

Талдағыштар өзара эрекеттесу арқылы организмге қажетті ақпараттарды дер кезінде жеткізіп отырады.Сөйтіп эуелі биологиялық маңызды іс-эрекетті үйымд астырады.

Көру жэне температуралық талдағыштардың эрекеттестіктері қыртысасты қүрылым деңгейінде атқарылады.Ал дэм сезу жэне асқазанның интерорецепторлы жүйелерінің арасындағы эрекеттесуі сопақша ми деңгейінде өтеді.

Жалпы талдағыштардың өзара эрекеттесуі басқа да бірнеше деңгейлерде (жүлын,торлы қүрылым, таламус-ми қыртысы) жүзеге асырылады.Әсіресе торлы қүрылым нейрондарында сигналджар өте кеңінен бірлестіріледі.Ми қыртысында сигналдардың жоғары сатыда бірлестірілуі байқалады.Көптеген ми қыртысы нейрондарында талдағыштардың төменгі деңгейімен бірнеше байланыстары жэне бейарнамалы жүйелері болғандықтан жаратылысы әртүрлі сигналдардың күрделу қисындасуын аңғаратын қабілет туады.Бүл, эсіресе үлкен ми сыңары қыртысының қозғалтқыш аймағы мен үласқан аймақтарының нейрондарында кездеседі.Осы аймақтардағы пирамидалық клеткалар көру, есту, сипап сезу жэне басқа сигналдар жететін жалпы ақырғы жолдары болып саналады.Олардағы сезгіштік нейрондардың байланыстары өте икемді келеді.Яғни дағдыларды жаңадан қалыптастырып немесе ескісін жаңғыртып, шартты рефлекс арқылы қайта қүруды қамтамасыз етеді.Сезімаралық синтезде үлкен ми сыңары қыртысының маңдай бөлімі ерекше маңызды болады.Сондықтан ол бүлінсе, адамдарда күрделі бейнелеу қалыптаспайды.

Талдағыштардың сигналға талдау жасауда ең маңызды қабілеті -тітіркенудің үдемелі өзгерісін, уақыттық көрсеткіштерін немесе кеңістік белгілерін табу.Талдағыш жүйелердің сигналдарды ажырату әрекеті олардың рецепторларынан басталады, оған рецепторлардың келесі бөлімдері қатысады.Бүлар тітіркенудің ең аз айырмашылығына эртүрлі эсерленісті қамтамасыз етеді.Осы ең аз айырмашылық ажыратудың алғашқы өлшемі болып саналады.

Э.Вебер 1834 жылы тітіркенудің сезінерлік күш өсімі (ажырату табалдырығы) алдыңғы эсер еткен күштің белгілі бір мөлшеріне жетсе ғана түйсінілетіндігін ғана көрсетті.Мэселен, қолдың үстіне қойылған бұ-рынғы жүкке қосымша жүк қосылса, кейінгінің ауырлығын сезіну үшін ол алғашқы салмақтың үштен бір бөлшегіне тең болуы керек.

Сигналды кеңістікте ажырату, қозу толқындарының рецепторларда және жүйке қабаттарында аумақты таралуына негізделген.Алд, егер екі белгісіз тітіркендіргіш көршілес екі рецепторды қоздыратын болса, оларды ажырату мүмкіншілігі болмайды, өйткені олар біртұ.тас тітіркендіргіш ретінде түйсініледі.Екі стимулды кеңістікте ажырату үшін, ең болмаса арасында қозбаған бос жер болуы керек.мүлдай нэтиже дыбысты түйсінгенде байқалады.Екі тітіркенудің уақытын ажырату үшін, олар бір-бірімен түтаспауы керек.Сонымен бірге, соңғы тітіркенудің сигналы алғашқы қозудың қасарысу (рефрактерлі) кезеңіне дэл келмеуі тиіс.

Наши рекомендации