Жұмыс. Қысқа уақыттық есті зерттеу. Тікелей есте сақтау көлемін анықтау
Ес деп ақпаратты есте қалдыру, сақтау және өңдеуді атайды. Қысқа- және ұзақ уақыттық ес деп бөледі. Қысқа уақыттық ес деп, ақпараттың бірден өңделуі кезіндегі ақпараттың есте қалдырылуын түсінеді.
Жұмысқа қажеттілер: кезектескен 4, 5, 6, 7, 8, 9, және 10 элементі бар, алдыш-ала дайындалған 7 қатарлы сандар.
Жұмыстың жүргізілуі.Зерттелушіге мынадай: мұқият тыңдаңыз,сізге бірнеше сандар көрсетіледі, соларды есте қалдыруыңыз керек-дегеннұсқаулар беріледі.Хаттамада есте қалдырған сандарыңызды көрсетілген тәртіп бойынша жазыңыз. Менің бұйрығым бойынша жазыңыз.
Қысқа қатардан бастап, зерттеуші әрбір қатардағы сандарды нақты дауыстап, бір рет оқып шығады. Әрбір қатарды оқығаннан 2-3 с. өткеннен соң, зерттеуші бұйрық бойынша «Жазыңыз» деп көрсетеді. Зерттелуші алдын-ала дайындалған хаттамада есте қалдырғандарын өз кезегімен жазып шығады. Нақты мәліметтер алынуы үшін, тәжірибені 4 рет қайталайды.
Жұмыс нәтижелері және оларды бейнелеу. Көрсетілген материалдардаң әрбір сериясындағы нәтижелерді салыстырыңыз. Табылған нәтижелерді талқылаңыз және есте қалдыруды анықтаңыз.
Жұмыс. Мағыналық естің көлемін анықтау
Барлық психикалық үрдістер бір-бірімен өзара байланысқан. Ұзақ уақыттық ес қолайлы ақпаратты таңдау және ақпараттың келесі кезекте қайта өңделуімен қатар, ұзақ уақыт бойы сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл үрдісте тікелей қабылдаудаудан басқа елестету, елес қалдыру, ойлау қатысады.
Жұмысқа қажетті: алдын-ала дайындалған 18 және одан жоғары «дәмді кешкі ас», «көңілді мейрам», «қайғы», «достық» және т.б. осы типтес алаңдаушылық түсініктері қолданылады.
Жұмыстың жүргізілуі.Зерттелушіге «Сізге бірқатар түсініктер көрсетіледі»деген нұсқау беріледі. Берілгендерді есте сақтау үшін, көрсетілгендердің өзіңіз қабылдаған ассоциациясы бойынша, оны қағазға сурет немесе белгілер (бірақ сөз түрінде емес) түрінде түсіріңіз. Түсініктерді қайта өңдеуде, Сіз өзіңіздің белгілеріңізді қолданасыз. Түсініктерді нақты қайта өңдеуге тырысыңыз.
Тәжірибеші дауыстап және анық түрде бір рет 18 түсінікті үзіліспен (үзіліс зерттелушінің белгілерін жазуға қажет) оқып шығады. 30 – 60 мин кейін зерттелуші өзінің белгілерінің астына барлық 18 түсінікті жазып шығады.
Жұмыс нәтижелері және оларды бейнелеу. Қате сандарын талқылаңыз және түрлі зерттелушінің нәтижелерін салыстырыңыз.
Жұмыс Қабылдау мен ойлаудың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау
Күрделi аналогиялар немесе сiзде абстрактiлiгi ойлар қандай?
Суреттеу:Әдiстеме 20 жұп сөздi-логикалық есептерден тұpaды. Осыны зерттеушi шешу керек. Зерттеушiнiң жұмысы - логикалық байланыстың 6 түpiн қайсысы әр бiр жұп сөзде қарастырылған aнықтаy керек, бұл үшiн оған «Шифр» кестесі көмектеседi. Оны қолданатын түр байланысы және әріптік мазмұны үлгiге келтiредi: А, Б, В, Г, Д, Е. Зерттеушi жұп сөздердің арасындағы қатынасын анықтау керек, сосын «ұқсасын» табу керек. Бұл кестеде «шифрды» таңдау – дәл осындай логикалық байланысы бар жұп сөздер содан соң қатардағы әрiптердi көрсету қажет. Ол «Шифр» кестесiндегi табылған ұқсастығына сәйкес келуi керек. Жұмысты орындау уақыты 3 минуттан аспау керек.
Құрал жабдықтар:Әдiстемелiк бланк, тipкey жауаптарының протокол бланкiсi.
Жұмыстьң жүргiзiлу барысы: Сiздiң алдыңдағы бланкта бiр-бiрiмен логикалық байланысқан 20 жұп сөз бар. Оған қарама-қарсы 6 түр логикалық байланысы бар сөздер 6 әріптен тұрады. 6 түр мысалы да «Шифр» кестесiнде келтiрiлген.
Сiз бiрiншiден жұп сөздер арасындағы байланысты анықтайсыз. Сосын «Шифр» кестесінен жұп сөзге сәйкес келетiн ұқсастықты табасыз. Содан кейiн әрiптiк қатардан сәйкес келетiн әрiптi қоршап қоясыз. Жұмысты орындау уакыты 3 минут.
Әдiстемелiк қажеттi құралдар Шифр
1. | Қорқыныш - қашу |
2. | Физика - ғылым |
3. | Қатесiз - дұpыс |
4. | Қатар - 6ақша |
5. | Жұп - екi |
6. | Сөз - сөйлем |
7. | Сергек - әлсiз |
8. | Бостандық - ерiк |
9. | Ел - қала |
10. | Қолдаy - ұpcy |
11. | Keк - жағу |
12. | Он - сан |
13. | Жылау - айқалап жылау |
14. | Бөлiм - роман |
15. | Тыныштық - қозғалыс |
16. | Батылдық - батырлық |
17. | Салқын - аяз |
18. | Алдау - сенiмсiздiк |
19. | Ән айту - өнер |
20. | Стол - орындық |
А. Қой - отар
Б. Құлпынай - жемiс
В. Теңiз - мұхит
Г.Жарық - қараңғы
Д. Улану - өлiм
Е. Дұшпан - дос емес
АБВГДЕ
Кiлт
Д | Б | Е | А | Е | А | Г | Е | В | Г | Д | Б | Е | А | Г | Е | В | Д | Б | В |
Баға, балдар | |||||||||
Дұрыс жауап саны | 12-14 | 10-11 | 8-9 |
Баға
Нәтижелердi талдау
Егер зертелушi барлық cұpaқтapғa дұpыc жауап берсе және барлық қойылғандарды логикалық түсiндiрсе, онда бұл адам күрделi логикалық байланысты және абстракцияны дұpыc түсiндiредi деп айтуға болады.
Егер зертелуші қиыншылықпен нұсқayды түсініп қателесетiн болса, онда ойдың жан - жаққа таралуы логиканың жоқтығы, ойлардың диффузиялық байланыстығы бiр - бiрiмен логикалық ұқcacтығын түсiнбеушiлiк туралы қорытынды жасауға болады.
Ең жоғарғы ақпараттық қасиет ол зертелушi адамның ой салыстырумен байланысты. Салыстыру барысында айырмашылық байқау қиындығын мына мысалдармен түсiндiруге болады. Мысалы: суык - аяз.
№4 ЖҰМЫС.Назарды зерттеу