Балалардағы баспа синдромы. Күл ауруы. Жұқпалы мононуклеоз. Басқа да этиологиялы баспалар.

Деңгей

89. Күл ауруының ең жиі асқынуы©

гломерулонефрит©

пиелонефрит©

миокардит©

пневмония©

жедел бүйрек үсті безі жетіспеушілігі

90. Жұқпалы мононуклеоз қоздырғышының ағзадағы тропизмін көрсетіңіз©

лимфоцито-ретикулярлы тін©

безді тін©

нервті тін©

бүйректік тін©

тамырлы

91. Көмей күлі кезінде дамиды©

іріңді-некротикалық қабыну©

күлдік қабыну©

асептикалық қабыну©

крупозды қабыну©

аллергиялық қабыну

92. Күл ауруы кезіндегі қабылдаушылық индексі©

0,20©

0,40©

0,80©

0,97©

0,98

Деңгей

93. Науқас 5 жаста, жедел ауырған, дене температурасы 380С дейін жоғарылап, енжар, жұтынғанда тамағы ауырсынады. Мынадай диагноз қойылды: Лакунарлы баспа, орташа дәрежелі ауырлықта. Араң мен мұрыннан жағындыны бактериологиялық себу нәтижесі: Леффлер бацилласының токсигенді штаммы бөлініп алынды (BL). Клиникалық диагноз қойыңыз©

Симановский-Плаут баспасы©

Corynebacterium diphtheriae тасымалдаушылығы©

Араң күлі, жергілікті түрі©

лакунарлы баспа және Леффлер бацилласын тасымалдаушы (BL)©

жұқпалы мононуклеоз

94. 6 жастағы бала 10 күн бұрын баспамен ауырды. Араңнан BL токсигенді штаммы анықталды. Дәрігерге дауысының міңгірлеуіне және шашалуға шағымданып келді. Объективті: ауыз жұтқыншақта таңдай пердесі қозғалыссы, фонация енжар салбырап тұр. Диагоз қойыңыз©

ауыз жұтқыншақ күлі, жергілікті түрі©

ауыз жұтқыншақ күлі, жұмсақ таңдайдың парезімен асқынған©

ауыз жұтқыншақ және көмей күлі, жайылған түрі©

ауыз жұтқыншақ күлі, комбинирленген түрі©

көмей күлі, токсикалық түрі

95. Ауруханаға 5 жастағы бала дене температурасының 38С дейін жоғарылауына, әлсіздікке, тынысы мен жұтынудың қиындауына шағымданып қалды. Жағдайы орташа ауырлықта. Температурасы 38,5С. Тері жабындары таза, бозғылт. Перифериялық лимфа түйіндерінің пальпациясында мойын арты лимфа түйіндері екі жақтан да ұлғайған. Араңында шырышты қабаттардың қызаруы, бадамша бездерінің ұлғаюы және жабындар бар. Іші жұмсақ, гепатоспленомегалия. Сіздің диагнозыңыз©

араң күлі©

лимфогранулематоз©

жұқпалы мононуклеоз©

аденовирусты инфекция©

аденоиды

96. Ауруханаға 5 жастағы бала дене температурасының 38С дейін жоғарылауына, әлсіздікке, тынысы мен жұтынудың қиындауына шағымданып қалды. Жағдайы орташа ауырлықта. Температурасы 38,5С. Тері жабындары таза, бозғылт. Перифериялық лимфа түйіндерінің пальпациясында мойын арты лимфа түйіндері екі жақтан да ұлғайған. Араңында шырышты қабаттардың қызаруы, бадамша бездерінің ұлғаюы және жабындар бар. Іші жұмсақ, гепатоспленомегалия. Шеткі қанда қандай өзгерістер тосасыз©

лейкопения©

ЭТЖ қалыпты©

атипті мононуклеарлардың болуы©

нейтрофилез©

эозинофилия

97. Бала 1 жас 2 айда. 2 күн бұрын сырққанған. Дене температурасы 37,8С, жөтел, дауысының қарлығуы пайда болды. 2-ші күннің соңында жөтелі дыбыссыз болып, тыныс алуы қиындап, мойындырық шұңқыры мен эпигастрийдың тартылуы пайда болды. Болжам диагноз©

ЖРВИ, ларинготрахеит©

көмейдің бөгде заты©

ЖРВИ, көмей стенозы 2 дәрежелі

көмей күлі©

көмей папилломатозы

98. 2 жастағы баланың дене температурасы 2 күннен бері 38,0 – 38,60 С дейін жоғарылайды, жұтыңғанда тамағы ауырсынады. Обьективті: шырышыт қабаттары айқын қызарған, бадамша бездері ісінген, бадамша бездерінде жабындар. Мойын асты лимфа түйіндері екінші өлшемге дейін ұлғайған. Баланың жағдайын БЖАИЖ бағдарламасы бойынша жіктеңіз©

жұтқыншақ арты абсцесс©

стрептококты емес фарингит©

стрептококты фарингит©

қызба, фебрильды сырқат©

қызба, суық тию

99. Ауруханаға 3 жастағы бала дене температурасының жоғарылауына, әлсіздікке, жұтынғанда тамағының ауырсынуына шағымданып келдғ. Жанұясында әкесі бір апта бұрын баспамен ауырған. Объективты: жағдайы ауыр, Т 39,6С. Араңында – бадамша бездері мен доғалшықтарда тығыз, шпательмен қиындықпен алынатын сұр тқсті жабындар. Бадамша бездері ісінген. Ем түрін таңдаңыз©

антибактериальды©

арнайы©

дисенсибилизациялық©

симптомды©

стимулдеуші

100. 7 жастағы бала ауруханаға сырқатының 4-ші күні келіп түсті. Қараған кезде жағдайы ауыр. Енжар, тері жабындары бозғылт. Бадамша бездері аздап қызарған, ортаңғы сызық бойынша бірігеді, тығыз ақ жабынмен жабылған (+ тін). Ауызынан тәтті иіс шығады. Мойын тері асты шел майы екі жақтан да бұғанаға дейін ісінген, жүрек тондары тұйықталған. Аурудың клиникалық түрін көрсетіңіз©

жергілікті©

жайылған©

субтоксикалық©

токсикалық I дәреже©

токсикалық II дәреже

101. 3 жастағы "лакунарлы баспа" диагнозымен 2 күн бұрын келіп түскен баланы кезекші дәрігер келіп қарағанда, араңының аздап қызаруын, бадамша бездерінің ісінуін және оларда беті тегіс, алынбайтын, үгітілмейті, ақ-сұр түсті жабындарды анықтады. Мойын алды лимфа түйіндері 1-2 дәрежеге дейін ұлғайған, дене температурасы 37,60 С. Диагноз қойыңыз©

араң күлі, жергілікті түрі©

араң күлі, жайылған түрі©

жұқпалы мононуклеоз©

лакунарлы баспа©

араң күлі, субтоксикалық түрі

102. 8 жастағы бала 7 күннен бері сырқат. Дене температурасының жоғарылауына, мұрынның бітелуіне, тамағының ауырсынуына шағымданады. Объективті: температурасы 38,70С. Мойын және қолтық асты лимфа түйіндері тығыз, грек жаңғағы көлемді, аздап ауырсынады. Араңында бадамша бездері қызарған және ісінген, екі жақтан да сарғыш түсті жабындар, бөбешік ісінген. Ауыз арқылы тыныс алады. Көкбауыры +3,0 см, бауыры +4,0 см. Диагноз қойыңыз:©

туляремияның ангинозды-бубонды түрі©

лимфогранулематоз©

жұқпалы мононуклеоз©

аденовирусты инфекция©

жүре пайда болған токсоплазмоз

Деңгей

103. 2 жастағы баласы бар ана баласының сұйықтық іше алмауына шағымданып емханаға келді. Қараған кезде бала летаргиялы емес, тырысулар болған жоқ, әрбір тағам немесе сұйықтық қабылдаған соң құсу болған жоқ. Дәрігер балаға сұйықтық бергенде ол жұтына алмады. Температурасы 37,8С. Қараған кезде – мойын лимфа түйіндері ұлғайған, араңда ақ жабындар жоқ. БЖАИЖ бағдарламасы бойынша осы балаға ем тағайындаңыз©

бициллин -1 - 600 000 ХБ бір рет б/е, ауруханаға шұғыл жолдау©

бициллин -1 - 600 000 ХБ б/е, парацетомол 0,2 ½ таб х 2 күн бойы©

тамағын қауіпсіз затпен жұмсарту, парацетомол 0,2 ½ таб©

бициллин-1 120000 ХБ б/е 3 күн бойы, парацетомол 0,2 ½ таб дене температурасы жоғары болғанда©

бициллин-1 120000 ХБ б/е 5 күн, тамағын қауіпсіз затпен жұмсарту

104. Наташа 3 эаста, ЖРВИ –ға байланысты ем қабылдады. Сырқатының 5-ші дене 37,5С дейін жоғарылап, мойыны ісінген. Мұрын арқылы тыныс алуы қиындаған, бөліністер жоқ. Араңында бадамша бездері ұлғайған. Мойын алды және арты лимфа түйіндері тізбектеліп алқа тәрізді орналасқан. Бауыры қабырға доғасы астынан 4 см шығып тұр, көкбауыры 2 см. Қанның жалпы анализінде - эр- 3,5х1012/л, Нв-120 г/л, Л-20х109/л, с-17%, л-53%, м-10%, атипті мононуклеарлар- 17%. Диагноз қойыңыз©

араң күлі, жергілікті түрі, жеңіл дәрежелі©

аденовирусты инфекция, фарингоконьюктивальды қызба, қызба, орташа дәрежелі ауырлықта©

жәншау, типті, орташа дәрежелі ауырлықта©

жұқпалы мононуклеоз, типті, орташа дәрежелі ауырлықта©

лакунарлы баспа, орташа ауырлықта

105. 7 жастағы бала, ауруханаға сырқатының 4-ші күні келіп түсті. сырқатының бірініші күндері тамағының ауырсынуы, әлсіздік болды. Екінші күні мойыны ісінді. Түскен кезде жағдайы ауыр. Енжар, тері жабындары бозғылт. Бадамша бездері аздап қызарған, ортаңғы сызық бойынша бірігеді, тығыз ақ жабынмен жабылған (+ тін). Ауызынан тәтті иіс шығады. Мойын тері асты шел майы екі жақтан да бұғанаға дейін ісінген, жүрек тондары тұйықталған . осы балаға ем тағайындаңыз©

КҚС 5 мың. АБ б/е, пенициллин 100 мың Б/кг 5 күн бойы©

КҚС 15 мың. АБ бөгде ақуызға сезімталдықты анықтау әдісімен, пенициллин 500 мың Б/кг 7 күн бойы©

КҚС 50 мың. АБ бөгде ақуызға сезімталдықты анықтау әдісімен, пенициллин 500 мың Б/кг 14 күн бойы©

КҚС 100 мың. АБ бөгде ақуызға сезімталдықты анықтау әдісімен, пенициллин 100 мың Б/кг 14 күн бойы©

КҚС 220 мың. АБ бөгде ақуызға сезімталдықты анықтау әдісімен, пенициллин 500 мың Б/кг 14 күн бойы©

106. Мадина 4,5 жаста, жұтынғанда тамағының ауырсынуына шағымданады. Дәрігер анасынан сұрады: Бала су іше алады ма? Анасы жоқ деп жауап берді. Қарағанда ұлғайған лимфа түйіндері, тамағында ақ жабындылар бар.Дене қызуы 37,7 С.Баланың жағдайын БЖАИЖ бағдарламасы бойынша жіктеңіз, емін көрсетіңіз©

жұтқыншақ абсцессі, бициллин 1, ауруханаға шұғыл жолдау©

стрептококкты фарингит, бициллин1, парацетомол, ауруханаға жолдау©

стрептококкты фарингит, бициллин1, ауырсыну кезінде парацетомол беру, тамағын қауіпсіз ерітінділермен жұмсарту, анасына қашан дер кезінде келу керек екенін түсіндіру, келесі келуі 2 күннен соң©

стрептококкты емес фарингит,тамағын қауіпсіз ерітінділермен жұмсарту, ауырсыну кезінде парацетомол беру, анасына қашан дер кезінде келу керек екенін түсіндіру, келесі келуі 2 күннен соң©

стрептококкты емес фарингит, тамағын қауіпсіз ерітінділермен жұмсарту, ауырсыну кезінде парацетомол беру, анасына қашан дер кезінде келу керек екенін түсіндіру, келесі келуі 3 күннен соң

Тақырып

Менингококты инфекция

Деңгей

107. Менингококкты менингит кезіндегі цитоз қандай©

лимфоцитарлы©

нейтрофильді©

аралас©

цитоз қалыпты©

бірінші күні- лимфоцитарлы, динамикада- аралас

108. Менингококты инфекцияның емінде ең тиімді препарат:©

гентамицин©

кефзол©

пенициллин натрий тұзы©

пенициллин калий тұзы©

бисептол

109. Менингококты менингит кезінде пенициллинды тоқтату критерийлері:©

цитоз 500 жасуша, лимфоцитарлы©

цитоз 100 жасуша, нейтрофилді©

цитоз 100 жасуша, лимфоцитарлы©

цитоз 300 жасуша, нейтрофилді©

цитоз 250 жасуша, лимфоцитарлы

110. Менингококты инфекция кезіндегі бөртпе©

геморрагиялық, жұлдызшалы©

розеолезді

папулезді

везикулезді©

ұсақ нүктелі

Деңгей

111. 7 айлық бала, соңғы 10 сағаттан бері сырқат. Ауру қалшылдаудан, мазасызданудан, жиі лоқсудан, дене температурасының 39,9С дейін жоғарылауынан басталды. Жағдайы ауыр, қасындағы адамдарға назар аудармайды. Тері жабындары бозғылт, жамбаста, денесінде тығыз жұлдызшалы геморрагиялық бөртпе. Қол-аяқтары ұстаған кезде суық, температурасы 36С. Жүрек тондары тұйық, нашар естіледі. Өмірлік қажетті препаратты көрстеіңіз©

манит©

пенициллин©

левомицетин©

преднизолон©

люминал

112. 11 айлық бала кенеттен сырқаттанды. Дене температурасы 40оС дейін жоғарылап, мазасызданды, бетінде,денесінде, қол-аяғында жұлдызша тәрізді көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе пайда болды. Жүрек тондары қатты тұйықталған. АҚҚ 60/30 мм с.б.б. Диагноз қойыңыз©

менингококты инфекция, менингококцемия©

аллергиялықбөртпе©

тұмау©

энтеровирусты инфекция, экзантема©

жәншау, токсикалық түрі

113. Науқас соңғы 10 сағаттан бері сырқат. Сырқат дене температурасының 39,90С дейін жоғарылауынан, қалшылдаудан, жиі лоқсудан басталды. Жағдайы ауыр, қоршаған адамдарға назар аудара алмайды, тері жабындары бозғылт, жамбас және денесінің терісінде шеттері тегіс емес ортасында некроз ошағы бар геморагиялық бөртпе. Аяқ-қолдары суық, температурасы 36С. Жүрек тондары тұйық, нашар естіледі. Мұрын жұтқыншақтан себіндіде жасуша ішінде орналасқан диплококктар анықталды. Осы сырқаттың асқынуын көрстеіңіз©

көкбауырдың жарылуы©

жедел бүйрек үсті бездің жетіспеушілігі©

пиелонефрит©

церебральды гипотензия©

синусит

114. Бала 1 жаста. Түскен кезде дене температурасы 39ºС, қайталамалы тонико-клоникалық тырысулар. Есі сопорозды. Тері жабындары бозғылт, «мәрмәр» суреті сияқты, акроцианоз. Мұрын ерін үшбұрышы сол жақтан тегістелген. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 2 көлденең саусақ. Қанның жалпы анализінде: Нв- 100г/л, Эр-3,6*1012/л, L-30*109/л, Т-16%, С-54%, Л-30%, ЭТЖ-48 мм/сағ. Ликвор анализі: лайлы, цитоз санауға келмейді, 70% нейтрофилдер, белок - 1,2 г/л, глюкоза- 0,50 г/л. Болжам диагноз қойыңыз©

менингококты менингит©

энтеровирусты менингит©

туберкулезді менингоэнцефалит©

менингококты менингоэнцефалит©

тұмау, токсикалық түрі. Нейротоксикоз ІІ

115. 2 жастағы бала ауруханаға ессіз жағдайда келіп түсті, тотальды цианоз көптеген геморрагиялық-некроздығ бөртпе элементтерімен, дене температурасы қалыпты, қол-аяқтары суық, пульсы жіп тәрізді, АҚҚ төмен, анурия. Болжам диагноз©

инфекциялық-токсикалық шок І дәрежелі©

инфекциялық-токсикалық шок ІІ дәрежелі©

инфекциялық-токсикалық шок ІІІ дәрежелі©

ҚШҰ–синдромы©

нейротоксикоз

116. Бала 3 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр жағдайда келіп түсті. тежелген, температурасы 400С, тері жабындары бозғылт, жамбас терісінде дұрыс емес пішінді геморрагиялық бөртпе, акроцианоз. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ- минутына 132 рет. АҚҚ – 70/40 мм.с.б.б. тәулік бойы 1 рет зәр сындырған. Диагноз қойыңыз©

менингококты инфекция, инфекциялық – токсикалық шок І дәрежелі©

тұмау, токсикалық түрі, геморрагиялық синдром©

менингококкцемия, инфекциялық – токсикалық шок I дәрежелі, ҚШҰ – синдромы©

менингококкцемия, инфекциялық – токсикалық шок ІІ дәрежелі©

тұмау, токсикалық түрі, инфекциялық – токсикалық шок, ҚШҰ- синдромы

117. 7 жастағы науқас бала бірнеше сағат бұрын дене температурасының 400С дейін жоғарылауынан, қайталамалы құсудан, басынығ қатты ауырсынуынан ауырған. Эпидемиологиялық анамнезі – анасында катаральды белгілер. Объективті: температурасы 39,80С. Араңында – гиперемия, жұтқыншақтың артқы қабырғасының түйіршіктелуі. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, Керниг симптомы оң. Қанның жалпы анализында - Нв-115 г/л, Э-3,5*1012/л, Лeйкоцит-25*109/л, т-15%, сег-70%, м-5%, л-10%, ТЖЭ-45 мм/сағ. Болжам диагноз:©

тұмау, токсикалық түрі, менингоэнцефалитпен асқынған©

менингококты инфекция, менингит©

туберкулезді менингит©

энтеровирусты инфекция, менингит©

паротитті инфекция, менингит

118. 10 айлық бала 3 күн ауырады. Сырқат дене температурасының 39ºС дейін жоғарылауынан басталған, арасында бала мазасызданып, қайталамалы құсу. Объективті: енжар, тері жабындары бозғылт, мәрмәр суреті сияқты, жамбасында, ішінде дұрыс емес пішінді геморрагиялық бөртпе. Араңның шырышты қабаты қызарған. Бүйірінде басы артқа қарай шалқайып жатыр, аяқтары ішіне тартылған. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі анықталады. Осы сырқат кезінде науқаспен қатынаста болған адамдарды бақылау мерзімін көрсетіңіз:©

қатынасқа түскен күннен бастап 10 күн©

қатынасқа түскен күннен бастап 21 күн©

қатынасқа түскен күннен бастап 17 күн©

қатынасқа түскен күннен бастап 7 күн©

қатынасқа түскен күннен бастап 35 күн©

119. 3 айлық бала кенеттен ауырған. Дене температурасы 39ºС дейін жоғарылап, мазасыданды, қайталамалы құсу болды. Объективті: енжар. Тері жабындары бозғылт, аяқ-қолдың шеткі бөлімдері суық, жамбас терісінде дұрыс емес пішінді геморрагиялық бөртпе. ҮЕ 1см×0,5 см, керілген. Араңның шырышты қабаты қызарған. Бүйірінде басын шалқайтып жатыр, аяқтары ішіне қарай әкелінген. напряжен. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі анықталады. Осы сырқаттың этиотропты емінде қолданылатын препаратты көрсетіңіз:©

левомицетин©

пенициллин©

бисептол©

цефазолин©

гентамицин

120. 8 айлық бала кенеттен ауырды. Дене температурасы 39ºС дейін жоғарылап, мазасыданды, қайталамалы құсу болды. Тері жабындары бозғылт, таза. ҮЕ БР 1см×0,5 см, керілген. Араңның шырышты қабаты қызарған. Бүйірінде басын шалқайтып жатыр, аяқтары ішіне қарай әкелінген. напряжен. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі анықталады. Осы сырқаттың этиотропты емінде қолданылатын препаратты көрсетіңіз:©

левомицетин©

пенициллин©

бисептол©

цефазолин©

гентамицин

Деңгей

121. 3 жастағы бала ауруханаға сырқатының алғашқы тәулігінде менингококты менингитпен келіп түсті. ем тағайындаңыз©

пенициллин натрий тұзы 1 кг салмаққа 100 мың. 3 рет б/е©

пенициллин калий тұзы 1 кг салмаққа 120 мың. 3 рет б/е©

пенициллин натрий тұзы 1 кг салмаққа 100 мың. 4 сағат сайын, 6 ретке©

пенициллин натрий тұзы 1 кг салмаққа 500 мың. 8 рет©

пенициллин калий тұзы 1 кг салмаққа 300 мың. 4 сағат сайын©

122. 8 жастағы қыз баланың дене температурасы 400С, қайталамалы құсу, басының ауырсынуы, тырысулар. Объективті: температурасы 400С, жүрек тондары тұйықталған. Араңында – шырышты қабаттары қызарған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 3 к/с, Керниг симптомы +. Қанның жалпы анализі: лeйкоциттер-25*109/л, т-15%, сег-70%, м-5%, л-10%, ЭТЖ-35 мм/сағ. Болжам диагноз қойыңыз©

энтеровирусты инфекция, жекешеленген түрі: менингит, орташа дәрежелі ауырлықта©

энтеровирусты инфекция, комбинирленген түрі: менингит, герпангина, орташа дәрежелі ауырлықта©

менингококты инфекция, жайылған түрі: менингит, ауыр дәрежелі©

менингококты инфекция, комбинирленген түрі: менингоэнцефалит, назофарингит, ауыр дәрежелі©

тұмау, токсикалық түрі. Асқынуы: Нейротоксикоз

123. Науқас 2 жаста (салмағы 12 кг), 10 сағаттан бері сырқат. Жедел қалшылдаудан, мазасызданудан, дене температурасының 39,90С жоғарылауынан басталған. Қоршаған адамдарға назар аудармайды, тері жабындары бозғылт, жамбас пен денесінің терісінде шеттері тегіс емес ортасында некроз ошағы бар геморрагиялық қызба. Аяқ-қолдары суық. Жүрек тондары тұйықталған, әлсіз естіледі. Қанның жалпы анализы: лейкоциттер-22*109/л, т/яд-7%, с/яд-70%, л-18%, м-5%, ЭТЖ-35 мм/сағ. Диагноз қойыңыз, ем тағайындаңыз©

менингокококты инфекция: менингококкцемия, ауыр дәрежелі; пенициллин – 500 мың ЕД/кг/тәу©

менингокококты инфекция: менингококкцемия, ауыр дәрежелі, ИТШ; пенициллин – 300 мың ЕД/кг/тәу©

менингокококты инфекция: менингококкцемия, ауыр дәрежелі, ИТШ; левомицетин сукцинат – 100 мг/кг/тәу©

менингокококты инфекция: менингит, менингококкцемия, ауыр дәрежелі; преднизолон – 5-10 мг/кг/тәу©

менингокококты инфекция: менингококкцемия, ауыр дәрежелі, ИТШ; лазикс – 1-2 мг/кг/тәу

124. Науқас 7 жаста, бірнеше сағат бұрын дене температурасының 40С дейін жоғарылауынан, қайталамалы құсу, басының қатты ауырсынуынан ауырған. Жағдайы ауыр дәрежелі, температурасы 39,8С, тері жабындары бозғылт, өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған. Араңында - гиперемия, жұтқыншақтың артқы қабырғасы түйіршіктелген. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 3 к/с, Керниг симптомы +. ҚЖА - Нв-115 г/л, Э-3,5 . 1012/л, ЭТЖ-35 мм/сағ, лейкоц -15х109/л, т-15, сег-70, м-5, л-10. Ем тағайындаңыз©

левомицитин сукцинаты – 50 мг/кг©

пенициллин Nа тұзы – 300 мың/кг©

пенициллин К тұзы – 200 мың/кг©

пенициллин Nа тұзы – 500 мың/кг©

ампициллин – 200 мың/кг

Тақырып

Наши рекомендации