Топырақтың ластану дәрежесін гигиеналық бағалау. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері.

Топырақтың инфекциондық және паразиттік аурулардың таралуындағы рөлі анықтаңыз. Топырақтың ластану дәрежесіне гигиеналық баға беріңіз.

Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуындағы топырақтың ролі.

Топырақты ластаушы көздер – нәжіс, зәр, қи, қоқыс, өліктер, ағынды сулар және басқалар болып табылады. Топыраққа түскен көптеген микроорганизмдер күн сәулесінің әсерінен тіршілігін жояды, сондықтан тіршілікке қабілетті қоздырғыштардың негізгі бөлігі топырақтың бетінде емес, 1 см-ден 10 см-ге дейінгі тереңдігінде болады. Мұнда да олар белгілі уақыттан кейін өздерінің жойылуына әкеп соғатын қолайсыз факторлардың әсеріне ұшырайды. Бұл қолайсыз әсерлер — топырақ микрофлорасы, бактериофагтар мен топырақтағы антибиотиктік заттардың антагонистік әсері, қоректік субстраттың жоқтығы, температуралық-ылғалдылық режимнің тұрақсыздығы және т.б. Алайда, тіршілікке қабілетті патогенді микроорганизмдердің топырақта аз уақыт болуының өзі, олардың топырақтағы сумен бірге жер асты және жер бетіндегі су көздеріне, топырақ шаңымен бірге ауаға түсу, көкөністер мен жидектердің, адамның қолы мен терісінің басқа бөліктерінің ластануы, кеміргіштер, шыбындар мен басқа насекомдар арқылы олардың таралу қаупін туғызады. Осыған байланысты жұқпалы аурулар мен инвазиялардың топырақ арқылы берілуі мүмкін жолдары: нәжіс — оралды, жанасу, ауа-шаң арқылы.

Топырақ арқылы әр түрлі аурулар берілуі мүмкін, атап айтқанда: ішек инфекциялары, антропозооноздар, аса қауіпті инфекциялар, гельминтоздар, сіреспе, газды гангрена, ботулизм, энтеровирусты инфекциялар, микозды аурулар

Бұл инфекциялардың көпшілігі нәжіс — оралды жолмен: кір қол, азық-түлік өнімдері, су, көкөністер, жемістер, жидектер арқылы беріледі. Түйнеме ауруының споралары, туберкулез микобактериялары, полиомиелит, Коксаки мен ЕСНО вирустары, актиномицеттер де ауа-шаң арқылы беріле алады. Түйнеме ауруын, газды гангрена, сіреспе, анкилостомидозды жұқтыру жанасу жолмен де — адам ағзасына терінің жараланған бөлігі, немесе шырышты қабықтар арқылы жүреді. Ботулизм азық-түлік өнімдерінде CI.Botulinum спораларымен ластанғанда және одан кейін олардың ары қарай өсіп, көбеюі кезінде пайда болады.

Топырақтың ластану дәрежесін гигиеналық бағалау. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері.

Топырақтың санитарлық жағдайын талдау үшін оның эпидемиялық, химиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіздігін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер пайдаланылады. Олардың бірі, топырақтың ластануын тікелей дәлелдейтін,тікелей көрсеткіштері. Басқалары, жанама көрсеткіштері, зерттеліп отырған топырақтың көрсеткіштерін салыстыру үшін алынған таза топырақтың көрсеткіштерімен салыстыру кезінде ластанғандығы туралы, ластану мерзімі мен оның ұзақтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Топырақтың эпидемиялық қауіпсіздігінің тікелей көрсеткіштеріне санитарлық-микробиологиялық, санитарлық-гельминтологиялық және санитарлық-энтомологиялық көрсеткіштері жатады Санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштерінәң қатарына коли-титр және анаэробтардың титрі кіреді. Бұлар, ішек таяқшасын (коли-титр) немесе Cl. Perfringens (анаэробтар титрі) өсіріп шығаруға болатын, топырақтың ең аз мөлшері. Нәжіспен жаңадан ластанған кезде коли-титр мен анаэробтардың титрі күрт төмендейді, олардың басым көпшілігі спора түрінде емес болады. Ластануынан белгілі бір уақыт өткен соң, ішек таяқшалары мен патогенді спора түзбейтін бактериялар жойылған кезде, анаэробтар титрінің көрсеткіштері салыстырмалы түрде төмен кезінде коли-титрдің жоғарылауы байқалады. Бұл спора түзуші микроорганизмдердің ұзақ уақыт өздерінің тіршілігін сақтап қалуына байланысты.

Геогельминттердің деформацияланбаған тіршілікке қабілетті жұмыртқаларының көптеп табылуы топырақтың жақын арада ластанғанын білдіреді. Ал аскариданың деформацияланған жұмыртқаларының аз ғана мөлшерде кездесуі ластануынан бірталай уақыт бұрын басталғаны жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді, өйткені аскариданың жұмыртқалары көптеген басқа геогельминттердің жұмыртқаларына қарағанда, өздерінің тіршілік қабілетін ұзақ уақыт бойы – 10 жылға дейін сақтап қала алады.Топырақта шыбын мен олардың личинкаларының болуы топырақтың әр түрлі қалдықтармен ластануының және қанағаттанарлықсыз тазартылуының көрсеткіші болып табылады.

Гигиеналық тұрғыда ауа жылдамдығының және атмосфералық қысымның стандарттары. Өлшеу құралдарын атаңыз.

Метеорологияда ауаның қозғалысы желдің бағытымен және жылдамдығымен сипатталады. Желдің бағыты дүниенің 4 бағыты бойынша желдің қай жақтан есіп тұрған жағымен анықтап, румбалармен дҥниенің 4 бағытының бас әріптерімен белгіленеді: С- солтҥстік, О- оңтҥстік, Ш- шығыс, Б- батыс. Тӛрт негізгі румбалардан басқа олардың араларында орналасқан аралық румбалар бар, сонымен горизонт 8 румбаға бӛлінеді: С, СШ, Ш, ОШ, О, ОБ, Б, СБ. Жел бағытының ӛзгеруі ауа-райының ӛзгеріс кӛрсеткіштерінің бірі болып келеді. Осы жергіліктің ең жиі қайталанатын, басымды жел бағытын білу ӛте қажетті. Қалаларды жоспарлауда, оның территориясында ауруханаларды, мектептерді және басқа қоғамдық және тҧрғын объектілерін орналастыруда оның ҥлкен маңызы бар. Ауаны тҥтін және газбен ластаушы ӛнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша осы объектілер жел жағынан орналасу керек. Осы жерлікте, румбалар бойынша жыл бойында болған желдер жиілігінің (қайталануының) графикалақ бейнесі жел раушаны деп аталады.

Атмосфералық немесе барометрлік қысым Ол қысым жер шарында біркелкі және тҧрақты болмайды. Оның шамасы географиялық жағдайына, жыл, тәулік уақытында және әртҥрлі атмосфералық қҧбылыстарына байланысты болады. Жер бетінен биіктеген сайын, атмосфералық қысым тӛмендей тҥседі де жер астына тереңдеген сайын – жоғарылайды. 0 градус температурада, 45 градус ендікте, биіктігі 760 мм. сынап бағанасын тепе-теңдейтін 1 атм. қысымды қалыпты деп санайды. 1980 ж. бастап метеорологиялық станцияларда жаңа халықаралық қысым ӛлшеу бірлігі-паскаль (Па) енгізілген. 750 мм. сын. бағ. атмосфераның қысымы 100000 Па сай келеді. Атмосфералық қысым туралы мәліметтерді гектопаскальда хабарлау алынған: гектопаскаль паскальдан 100 есе ҥлкен. Сонда 750 мм. сын. бағ. 100 гПа келеді.

Қалыпты жағдайларда гемоглабиннің оттегімен қанығуы 94-97% жетеді, 2 км. биіктікте ол – 92% тең, 4 км – 82-ден 85% дейінгі шамада, ал 6 км – 70%-ке дейін тӛмендейді де, тотығу процестері нашарлайды. Шамалы биіктіктерде 1,5-3,5 км) оттегінің жеткіліксіздігі ӛкпелердің аэрациялануының жиіленуі, жҥрек жҧмысының, қан айналуының кҥшеюі, эритроциттердің кӛбеюі арқылы толтырылады. 4 км. жоғары биіктіктегі сиреген атмосфера жағдайында компенсация жеткіліксіз болып, тау (биіктік) ауруының пайда болуына қауіп туады.

Тағамдық заттардың (нәруыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар) биологиялық рөлін сипаттаңыз. Тәуліктік қолдану нормалары.

Жасөспірімдердің тамақ нәрлігі мен құрамы нормаға сай болуы керек. Бала немесе жасөспірім тәулігіне- 80 – 100 гр нәруыз, -100 гр май, -380 гр көмірсу қорек ету керек.

Ақуыздар.

Адамдар үшін ең құнды балық және сүт ақуызы.Оның ағзада сіңіуі өте жоғары.Екінші орында сапасы жағынан - етті ақуыз, үшінші орында – өсімдік текті ақуыз.
Күнделікті адам 75-90 г ақуыз, оның ішінде 40-55 г жануарлар өнімінен шыққан ақуыздарды қабылдауы қажет.
Адамдардың күнделікті рационында мынадай өнімдер болуы қажет : Сүт немесе қышқыл сүт өнімдері ;ірімшік;сүзбебалық;Ет өнімдері; жұмыртқа;

Майлар.
Адамдардың күнделікті рационына міндетті түрде қосылуы қажет.
Қалыпты жағдайда майлар - 80-90 г , 30% КҮНДІК рационында.
Күнделікті адам қабылдау керек: САРЫ МАЙ;ҚАЙМАҚ;

КӨМІРСУЛАР. Көмірсулар ағзада энергетикалық қоры болып табылады.КӨМІРСУЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫНДА ҚОРЫТЫЛМАЙТЫН ТАҒАМДЫҚ ТАЛШЫҚТАР БАР.
Адамдардың күнделікті рационында көмірсулар - 300-400 г,
Адамдардың мәзірінде ҚАЖЕТТІ ӨНІМ ТҮРІ: НАН НЕМЕСЕ вафелді нан;Дәнді - дақылдар;Картоп; Бал КЕПТІРІЛГЕН ЖИДЕКТЕР ҚАНТ

4)Су сапасын жақсарту кезеңдері. Әдістерін атап көрсетіңізСу сапасын жақсартудың негiзгi тәсiлдерiне тұндыру, түссiздендiру және залалсыздандыру жатады. Тұндыру- судағы тұнбайтын заттарды кетiру. Түссiздендiру- боялған коллоидтар немесе нақты ерiген заттардан арылу. Залалсыздандырудың мақсаты - су көздерiндегi судағы ауру туғызатын бактериялар мен вирустарды залалсыздандыру болып табылады. Тұндыру және түссiздендiру. Қазiргi жағдайда фито және зоопланктонды судан алдын ала кетiру болып табылады. Планктонды және iрi қоспаларды кетiру үшiн микросүзгiлер мен барабанды желiлер қолданылады. Микросүзгiлер тұнбайтын заттардың мөлшерiн 30-40% төмендетедi, зоопланктонды, фитопланктонды 60-90%-ға ұстап қалады. Механикалық сүзу және фильтрация 1 мкм-дан астам мөлшердегi бөлшектердi жоюға көмектеседi. Коллоидты затты судан кетiру үшiн алдын ала олардың құрылысын бұзу және коагуляциялау қажет. Су қоспасының коагуляциясы суды тұндыру мен түссiздендiруге ұқсастандыруға жағдай жасайды. Коагуляция химиялық реагент-коагулянттардың әсерiмен өтедi, оған алюминий немесе темiрдiң тұздары қолданылады. Ең көп қолданылатын Қанаева З. Қ. алюминий сульфаты Al2(SO4)3. Әдетте, тазартылмаған глиноземдi пайдаланады, оның құрамында 33% сусыз Al2 (SO4)3 қазiр тазартылған глиноземдi пайдаланады, оның құрамында 1%-ден аспайтын қоспалар бар алюминий оксихлоридi пайдаланылады [Al2(OH)3]CІ6H2O және натрий алюминаты NaAІO2, мыс купоросы FeSO47H2O және темiр хлориды FeCІ3, алайда темiр тұздарының коррозиялық қабiлетi сумен қамтамасыз ету практикасында темiр тұздарын пайдалануды шектейдi. Бiрақ жоғарыда айтылғандар техногендiк ластаушыларды кетiруге тиiмдi емес.

5)Суды арнайы тазарту әдiстерi. Бұл суды өңдеудiң әдiсi оның тұзды құрамын түзету мақсатындағы әдiс. Темiрсiздендiру, фторлау және фторсыздандыру әдiстерi кең таралған.

Темiрсiздендiру - ерiтiндiде темiр шала тотық, сульфид, карбонат және бикарбонат, темiр органикалық қосылыстар түрiнде кездеседi. Технологиялық схемалар мен ғимараттардың әдiсiн таңдау қоспаның түрлерiне байланысты. Жер асты суларын темiрсiздендiрудi реагентсiз, аэрациялық әдiстермен жүргiзедi. Бұл суды аэрациялау судан бос көмiрқышқылын және күкiрттi сутектi кетiру, рН-ты көтеру, ауаны оттегiмен байыту және ары қарай темiр гидрототығын түзу және оны судан сүзу немесе тұндыру арқылы кетiру. Фторлау - бұл тiс жегесi ауруларын төмендету мақсатында жүргiзiледi. Натрий фторидi қолданылады. Егер флюороз ауруы байқалса, фтор мөлшерiн төмендету керек. Ауыз суды фторсыздандыруды реагенттi және фильтрациялық әдiспен жүргiзуге болады. Суды тұщыландыру – айдау әдiсi, ионды алмасу электродиализ және гиперфильтрация. Суды залалсыздандыру. Бұл процесс бактериялар мен вирустарды су көздерiнде сорбциялауды бiлдiредi. Практика жүзiнде ауыз судың қауiпсiздiгi

Экологиялық нормалау мен сараптама негіздері. үшiн реагенттiк (хлорлау, озондау) және реагентсiз (ультракүлгiн сәулелендiру сәулелермен әсер ету) әдiстерi.

Наши рекомендации