Гашишті наркомания кезіндегі абстинентті синдромның клиникалық көріністері мен фазалылығы

(И.Н.Пятницкая, 1994)

Фазалары Клиникалық көріністері
Бірінші фаза Гашишті тартқаннан кейін 4-5 сағаттан соң дамиды және қарашықтардың кеңеюімен, есінеумен, қалтыраумен, әлсіздікпен, бұлшық ет әлсіздігімен, мазасызданумен, дисфориямен, ұйқы және тәбеттің жоғалуымен көрінеді.
Екінші фаза Наркотиктен ажыраудың бірінші тәулігінің соңына қарай пайда болады. Вегетативті қозу күшейеді. Бұлшық еттер кернелген, майда тремор, гиперрефлексия пайда болады, фибриллярлы жыбырлаулар болуы мүмкін. АҚ жоғарылайды, пульс, тыныс жиілейді.
Үшінші фаза Наркотиктен ажыраудың екінші тәулігінде дамиды. Сенестопатиялық сипат алатын соматовегетативті бұзылыстар максимальды деңгейге жетеді. Науқастар кеудедегі ауырлықты және қысымды, тыныс қиындауын, жүректегі ауру сезімі мен қысылу, бастағы, әсіресе төбе мен самайда қысылған сезімді сезінеді. Теріде және тері астында күйдіру, жағымсыз шаншу, тартылу және жорғалау сезімі. Науқас пайда болған бұзылыстардың себептерін дұрыс бағалайды. Наркотикке компульсивті әуестік өзінің максимальды интенсивтілігіне жетеді. Науқастар жабырқаулы, жылаңқы. Көп жағдайда астениялық депрессия дамиды. Наркотиктен ажыраудың 3-5 тәулігінде үрейлі мазасызданудың өсуі кезінде абстинентті психоз дамуы мүмкін.

СЕДАТИВТІ НЕМЕСЕ ҰЙҚЫ ШАҚЫРАТЫН ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҮРІС-ТҰРЫСТЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР (F 13)

Ұйқы шақыратын заттармен токсикоманияның дамуы оларды медициналық және медициналық емес қолданумен байланысты болуы мүмкін. Бірінші топқа ұйқы шақыратын препараттарды дәрігер тағайындауымен қабылдайтындар жатады. Бұл топқа тәуелділіктің типті емес, баяу түзілуі тән. Екінші топ ұйқы шақыратын заттарды эйфоризирлеуші әсер алу үшін қабылдайтын адамдардан тұрады, осының нәтижесінде оларда жылдам тәуелділік түзіледі. Барбитураттардың 0,5г. күнделікті 3-4 ай бойында қолдану өзгерген реактивтілік синдромы белгілерін, психикалық, артынан физикалық тәуелділік шақырады (Пятницкая И.Н., 1994). Ағымы үдемелі. Аурудың 2 сатысында айқын эмоциональды-еріктік және интеллектуальды бұзылыстар, және де трофикалық бұзылыстар бақыланады. Токсикалық энцефалопатия бронхоспазм, дистрофиямен, депрессиямен және диффузды неврологиялық көріністермен анықталады.

Седативті заттармен мастану белгілері (барбитураттар:фенобарбитал, метаквалон, реладорм, циклобарбитал)

(В.Д.Менделевич)

Мастану белгілері Клиникалық көріністері
1. Сомато- вегетативті Тері жабындылары мен склералардың гиперемиясы, гипотония, брадикардия, гипотермия, гипосаливация, мидриаз, қажыған көздер, қимыл координациясының бұзылысы, дизартрия, сөйлеудің қиындауы және баяулауы, бұлшық ет әлсіздігі.
2. Психикалық және жүріс-тұрыстық Жоғары ұйқышылдық, сана бұзылысы, ойлаудың баяулауы, кейде галлюцинациялар, психикалық реакциялардың баяулауы, шешім қабылдаудағы қиындық, көңіл-күйдің төмендеуі, кейде бастапқы сатыда себепсіз көңілділік, бейғамдық, сөзшеңдік бақыланады.

Седативті заттармен мастану белгілері (транквилизаторлар-бензодиазепиндер:фенозепам, радедорм, реланиум, диазепам, седуксен, элениум, имован, донормил)

(В.Д.Менделевич)

Мастану белгілері Клиникалық көріністері
1. Сомато- вегетативті Бет терісінің гиперемиясы, склералардың инъецирленуі, ауыздағы құрғақтық, қарашықтардың жарыққа реакциясының төмендеуімен мидриаз, атаксия - қимыл координациясының бұзылысы.
2. Психикалық және жүріс-тұрыстық Бастапқы сатысында эйфория, өзін еркін сезіну бақыланады. Кейіннен жоғары ұйқышылдық, әлсіздік, сана шатасуы, реакциялардың баяулауы, зейін концентрациясының төмендеуі, сөзден жаңылу, артикуляция бұзылысы, бас айналуы бақыланады.

Ұйқы шақыратын заттармен интоксикация кезіндегі клиникалық көріністер мен фазалылық

(И.Н.Пятницкая, 1994)

Наши рекомендации