Ызылшаның клиникалық көріністері.

Балалардағы қызылша.

Қызылша (корь) – парамиксовирустармен қоздырылатын, ауа-тамшылы механизм арқылы берілетін, клиникасы циклді ағымымен, қызбамен, интоксикация белгілерімен, катаральді синдроммен, макулопапулезді бөртпемен және ерекше энантемалармен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Қызылша – аурудың жалпы жағдайынан бұзылуымен, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуымен және денеге теңбіл, терінің үстіне көтеріліп бөртпе шығуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.

Қоздырғышы: фильтрленуші вирус. Бұл вирус қоршаған ортада төзімсіз, бірақ өте ұшпа, яғни вирус ауамен тез және алысқа тарайды. Ызылшаның клиникалық көріністері. - student2.ru

Тарихы.

Аурудың қоздырғышы - вирус екенін 1911 жылы Андерсон және Гольдбергер анықтаған. Қызылшаның клиникалық көріністерін зерттеген ғалымдар: Н.Ф.Филатов, Д.И.Доброхотова, С.Д.Носов, Л.В.Быстрякова, В.Ф.Попов, И.Ж.Жаинбаев.

Этиологиясы.

Қызылша қоздырғышы (Polinosamorbilliorum) парамиксовирустарға қатысты. Басқа парамиксовирустармен морфологиялық жағынан ұқсас, вирион диаметрі – 120-250 нм. 3 қабаттан тұрады,құрамында РНҚ бар, сыртқы ортада төзімсіз.

Эпидемиологиясы.

Жұқпалы ауру көзі – тек науқас адам. Жасырын кезеңнің соңғы 2 күнінде, бөртпе шыққаннан кейінгі 4 кунге дейін сыртқа қоздырғыштарын бөледі. Ал 5-күнінен кейін жұғу қауіпі жойылады. Контагиозды индексі бұрын 1,0 болған, вакцинациядан кейін -0,1-0,2. Өршу мерзімі қараша-наурыз айлары аралығы.

1. Ауру көзі-ауру адам, қызылша әсіресе бастапқы және бөртіп шыққан алғашқы күндерінде мейлінше жұққыш болып келеді. Бөртіп шыққаннан 4 күн өткен соң науқас қауыпты емес.

2. таралу жолы –ауа –сілекей жолы. Қызылшамен ауырған кезде пайда болатын жөтел мен түшкіру инфекцияның таралуына себеп болады. қызылшамен ауырған адаммен бір бөлмеде және қасындағы бөлмелерде болу балаларға жұғу қаупін төндіреді.

3. Сезімталдық балаллар жас шамасына қарамастан қызылшамен ауырғыш келеді, әсіресе 1-8 жас аралығындағы балалар.

4. Маусымдылық – қыс, көктем айлары.

5. Иммунитет –тұрақты.

Патогенезі.

Кіру қақпалары – жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары. Вирус тыныс алуу жолының эпителиінде көбейеді. Жасырын кезеңнің соңғы күндерінде, бөртпе шыққаннан кейінгі 1-2 күн ішінде вирусты қаннан бөлуге болады. Ағзаға гематогенді таралады. Жасырын кезеңнің аяғында вирусемияның тым шиеленіскен 2-толқыны байқалады.

Вирусты кеңірдектің шырыш қабықтарынан, б\ронхтардан, кейде дәреттен табуға болады. Гиперплазиялы лимфоидты тіндерден,соның ішінде лимфа түйіндерінен де, көмекей бездерінен, көк бауырдан гигантты ретикулоэндотелиоциттерді табуға болатыны анықталлған. 3-күні вирусемия бірден төмендеп, 4-күні вирус әдетте табылмайды.

ызылшаның клиникалық көріністері.

Қызылшаның жасырын кезеңі 11күнге созылады.Иммуноглобулинмен алдыналу шараларын жүргізу барысында, оның 15-21күнгедейін созылуы мүмкін.Ауру циклді түрде дамиды.Бастапқы немесе продром кезеңіде не қызуының 38-39°Сдейін көтерілуімен , шаршағыштықпен , тәбетінің нашарлауы мен сипатталады . Катаральды көріністер қалыптасады . Құрғақ жөтел басталады, конъюнктивит, склерит,жарықтан қорқу, блефароспазм пайда болады.Ұсақ қызылдақты қызылша энантемалары (Филатов-Коплик-Бельскийдақтары) пайда болады , ол жиі жұмсақ және қатты таңдайдың шырышты қабықтарына жайыла бастайды . Оның сыртқы түрі ұнтақ жармасына немесе кебекке ұқсайды.

Наши рекомендации