Шқыш еріткіштерді (ҰЕ) шектен тыс қолдану кезіндегі абстинентті синдромның клиникалық көріністері мен фазалылығы

(И.Н.Пятницкая, 1994)

Фаза Клиникалық көріністері
Бірінші фаза Ажыраудың бірінші тәулігінің соңына қарай ызалы тітіркену, жабырқаулы көңіл-күй фонында, қатты бас ауыруы, қарашықтардың кеңеюі, нистагм, гипергидроз, қол саусақтарының, қабақтың, тілдің треморы, сіңірлік рефлекстердің жоғарылауы, жеке бұлшық еттердің тырысулы жыбырлаулары пайда болады. Психомоторлы қозу үдейді.
Екінші фаза Екінші тәулікте үрейлілік, тұйықтық, күдікшілдік, дисфория дамиды. Үнемі тахикардия және артериялық гипертензия, ірі бұлшық еттердегі ауру сезімі мен дененің әр жеріндегі жағымсыз сезімдер. Психомоторлы қозу мұңды аффектпен және қозғалыстық белсенділіктің құлдырауымен ауысады.
Үшінші фаза ҰЕ-ң жоғары улылығы деменцияға дейін жететін интеллектуальды-мнестикалық сфераның айқын бұзылытары және диэнцефальды және пирамидалық симптоматикамен ОЖЖ-ң диффузды зақымдануы белгілерімен көрінетін токсикалық энцефалопатияның жедел дамуына алып келеді. Жиі токсикалық гепатит және нефрит, иммунитеттің айқын төмендеуі байқалады.

Интоксикациялық токсикомания түзілуі (ИТ)

(Садуақасова Қ.З., 2005)

Сатылары Клиникалық көріністері
  Токсикоманиялық реакциялар Тәуелділік түзілуінсіз токсикоманиялық заттарды қабылдаудың жеке эпизодтары түрінде көрініс береді.
Бірінші саты Токсикоманиялық затқа толеранттылықтың жоғарылауы түрінде көрінеді, оның дозаларын жоғарылатумен, бір затты екіншісімен ауыстырумен, мастанудың соматоневрологиялық симптомдарының азаюымен, қайталап ингаляция жасау жөніндегі қалмайтын жабысқақ ойлар мен ниеттің пайда болуымен (сыртқы факторлармен басылуы мүмкін) сипатталады, атап айтқанда бірнеше күн, апта, ал кейбір жағдайларда алғашқы ингаляциядан кейін пайда болатын психикалық тәуелділік түзіледі. Балалардың өз жазғандарында бұл санасыз түрде ингаляциялық токсикоманиялық затты іздеу, ингаляция болған жерлерге тартып тұрады деп суреттеледі (ИТЗ),.
Екінші саты Физикалық тәуелділік белгілерінің пайда болуымен және ИТЗ қабылдауды тоқтатқан кезде тек жабысқақ ойлар және тілектермен ғана емес, соматовегетативті бұзылыстардың айқын кешенімен күшті әуестікпен де көрінеді: тремор, жүрек қағуы, бас ауыруы, ИТЗ қабылдауға деген күшті әуестікпен ұйқысыздық және өзін-өзі сақтандыруға инстинкттің төмендеуі (соңғысы кез-келген заттарды қолданғанда пайда болды, олардың денсаулыққа улылығы мен қауіптілігіне тәуелсіз). Итз-ға әуестік аштық және шөлмен салыстырылады.

Бұл дерт жоғары үдемелі. Үлкен наркоманиялық синдром әдетте ҰЕ-ді шектен тыс қолданудың бірінші жартыжылдығының соңына қарай түзіледі. Токсикоманияның қатерлі түрлері 1,5-2 жылда науқастарды мүгедектікке алып келетін айқын психоорганикалық синдромның дамуымен сипатталады. Басым көпшілік жағдайларда токсикомания ағымы ремиссиясыз. ҰЕ-ді 2-3 жыл бойы қолданбаған жағдайда токсикалық энцефалопатия көріністері әлсірейді, бірақ толық жоғалмайды. Толуолды және тұтатқыштарға арналған этилденген бензинді шектен тыс қолдану кезіндегі токсикомания ағымы қатерлірек, ол тетраэтилқорғасынмен улану клиникасының көрінісіне сәйкес (Шабанов П.Д., 2002).

ДЕТТЕР МЕН ӘУЕСТІК БҰЗЫЛЫСТАРЫ НӘТИЖЕСІНДЕГІ ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖҮРІС-ТҰРЫСТЫҚ БҰЗЫЛЫСТАР

F 60.0

Құмар ойындарына патологиялық әуестік (лудомания) – күрделі, созылмалы ағымды психикалық бұзылыс. Оған құмар ойындарына қайталанатын әуестік эпизодтары тән, әлеуметтік, еңбектік, құндылықтар мен міндеттер теріске шығарылатындай дәрежеде тұлға өмірін жаулап алады.

Құмар ойындарына патологиялық әуестік жөніндегі алғашқылардың бірі болған ғылыми жұмыс 1914 жылы психоаналитик Von Hattingberg-пен жарияланды.

Құмарлық – бұл көпжүйелі және тек белгілі бір осыған бейім адамдар үшін ғана патологиялық әсер көрсететін фактор.

Патологиялық ойыншылардың саны ересектер арасында 0,4% дан 3,4% дейін, ал кейбір аймақтарда 7%-ға жетуі мүмкін. Патологиялық ойыншылардың жасөспірімдер арасындағы саны 2,8% - 8%-ды құрайды.

Құмар ойындарына патологиялық әуестік (F 63.0)

(Скокаускас Н., Саткявичюте Р., Бурба Б., 2004)

I тип («қызметтегі» ойыншылар) II тип («ақиқаттан қашушы» ойыншылар)
1. Жоғары интеллект, биік әлеуметтік дәреже, нарциссизм, басмы болуға талпыныс, шеберлікті қажет ететін құмар ойындарын артық көреді (покер, блэк, джек және т.б.). Жиі ойыншылар ойыншы мансабын жасөспірім жасынан бастаған ерлер болып табылады. Олар өздерін коммуникабельды, қажырлы, сенімді тұлғалар ретінде көрсетеді, бірақ психологиялық тесттерде олардың өздеріне төмен баға берулері анықталады. Ойын олар үшін өздерінің басқалардан, ойындағы бәсекелестері алдындағы үстемдігін, «өз салмағын», ерекшелігін, ал кейде бүкіл ойын жүйесі алдында дәлелдеу тәсілі болып табылады. Бұрын болған ұтыстары олардың өздерін өзгелерден артық, бақыттырақ деп санауларына мүмкіндік береді. Ақша олардың көзқарастарымен барлық проблемалардың себебі және барлық проблемаларды шешудің жолы болып табылады. Ойыншылар бірте-бірте уақыттарын көбірек ойынханада өткізіп, қомақтырақ сома тіге бастайды. Уақыт өте олар ұтыла бастайды. Ұтылыстарын олар сәтсіздіктің міндетті түрде аяқталатын қысқа кезеңі деп түсіндіреді, және барлық жоғалтқан ақшаларын қайта ұтып алатындарын айтады. Әсіресе патологиялық ойыншылардың аталған типіне тән ұтылған ақшаларының «соңына түсу» симптомы, ұтылғаннан кейін келесі күні ұтылған ақшаларын ұтып алуға келу пайда болады. Ереже бойынша келесі күні барлық ақшасын ұтылады. Ойынға құмарын қанағаттандыру үшін, олар қарыз алып, заттарын сатып, өз жақындары мен достарын алдай бастайды. Ойламаған жерден пайда болған жағдайларға («үйімді тонап кетті», «балам ауыр халде» және т.б.) байланысты ақша шұғыл қажет екенін айтып айналадағыларға өтірік айтады. Қолына түскен ақшаның барлығы ойынханадан шығады. Ақыр соңында, адам өзінің әуестігін толықтай басқара алмайтын жағдайға жеткенде, тәуліктік басым бөлігін ойластырулар, жоспарлау, ойынға дайындық және, әрине, ойынның өзі жөніндегі ойлар алады. Пациенттер өздерінің ұтылатындарын біледі, бірақ ол маңыздылығын жоғалтады. Ойын үрдісі өмірдің осьі болып табылады. өздерінің сәтсіздіктеріне айналадағыларды кінәлай бастайды – жанұя мүшелерін, достарын және басқаларды. Осы сатыда жанұядағы қақтығыстар жиі ажырасумен аяқталады, осындай сәтсіздік кезеңінде өзін төмен бағалау және өзіне сенімсіздік күшейеді, нашар көңіл-күй, болашаққа мұңлы және пессимисттік көзқарас үдей түседі, ұйқы бұзылады, суицидальды ойлар болуы мүмкін. Ойыншылар қиындықтардан, сәтсіздіктерден, жанға бататын жоғалтулардан, шын өмірдегі жеңілістерден қашып патологиялық сипат алады. Сондықтан оларды «ақиқаттан қашушы» ойыншылар деп атайды. Олар аса шеберлікті, дағдыны қажет етпейтін құмар ойындарын таңдайды, және сонымен қатар ұтысқа жету үшін көп күш жұмсау қажет емес (мысалы, тек ойын автоматының тұтқасын түртіп, немесе тетікті басу керек). Дегенмен ұтыс кезінде аз сыйлық болғаннымен жетондар қатты дыбыспен төгіледі, автоматтардың шамдары жарқылдайды, айналадағылардың құттықтаулары, лебіздері естіледі, және осы сәт мол қуаныш алып келеді, өзін «жолы болғыш» сезінуіне, күнделікті проблемаларды ұмытуға мүмкіндік береді. Ойнап отырып осындай адамдар, эмоциональды да, физикалық та күйзеліс сезінбейді. Олар, ұтылған ақшаларының бөлігін немесе барлық ақшасын қайтарып алғанның өзінде ешқашан тоқтамайды. Оларды қанағаттандырған, «тойындырған» ұтыс болған емес, өйткені негізгі мәселе «қашан және қанша ұтамын» деген емес «мен қаншалықты ұзақ ойнай аламын» деген мәселе болып табылады, нақты айтқанда бірде-бір купюра қалмайды. Жанұялық және маман ретіндегі міндеттеріне немқұрайдылық өсе түседі, құмар ойындарына ақша табу жолында қылмыс жасаулары мүмкін.    

Наши рекомендации