АЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ. Тақырыбы: Физиологиялық қызметтердің нейрогуморальдық реттелуі бойынша және тіршіліктің негіздері бойынша
№11 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР
Тақырыбы: Физиологиялық қызметтердің нейрогуморальдық реттелуі бойынша және тіршіліктің негіздері бойынша қорытынды сабақ.
Сағат саны: 4
Курс: 2
Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»
Құрастырушы:
Доцент Ибраева С.С.
Астана 2010 ж.
1. Тақырыбы:Физиологиялық қызметтердің нейрогуморальдық реттелуі бойынша және тіршіліктің негіздері бойынша қорытынды сабақ.
2. Мақсаты: ОЖЖ- қозудың таралу ерекшеліктері мен рефлекторлық әрекеттің принциптері туралы білім, ОЖЖ және оның бөлімдерінің қызметтенуін қамтамасыз ететін, ағзаның біріктіруі-бейімдеуші әрекетінің толық сипатының көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Вегетативтік қызметтің рефлекторлық реттелісін толығымен түсіну үшін, вегетативтік жүйке жүйесінің (ВЖЖ) жалпы сипаты туралы білім қажет. Эндокринді бездерді білу, олардың гормон бөлуінің реттелуін білу, клиникалық тәжірибеде өте қажетті. Өйткені, гормондар физикалық, жыныстық, ойының дамуын қамтамасыз етеді, физиологиялық жүйелердің активтілігінің бейімделуін қамтамасыз етеді.Ішкі сөл бөлу бездері басқа ағзалар мен жүйелердің қызметтерін қадағалайды. : Барлық ағзаға тән энергетикалық алмасу, биохимиялық процесстердің нәтижесінде пайда болған жылудың көзі болып табылады.Осының нәтижесінде сыртқы ортаға қарағанда жылу градиенті пайда болады, ағзада пайда болған жылу соған беріліді.Реттелу реакцияларын білу жылу бөлу және жылу беру процесстерін түсіну үшін қажет.
3. Оқу мақсаты Ағзаның түрлі жүйелер қызметінің реттелісіндегі және олардың әрекетінің біріктірілуіндегі ВЖЖ- маңызын ұйымдастыру. Ағзаның қалыпты қызмет етуі үшін дененің қалыпты салмағының маңызын түсіндіру. Ағзадағы гомеостаздың негізгі көрсеткіштерінің сақталуы мен тұрақтандырылуында жылу реттелісінің ролі мен маңызын ұйымдастыру. Гормондардың түзілу реттелісінің негізгі принциптері мен олардың әсер ету механизмін анықтау. Жыныс бездері ,қалқанша безі,қалқан серік безі ,ұйқы безі реттелуінің негізгі қағидаларын қалыптастыру.Негізгі алмасу және оны анықтау түсінігін қалыптастыру. Майлардың, көмірсулардың,ақуыздардың спецификалық синтезі процесстерін түсіндіру. Студенттерге Брок формуласы бойынша және номограмма бойынша тиісті салмақты анықтау, Гаррис-Бендикс кестесі және Рид формуласы бойынша негізгі алмасуды анықтауды және нәтижелерін анализдеуді үйрету.Ағзаның қалыпты қызмет етуі үшін дененің қалыпты салмағының маңызын түсіндіру. Ағзадағы гомеостаздың негізгі көрсеткіштерінің сақталуы мен тұрақтандырылуында жылу реттелісінің ролі мен маңызын ұйымдастыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. ОЖЖ қызметтерін зерттеу әдістері. Электроэнцефалография, шақырылған потенциалдар, олардың табиғаты.
2. Нейрон -ОЖЖ қызметтік- құрылыстық бірлігі. Жүйке клеткаларының қозу және тежелу механизмдері. ОЖЖ-нің синапстары және медиаторлары. Нейрондардың интегративтік іс-әрекеті.
3. ОЖЖ-гі қозу таралу ерекшеліктері. Қозудың конвергенциясы. Жеңілдету, тежелу, окклюзия, бөгелу құбылыстары.
4. ОЖЖ -де нейрондардың өзара байланысу принциптері (иррадиация, мультипликация, қозудың ұзару принципі).
5. Жүйке жүйесінің орталықтары, олардың жіктелуі.
6.Жүйке орталықтарының тонусы, доминанттылық. ОЖЖ-сі ұйымдасуының жалпы принциптері.
7. Қозудың бірсызықпен таралуы, қозудың жалпылама таралуы. Төменге әсері.
8. Рефлекторлық теорияның даму кезеңдері (Р. Декарт, И. Прохазка, И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К. Анохин). Рефлекс -сыртқы және ішкі орта жағдайының өзгеруіне қызметтердің бейімделу әсерінің негізгі механизмі.
9.Рефлекторлық доға. Рефлекторлық теория принциптері (детерминизм, анализ және синтез, құрылыс және қызмет біртұтастығы). Нервизм теориясы. (С.П. Боткин, И.П. Павлов).
10.Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу процестері. Сеченовтық тежелу.
11. Орталықтан тежелудің механизмдері жайында қазіргі кездегі көзқарас.
12.Тежелудің негізгі түрлері- постсинапстық, пресинапстық, реципрокты, шеткергі
13.Соматикалық және вегетативті жүйке жүйесінің қызметтік ерекшеліктері.
14.Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық, парасимпатикалық және метасимпатикалық бөлімдері.
15. Вегетативті рефлекстердің эфферентті бөлімінің ұйымдасу принциптері. Вегетативті түйіндерде қозу өткізу механизмі.
16. Вегетативті синапстар, циторецепторлар және блокаторлар. Рецепторлық субстанцияның және вегетатропты синапстық белсенді заттардың негізгі түрлері (адренергиялық, холинергиялық және басқалар) және вегетотропті синапсты активті заттар.
17. Гипоталамустың, мишықтың, лимбиялық жүйенің, торлы құрылымның және үлкен жарты шарлар қыртысының вегетативтік қызметтерді реттеудегі ролі..
18. Вегетативтік жүйке жүйесінің біртұтас мінез- құлықтық тәртіптік актінің қалыптасуында қызметтерді интеграциялауға қатысуы. Тәртіптің вегетативтік компоненттері.
19.Эндокриндік жүйенің қызметтік ұйымдасуы. Эндокриндік бездердің жалпы сипаттамасы.
20 . Гормондардың жалпы қасиеттері мен қызметтері. Гормондардың пайда болу көзі. Ішкі сөл бөлу бездері және олардың құрылыстық-қызметтік ерекшеліктері. Гормондардың пайда болу және әсер ету динамикасы.
21. Гормондардың қанмен тасымалдану түрі, тіршілік етуінің ұзақтығы, гормондардың ыдырауы. Гормондардың жасушалармен өзара байланысы (жасушаішілік, рецепторлармен). Гормондар әсерінің жасушалық механизмдері.
22. Мембраналық рецепция. Цитоплазмалық рецепция. Гормон бөлінуінің реттелуі. Жасушаішілік, жүйкелік реттелуі.
23.Гипоталамустың нейросекреторлық қызметі: либериндер мен статиндер. Гипоталамустың гипофизбен қызметтік байланысы. Аденогипофиздің ролі.
24.Гипоталамус- гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі. Ішкі сөл бөлу бездері қызметінің реттелуіндегі кері байланыс принципі. Вегетативтік жүйке жүйесінің ролі.
25.Физиологиялық қызметтердің гормональдық реттелуінің жүйелік принциптері. Организмнің қызметтік жүйелеріндегі ІСБ бездерінің ролі. Гормональдық гомеостаз.
26.Зат алмасу және энергия алмасу. Организм үшін зат алмасудың маңызы. Катаболизм. Анаболизм.
27.Көмірсу алмасу. Қандағы қант деңгейін реттеу. Май алмасу. Липолиз және липогенездің реттелуі. Белок алмасу.
28.Азоттық баланс. Рубнердің тозу коэффициенті. Белоктардың биологиялық құндылығы.
29.Тағамдық заттардың арнайы - динамикалық әсері. Рубнердің изодинамия ережесі. Белок алмасуының гормональдық реттелуі.
30.Энергия алмасу.Тірі жүйелердің термодинамикасы.Термодинамика заңдары.
31.Организмнің энергия шығынын анықтау. Тікелей калориметрия. Тікелей емес калориметрия. Оттегінің калориялық коэффициенті. Тыныс алу коэффициенті. Дуглас- Холден әдісімен энергия шығынын есептеу.
32.Негізгі алмасу. Негізгі алмасу мөлшерін анықтайтын факторлар. Рубнердің дене бетінің заңы. Негізгі алмасуды анықтау әдістері.
33.Физикалық жүктеме кезіндегі энергия шығыны. Тамақтанудың физиологиялық негіздері. Тамақтану теориялары (балансты тамақтану теориясы және адекватты тамақтану теориясы).
34.Организмнің сыртқы температураға әсерленуі. Гомойотермия, пойкилотермия, гетеротермия. Температура реттелуінің жүйелік механизмдері.
35.Зат алмасу үшін оптимальді қан температурасының тұрақтылығын ұстап тұратын қызметтік жүйе.
36.Терморецепторлар. Жылу реттелуінің шеткері және орталық механизмдері. Дененің температуралық жобасы.
5. Білім берудің және оқытудың
1. Тюрк әдісі бойынша жұлын-милық рефлексінің уақытын анықтау.
2. Орталық жүйке жүйесінде қозудың кеңістік және мерзімдік жиынтығы.
3. Энценфалограмманы талдау.
4. Реоэцефалограмманы талдау.
5Жұлын-милық рефлекстің орталықтан тежелуі (Сеченов тежелуі).
6. Гольц тәжірибесі.
7. Висцеральді рефлекстер
8. Тамырлы рефлекстер. Жергілікті дермографизм.
9. Қарашық рефлексін зерттеу. Жарыққа қарашықтың тікелей рефлексі.
10. Терілік рефлекстер: пиламоторлы рефлекс немесе «қаз терісі» рефлексі.
11. Гаррис-Бендикс кестесі бойынша негізгі алмасуды анықтау
12. Рид формуласы бойынша негізгі алмасуды анықтау.
13. Брок формуласы бойынша тиісті салмақты анықтау
14. Номограмма бойынша адамның тиісті салмағын анықтау
15. Гипоксия кезінде дене температурасының ағза төзімділігіне әсері
16.Дене температурасын өлшеу
17. «Ағзаның жылулық алмасуының реттелу тегершігінің жобасы» атты суретті салу.
Әдебиет:
Негізгі:
1.Тақырып бойынша дәріс
2 Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева, Алматы, 2005, 663
3 .Судаков К.В., и др. Нормальная физиология в динамических схемах: атлас: учеб.пособие. – М., 2009.
4.Агаджанян Н.А., Смирнов В.М.. Нормальная физиология: Учебник для студентов медвузов.- М.: ООО «Медицинское информационное агентство», 2007.
5.Орлов Р.С., Ноздрачев А.Д., Нормальная физиология: учебник + СД-диск. – М., 2006. – 696 с.
6 .Физиология человека. Под ред. Р.Шмидта, Г. Тевса. М.,., в 3-х томах.- 2007.
4. Ткаченко Б. И. и др. Физиология человека.Compendium: учебник. – М., 2009.
Қосымша:
1.Современный курс классической физиологии (избранные лекции) с приложением на компакт-диске. Под ре. Ю.В.Наточина, В.А.Ткачука. – М.: ГЭАТАР-Медиа, 2007. – 384 с.
2.Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии: Учеб. пособие / Н.Н.Алипов, Д.А.Ахтямова, В.Г.Афанасьев и др.; Под ред. С.М.Будылиной, В.М.Смирнова. – М.: Издательский центр «Академия», 2005. – 336 с.
3.Атлас по нормальной физиологии / Под ред. Н.А. Агаджаняна.-М.: Высшая школа, 2007 4.Судаков К.В., Киселев И.И. и др. Нормальная физиология в динамических схемах: Атлас (цветной, иллюстрированный): учебное пособие. – М., 2007. – 350 с.
5.Ситуационные задачи по физиологии с основами анатомии для самостоятельной работы студентов / Под ред. А.А. Утебергенова, Д.А. Адильбековой. - Шымкент, 2006. - 66 с.
6.В.М. Смирнов. Физиология в рисунках и таблицах.- М., «МИА», 2007.
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ