Балаларда пародонт ауруларының жергілікті қауіпті факторларды анықтау және жою әдістері.
Пародонт ауруларының қауіпті жергілікті факторлары:
1.Тіс қалдықтары (минерализденген және минерализденбеген) –негізгі фактор
2.Қызылиектің механикалық зақымдануы
артық мөлшердегі пломбалық материалдар
сапасыз протездер, жасанды сауыт қырлары
3.Қызылиектің химиялық, физикалық зақымдануы.
4.Тістер және жақтардың ақаулары және ауытқулары:
дистопия, тістердің тығыз орналасуы;
суперконтактылар (сүт немесе тұрақты тістердің төмпешіктерінің табиғи мүжілуінің бұзылуы);
тістесу ақаулары.
5. Ауыз қуысы жұмсақ тіндерінің даму ақаулары
- ауыз қуысының ұсақ кіреберісі
- ерін және тілдің үзбелерінің беку ақаулары
Жалпы факторлар:
Эндокринді аурулар (қант диабеті, жыныс жүйесінің гормоналды қызметінің бұзылыстары және т.б.)
Жүйке-соматикалық аурулар (ревматизм, зат алмасу бұзылыстары).
Қан аурулары
Тамақтану бұзылыстары (С,В,А гиповитаминоз және т.б.)
Асқазан –ішек жүйесінің аурулары
ағза реактивтілігінің төмендеуі
Әдебиетте қазіргі уақытқа дейін тіс қалдықтарын сипаттайтын бір терминология жоқ. Тіс қалдықтарының көптеген бөлімдері бар. әсіресе Пахомов Г.Н. (1982) жіктелуі толық болып табылады. Пародонт науқастарының шығуына тістің сыртында орналасқан қатты, жұмсақ қабаттары және тастар әсер етеді. Түссіз болғанына қарамастан тістің қатты қабыршақ қабаты тек бояулармен бояғанда ғана көруге болады, ол тіпті щеткамен тазалағанда да кетпейді, суға ерімейді. Бірақ, осы қаббатта микробтар тіршілік етеді. Тіс бляшкасының пародонт тіндеріне әсері әртүрлі. Негізгі әсер анаэробты микробтар шығаратын эндотоксиндерге жатады, олар тіндердің зат алмасуын бұзады.
Тіс-жақ ауытқуларының дамуына әсер ететін қауіпті факторларды анықтау әдістемесі және оларды жою әдістері. КАмом бабу
Тіс жегісімен және пародонттың қабыну ауруларының патогенетикалық даму механизімі .Пародонттың құрылысы және қызметі.Пародонт екі грек түбірінен шыққан сөз: "одонтос" - тіс, және "пара" - айнала, маңы. Пародонт қызылиектен, бекітілген эпителийден, пародонтальді байламнан, цементтен, альволярлы өсіндіден құралады.Пародонт қызметі:-барьерлі қызметі (пародонт біртұтастығымен, күшке қарсы тұра алатындығымен, инфекцияға тұрақтылығымен қамтамасыз етіледі және т.б.);-трофикалық қызметі (нерв рецепторларының және капиллярлардың кең тармақталуымен негізделеді);-шайнау күшін рефлекторлы түзеу (пародонттағы көптеген нерв талшықтарымен негізделген);-пластикалық қызметі (физиологиялық немесе патологиялық үрдістер кезінде жоғалтылған тіндер үнемі қайта қалпына келтірумен негізделеді);-амортизациялық қызметі (коллагенді және эластикалық талшықтар орындайды). Жиі көмірқышқылдар мен ауыз қуысының күтімінің жеткіліксіздігі нэтижесінде кариесогенді микроорганизмдер пелликулада тығыз жабысып, тіс қақтарын түзеді. Консистенциясы жү_мсақ тамақтарды қабылдағаннан кейін олардың қалдықтары тістердің ретенционды аймақтарында жабысып (тістің табиғи сайларында, шұнқырларда, контакті беттерінде, пломбыларда, протездерде) жэне ащып, шіруге үшырайды. Тістің қақтарының пайда болуына эсер етеді:Жұмсақ тіс қақтарының қүрылысы ауалы, бұл тамақтың сүйық қүрамын сілекей арқылы ішке карай кіруін қамтамассыз етеді. Бүл тістің бетіне жақсы жабысатың жүмсақ аморфты зат. Қақта жиналған микроорганизмдкр өміріндегі соңғы өңімдері мен минералды тұздардың -осы диффузияны ақырындатады, өйткені ауалы кеңістік жоғалады. Еңді бұл жаңа зат-тіс өңезі, бү_ны тазалау өте қиын жэне толық тазаланбайды. Тіс астында органикалық қышқылдар жиналады, олар-сүт қышқылы, пировиноград қышқылы, қүмырсқа қышқылы, майлы жэне пропионды, т.б.қышқылдар. Соңғылары барлық бактериялардың қантты ащуларының өңімдері, олар өсу деңгейіне көмектеседі. Осы қышқылдар - эмальдың органикалық аймақтарындағы деминерализация үрдістерінің болдыруында белсенді роль атқарады. Бүл қышқылдардың бейтараптануы болмайды, өйткені тіс қағында жэне өзінен диффузия шектеулі болады.
Пародонт тіндері қабынуының даму механизмі 1/ Бактериалардың ыдыраған уыты+тіс қатпарлы табақшасының протеазасы+қызыл иек сұйықтығы.2/ Серотонин, гистамин, гепариннің жиналуы + калликрейн - кинин жүйесіндегі ферменттердің белсенділігін өзгерту.3/ Гликозаминогликандардың өзара байланысының бұзылуы---тамырлар өткізгіштігінің өзгеруі.4/ Коллагеннің өзгерісі (коллагеназаның белсенділігінің өзгеруі), пародонттың қорғаныш қызметінің бұзылуы, организмнің жалпы күшею қабілетінің өзгеруі.
26.Негізгі стоматологиялық аурулардың біріншілік және екіншілік алдын алу әдістері.Профилактиканың 3 түрі болады: 1. Біріншілік 2. Екіншілік 3. Үшіншілік Біріншілік профилактика-мемлекеттік, әлеуметтік, медициналық, гигиеналы және тәрбиелік шаралар жүйесі. Ол табиғи, өндірістік, тұрмыстық ортаның жағымсыз факторларына ағзаның жоғарғы төзімділігіне, себебі мен пайда болу жолдарын жою арқылы стоматологиялық ауруларды алдын-алуға бағытталған. Бұл денсаулықты қорғауға тиімді болып табылады. Екіншілік профилактика-аурудың қайталануын және асқынуларын алдын-алуға бағытталған шаралар кешені. Оған ауыз қуысының жоспарлы санациясы жатады. Үшіншілік профилактика-орын алмастыру әдістері бойынша жақ-бет аймағы тіндерінің және ағзалардың функционалды мүмкіндігін сақтандыру жолымен стоматологиялық статус реабилитациясына бағытталған шаралар жүйесі. Тұрғындардың контингентіне таралуына байланысты профилактика әдістері:1. көптік ( ауыз қуысын фторлау) 2. топтық ( фтор таблеткаларын қолдану, натрий фториді ерітіндісімен шаю) 3. жекеше ( рем. ерітінділермен аппликация, фиссуралар ажыратуы, т.б ). Профилактикалық тәсілдердің әсер ету уақыты және біріншілік профилактиканы жүргізуге байланысты: 1. Антенатальды 2. постнатальды. Профилактиканы жүргізуге қолайлы негізгі тұрғындар контингенті:-жүктілер; -балалар мен жасөспірімдер; -ересектер. Балалардың және жастардың тістерін қорғаудың негізгі принциптері ( Бонский мектебінің постулаттары).1. сүт, аралас, тұрақты тістер тісжегіден, ортодонтиялық ақаулардан, пародонт ауруларынан қарапайым экономикалық тәсілдермен қорғануы керек. 2. балалар мен жасөспірімдерді стоматологиялық көмектің қажеттілігі мен міндетті түрдегі сипаттамасын білетіндей етіп тәрбиелеу керек. Олар кеңестерді тыңдап, оларды басқара білу қажет. 3. бұл принциптерді мектепті аяқтағаннан кейін және бүкіл өмір бойы сақтануы керек
27.Балалардың стоматологиялық аурулардың антенаталдық алдын алуы.Тістердің дамуында 3 кезең болады: 1. Адам ұрпағының пайда болуымен ағзалардың құрылуы 2. Ұрпақ тісінің дифференцировкасы (даралануы ) 3. Тіс қабаттарының морфологиялық құрылысының пісіп жетілуі. Адам ұрпағының бірінші кезеңінің 8- ші аптасы да уақытша тістер де өсе бастайды. Ұрпақтың төртінші аптасынан бастап тістердің морфологиялық құрылымы өзгере бастайды. Бірінші азу тістің алғашқы құрылуы ұрпақтың 5-ші айынан басталады, ал екінші азу тіс болса бала тұғаннан кейін жарты жыл өткен соң оның құрылысы қалыптасады, ал үшінші азу тістің дамуы баланың өсуінің 4 – 5 жылына байланысты. Стомаологиялық аурулардыңүшін пайда болуы аты аталған кезеңдер өте қажетті болып табылады. Баланың өсуінің осы кезеңінде, зиянды себептер кездессе, онда оның тістерінің құрылысы бұзылыды, тіс гипоплазиясы (толық өспей қалуы) деген кеселге ұшырайды және ол тез арада шіри (кариес) бастайды. Тіс қабаттарының дұрыс құрылуна яғни минералды заттармен (фтор, калций,фосфор т. б) сапалы қамтамасыз етілуіне мынадай себептер әсер етуі мүмкін: ананың науқастары – қан тамыр және бүйрек аурулары (ревмотизм, невропатия, гипертония) туберкулез, диабет (көкірек ауруы, қандағы қант мөлшерінің ауысуы) және т. б сонымен қатар нәрестенің сырқаттары да әсер етеді – мерзімінен бұрын туылу; - іріңді науқасқа шалдығуы, антибиотиктерді көп қолдану, өкпе бауыр және тыныс алу жолдарының аурулуры. Тамақ рационының құрамының бұзылуы, диспепсия жатады. Кариес пен пародонт науқастарының алдын алу шаралары болашақ ананың екі қабаттылық кезінен басталады. Екі қабат әйел босанғанға дейін және одан кейін де дене, тамақ, тіс гигиена ережелерін мұқият сақтауы қажет. Бұл қауіп топтарына жатады: жүктілікпен байланысты анасының ағзасының жағымсыз жағдайы, экстрагениталды аурулар, жағымсыз акушерлі-гинекологиялық анамнезі, жүкті әйел ағзасына өндіріс пен сыртқы ортаның жағымсыз әсерлері; еңбек, демалыс және тамақтану режимін сақтамау; жүкті әйел ағзасына тератогенді заттардың түсуі.
Ұрыққа бұл факторлардың әсер етуі нәтижесінде келесі жағдайлар дамиды: жатырішілік гипоксия, шала туу, туу кезіндегі асқынулар (асфиксия, бас миының туу кезіндегі жарақаты, ми қан айналымының бұзылыстары, тыныс алу жетіспеушілік синдромы). Мұндай ауытқулары бар балаларға стоматологиялық аурулар мен стоматологиялық ауытқулардың жоғары деңгейлі таралуы мен белсенділігі тән. Осыған байланысты ана мен баланы қорғау шараларын ұйымдастырудың маңызы зор.Соматикалық аурулар:Өмірінің алғашқы жылдарындағы баланың басынан өткен аурулары ағзаның әртүрлі жүйесіне әсер ете отырып (иммунды, тыныс алу, ас қорыту, зат алмасу және т.б.) тіс-жақ ауытқуларының қалыптасуына жағдай жасайды. Оларға рахит, респираторлы жүйесінің созылмалы аурулары, асқазан-ішек жүйесінің аурулары, эндокринді және басқа аурулар жатады.Тіс-жақ ақауларының және ауытқуларының дамуының қауіпті факторлары:
Тұқымқуалаушылыққа бейімділік
Антеналды, интранаталды және неонаталды факторлар
Соматикалық аурулар
Ерте жасанды тамақтандыру
Тіс-жақ жүйесінің ағзалары мен тіндерінің құрылымының бұзылыстары
Жағымсыз әдеттер
Тіс-жақ жүйесінің негізгі қызметтерінің бұзылуы
Тістердің бұзылуы немесе болмауы
Тұқымқуалаушылыққа бейімділікКөп жағдайда тіс-жақ жүйесінің ақаулары мен ауытқуларының дамуы тұқымқуалаушылықпен немесе қаңқаның жақ-бет бөлімінің жаққа қатысының бұзылуымен байланысты. Бұл факторлардың жағымсыз әсерлесуінде айқын ақаулар мен ауытқулар дамиды. Ол пубертатты жас кезінде айқын көріне бастайды. Тіс-жақ ауытқуларының даму қаупінің генетикалық факторын жою шектелген, ал профилактикалық шаралар тиімділігі ұзақ қадағалағанның өзінде төмен. Тұқымқуалаушылық аурулардың профилактикасы медико-генетикалық кеңес беруден тұрады. Ол жақ –бет аймағының туа біткен ақауы бар балалардың генетикалық қауіп көлемін анықтауға бағытталған.
28. Балаларда тіс жегінің таралуын және белсенділігін анықтау (кп,КПЖ,кп+КПЖ индексі).Белсенділік- аурумен зақымдану дәрежесін және тісжегі үшін КПЖ (тұрақты тістесу), КПЖ +кп (аралас тістесу) немесе кп (сүт тістесу), пародонт аурулары үшін СРІ (коммуналды пародонталды индекс) индекстерімен анықталады.Тістердің КПЖ индексі – тісжегілі, пломбаланған және жұлынған тұрақты тістер саны. КП индексі – тісжегілі және пломбаланған уақытша тістер саны.КПЖ+кп индексі- тісжегілі және пломбаланған тұрақты және уақытша тістер, сонымен қатар жұлынған тұрақты тістер саны.Тексерілген топта тісжегінің орташа белсенділігін анықтау үшін КПЖ (кп, КПЖ+кп) жеке индекстер санын тауып, топтағы адамдар санына бөлінеді.