Ылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік

Ылмыстық процессуалдық құқықтың және қылмыстық процессуалдық заңының түсінігін бере отырып, салыстырмалы жауап келтіріңіз.

ылмыстық іс жүргізу құқығы туралы түсінік

Қылмыстық іс жүргізу құқығықылмыстық құқықпен тығыз байланысты. Қылмыстық іс жүргізу құқығы — бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен іс жүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі. Яғни, осы қызметтерді атқару кезінде туындайтын қатынстарды реттейтін нормалар жиынтығы.

Қылмыстық процесс — бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді (хабарларды) алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады, Қылмыстық процестің екі мақсаты бар:

· тікелей — әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс; әрбір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталмасын;

· жалпы — заңдылықты нығайту; қылмыстардың алдын алу және жою;азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу.

Қылмыстық процестің міндеттері мынадай: қылмыстарды тез арада және толықтай ашу; кінәлілерді табу; заңдарды дұрыс қолдану.

Заңнама-заң шығаур қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы мемлекеттік өкілді орган (Парламент) қабылдаған және қылмыстық сот ісін жүргізудің тәртәбі мен мақмұнын айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жиынтығын айтамыз.Заңнаманың ерекше маңызы онда қоғамдық қатынастард реттейтін құқықтық нормалар жүйеленіп тұжырымдалатын болғандықтан, ол қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көзі.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық іс жүргізу заңымен тығыз байланысты. Бұл байланыс олардың практикалық арналуымен, ережелерінің біркелкілігімен және бірін-бірі толықтыратындығымен анықталады. Яғни бұл екі ұғым да қылмыстық іс-әрекеттер орын алған жағдайда әділсотты қолдану бағытындағы қызметтерді анықтайды және заң шығарушылық өзгерістер орын алған жағдайда бірдей өзгерістерге ұшырайды. Анығырақ айтқанда, қылмыстық іс жүргізу заңы бастапқы ұғым болып саналып, ал қылмыстық іс жүргізу құқығы кейінгі ұғым болып табылады. Сондықтан қылмыстық іс жүргізу құқығының бастауы қылмыстық іс жүргізу Кодексі деп түсінеміз. Бұл - қылмыстық іс жүргізу Кодексінсіз қылмыстық іс жүргізу құқығы өмір сүре алмайтынды дегенді білдіреді. Бұл екі ұғымның басты айырмашылығы олардың анықтамаларынан да көрінеді. Қылмыстық іс жүргізу заңы-бұл мемлекеттің арнайы заң шығарушы органымен қабылданылған, қылмысты әрекеттерді ашу, жолын кесу және сот билігін қолдану бағытындағы мемлекеттің қызметін білдіретін нормативтік құқықтық акті.

2. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге тиісті мән-жайлар мен дәлелдеусіз анықталатын мән-жайлардың түрлерін анықтап, оларға сипаттама беріңіз.

Қылмыстық iс бойынша:
1) оқиға және қылмыстық заңда көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгiлерi (оның жасалған уақыты, орны, тәсілі және басқа да мән-жайлары);
2) қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттi кiмнiң жасағаны;
3) адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекеттi жасаудағы кiнәлiлiгi, оның кiнәсiнiң нысаны, жасалған іс-әрекеттiң себептері, заңдық және iс жүзiндегi қателiктері;
4) күдіктінің, айыпталушының жауаптылық дәрежесi мен сипатына әсер ететiн мән-жайлар;
5) күдіктінің, айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар;
6) жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың салдарлары;
7) қылмыстық құқық бұзушылықтан келтiрілген зиянның сипаты мен мөлшерi;
8) әрекеттiң қылмыстық құқыққа қайшылығын жоққа шығаратын мән-жайлар;
9) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соғатын мән-жайлар дәлелденуге жатады.
Қылмыстық іс бойынша басқа да мән-жайлармен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес тәркіленуге жататын мүліктің заңсыз, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынғанын немесе осы мүліктен түскен табыс болып табылатынын не құқық бұзушылық қаруы ретінде не экстремистік немесе террористік әрекетті не қылмыстық топты қаржыландыру немесе өзгедей қамтамасыз ету үшін пайдаланылғанын немесе пайдалануға арналғанын растайтын мән-жайлар дәлелденуге жатады.Қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайлар да анықталуға жатады.

Мына мән-жайлар, егер тиiстi құқықтық рәсiмдер шеңберiнде:
1) жалпыға белгiлi фактiлер;
2) қазіргі заманғы ғылымда, техникада, өнерде, кәсiпте жалпыға бірдей қабылданған зерттеу әдiстерiнiң дұрыстығы;
3) заңды күшiне енген сот актісімен белгiленген мән-жайлар;
4) адамның заңды бiлуi;
5) адамның өз қызметтiк және кәсiби мiндеттерiн бiлуi;
6) арнаулы даярлығы немесе бiлiмі бар екендiгiн растайтын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқа да мекеменi көрсетпеген адамда арнаулы даярлықтың немесе бiлiмнiң болмауы керiсiнше дәлелденбесе, дәлелдемелерсiз анықталған мән-жайлар болып саналады.

3. Қылмыстық процессуалдық заңының уақыт, кеңістік шеңберіндегі күшін өзге қылмыстық құқықтық сипаттамасымен салыстырмалы түрде қарастырыңыз.

Қылмыстық іс жүргізу процесінің қайнар көзі (бастамасы) Қазақстан Республикасы кылмыстық іс жүргізу кодексінің 1-бабында айқындалған. Онда Қазақстан Республикасы аумағына қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібі Қазакстан Республи-касының Конституциясымен, конституциялық зандарымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен айқындалады деп көрсетілген.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының негізгі қайнар көзі заңды күші бар Қылмыстық іс жүргізу кодексі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына мынадай нормативтік актілердің жиынтығы енеді:

— Қазақстан Республикасы Конституциясы (онда қылмыстық құқық негіздері, яғни адам мен азаматтың бостандығы мен құқығы, жеке тұлғалық қол сұқпаушылық, кінәсіздік презумпциясы, т.б. белгіленген).

— Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі; Конституциялық занды күші бар Қазақстан Республикасы

Президентінің Жарлығы:

— Қазақстан Республикасындағы сот пен сот мәртебесі туралы;

— Қазақстан Республикасының прокуратурасы;

— Қазакстан Республикасының ішкі істер органдары туралы;

— Жедел іздестіру қызметі туралы;

— Адвокат қызметі туралы, т.б.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот пленумының Қаулысы қылмыстық іс жүргізу құкығының негіздеріне жатпайды, бұл Қаулы оның нормаларына сот талқылауын береді.

Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздеріне сондай-ақ заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер де, ведомстволык, нормативтік актілер де (ҚР Бас прокурорының бұйрықтары, Әділет министрлігінің нормативтік актілері, Ішкі істер министрінің бұйрықтары, т.б.) жатпайды. Олар кылмыстық іс жүргізу нормаларының таратылуы мен орындалуы тұрғысынан колданылады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексі — бұл қылмыстық іс жүргізу құқығының жүйеленген негізі, ол 1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Негізінен Кодекс Адам мен азамат кұқығы Декларациясының идеясын танытады және қылмыстық процеске қатысатын тұлғалардың занды мүддесі мен құқығын қорғауға бағытталады. Ол жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.

Жалпы бөлім 5 бөлімнен (1—5), 21 тараудан және 176 баптан тұрады. Ерекше бөлімде 8 бөлім (6—13), 40 тарау, 400 бап (177— 577) енеді.

Ескерте кету керек, 2007 жыддың 1 каңтарында Қылмыстық іс жүргізу кодексіне «Алкабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу» деп аталатын, 57—62 тараулардан, 542—577-баптардан тұратын жаңа 13-бөлім енгізілді.

Бірінші бөлім жалпы (негізгі ) ережелерді сипаттайды, екінші бөлім қылмыстық, іске қатысушы субъектілер мен олардың құқықтары мен міндеттерін, процесс субъектісі ұғымын айқындайды, үшінші бөлім дәледемелер мен дәлелдеу ұғымдарын, төртінші бөлім іс жүргізулік мәжбүрлеу шаралары мен тәртібін анықтайды, бесінші бөлімде қылмыстық процестегі мүліктік мәселелерді шешу ережелері белгіленген.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің Ерекше бөлімі алтыншы бөлімнен басталады, онда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу ережелері реттелініп берілген, жетінші бөлімде бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу әрекеттері көрсетілген, сегізінші бөлім соттың занды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау мәселелерін шешеді, тоғызыншы бөлімде сот шешімдерін орындау мәселелері қарастырылады.

Оныншы бөлім соттың занды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу тәртібі туралы түсінік береді, он бірінші белімде қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері (кәмелетке толмағандардың, артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың, яғни Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттары, соттар, дипломаттар, т.б.) берілген. Он екінші бөлім ессіз күйдегі адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын колдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібін және шет мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша құзыретті мекемелермен, лауазымды адамдармен өзара іс-қимылының тәртібін анықтауға арналған. Соңында жаңадан енген он үшінші бөлім алқабилердің қатысуымен іс жүргізу тәртібін көрсетеді.

Наши рекомендации