Витаминдердің жіктелуі

Витаминдер. Олардың тамақтанудағы маңызы

Витаминдер- аз молекулалы органикалық қосылыстар, химиялық табиғаты әр түрлі. Ағзада витаминдер түзілмейді немесе өте аз мөлшерде түзіледі. Олар ағзада зат алмасу процесіне қатысады, денсаулықтың мықты болуына әсерін тигізеді, адамның бейімделу мүмкіндігін және еңбекке деген қабілеттілігін арттырады. Тағамның құрамында ұзақ уақытқа дейін белгілі бір витаминнің болмауы ағзада авитаминоз ауруының пайда болуына себеп болады. Авитаминоздың пайда болуы қазіргі уақытта әр түрлі созылмалы аурулардың пайда болуына себеп болып отыр, әсіресе асқорыту жүйесінде. Гиповитаминоз - ол авитаминоздың бастапқы формасы болып табылады. Гиповитаминоздар ағзаға тағамдардың құрамында витаминдердің жеткіліксіз мөлшерде түсуі себебінен пайда болады.

Көбіне гиповитаминоздар жыл мезгіліне байланысты, яғни қысқы –көктемгі мезгілде пайда болады. Барлық гиповитаминоздардың жалпы белгілері бірдей: тез шаршағыштық, әлсіздік, жұмыс қабілетінің төмендеуі, әр түрлі тыныс алу жолдарының суықтау ауруларымен жиі ауыру.

Егер организмге витаминдер нормадан тыс көп түссе, адам ағзасында гипервитаминозауруы пайда болады. Мысалы: балаларда «А» және «Д» гипервитаминозы.

Төменде витаминдердің жаңаша жіктелуі көрсетілген, бұл жіктелуде витаминдердің суда және майда ерігіштік қасиеті негізге алынған.

Майда еритін витаминдер

«А» в и т а м и н і (ретинол) көбіне жануарлардан алынған тағамдардың құрамында кездеседі. Өсімдіктен алынған тағамдардың құрамында ол провитамин «А», яғни каротин түрінде кездеседі. Каротиннің ағзаға сіңіп, «А» витаминге айналуына токоферол мен қанықпаған май қышқылдарының әсері мол.

Ретинол - зат алмасу процесін реттейді, ағзаның өсуіне әсер етеді, әр түрлі жұқпалы аурулар қоздырғыштарына ағзаның қарсы тұру қабілетін, яғни иммунитетін жоғарылатады, эпителиалды тканьнің жағдайына әсерін тигізеді. «А» витамині жетіспеген кезде тері эпителийі және шырышты қабық кеуіп кетеді, кешке қарай көру қабілеті нашарлайды, авитаминоздың ауыр түрінде көздің қарашығы зақымдалады, балалардың бойы нашар өседі.

«А» витамині бауырда жиналады. Балық майында, бауырда, жұмыртқада, сары майда, ірімшіктің құрамында көп кездеседі.

Провитамин «А» - каротин – сәбіздің, қызанақтың, шабдалының, асқабақтың, итмұрынның құрамында көп кездеседі. Каротинге жасыл өсімдіктер бай болады: қалақай жапырағы, бақ - бақ, шпинат, петрушка, щавель, укроп.

«А» витаминге деген қажеттілік адамның жасына, жұмысының ауырлығына байланысты анықталады.

Бұл витаминді өте көп қажет ететін балалар, бала емізетін және жүкті әйелдер. Ересек адамның тәуліктік қажеттілігі -1000 мкг, ал жүкті әйелдерге -1250 мкг, 1 жасқа дейінгі балалар - 400 мкг, 1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар – 450 мкг, 4 жастан 6 жасқа дейінгі балалар -500 мкг, 7 жастан 10 жасқа дейінгі балалар -700 мкг, ал 11 жастан 17 жасқа дейінгі балалар -1000 мкг. қабылдау керек.

«А» витамині тек жануарлардан алынған тағамдардың құрамында болады. Бұл витаминнің негізгі көзі: балық бауыры–4, қойдың бауыры - 3,6, сиырдың бауыры - 3,83, уылдырық – 1,04, жұмыртқа – 0,35, сүт – 0,02, сары май – 0,5, голланд ірімшігі – 0,2 мг әр 100 гр тағамда.

«Д» т о б ы н ы ң в и т а м и н д е р і (кальциферолдар). «Д» тобының витаминдеріне Д2 – эргокальциферол және Д3 – холекальциферол кіреді, бұлар ең белсенділері болып саналады. Жануарлардың ағзасында «Д» витамині 7-дегидрохолестериннен түзіледі, ол он екі елі ішектің қабырғасында түзіліп, бауырда жиналады. Ультракүлгін сәулелерінің теріге әсерінен Д3 – витамині түзіледі. Бұл витаминнің белсенділігі өте жоғары. Өсімдіктер құрамында «Д» витамині провитамин – эргостерин түрінде кездеседі. Эргостериннің көп мөлшері ашытқы құрамында кездеседі. «Д» витамині ішекте кальций мен фосфор тұздарының сіңуін реттейді, сүйекте кальций фосфатының жиналуына әсерін тигізеді. Ағзада «Д» витаминінің жетіспеушілігі кальций және фосфор алмасуының бұзылуын тудырады, ал ол балаларда мешел ауруының пайда болуына әсерін тигізеді.

Ол балалардың еңбегінің кеш бітуімен және тістерінің жай шығуымен сипатталады. Бұдан басқа ағзада жалпы өзгерістер де болады: әлсіздік, тез терлегіштік, ашуланшақтық. Адамның қаңқа құрылысы өзгереді, сүйектері жұмсарып, деформацияға ұшырайды және майысады. «Д» витамині тканьдерде фосфор қосылыстарының жиналуына және олардың қанның құрамына өтуіне әсерін тигізеді. Мешел ауаруы кезінде бұзылған кальций мен фосфор ара қатынасының қалпына келуіне әсерін тигізеді, соның салдарынан сүйектің түзілу қасиеті жақсарад

Витаминдердің жіктелуі

Майда еритін витаминдер Суда еритін витаминдер Витаминге ұқсас заттар
«А» витамині ( ретинол) «А» провитамині (каротин) «Д» витамині (кальциферолдар) «К» витамині (филлохинондар) «Е» витамині ( токоферолдар)   «В1» витамині (тиамин) «В2» витамині (рибофлавин) «РР» витамині (никотин қышқылы) «В6» витамині (пиридоксин) «В12» витамині (цианкобаламин) Фолий қышқылы «ВС» витамині (фолацин) «В3» витамині (пантотен қышқылы) «Н» витамині (биотин) «N» витамині (липой қышқылы) «С» витамині (аскорбин қышқылы) «Р» витамині (биофлавиноидтар)   Пангам қышқылы («В15» витамині) Парааминобензой қышқылы («Н1» витамині) Орот қышқылы ( «В13» витамині) Холин («В4» витамині) Инозит («В8» витамині) Карнитин («ВТ» витамині) Көпқанықпаған май қышқылдары («Ғ» витамині) S- метилметионин- сульфоний - хлориді («U» витамині)  

Ересек адамдар мен жасөспірімдер үшін «Д» витаминіне деген қажеттілік тәулігіне 100 МЕ, 3 жасқа дейінгі балаларда - 400МЕ, жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдер үшін - 500 МЕ. Ультракүлгін сәулелері жетіспейтін аймақтың адамдарына «Д» витаминімен қосымша қамтамасыз ету жүргізілу керек.

«Д» витаминінің көзі болып негізінен балық тағамдары саналады: балық майы, балықтың бауыры, сельд және т.б. Сүт және сүт өнімдерінде аздаған көлемде «Д» витамині болады. «Д» витаминінің тағамдардағы көлемі: майлы атлантикалық сельд – 30, балық бауыры – 10, лосось – 12, шпрот – 20,5, бекіре уылдырығында -8, сиыр сүтінде – 0,05, сары майда – 1,5, кілегей майлылығы 20% - 0,12 мкг. тағамның әр 100 грамм жеуге жарамды бөлігінде.

«Д » витаминін емдік және профилактикалық мақсатта қолданғанда өте абай болу керек. «Д» витаминінің көп мөлшерінің ағзаға улы әсері бар, бұл кезде адам азады, бауырда, бүйректе, қан тамырларының қабырғаларында кальций жиналады.

«Е» в и т а м и н і (токоферолдар) - олардың ағзаға әсері әр түрлі: ол көбею функциясын реттеп отырады, гипофизге, бүйрек үсті безіне, зат алмасу процесіне әсер етіп, бұлшық еттердің жұмысын реттеп отырады. Токоферолдың ең маңызды қасиеті – ол ішкі органдарда майда еритін витаминдердің жиналуына ықпалын тигізеді, әсіресе ретинолдың.

Жануарларда «Е» витамині жетіспеушілігі кезінде бұлшық еттердің дистрофиясы байқалады. Егеуқұйрықтарда токоферол жетіспегенде жыныстық қатынас нашарлайды, ұрғашыларында бедеулік байқалады.

«Е» витамині өсімдік майларының құрамында, бидай дәндерінде, көкөністерде және т.б көптеп кездеседі: әр 100 г тағамның жеуге жарамды бөлігінде мақта майында – 114, жүгері майында – 93, жержаңғақ майында – 84, тазартылған күнбағыс майында – 67, маргаринде -25, сояда – 17,3, шырғанақта -10,3, бұршақта – 9,4, жұмыртқада – 2,0, көк бұршақта 2,6 мг.. Ересек адамның «Е» витаминіне деген тәуліктік қажеттілігі 12 мг, жүкті әйелдер мен емізулі әйелдер үшін 15 мг, ал балалар мен жасөспірімдер жасына және жынысына байланысты 5-12 мг. арасында.

«К» т о б ы н ы ң в и т а м и н д е р і (филлохинондар) қанның қоюлану процесіне қатысады. Ересек адамдардың ағзасында «К» витаминін ішек микрофлоралары синтездеп шығарады, көбіне ішек таяқшасы, сондықтан «К» витаминінің жетіспеушілігі сирек кездеседі. «К» витамині тағамда ұзақ болмаған кезде қанның қоюлану уақыты ұзарады да, тері астында және бұлшық ет арасында қанның ұюы байқалады.

«К3» витаминінің, яғни метиониннің ағзаға мөлшерден тыс көп түсуі ағзаға улы әсер етеді.

«К» витамині салаттың көк жапырағында, қырыққабатта, шпинатта, қалақайда және жануарлардан алынған тағамдар құрамында: сүт, жұмыртқа, етте көптеп кездеседі. «К» витаминінің тағамдардың құрамындағы мөлшері: әр 100 гр тағамның жеуге жарамды бөлігінде сәбізде - 0,1, шпинатта - 4,5, томат - 0,4, түсті қырыққабатт - 0,06, көк бұршақта - 0,1-0,3, картопта - 0,08, бүлдіргенде - 0,12, бұзау еті, қой етінде -0,15, сиыр еті мен балықта - 0,1 мг. Ересек адамның «К» витаминіне деген тәуліктік қажеттілігі 0,2 - 0,3 мг. Адамдар күнделікті әр түрлі тағамдарды, яғни өсімдік және жануарлар тағамдарын қолданғанда «К» витамині ағзаға жеткілікті мөлшерде түседі.

Суда еритін витаминдер

Суда еритін витаминдерге «С», «Р» және өте көп «В» тобының витаминдері жатады.

« С » в и т а м и н і (аскорбин қышқылы) – оның физиологиялық маңызы зат алмасу процестерімен, тотығу – тотықсыздандыру процестерімен байланысты және қан тамырларының өткізгіштігін қалыпты жағдайда ұстап тұрады. «С» витаминінің маңыздылығы ақуыздың алмасуымен тығыз байланысты. Ағзаға «С» витамині нормадан аз мөлшерде түскен кезде, ағзада ақуызды қолдану төмендейді, ағзаның витаминге, ақуызға сұранысы артады. «С» витамині ағзада проколагеннің коллагенге өтуіне, яғни қан тамырларының қабырғаларының қалыпты жағдайда болуына әсерін тигізіп, серпімділігін сақтайды. Аскорбин қышқылының адам ағзасында көп болуы бауырдағы гликоген қорының артуына әсерін тигізеді. Аскорбин қышқылы холестерин алмасуды реттейді, гормондардың түзілуіне қатысады, яғни атеросклероз ауруының алдын алуға себеп болады. «С» витамині ағзаның қорғаныс қабілетін және кейбір улы заттарға қарсы тұру қабілетін арттырады (қорғасын, күкірттегі және т.б), сол себептен аскорбин қышқылын химия өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшылардың тағамының құрамына алдын алу шаралары ретінде қосады.

Аскорбин қышқылының жетіспеушілігі тағам құрамында витамин аз түскен кезде, сонымен қатар асқорыту жүйесінде витаминді сіңіру процесі бұзылған кезде байқалуы мүмкін. «С» витамині ағзаға ұзақ уақыт мүлдем түспеген кезде «Қырқұлақ » (Цинга) ауруы пайда болады. Бұл аурудың негізгі белгілері: денеде майда және үлкен көлемдегі қан ұюлардың пайда болуы, сонымен қатар анемия және асқазан сөлінің бөлінуінің бұзылуы. Қазіргі уақытта аскорбин қышқылының толық емес жетіспеушілігі байқалуы мүмкін, бұл жағдайда клиникалық белгілері аса байқалмайды. Аскорбин қышқылының жетіспеушілігінің алғашқы белгілері: жұмыс қабілетінің төмендеуі, тез шаршағыштық, қызыл иектің қанауы, адамның тез суықтауы және т.б.

«С» витаминге деген тәуліктік қажеттілік 60-100 мгр. Бұл адамның жасына, жынысына, жұмыс ерекшелігіне байланысты. Аскорбин қышқылының бір реттік аз мөлшері 200 мг, ал тәуліктік аз көлемі 600 мг деп саналады.

Өндірісте аскорбин қышқылын дайындауға қажетті шикізатқа глюкоза мен сорбит жатады. «С» витаминінің тағамдардағы табиғи көзі болып өсімдік тағамдары саналады. Жануарлардан алынған тағамдардың құрамында бұл витамин өте аз мөлшері болады. «С» витаминінің көкөністер мен жеміс-жидектердің құрамындағы мөлшері: әр 100 грамм тағамның жеуге жарамды бөлігінде итмұрында- 1200, қарақатта -200, апельсинде - 60, лимонда - 40, бүлдіргенде - 60, шетенде - 15, шиеде - 15, қара өрікте-10, жүзімде -6, картопта - 20, қырыққабатта - 40, укропта - 100 мг.. Біздің елімізде профилактикалық мақсатпен кейбір тағамдарды «С» витаминімен байытады (ұн, маргарин, сүт) және қоғамдық тамақтану орындарында да сұйық тағамдарды, яғни бірінші немесе үшінші тағамдарды витаминизациялайды. Жыл бойы жабық мекемелерде (бала - бақша, мектеп-интернат, аурухана, санаторийлерде) сұйық тағамдар витаминизацияланады. Витаминизациялау арнайы нұсқауға сай жүргізіледі. Витаминизация жүріп жатқанын қадағалау сол жердің «витаминизациялау журналында» жазылған бойынша, күнде қанша аскорбин қышқылы қолданылғанынан анықтайды және тағамдарды зертханалық зерттеуге сынама алып, оның құрамындағы витаминнің мөлшерін анықтау арқылы қадағалайды. Дайын тамақты «С» витаминизациялау нормасы 6 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне – 40 мг, 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға - 50 мг, ересек адамдарға – 80 мг, ал жүкті немесе бала емізетін әйелдер тәулігіне - 100 мг. Витаминді бірінші немесе үшінші тамаққа, тамақты сәл суытып қосады. Витаминизация жүргізілген тамақты қайта қыздыруға, сақтауға болмайды, өйткені витаминдер өздерінің қасиетін жоғалтады.

« С » витаминін нормадан көп қолдану ағзаға теріс әсер етеді: көмірсу алмасуы бұзылады, кіші дәреттің құрамында қант пайда болады, қанның құрамында қант көбейеді, қан қысымы жоғарылайды, әйелдерде жыныстық гормон нормадан көп шығарылады, минералды алмасу бұзылады, қанның ұю функциясы нашарлайды, қан тамырларының өткізгіштігі артады.

«В1 » в и т а м и н і (тиамин) - құрамында күкірті бар тағамдық затқа жатады. Тиамин көмірсулар, ақуыздар, майлар алмасуға қатысады, ацетилхолиннің өзгеруі мен басқа да биохимиялық процестерге қатысады. Көмірсуларды неғұрлым көп қолдану тиаминге деген қажеттілікті арттырады, себебі тиамин жетіспеген жағдайда көмірсулар толық ыдырамай (пайдаланылмай) зат алмасуда аралық қалдық заттар: сүт қышқылы мен пировиноград қышқылы жиналады. Тиамин ас қорыту процесіне әсер етеді. Ол асқазанның жиырылу мен сөл бөлу фунциясын жоғарылатып, асқазаннан тағамдардың жылжуын жылдамдатады.

« В1 » авитаминозы «бери – бери» ауруын тудырады. Бұл жағдайда шеткі жүйке жүйесі, яғни аяқ-қолдың, әсіресе аяқтың нерв жүйесі зақымдалады. Бұл ауру сыртқы қабықтары алынып тасталған дәнді дақылдармен ұзақ уақыт тамақтанғанда пайда болады. Қазіргі уақытта «В1» гиповитаминозы көп кездеседі. Ол тазартылған, көмірсуға бай тағамдарды тамақтануда көп қолданғанда, тағамдардың құрамында тиаминнің мөлшері азайғанда пайда болады. Тиаминге деген қажеттілік орташа есеппен тәулігіне 1,3-2,6 мг, бұл қажеттілік адамның жасына, жынысына, жұмыс ерекшелігіне және тағамдардың құрамындағы көмірсулардың мөлшеріне байланысты. Тиаминнің тағамдардағы мөлшері: әр 100 грамм тағамның жеуге жарамды бөлігінде майда жармада - 0,14, қарақұмықта – 0,43, сұлы ұлпасы «Геркулесте» - 0,45, қара бидай нанында – 0,18, жоғары сортты бидай нанында - 0,11, пастерленген сүтте – 0,4, майлы сүзбеде – 0,05, 2 категориялы сиыр етінде – 0,07 тауық жұмыртқасында – 0,07, көк бұршақта – 0,34, картопта – 0,12, алмада – 0,01, апельсинде – 0,04 мг.

«В2» в и т а м и н і (рибофлавин) -флавиндерге жатады, бұлар көкөністердің, картоптың, сүттің табиғи пигментіне жатады. Ол адамдарда ішек микрофлорасының көмегімен түзіледі. Рибофлавиннің ең негізгі, әрі маңызды қасиеті оның өсу процесіне қатысуы. «В2» витамині ақуыз алмасуға қатысады. Ақуыз жетіспеушілік кезінде «В2» витаминінің кіші дәретпен шығуы байқалады. Сонымен қатар рибофлавин көмірсу және май алмасу процесіне қатысады, адамның көру қабілетін жақсартады, әсіресе қараңғы уақытта көруге бейімделуін арттырады, түнгі көру қабілетін жақсартады және түсті анықтаудағы көздің өткірлігін арттырады.

Арибофлавиноз - рибофлавин жетіспеуіне байланысты пайда болатын ауру, бұл жағдайда тері зақымданады, ауыз қуысының шырышты қабығы, көру органдары, жүйке жүйесі зақымданады, сонымен қатар гемопоэз бұзылады, әсіресе лейкопоэз.

Арибофлавиноз хейлоз түрінде білінеді. Еріндердің жанасқан жеріндегі шырышты қабығының үнемі жарылуы. Еріндердің қызаруы, тік жарықтардың пайда болуы, қанды жаралардың пайда болып, қабықтануы. Глоссит – тілдің беті алдыменен түйіршіктенеді, бүртіктенеді, содан соң тегістеледі. Тілдің түсі қоңырқай қызыл, жылтыр болады, стоматит - ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуы байқалады. Арибофлавиноз гипохромды анемия болып асқынуы мүмкін, майда қан тамырларының функциясы бұзылады. Рибофлавинге деген қажеттілік тағамдар арқылы толық қанағаттандырылады. Рибофлавинге деген тәуліктік қажеттілік орта есеппен 0,4 – 2,2 мг-ға дейін. Ол адамның жасына және жұмыс ерекшелігіне байланысты. Рибофлавиннің (В2 витаминінің) тағамдардағы мөлшері : әр 100 грамм тағамның жеуге жарамды бөлігінде майда жарма - 0,04, қарақұмық жармасы - 0,20, арпа жармасы - 0,06, қара бидай наны - 0,11, жоғары сортты бидай наны - 0,06, престелген ашытқы - 0,68, пастерленген сүт - 0,15, майлы сүзбе - 0,3, 2 категориялы сиыр еті - 0,18, тауық жұмыртқасы - 0,44, көк бұршақ - 0,19, қырыққабат - 0,07, картоп – 0,07, алма - 0,03, апельсин - 0,03 мг.

«РР» в и т а м и н і (никотин қышқылы, ниацин) – жасушалардың тыныс алуына, алмасу реакцияларына қатысады, асқорыту жүйесінің жұмысына әсер етеді: асқазанда сөл бөліп шығару және қозғалту функциясын қалыптастырады, асқазан асты безінің сөл бөлу жұмысын жақсартады, бауырдың функциясын реттейді және т.б. Никотин қышқылының көмегімен өсімдік ақуызы организмге жақсы сіңеді. Ағзада триптофан, рибофлавин және никотин қышқылы жетіспегенде «пеллагра» ауруы пайда болады. Пеллагра ауруының пайда болуының негізгі себебі никотин қышқылының жетіспеушілігі. Пеллагра ауруының негізгі белгілері: ағзаның жалпы жағдайының бұзылуы, сонымен қатар ішек жұмысының бұзылуы (диарея), ақыл-есінің бұзылуы (деменция) және терідегі өзгерістер (дерматиттер). Адам никотин қышқылының өте көп көлемін қабылдағанда (50 мг-нан аса) ағзада физиологиялық ерекше өзгерістер байқалады, бұл жағдайда беттің терілері, мойынның терісі, кеуденің терісі қызарады, денесі қызады. Холинді жетіспеушілік бауырдың май басуына әкеліп соғуы мүмкін. Соңғы асқынуды болдырмау үшін тағамдардың құрамында ақуыздың көп болуын қамтамасыз ету керек (сүзбе, ірімшік). Никотин қышқылына деген қажеттілікті ағзаға никотин қышқылының түсуімен және триптофаннан пайда болуы арқылы қамтамасыз етуге болады. 60 мг. триптофаннан 1 мг ниоцин пайда болады. Никотин қышқылының тағамдардағы мөлшері: әр 100 грамм тағамның жеуге жарамды бөлігінде қарақұмық жармасы - 4,19, арпа жармасы - 2,0, қара бидай наны - 0,67, жоғары сортты бидай наны - 0,92, престелген ашытқы - 11,4, пастерленген сүт - 0,10, майлы сүзбе - 0,07, 2 категориялы сиыр еті - 5,0, тауық жұмыртқасы - 0,19, көк бұршақ - 2,0, картоп - 1,30, алма - 0,23, апельсин - 0,20 мг. «В3» в и т а м и н і (пантотен қышқылы) – пировиноград қышқылының және ақуыздардың алмасуын реттейді, май алмасуға қатысады және т.б. Пантотен қышқылы жүйке жүйесінің функциясын және жүйке-трофикалық процестерге әсер ететіні анықталған. Бұл процестің бұзылуы дерматиттерге және басқа да әр түрлі өзгерістерге әкеледі. Пантотен қышқылы қалқанша бездің функциясымен байланысты және бүйрек үсті безінің функциясына әсерін тигізеді. Пантотен қышқылының жануарларда жетіспеушілігі жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуына (құрыспа, сал, парез) және жүйке трофикасының бұзылуына (дерматиттер, түктің түссізденіп, күңгірттенуі), май алмасудың бұзылуына әкеліп соғатыны анықталған. Пантотен қышқылына деген қажеттілік тәулігіне 5-10 мг, ол күнделікті тағамдармен қамтамасыз етіледі. Пантотен қышқылының тағамдардағы мөлшері: әр 100 грамм тағамның жеуге жарамды бөлігінде сиырдың бауыры - 6,8, престелген ашытқы - 4,2, тауық жұмыртқасы - 1,3, көк бұршақ - 0,8, қара бидай наны - 0,6, 1 категориялы сиыр еті - 0,5, сүтте - 0,38, голланд ірімшігінде - 0,3, картопта - 0,3 мг. «В6 » в и т а м и н і ( пиридоксин ) зат алмасу процесіне қатысады, әсіресе ақуыз алмасуға, ферменттердің құрылуына, аминқышқылдарының алмасуын қамтамасыз етеді. Пиридоксин жүйке жүйесінің жұмысын реттейді, оның ішінде трофикалық иннервацияны реттейді. Пиридоксиннің липотропты заттарға жататыны анықталған, оның жетіспеушілігі бауырдың май басуына себеп болады. Сонымен қатар пиридоксин асқазан бездерінің қышқыл бөлу функциясына және қан түзілу процесіне әсерін тигізеді. «В6» витаминінің авитаминозы адамдарда анықталмаған. Пиридоксин жетіспегеушілігінен ішек-қарын функциясының бұзылуы және құрысу болатыны жөніндегі мәліметтер бар. «В6» витаминінің екіншілік жетіспеушілігі аяғы ауыр әйелдерде және әйелдердің жеріктігінде болатыны анықталған. «В6» витаминінің жетіспеушілігі қартаю процесінің қарқынды жүрген кезінде байқалады. Ересек адамның «В6 » витаминіне деген тәуліктік қажеттілігі орта есеппен 1,5 - 2,2 мг.

«В6» витаминіне деген қажеттілік аяғы ауыр әйелдерде, бала емізетін әйелдерде, сонымен қатар кәрі кісілерде қоршаған ортаның теріс әсерлері себебінен артады. Пиридоксинді қосымша тағамдарға енгізу жұмыстары денсаулыққа зиянды, улы әсері бар мамандықтарға тағайындалады. Тағамдар құрамындағы пиридоксиннің мөлшері жоғары емес, бірақ дұрыс тамақтанған кезде жеткілікті. Пиридоксиннің көп мөлшері ашытқы мен бауырда болады.

«Н» в и т а м и н і (биотин ) жүйке жүйесінің жұмысын реттейді, май алмасу процесіне қатысады. Биотин - жануарлардың ағзасында жұмыртқа ақуызының көп мөлшерін енгізгенде пайда болатын жеріктікті зерттегенде анықталды. Биотиннің жетіспеушілігі кезінде жануарлар ағзасында өсу процесінің тоқтауы, түктерінің түсуі, себорейлі дерматиттің пайда болуы, пигменттердің жоғалуы байқалады. Биотин авитаминозы кезінде негізгі өзгеріс ол – қабықшалы дерматит. Биотинге деген қажеттілік оның жоғары белсенділігіне байланысты көп емес, оның көп бөлігі тағамдар арқылы және аз бөлігі ішек микрофлорасының көмегімен жүретін биосинтезбен қанағаттандырылады. Биотинге деген тәуліктік қажеттілік 0,15-0,3 мг. Биотиннің тағамдардың құрамындағы мөлшері: әр 100 гр тағамның жеуге жарамды бөлігінде тауық жұмыртқасының сарыуызы - 56, жұмыртқа - 28,2, жүгері - 21, сұлы жармасы - 20,бұршақ - 19,5, майсыз сүзбе - 7,6, бидай наны - 4,8, сиыр еті - 3,25, сүт - 3,2, голланд ірімшігі - 2,3, қызанақ - 1,2, апельсин – 1,0 мкг.

«Вс» в и т а м и н і (фолий қышқылы) «В12» витаминімен жалпы қасиеттері ұқсайды. Фолий қышқылы нуклеин қышқылдарының, кейбір аминқышқылдарының, холиннің түзілуіне әсер етеді. Фолий қышқылы хромосомалардың құрамында болады және жасушалардың көбеюінде маңызды фактор болып табылады. Фолий қышқылы қанның өнуін реттейді және көбейтеді, сондықтан да фолий қышқылын басқа да емдік заттармен қатар анемияны емдеуге қолданады.Фолий қышқылы атеросклероз ауруының алдын алуда маңызды рөлі атқарады.

Фолий қышқылы жетіспеген жағдайда анемияның әр түрі және формалары дамиды. Фолий қышқылының жетіспеушілігі экзогенді және эндогенді факторлардың әсерінен болуы мүмкін: тағамның құрамында аз болуы, ағзада фолий қышқылының түзілуінің бұзылуы, ағзадан көп мөлшерде шығарылуы (мысалы адам құсқанда). Фолий қышқылына деген тәуліктік қажеттілік шамамен – 200 мкг. Үйлесімді тамақтанғанда фолий қышқылының тәуліктік қажеттілігінің 50-60 % -ы тағамммен түседі. Ал жетіспеген мөлшері ішек микрофлорасының биосинтезінде түзіледі. Фолий қышқылының тағамдардағы мөлшері: әр 100 грамм тағамның жеуге жарамды бөлігінде ашытқы–550, сиырдың бауыры – 240, шошқаның бауыры –225, балықтың бауыры – 110, петрушка - 110, шпинат - 80, сиырдың бүйрегі – 56, укроп - 27, көк пияз – 18, салат – 48, 1 категориялы сиыр еті - 8,4, тауық жұмыртқасы – 7,5 мкг.

«В12 » в и т а м и н і ( цианкобаламин). Ең алғаш шикі бауырдан бөлініп алынған. «В12» витаминінің маңыздылығы анемияға қарсы әсерге байланысты. «В12» витамині зат алмасу процестеріне әсер етеді, аминқышқылдарының түзілуіне қатысады. «В12» витамині балалардың өсуін тездетеді және жалпы жағдайын жақсартады.

«В12 » витаминінің липотропты қасиеті бар деген де мәліметтер бар.

«В12» витамині ағзада холин мен метиониннің пайда болуына әсер етеді. «В12» витаминінің фолий қышқылымен өзара әсері бар екендігі анықталған. Анемияны емдеу кезінде дәрі-дәрмекпен бірге «В12» витамині қолданса, жоғары емдік әсерді қамтамасыз етеді. «В12» витаминіне деген тәулік қажеттілік шамамен 3 мкг.

«В12» витамині тек жануарлардан алынған тағамдардың құрамында кездеседі. Өсімдік тағамдарының құрамында бұл витамин мүлдем болмайды.

«В12» витамині мына тағамдардың құрамында кездеседі: әр 100 грамм тағамның жеуге жарамды бөлігінде сиырдың бауыры – 60, шошқаның бауыры – 30, сиырдың бүйрегі – 25, скумбрия – 12, 1 категориялы сиыр еті – 2,6, майлы емес сүзбе – 1,0, тауық жұмыртқасы – 0,52 мкг.

«Р» в и т а м и н і (биофлавиноидтар) «С» витаминімен ортақ көптеген қасиеттері бар. Биофлавиноидтардың - негізгі биологиялық рөлі қан тамырларын әлдендіргіш әсері және қан тамырлары қабырғасының өткізгіштік қасиетін төмендету. Ұлпаларда тотығу процесін белсендіреді және артериалдық қысымды төмендетеді, сол себептен гипертония ауруын емдеуде қолданылады. Бұл витаминнің гистаминге қарсы әсері анафилактикалық шоктың алдын алуда қолданылады.

Биофлавиноидтардың жетіспеушілігі эндогенді және экзогенді болуы мүмкін. Көбіне басқа да витаминдердің жетіспеушілігімен бірге кездеседі, организмде симптомды кешен құрайды: майда қан тамырларының қан өткізгіштігінің артуы, қан тамырларының сынғыштығының артуы, жалпы әлсіздік, терінің астында қанның жиналуына бейімділік.

«Р» витаминге деген тәуліктік қажеттілік түбегейлі анықталмаған, шамамен тәулігіне 35-50мг. Биофлавиноидтар өсімдік тағамдарының құрамында көптеп кездеседі: әр 100 грамм тағамның жеуге жарамды бөлігінде итмұрын – 680, қарақат–1000 - 1500, апельсин –500, лимон – 500, құлпынай – 180 - 210, картоп – 15 - 35, укроп–179, петрушка – 157 мкг.

«N» в и т а м и н і (липой қышқылы) ағза жасушаларынан түзілмейді, коферментті функция атқарады. Ағзада энергетикалық және пластикалық рөл атқармайды.

Липой қышқылы биологиялық тотығу процесіне қатысады, ақуыздармен байланысқан, әсіресе лизин аминқышқылымен. Липой қышқылы ағзада жеткіліксіз мөлшерде болған кезде, тканьдерде пировиноград қышқылы көбейіп, соның салдарынан ацидоз пайда болып, жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуы байқалады. Липой қышқылының көптеген улы заттардан қорғау қасиеті бар екендігі де анықталған, әсіресе ауыр металдардың тұздарын (мышьяк, сынап және т.б). Табиғатта кең тараған, көптеген тағамдардың құрамында кездеседі. Липой қышқылына деген тәуліктік қажеттілік 0,5 мг.

Липой қышқылы мына тағамдардың құрамында кездеседі: әр 1кг тағамда сиыр еті – 725, қырыққабат –115, күріш – 220, сүт 500- 1300 мкг. Липой қышқылының көп мөлшері өсімдіктердің жасыл бөлігінде кездеседі.

Витаминге ұқсас заттар – бұл заттардың тобына нағыз витаминдерге кейбір қасиеттері ұқсайтын, бірақ витаминдерге қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыра алмайтын заттар жатады.

П а р а а м и н о б е н з о й л ы қ ы ш қ ы л ы (ПАБҚ) тағамдардың көп түрлерінде кездеседі. Оның биологиялық қасиеті жеткіліксіз зерттелген. Жануарларда бұл зат жетіспегенде пигмент түзу және гормонды бөліп шығару қабілеті бұзылады. Парааминобензойлы қышқылға деген тәуліктік қажеттілік тағамдағы табиғи мөлшері арқылы жеткілікті түрде қанағаттандырылады. Парааминобензой қышқылы тағамдардың көптеген түрлерінде кездеседі: әр 100 грамм тағамның жеуге жарамды бөлігінде бидай – 0,06, картоп – 0,04, көкөніс – 0,02, сүт – 0,01, ет – 0,005, жұмыртқа – 0,04, кепкен сыра ашытқысы – 0,9-5,9 мг.

Х о л и н - әр түрлі биологиялық әсері бар витаминге ұқсас зат. Оның липотропты қасиеті бар, бауырда фосфолипидтердің түзілуіне қатысып, бауырдың май қышқылдарынан тез босауын қамтамасыз етеді. Холин ақуыздың және майдың алмасуына әсерін тигізеді, ағзаға түскен улы затардың улылығын қайтарады (селен және т.б)

Холин ағзаға жеткіліксіз мөлшерде түскен кезде жасушаларда, ұлпаларда, әсіресе жүйке тканьдерінде, ұлпалы органдарда, жүрек бұлшық еттерінде фосфолипидтердің алмасуы бұзылады. Ересек адамның холинге деген шамамен тәуліктік болжамды қажеттілігі 0,5-1,0 грамм. Атеросклерозбен ауыратын және кәрі адамдардың холинге деген қажеттілігі бұл көрсеткіштен жоғарылау болады.

Холин тағамның көптеген түрлерінде кездеседі: әр 100 грамм тағамның жеуге жарамды бөлігінде сиырдың бауыры – 635, сиырдың бүйрегі - 320, тауық жұмыртқасы – 251,7, сұлы жармасы – 200, күріш жармасы - 78, 2 сортты бидай наны – 61, майлылығы 20 % қаймақ – 47,6, майлы сүзбе – 45,7, сиыр сүті – 23,6 мг.

И н о з и т - негізгі биологиялық әсеріне оның липотропты және седативті қасиеті жатады. Одан басқа асқорыту жүйесінің моторлы функциясының жұмысын жақсартады. Инозит қан сарысуының құрамындағы холестериннің мөлшерінің азаюына әсерін тигізеді. Ересек адамның инозитке деген тәуліктік қажеттілігі 1,0 - 1,5 гр.

Инозиттің өте көп мөлшерімен мына тағамдардың құрамы ерекшеленеді, олар бидай қауызы, сиырдың жүрегі және миы. Инозиттің тағамдардағы мөлшері: әр 100 гр тағамның жеуге жарамды бөлігінде апельсин–250, жасыл бұршақ–240, ақ қырыққабат– 66, картоп – 30, сәбіз – 95, қант қызылшасы – 21, қызанақ – 46, нан – 110 мг.

К а р н и т и н - құрамында азоты бар зат, бұлшық еттердің дұрыс жұмыс жасауына әсерін тигізеді. Адамның карнитинге деген тәуліктік қажеттілігі әлі анықталмаған, бірақ ағзаның карнитинге деген қажеттілігі тағамдар арқылы толық қамтамасыз етіліп тұрады. Карнитиннің көп мөлшері ет және ет тағамдарында кездеседі.

S – м е т и л м е т и о н и н с у л ь ф о н и й - х л о р и д і («U» витамині) ең алғаш қырыққабат сөлінде анықталған. Бұл зат асқазанның және он екі елі ішектің жарасының жазылуына әсерін тигізеді. Бұл витаминнің гистаминге және склерозға қарсы әсері анықталған, сондықтан оның қасиеті сүзбе метиониніне және басқа да тағамдардың құрамындағы ақуыздарға ұқсайды, сол себептен оны липотропты факторлаға жатқызуға болады. Метиониннен айырмашылығы ол бауырға теріс әсерін тигізбейді, яғни оны ұзақ қолданған кезде бауырды май баспайды. «U» витамині тек қырыққабатың құрамында ғана кездеспейді, ол басқа да тағамдардың құрамында болады: қызылша, петрушка, сельдерей және т.б жеуге жарамды шөптердің құрамында кездеседі. Ұзақ уақыт ыстық өңдеуден өткізген кезде тағамның құрамындағы «U» витамині толық жойылады. Кейбір тағамдардың құрамындағы «U» витаминінің мөлшері: әр 100 грамм тағамның жеуге жарамды бөлігінде ақ қырыққабат – 16,4- 20,7, петрушка – 6,4, асханалық қызылша – 14,6, түрлі- түсті қырыққабат – 4,0 - 6,1, картоп – 0,17, сәбіз – 0,12, асқабақ – 0,1, сиыр еті – 0,11 мг.

П а н г а м қ ы ш қ ы л ы ( В15 витамині ) витаминге ұқсас заттардың қатарына жатады. Ол өсімдіктердің тұқымының құрамында көп кездеседі. Ең негізгі физиологиялық қасиеті: оның липотроптылығы және жылжымалы метильді топтың донаторы ретінде қолданылуы, яғни ағзада нуклеин қышқылының, фосфолипидтердің, креатиннің және басқа да құрамдас бөліктерінің биосинтезі үшін қолданылады. Пангам қышқылы метильді топтың донаторы ретінде, тағам рационының құрамына кіріп, оның липотропты қасиетін және склерозға қарсы әсерін күшейтеді. Пангам қышқылы креатинфосфат түзілуіне қатысады, ол бұлшық еттердің функционалды қабілеті мен жалпы энергетикалық процесті қалыпты ұстап тұруға әсер етеді. Пангам қышқылы әсіресе спортсмендердің тағамдың рационында міндетті түрде болуы қажет. Пангам қышқылы ұлпалардың тыныс алуын жақсартады, тканьдерде оттегінің қолданылуын арттырады, тотығу процестеріне қатысады. Пангам қышқылының осы қасиетін ескере отырып, уланудың жедел және созылмалы түрін емдегенде қолдануға ұсынылады. Ересек адамның пангам қышқылына деген тәуліктік қажеттілігі 2 мг.

О р о т қ ы ш қ ы л ы (В13 витамині). Орот қышқылы пиримидин негіздерінің туындыларына жатады және нуклеин қышқылдарының түзілуіне, липидтердің алмасуына, пантотен қышқылының түзілуіне және өзгеруіне қатысады, бауыр жасушаларының регенерациясын жылдамдатады.

Орот қышқылы бауыр, жүрек ауруын емдеуде, асқазан және ішек жарасы, Боткина ауруында калий оротаты түрінде қолданылады. Тәуліктік мөлшері - 0,5-1,5 гр. Орот қышқылы ашытқыда, бауырда, сүтте және т.б тағамдарда болады.

«Ғ» в и т а м и н і бұл витаминге кейбір ғалымдар бірнеше қос байланысты май қышқылдарын жатқызады.

Витамин A (ретинол). При недостаточности витамина A возникает избыточное ороговение слизистых оболочек (гиперкератоз), снижается секреция слюнных желез, нарушается работа иммунной системы. Поэтому витамин A широко применяют в комплексной терапии эрозивно-язвенных процессов, трещин, воспалительно-дистрофической формы пародонтита, заболеваний, сопровождающихся гиперкератозом (лейкоплакия, красный плоский лишай). При назначении витамина A внутрь в дозах, превосходящих суточную потребность, необходимо помнить о возможности развития гипервитаминоза.

При этом наблюдается сухость и шелушение кожи, выпадение волос, боли в области суставов и костей, диффузное утолщение костей, увеличение печени и селезенки, диспепсические явления и ряд других симптомов.

Витамин D (эргокальциферол или витамин D2) способствуют отложению кальция в костной ткани и дентине, препятствует резорбции костной ткани, способствует выведению свинца из организма. Прием препаратов витамина D в дозах, значительно превышающих суточную потребность в них, без рекомендации врача недопустим.

Длительное применение витамина D в повышенных дозах или использование его в ударных дозах может приводить к рассасыванию стромы костей, развитию остеопороза, деминерализации костей, увеличению синтеза мукополисахаридов в мягких тканях (сосуды, клапаны сердца и т.д.) с последующей их кальцификацией.

Витамин E (токоферол). Учитывая антиоксидантную активность витамина E, в стоматологической практике его применяют в комплексной терапии воспалительных, эрозивно-язвенных поражений слизистой оболочки полости рта, воспалительно-дистрофических заболеваний пародонта.

Витамин K. В стоматологии при кровоточивости слизистой оболочки полости рта, генерализованном пародонтите и перед стоматологическими операциями у пациентов с пониженной свертываемостью крови, обусловленной дефицитом витамина K, используется водорастворимый аналог витамина K – менадиона натрия бисульфит (препарат Викасол).

Витамин B1 (тиамин). Первые признаки гиповитаминоза B1 в полости рта (ухудшение трофики слизистой оболочки полости рта, изъязвление углов рта, глоссит, сухость во рту и жажда, невралгии и невриты тройничного и лицевого нервов) обосновывают его применение в стоматологии при поражениях слизистой оболочки полости рта, глоссите, невралгии, неврите тройничного и лицевого нервов, стоматите, гингивите. Длительное применение больших доз витамина B1 может привести к передозировке, сопровождающейся возникновением тошноты, потливости, тахикардии, одышки, гипотензии.

Витамин B2 (рибофлавин). При гиповитаминозе B2 появляются трещины в углах рта (ангулярный стоматит), атрофия сосочков языка (глоссит). В стоматологической практике витамин B2 применяют при длительно незаживающих трещинах губ, хейлите, глоссите. Витамин B2 обычно хорошо переносится, в редких случаях возможны аллергические реакции.

Витамин B6 (пиридоксин). Изолированный дефицит витамина B6 встречается очень редко и проявляется изменениями кожи (вокруг глаз, носа и рта) и слизистых оболочек (глоссит, стоматит), диареей, судорогами, анемией, симптомами периферической нейропатии и др. Применяется витамин B6 в стоматологии при невралгии и неврите тройничного нерва, глоссалгии, гингивите, хейлите, глоссите, пародонтите. Витамин B6 хорошо переносится, но при передозировке может вызывать усиление секреции соляной кислоты в желудке, онемение, появление чувства сдавления в конечностях - симптом "чулок" и "перчаток", снижение лактации, редко - судороги (возникают только при быстром введении).

Витамин B12 (цианокобаламин). При дефиците витамина B12 появляется сухость полости рта, возникает жжение и саднение языка, он становится ярко-красным, полированным, болезненным, атрофируются вкусовые сосочки.

В стоматологии витамин B12 применяется при изменениях в полости рта на фоне анемий, вызванных токсичными лекарственными препаратами, лучевой болезнью, в комплексной терапии глоссита, хейлита, пародонтита, афтозного стоматита, невралгии тройничного нерва.

Фолиевая кислота (витамин BC). Симптомами дефицита фолиевой кислоты со стороны полости рта могут быть: глоссит, язвенный стоматит, ангулярный хейлит, гингивит. Длительное применение больших доз фолиевой кислоты не рекомендуется из-за возможности снижения в крови концентрации витамина B12.

Витамин PP (никотиновая кислота, никотинамид). Признаками гиповитаминоза PP со стороны полости рта могут быть: глоссит (язык приобретает ярко-красный цвет, распухает и иногда изъязвляется), усиление слюноотделения, маргинальный гингивит, язвы на межзубных сосочках, стоматит. Поэтому витамин PP применяется при стоматите, гингивите, глоссите и некоторых других поражениях слизистой оболочки полости рта.

Однако длительное применение больших доз витамина PP может вызвать жировую дистрофию печени, покраснение кожи, ощущение жара, головную боль и др.

Витамин C (аскорбиновая кислота) необходима для синтеза дентина зубов, оссеина костей, образования проколлагена и перехода его в коллаген, основного вещества соединительной ткани, эндотелия сосудов, костной и соединительной ткани, способствует нормальному процессу регенерации и заживления ран и язв, повышает устойчивость организма к стрессу, инфекции и холоду, способствует выработке организмом антител и стимулирует фагоцитарную активность лейкоцитов.

При недостаточном поступлении в организм витамина C наблюдается увеличение проницаемости сосудистых стенок, отечность и кровоточивость десневых сосочков, они становятся синюшными, нередко отмечается изъязвление десневого края, расшатывание и выпадение зубов, слизистая оболочка щек становится отечной, появляются петехиальные высыпания и геморрагии в местах механического раздражения, нарушается целостность опорных тканей мезенхимального происхождения (фиброзной, хрящевой, костной и дентина).

В стоматологической практике витамин C применяется в комплексной терапии воспалительных, аллергических и инфекционных заболеваний слизистой оболочки полости рта, десен, губ, заболеваний пародонта, при множественном кариесе, плохо заживающих язвах, переломах челюстей.

При длительном применении больших доз витамина C возможно появление возбуждения ЦНС, беспокойства, бессонницы, чувства жара, угнетение функции инсулярного аппарата поджелудочной железы, появление сахара в моче, повышение артериального давления и свертываемости крови, у беременных женщин возможен выкидыш, образующаяся щавелевая кислота оказывает неблагоприятное действие на почки, увеличивается выведение из организма витамины B12, B6, и B2.

Витамин P (рутин) - фактор проницаемости участвует в окислительно-восстановительных процессах, тканевом дыхании, тормозит активность гиалуронидазы, снижает проницаемость и ломкость капилляров, усиливает действие адреналина и аскорбиновой кислоты. В стоматологии применяется при воспалительных и аллергических заболеваниях слизистой оболочки полости рта.

Пантотеновая кислота (витамин B5). В стоматологии пантотеновая кислота применяется преимущественно при невритах и невралгиях тройничного и лицевого нерва. Побочные эффекты (тошнота, рвота, изжога) возникают очень редко и исчезают самостоятельно.

Витамин B15 (пангамовая кислота). Применяется в стоматологии при заболеваниях слизистой оболочки полости рта и пародонта на фоне атеросклероза.

Зная, какое влияние на обменные процессы оказывают различные витамины и что наблюдается при их сочетанном применении, врач может подобрать рациональные поливитаминные комплексы для каждого пациента и повысить эффективность комплексной терапии многих заболеваний челюстно-лицевой области.

Наши рекомендации