Аяси жетекшілік туралы ұғым. Саяси жетекшіліктің жіктелуі мен топ бастаушылардың жеке қасиеттері.

Саяси топ бастаушылар деп қоғамдық саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлғаны айтады.

Саяси топ бастаушылар мынандай қызметтерді атқарады: әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажетттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік беретін саяси бағыт-бағдарлама жасау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді енгізу және т.б. САяси топ бастаушы болудың 2 жолы бар: 1) көпшілік халықтың мақсат-мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделерді мақсатты түрде талмай зерттеу нәтижесінде. Саяси жетекшіге қарама-қарсы ұғым - саяси бастаушы, көсемсымақ.

Ол ұғым ХІХ ғасырда пайда болды. Оның негізгі ерекшеліктері: көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп құптау, өз басының атын шығару үшін адамдардың жағдайын пайдалану, көпшілікке жағымпаздану, т.б. САяси көсемнің саяси бастаушыдан ерекшелігі – саяси көсемнің жұмысында әрдайым жаңа идеялар ұсынып отыру қабілетінде.

Қазіргі кезде саяси жетекшілерді жіктеудің кең тараған түрін американдық профессор Дж.Херманн ұсынды. Ол саяси топ бастаушыларды бейнесі бойынша былай жіктейді:

1 Ту көтерер саяси жетекші. Оның өмірге өз көзқарасы, болашаққа болжамы бар және оған жету жолдарын біледі. Махатма Ганди, Мартин Лютер Кинг, Аятолла Хомейни.

2 Қызмет етуші топ бастар. Ол өзінің жолын қуушылардың мүддесін дәлме-дәл білдіре білудің арқасында құрметке бөленеді. Л.И.Брежнев, К.У.Черненко, Д.А.Қонаев

3 САудагер топ бастар. Алдына қойған жоспарлы іске асыруға соңына ергендердің бәрін жұмылдырып, сендіреді.

4 Өрт сөндіруші топ бастар. Ол уақыттың талабына сай өз жақтастарының жинақтап қойған сауалына, қысылтаяң жағдайларда шапшаң шешім тауып, жол көрсете алады.

Саяси серкенің жұмысы мынандай кезеңдерден тұратын үш қызметті атқарады:

1 «Диагностикалық» міндет: саяси серкелер қалыптасайындеп келе жатқан жағдайды зерттеу арқылы оған баға береді; яғни « диагноз» қояды.

2 Саясатты белгілеу: жетекші өз табының, жақтастарының мақсатына сай шешілетіндей саясатты тауып, соны орындауға тапсырма береді.

3 Іске тарту: жетекші өзінің белгілеген саясатын іске асыруға тырысады.Ол үшін өзінің тобы, жақтастары оның іс-әрекет жоспарын қолдауы керек. Соның арқасында оны жүзеге асыруға жұмылдырылады.

23. Тұлға саяси субъект , объект ретінде

бола алады. Адамдардың өз бойында мұндай қасиеттерді орнықтыруы үшін қоғамның құрылымында да қажетті өзгерістер жүзеге асуы тиіс. Адамның өзін еркін сезінуі, бостандығы тікелей заң жүзінде бекітілген құқығымен қорғалады. Адамның бостандыққа деген құқы іс жүзінде адамның жеке меншік құқымен өлшенеді. Адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін жеке меншігі болмайынша, өзін емін-еркін сезіне алмайды. Қазір бізде меншікке деген көзқарастың өзгеруі, меншіктің түрлі формаларының өмір сүруіне еркіндік алуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолайлы алғышарттар жасауда.

Биік парасатты адам қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін де жете түсінеді, соның нәтижесінде ол қоғам мүшелеріне міндетті деп танылған барлық талаптар мен міндеттерді бұлжытпай орындауға, қоғам, мемлекет алдындағы жауапкершіліктерін мүлтіксіз жүзеге асыруға, парыздарын өтеуге әрдайым бейім тұрады.

Әрбір адамда саяси, әлеуметтік, экономикалық құқықтары болады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып-білудің маңызы өте зор. Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай әлеуметтік топтардан тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда екендігіне байланысты.

Оғамның жіктелуі және оның саясатқа әсері

Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны, кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатынасы және т.б. жатады.

Осындай бір немесе бернеше әлеуметтік белгілерімен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, орыстар, немістер, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қала адамдары, ой еңбегімен шұғылданатындар және т.б.

Адам саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай да болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.

Жеке адамның құқығы. Бұл мәселеге адамдар өте ертеде назар аударған болаты. Ежелгі грек философтары барлық адамдар дүниеге келгенде тең болып туады. Сондықтан олардың бәрінің де тең табиғи құқығы бар деген ойды өрістетті. Аристотель болса саяси құқықты табиғи және шартты құқық етіп екіге бөлді. Ол табиғи құқықты мемлекет орнатқан құқықтан жоғары қойды. Табиғи құқық шартты құқыққа үлгі болуға тиіс деп санады. Себебі, шартты құқық жиірек өзгеріп отырады және олар үкімет жұмысы мен адамдар арасындағы келісімнің нәтижесінде пайда болады.

Бірақ феодализм дәуірінде адам құқығы жөнінде мүлдем басқаша ұғым пайда болды. Адам туғанынан тең деп үйрететін табиғи құқық жоққа шығарылды. Ал құқықтың өзін хан, патшалардың қол астындағы адамдарға жасап отырған рақымы деп түсіндірілді. Әр сословиенің өзіне тән құқығы болды.

Біздің қазіргі ұғымдағыдай адам құқығы капитализм дәуірінде дүниеге келген либерализммен тығыз байланысты. Либералдар монархияның билігін парламент арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді және саяси бостандықты өрістетуді талап еткен болатын.

Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдарға Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон, Т. Пейн және т.б. жатады. Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп берді. Осылардың ішіндегі ең құндылары Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік Декларациясына енді.

АҚШ-тың Тәуелсіздік Декларациясында көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде 1789 жылы Францияның адам және азаматтар құқығының Декларациясында да бекітілді. Олармен салыстырғанда қазіргі кездегі жеке адамның құқығы туралы ұғым анағұрлым ауқымды.

1942 жылы 1 қаңтарда гитлершілдікке қарсы коалицияға кірген 26 мемлекет нацизмге қарсы адам өмірі, бостандығы, тәуелсіздігі, оның құқықтары мен әділеттілік үшін күресуге Декларация қабылдады.

1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының халықаралық Декларациясын қабылдады.

Наши рекомендации