Болжамы. Жиі түйінді коллоидты жемсау ешқандай патологиялық маңыздылыққа ие болмайды; компрессиялы синдромның даму

Жиі түйінді коллоидты жемсау ешқандай патологиялық маңыздылыққа ие болмайды; компрессиялы синдромның даму қаупі төмен, йод тапшы аймақтардағы болжам ҚБ функционалдық автономиясының қалыптасуы нәтижесінде тиреотоксикоздың дамуымен анықталады. ҚБ-дің қатерлі ісіктері кезінде сырқат болжамы оларлың морфологиясына тәуелді анықталады.

3.9. ЙОД ТАПШЫЛЫҚ АУРУЛАР

Йод тапшылық ауруларына (ЙТА) йод қабылдауды қалыптастырғаннан кейін қалпына келетін, йод жетіспеушілігі нәтижесінде популяцияда дамитын барлық патологиялық жағдайларды жатқызады (кесте 3.22). Бұл термин ҚБ ауруларының йод тапшылығынан дамыған жалғыз және ең ауыр зардабы еместігін көрсетеді. Минимальды физиологиялық йодқа деген сұраныс науқастың жасы мен ағзаның физиологиялық жағдайына тәуелді (3.23кесте).

3.9.1. Йод тапшылық аурулардың эпидемиологиясы

Йод тапшылығы табиғи экологиялық феномен болып табылады, себебі құнарлы топырақ пен жануар және өсімдік текті тамақ құрамында да бұл микроэлементтің мөлшері өте аз. Осыған орай, ЙТА әлемнің түрлі мемлекеттерінің денсаулық сақтау саласындағы басты маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. БДДҰ мәліметтері бойынша шамамен 1570 млн. адамда (жер шары халқының 30%-ы) ЙТА-ның даму қаупі бар, сонымен қатар 500 млн. адам ауыр йод жетіспеушілігі мен эндемиялық жемсау жиі таралған аймақтарда тұрады.

3.22 кесте.Йод тапшылығы патологиясының спектрі

Құрсақішілік кезең Түсіктер Өлі туылу Туа біткен ақаулар Перинатальді өлімнің өсуі Балалар өлімінің өсуі Неврологиялық кретинизм: — ойлау қабілетінің бұзылуы — саңыраулық, мылқаулық — қитарлық Микседематозды кретинизм (гипотиреоз, ергежейлік): — есте сақтау қабілетінің төмендеуі — ергежейлік — гипотиреоз Психомоторлы бұзылыстар
Нәрестелер Неонатальды гипотиреоз
Балалар және жасөспірімдер Ақыл-ой мен физикалық жетілудің бұзылысы.
Ересектер Жемсау және оның асқынулары Йодиндуцирлеген жемсау
Барлық жастағылар Жемсау Гипотиреоз Когнитивті қызметтің бұзылуы Ядролық апаттарда радиоактивті йодты сіңірудің жоғарылауы

3.23 кесте.Йод қабылдау нормалары (БДДҰ, 2005)

Адамдар тобы Йодқа деген сұраныс мкг/тәу
Мектеп жасына дейінгі балалар (0-59 ай)
Мектеп жасындағы балалар (6-12 жас аралығы)
Ересектер (12 жастан жоғары )
Жүкті және емізетін әйелдер

Популяцияда йод тапшылығының басты көрсеткіші қандайда да бір аймақта тұратын репрезентативті топтағы халықта несеппен шығатын йод деңгейі болып табылады. Репрезентативті топқа кіші мектеп жасындағы жас балаларды жатқызуға болады (7–12 жас) және зерттеу мектепте орындалады, себебі бұл таңдаудың кездейсоқ екендігін және репрезентативтігін көрсетеді. Жеке несеп порцияларында йод экскрециясы деңгейі анықталғаннан кейін интегральді көрсеткіш есептеледі — йодурия медианасы (3.24 кесте). Йод тапшылығының жанама және сенімді көрсеткіші осы топ балаларында ҚБ-дің ұлғаюы (жемсау) болып табылады.

3.24 кесте.Несептегі йод мөлшеріне байланысты йод тапшылығының ауырлық дәрежесін бағалаудың эпидемиологиялық нышандары (критерийлері)

Йод тапшылығының айқындылығы Репрезентативті топта несепте йод концентрациясының медианасы (мкг/л)
Йод тапшылығы жоқ 100-ден астам
Жеңіл йод тапшылығы 50-99
Орташа йод тапшылығы 20-29
Ауыр йод тапшылығы

Осы нышандарға сай 2006 жылғы мәліметтерге сүйенсек, жиі жеңіл, сирек орташа дәрежедегі йод тапшылығы барлық Ресей Федерациясы территориясында, Украина, Батыс және Шығыс Европа елдерінде (Франция, Испания, Бельгия, Италия) анықталды. ЙТА-ның спектрі түрлі айқындылықтағы йод тапшылығы орнаған аймақтарда ауыр дәрежеде психиканың бұзылуынан эутиреоидты жемсаудың таралуының үлкеюіне дейін ауытқиды (3.25кесте).

Кесте. 3.25.Түрлі айқындылықтағы йод тапшылығы кезінде дамитын ЙТА спектрі

Йод тапшылығы Йодурия медианасы Аурулар спектрі
Ауыр < 25 мкг/л   Жүйке жүйесінің даму ақаулары Репродуктивті бұзылыстар Балалар арасында өлімнің жоғарылауы Жемсау Гипотиреоз
Орташа 25–60 мкг/л Орташа және ересек жас топтарындағы тиреотоксикоз
Жеңіл 60–120 мкг/л Ересектердегі тиреотоксикоз

Жалпылама йодтау профилактикасы арқасында Польшада, Ұлыбритания, Германия, Скандинавия мемлекеттерінде, Қытайда, Түркмения, Армения, Оңтүстік Америкада йод тапшылығы жойылған. Йодтау профилактикасын жүргізудің басты әдісі тағамға қолданатын тұзды йодтау болса, йод тапшылығын жоюдың басты нышаны йодталған тұзды үй тұрмысында жиі қабылдау болып табылады. Йод тапшылығын жойылды деп, егер оның мөлшері 90%-дан асқан кезде ғана айта аламыз.

3.9.2.Қалқанша бездің йод тапшылық аурулары

Наши рекомендации