Ауыздың кілегейлі қабығының химиялық зақымы

Химиялық зақымдаушы ықпалдар ауыздың кілегей қабығына жедел және с4озылмалы түрде әсер етуі мүмкін.

4-сурет. Тіл үстінің кілегейлі қабығының химиялық зақымы
Ауыздың кілегейлі қабығының химиялық зақымы - student2.ru Жедел химиялық (4-сурет) зақым күнделікті тұрмыста жоғары концентрациялы химиялық препараттарды кездейсоқ қабылдау кезінде (байқамай дәрі құтыларын химиялық заттар құтыларымен ауыстырып алу), немесе өз өміріне қол жұмсау (суицид) мақсатында колдану кезінде кездеседі. Көбіне дәрігер-стоматологтың тәжрибесінде әртүрлі стоматологиялық емдеу шараларын жүргізгенде дамитын химиялық зақымдар орын алады. Олар мышьяк қойыртпағының, фенолдың (карбол қышқылы), формалиннің, резорциннің, азотқышқылды күмістің, тістің қатты тіндерін ерітуге арналған қышқылдардың (тісжегі қуысын композитпен пломбылау кезінде), тістерді ағартуға арналған пергидролды колданудың әсерінен дамиды. Кейде тістің қатты ауыруын басу үшін қолданылған спирт, иіссу, ацетилсалицил қышқылы да кілегей қабықты күйдіре зақымдауы мүмкін.

Жоғары концентрациялы химиялық препараттар (қышқылдар мен сілтілер) кілегей қабықты күйдіреді. Күйіктің клиникалық көрінісі химиялық агенттің концентрациясына, мөлшеріне және әсер ету уақытына байланысты дамиды. Қышқылдар әсерінен туындаған күйік кілегей қабықтың коагуляциялық некрозға (өліеттенуге) ұшырауы нәтижесінде дамиды және бұл кезде зақымдану ошағында тығыз ақ, сарғыш немесе ақшыл-сұр түсті жарғақ (пленка) пайда болады. Жарғақ астындағы тіндермен берік байланысқан және төңірегінде дереу қабыну үрдісі дамып, қатты ауру сезімі пайда болады.

Сілтілер әсерінен туындаған күйік кілегей қабықтың колликвациялық некрозға ұшырауы нәтижесінде дамиды. Бұл кезде жарғақ пайда болмайды, өліеттенген тін жұмсақ, балмұздаққа ұқсас және терең жатқан қабаттарды қамтиды. Кезкелген күйіктен соң қатты ауру сезімі дамиды. Бірнеше тәуліктен кейін (4-7) химиялық зақым ошағындағы өліеттенген тіндер біртіндеп ыдырауға ұшырап, астындағы эрозия немесе жара беті ашылады. Төмен концентрациялы химиялық заттар әсер еткен кезде зақымдану ошағында катаралды қабыну белгілері дамиды.

Ауыздың кілегей қабығының химиялық зақымдарын анықтау аса қиынға түспейді. Клиникалық көрінісі мен зақымдану себебі қосалқы тексеру әдістерін қажет етпейді.

Кілегей қабықтың жедел химиялық зақымын (күйігін) емдеуді ауызды дереу сумен жуып тазартудан және химиялық агентті бейтараптандыруға арналған шаралар жүргізілуден басталады. Ол үшін қышқылдан болған зақым кезінде сабынды суды, ас содасының 1% ертіндісін, мүсәтір спиртінің 0,1% ертіндісін (бір стакан суға 15 тамшысын қосады), әкті суды (известковая вода) пайдаланады.

Сілтілерді бейтараптандыру үшін тұз, лимон, сірке қышқылдарының әлсіз ертінділері (бір стакан суға шай қасықтың ¼ бөлігі) пайдаланылады.

Азотқышқылды күмістің әсерін жою үшін Люголь, натрий хлоридінің (ас тұзы) 2-3% ертінділерін қолданады. Олар күмістің ерімейтін қоспасын құрайды.

Фенолдың әсерінен күю кезінде кілегей қабықты 50% спиртпен үпілмәлік майымен (касторовая масло) өңдейді.

Мышьяктан болған күйік ошағын 5% иод тұнбасымен, 5% унитиолдың ертіндісімен, күйдірілген магнезиймен өңдейді.

Химиялық зақым тұдырған заттарды бейтараптандырғаннан кейінгі емдеу шаралары ауру сезімін басуға (1-2% тримекаин және лидокоин ертінділерімен бастырма қою), жарақат ошағын өліеттенген тіндерден тазартуға (ферменттерді қолданып), екіншілік инфекцияның әсерін тоқтатуға (антисептиктер қолданып), қабыну үрдісінің бетін қайтарып (кортикостероидтар қолданып), жаралы ошақтың тез жазылуын қамтамасыз етуге (кератопластиктер қолданып) бағытталады. Сонымен қатар емдеу шаралары жүргізілген мерзімде арнаулы емдеу (жарақат ошағын тітіркендірмейтін және жұмсақ тағамдар) қабылдаған тиімді.

Химиялық агенттерден ауыз, жұтқыншақ және өңеш кілегей қабықтарының үлкен көлемді аймақтары зардап шеккен аурулар арнаулы ауруханалардың токсикологиялық бөлімдерінде емдеуді қажет етеді.

Ауыз кілегей қабығы жедел химиялық зақыммен қатар созылмалы зақымдануға ұшырайды. Ол көбінесе шылым шегу, насыбай ату, арақ ішу және ащы тағамдар қабылдау сияқты зиянды әдеттер әсерінен дамиды.

Темекінің құрамындағы химиялық белсенді агенттер жиынтығы – никотин, пиридин негіздері, синил қышқылы, цианитті қоспалар, фенол, қарамай шөгіндісі (дегтярный осадок) кілегей қабықты тітіркендіре әсер етеді. Сонымен қатар темекі түтінінде темекінің жануы кезінде пайда болатын пирен,антрацен, 3-4-бензопирен сияқты канцерогенді (обыр тудырушы) заттар бар.

Ұзақ уақыт химиялық әсерге ұшыраған кілегей қабық босап, іркіле-қызаруға, созылмалы қабынуға ұшырайды, бара-бара жабынды эпителий күңгірттеніп гиперкератоздану (шамаданан тыс мүйізгектену) ошақтары пайда болады.

Мұндай жағдайлар анықталған кезде ауруды зиянды әдеттерден арылту керек және жарақат ошағына А және Е витминдерінің майлы ертінділерімен бастырма қойып емдейді, ауыз ішін сауықтырады.

Наши рекомендации