Тақырып: Қарасан ауруының қоздырушысы және балау әдістері

Сабақтың мақсаты: Қарасан қоздырушысының биологиялыққасиеттерін зерттеу және зертханалық балау (диагностика) әдістерімен танысу.

Негізгі сұрақтар:

1. Қарасан қоздырушының ашылу тарихы.

2. Ауруға сипаттама (клиника, ағымы, эпизоотологиялық мәліметтер, патологиялық анатомиялық белгілері).

3. Қоздырушының қасиеттері және аурудың патогенезі.

4. Қарасанның зертханалық диагноз қою әдістері.

Оздырушысы және оның қасиеттері

Clostridium chauvoei

Қарасанның қоздырушысы түзу немесе сәл иілген шеттері

жұмыр, ені 0,6-1,0 мкм және ұзындығы 2-8 мкм жуан таяқшалар, қозғалады, перитрихтер. Патологиялық материалда (көбінесе зақымдалған бұлшық еттерден жасалған жағындыларда) сопақ, жұмыртқа және ұршық тәрізді пішіндері кездеседі. Қиын боялады. Микробтар жеке-дара немесе қос-қостан орналасады; тізбек не жіпшелер түзбейді. Грам әдісі бойынша жас клеткалар оң, ескі өсінділердегі клеткалары теріс боялады. Спора түзеді, капсула түзбейді. Қоздырушысы табиғатта кең таралған (топырақ, қи, батпақтанған су көздері), сондай-ақ оны сау малдардың (мүйізді ірі қара мал, қой, жылқы т.б.) ішегінен бөліп алады.

Clostridium chauvoei – қатаң анаэроб; оны өсіру үшін кем дегенде сынап бағаны бойынша 8-15 мм қысым тудыру керек. Қолайлы өсу температурасы 36-37 0 С, ортаның рН-ы 7,2-7,6. Қоректік ортаға қан, қан сары суы, бауыр бөліктерін, ми және бұлшық ет кесектерін қосқанды ұнатады. Оны өсіру үшін Китт-Тароцци, Цейсслер, Мартен, мидан жасалған қоректік орталарды, сондай-ақ жартылай сұйық агар және 10-12 % бұқа қан сары суы қосылған глюкозалы орталарды қолданады.

Қарасанның қоздырушысы құрамында гемотоксикалық және өліеттендіретін компоненттері бар экзотоксин түзіп, сыртқа бөліп шығарады. Сонымен қатар ол дезоксирибонуклеаза, гиалуронидаза сияқты зардаптылық ферменттеріне де ие.

Clostridium chauvoei вегететивті қалпында қоршаған орта факторларына онша төзімді емес, ал споралары, керісінше



әлдеқайда төзімді. Споралары шіріген өлекседе 3 ай, қида 6 ай, су түбінде – 10 жылға дейін сақталады; тікелей түскен күн сәулесі 24 сағатта өлтірсе, қайнатқанда 2 сағаттан соң ғана тіршілігін жояды. Дегенмен формалиннің 3 %-дық ерітіндісі 10-15 минутта қырып жібереді, ал фенол ерітіндісінің әсері онша емес. Ең тиімдісі формальдегидтің 4 %-дық ерітіндісі.

Ауру ағымы

Жасырын кезеңі 1 – 5 күн. Ауру өте шапшаң, ауыр өтеді және әдетте 1-2 тәуліктен аспайды. Кейбір жағдайларда 10 күнге дейін созылуы да мүмкін. Жас малдарда дерт емдемеген жағдайда өліммен аяқталады. Ал кәрі малдар ауруға ұшырай қалған күнде, бірақ ол сирек кездеседі, дерт әдетте баяу сауығумен аяқталады.

Клиникалық белгілері

Ауру негізінен температураның 41-420 С-қа дейін жоғарылауымен басталады (өлуге аз қалғанда қалыпына немесе одан да төмен түседі); жануар күйзеліске түседі: азықтан бас тартады, күйіс қайырмайды. Тамыр соғысы әлсіреп, жиілейді. Тыныс алуы қиындап, жиілейді. Эмфизематозды домбығудың салдарынан қимыл-қозғалысы ауырлап, ақсау пайда болады. Бас кезінде ауырсынғаш, тығыз ісік дененің етті жерлерінде: жамбас, жаурын, бел, кейде кеуде тұстарында, жақтарының арасында, тілде пайда болады. Кейіннен ол салқын тартып, жансызданады; сыртындағы тері жабыны қарайып, құрғайды, қозғалмайды, сыртынан басқанда сықырлап тұрады. Кесіп көргенде өзіне тән, күйген майдың иісі бар көбікті қан ағады. Аймақтық лимфа түйіндері күрт ұлғайған, ісінген, ауырсынғаш. Ауыз, таңдай, тіл бұлшық еттері зақымданған болса жұтынуы қиындап, аузынан сілекей шұбырады, құлақ түбінен немесе жақтарының арасынан және жұтқыншақ төңірегінен сықырлауық ісікті аңғаруға болады. Жүрек еттері мен көк еттің зақымдануы безгекке, күйзеліске, азықтан бас тартуға ұласады.

Патологиялық анатомиялық белгілері. Топалаңдағы сияқтыөлексе тырсиып ісінген және табиғи тесіктерден қан араласқан сұйықтықтар ағады. Кілегй қабықтары қызарған немесе көгерген. Қарасанға тән негізгі өзгерісті эмфизематозды ісік маңынан байқауға болады. Тері асты клетчаткасы және бұлшық ет арасындағы ұлпалардан сарғыш-қызыл жалқаяқты байқауға болады. Бұлшық еттері құрғақ, күңгірт-қызыл түсті (Қара сан деген атау осы белгісінен туындаған), газ көпіршіктерімен ығыстырылған



және басқан кезде сықырлайды. өзгеріске ұшыраған бұлшық еттен өзіне тән күйген майдың иісі шығады. Кеуде және құрсақ қуыстарында сірілі және сірілі-геморрагиялық жалқаяқ көрінеді. Бауыры аса ұлғая қоймайды, бірақ көбінесе көлемі грек жаңғағына дейін жететін маңайы ұлпалармен шектелген ірілі-ұсақты өліеттену ошақтары басып кетеді. Олардың түстері қоңыр-қызылдан қошқыл қызылға дейін болады. Кесіп қарағанда құрғақтау, газ көпіршіктеріне толып кеткендігін көруге болады. Талағы ұлғайған, капсуласы газдың әсерінен созылып кетуі де мүмкін. Қаны ұйыған. Ішектің кілегей қабығы қызарған, қанталап ісінген. Осындай қанталауларды паренхиматозды ағзалардың сірі қабығының астынан кездестіруге болады.

Патогендігі және жұғу жолдары

3 айдан 2-3 жасқа дейінгі жас, кейде одан да ересек мүйізді ірі қара мал ауырады. Ет бағытындағы тұқымдары сүт бағытындағымен салыстырғанда бұл ауруға сезімтал болып келеді. Қойлардың да бұл ауруға шалдыққаны тіркелген. Ауру көбінесе жайлым кезеңінде және әсіресе құрғақшылық кездерінде малдар құрғаған тікен шөпті тамыр-топырағымен қопарып жегенде пайда болады. Тамырмен және онымен ілескен топырақпен жануар аузына қарасанның қоздырғышы да түседі. Қоздырушы құрғақ шөптің сабақ, тамырымен жыртылып-жарақаттанған ауыз кілегей қабығы арқылы организмге енеді. Ауруды жұқтырудың екінші бір жолы мал су ішетін су көздері. Мал қорада тұратын кезеңде де ауру сирек те болса шығуы мүмкін, ол қоздырғышпен зақымдалған азықты жегеннен болады.

Ауруды балау кезінде неге назар аудару керек

Ұқсас аурулардың бірі – топалаңнан айыру үшін ауырған малдың жасын ескеру керек: топалаңмен жас малдар да, сақа малдар да бірдей ауруға шалдығады, қарасанмен әдетте жас малдар ғана ауырады. Қарасан кезінде ісік – жамбас, жаурын сияқты бұлшық етке бай жерлерде орналасады; сықырлауық, салқын, жансыз, терісі өліеттенген болады. Топалаңда ісік кез-келген жерден пайда бола береді, сондай-ақ сықырламайды. Сойып қарағанда қарасаннан айырмашылығы топалаңда өлексенің қаны қара-қошқыл, ұйымайды, талағы күрт ұлғайған, болбыр. Қарасанды қатерлі ісіктен (газды ісік) ажырату қиынға соғады. Бұл жағдайда ескеретін нәрсе қатерлі ісік жарақаттардың немесе ауыр өткен туулардың салдарынан туындайтындығы. Сойып қарағанда



қарасанда өлексенің еттері құрғақ және қара-қошқыл түске енген, ал қатерлі ісік кезінде еттер әдетте дымқыл, жылтыр, қызғылт, тіпті күлгін түсті болады. Сондай-ақ қатерлі ісік кезінде бауыр мен талақта өліеттенген аймақтар болмайды. Зақымдалған етті бактериологиялық зерттеудің шешуші маңызы бар.

Бақылау сұрақтары:

1. Қарасан қоздырушысын атаңыз?

2. Ауру қандай белгілермен сипатталады?

3. Қоздырушының қандай морфологиялық ерекшеліктері бар?

4. Қарасан қоздырушысын өсіру үшін қандай жағдай керек және қандай қоректік орталар қолданылады?

5. Қоздырушының сыртқы ортадағы төзімділігі қандай?

6. Ауруға қандай жануарлар сезімтал?

7. Қарасан кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау қажет?

8. Қарасанның негізгі клиникалық белгілері?

9. Қарасанда қандай патологиялық анатомиялық өзгерістер байқалады?

10. Қарасанға зертханалық диагностиканы қалай жүргізеді?

11. Қарасанды қандай аурулардан ажырату керек?

Тест-сұрақтары:

1. Эмфизематоздық карбункулдың қоздырушысы?

А) Brusella ovis

B) Listeria monocytogenes C) Pasteurella multocida D) Clostridium chauvoei E) Escherichia coli

2. Эмкар қоздырушысының пішіні қандай?

А) таяқша В) иректелген

С) шар тәрізді Д) элипс тәрізді Е) ромб

3. Спора және капсула түзуі? А) капсула түзеді В) спора және капсула түзеді



С) Спора түзеді, капсула түзбейді Д) капсула түзбейді Е) капсула және спора түзбейді

4. Спора түзетін орын А) жануар ағзасында В) белок қосылған ортада

С) организмнен тыс жерде Д) Эндо ортасында Е) арнайы Сабуро ортасында

5. Тыныс алу типі? А) анаэроб В) қатаң анаэроб С) аэроб

Д) факультативті анаэроб Е) факультативті аэроб

6. Қоздырушының культурасын өсіруге арналған қоректік орталар А) Эндо және Плоскерев ортасы

В) ЕПС,ЕПА С) Сабуро және Мюллер ортасы

Д) Терских, Уленгут ортасы Е) Китт-Тароции ортасы, Мартен сорпасы

7. Қоздырушы қандай токсиндерді синтездейді?

А) Альфа-токсин В) Бета-токсин С) Экзотоксин Д) Эндотоксин

Е) Дельта- токсин

8. Қандай жануарлар эмкармен ауырады? А) жылқы, есек, буйвол В) шошқа, ешкі, тауық С) ірі қара малы, буйвол Д) қой, үйрек, қаз Е) ит, мысық, түлкі



9. Қай жастағы ірі қара мал көбінесе эмкармен ауырады? А) тұған кезде В) 5-7 жас аралығында

С) 6-8 жса аралығында Д) 3 айдан 4 жасқа дейінгі Е) 4 жастан үлкен

10. Ауырған жануардың басты белгілері

А) көкірек аумағының домбығуы В) бас аумағының домбығуы С) сүт безі аумағының ісінуі

Д) жамбас, жаурын сияқты бұлшық етке бай жерлердің ісінуі Е) артқы аяқтың домбығуы

11. Эмкарды топалаңнан қай белгілеріне қарап ажыратады? А) іш тастау, артрит В) қатты ісіктердің пайда болуы

С) орталық жүйке жүйесіне әсер етуі Д) мастит, гастроэнтерит Е) ісіктерде крепитацияның болмауы

12. Эмкар қоздырушысының антигендері қандай?

А) О-антиген В) К-антиген, Н-антиген

С) О-антиген, Н-антиген Д) К-антиген Е) Н-антиген

13. Эмкар кезінде қандай вакциналар қолданылады? А) СТИ штамынан жасалған вакцина В) ВР-2 штамынан жасалған вакцина С) Формолвакцина Д) А штамынан жасалған вакцина

Е) 82 штамынан жасалған вакцина

Тақырып: Қарасан ауруының қоздырушысы және балау әдістері - student2.ru

45 сурет. Китт-Тароцци ортасында Clostridiumchauvoei өсіндісі

Тақырып: Қарасан ауруының қоздырушысы және балау әдістері - student2.ru

46 сурет. Қантты қанды агардағы

Тақырып: Қарасан ауруының қоздырушысы және балау әдістері - student2.ru

Clostridiumchauvoei өсіндісі (гемолиз алаңы бар домалақ жылтыр колониялар. Микрофото.

Тақырып: Қарасан ауруының қоздырушысы және балау әдістері - student2.ru

47 сурет. Қантты агардағы

Clostridium chauvoei өсіндісі

(Гроссберг)

Тақырып: Қарасан ауруының қоздырушысы және балау әдістері - student2.ru

48 сурет. Clostridiumchauvoei

өсіндісімен зарарланғаннан кейін 24 сағаттан соң өлген теңіз шошқасының өліксесі. (Бұлшық етінің қызаруы, қараюы).

Тақырып: Қарасан ауруының қоздырушысы және балау әдістері - student2.ru

49 сурет. Теңіз шошқасының ішегінің газсыз атониясы

Тақырып: Қарасан ауруының қоздырушысы және балау әдістері - student2.ru

50 сурет. Бұлшық етіне

Clostridiumchauvoei өсіндісімен зарарланған ірі қара малдың патологиялық анатомиялық өзгерістері

Наши рекомендации