Антты анықтауға зәрді жинау

Мақсаты: зәрден қанттың мөлшерін анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.

Дайындаңыз: бір рет қолданылатын контейнерді, сыйымдылығы 3 л таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты, шыны таяқшаны, этикетканы жазып, контейнерге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

2. Танертеңгі сағат 6-да науқас куығындағы зәрді унитазға босатуы

қажет.

3. 3 литрлік банкіге бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді ыдыс көмегімен 100 мл суды үстінен құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай).

4. Бір тәулікте барлық болінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).

5. Қолғапты киіңіз.

6. 3 литрлік банкімен бір тәуліктік диурезді (зәрдің жалпы мөлшерін) өлшеңіз.

7. 3 литрлік банкіден барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.

8. 100-150 мл зәрді контейнерге құйыңыз (жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз).

9. Лабораторияға жолдаманы жазыңыз (бөлімін, палатасының №, зерттеу мақсатын, науқастың аты-жөнін, зерттеу максатын, күнін, бір тәулікте болінген зәрдің жалпы мөлшерін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз).

10. Жиналған зәрді клиникалық лабораторияға апарыңыз.

11. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: Қалыптағы зәрде глюкоза іздің түрінде болады, 0,02% промильден жоғарыламайды.Зәрден қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар). Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, гемохроматозда байқалады.

антты анықтауға зәрді жинау - student2.ru

Стандарт

Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау.

Мақсаты: зәрдегі глюкозаны анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті.

Дайындаңыз: зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивімен.

lc-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

2. Ыдысқа зәрді жинауға науқасты үйретіңіз.

3. Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын
жабыңыз.

4. Резеңке қолғапты киіңіз.

5. Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.

6. Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.

7. Тест-зонаның түсті ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.

8. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: қалыпты нәтижеде - кері реакцияда, зәрден глюкоза деңгейі төмен, оң болған нәтижеде - зәрде глюкоза анықталады (глюкозурия).

антты анықтауға зәрді жинау - student2.ru

Стандарт

Наши рекомендации