Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі арқылы тамақтандыру

Мақсаты: науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұткыншақтың, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктері, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауруда тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтын тарылуы. Өңеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: асказан ойық жара ауруы өршу сатысында.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған, бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүңгісін, 200 мл құйғыны немесе Жане шприцін, салфеткаларды, фурацилин ерітіндісін, қысқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сұйық тамақты 600-800 мл мөлшеріндегі, лотокты, жабысқыш пластырді, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа және туыстарына емшараның барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз.

3. Енгізетін сүңгінің үзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастың бойынан 100 см алыңыз

4. Қолғапты киіңіз.

5. Фурацилин ертіндісін лотокқа құйыңыз және оған сүңгіні белгіге дейін салыңыз (сүңгіні суландыру үшін).

6. Науқасты арқасына жатқызыңыз, басының және мойынының астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.

7. Қолғапты киіңіз, мұрын жолдарын қараңыз.

8. Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан сүңгісін 15-18 см тереңдікке енгізіңіз. Сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтап, жұткыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, сүңгіні белгіленген белгісіне дейін, жұтуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз).

9. 30-40 мл ауаны Жане шприціне сорып алып, оны сүңгіге жалғастырыңыз.

10. Фонендоскоптың басын асқазан аймағы үстіне қойыңыз.

11. Фонендоскоптың бақылаумен ауаны сүңгі арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз).

12. Сүңгіге қысқышты салыңыз немесе тығынмен жабыңыз, шприцті алыңыз. Сүңгінің сыртқы шетін лотокқа салыңыз.

13. Сүңгіні жабысқыш пластырьмен мұрынға немесе бетіне бекітіңіз. Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.

14. Сүңгіден қысқышты (тығынды) алып, құйғыны немесе Жане шприцін поршенсіз сүңгінің бос шетіне жалғастырыңыз, оларды асқазан деңгейіне дейін түсіріңіз.

15. Құйғыны немесе Жане шприцін сәл еңкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап құйғыны көтеріңіз, тек қана құйғының аузында тамақ қалмағанша.

16. Асқазан деңгейіне дейін құйғыны түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.

17. Тамақтандырғаннан кейін сүңгіні шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.

18. Сүңгінің шетіне қысқышты (тығынды) салыңыз, құйғыны алыңыз. Сүңгінің шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, (немесе оны науқастың киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).

19. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: жасанды тамақтандырудың барлық кезеңінде сүңгіні 2-3 аптадай қалдырады, шырышты қабықтың ойылуының алдын алуын жүргізеді: Т-38-40 С су моншасында тамақты жылытады;

    • егерде қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады;
    • егер де науқастың ес түсі болмаса, басы қырына бұрылған, жатқан қалыпта болады;
    • сүңгі кеңірдекке түскенде науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, бұл жағдайда сүңгіні жылдам шығару қажет.

Бағдарлама № 4 арнайы пәндердің Бекітемін

ЦК отырысында қаралды Астана қ. медициналық колледж

Цикл төрайымы ______Ковалева Г.А директоры_______ А.Н. Саржанова

№ хаттама « » 20ж

халі ауыр науқасты мұрын-асқазан сүңгісі арқылы тамақтандыру - student2.ru

Стандарт

Наши рекомендации