Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері

Медициналық мекемелерде науқасты тасымалдауды жеңілдету үшін бірнеше тәсілдерді қолдануға болады: балдақтар, ит арба, таяқ және қолдаушы белдемелер(сур. 21).

Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері - student2.ru Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері - student2.ru

vitaly.in.ua
lit.convdocs.org

а б

Сурет 21.

Ит арба көмегімен қозғалу

а – дөңгелейтін, б – қозғайтын

Ит арба қозғалыс координациясын жақсартады, тепе-теңдікті сақтайды және аяқтарына жүктемені азайтады. Ит арбаның адымдаушы және адымдаушысыз моделдері бар. Адымдаушысыз модель - қатты конструкция болып келеді, бір бүтін әсер етеді. Адымдаушы моделдер түтікті, яғни ит арбаның оң жағымен сол жағын бекітеді, шарнирлері бар, ол арқылы науқас алдыға қарай қозғалғанда сүйенеді.

Ит арбаның биіктігі науқас бойымен түзетіледі. Науқас қолдары, ит арбаның ұстағышында жатады, шынтақ 20 дан 30°- қа дейін бүгіледі. Науқастар тұрақты, жақсы таңдалған аяқ киім киюі керек. Барлық ит арбалар сатымен көтеріліп немесе түскенде қауіпсіз емес. Сонымен қатар, ол абажадай және қолайсыз, есіктерге сыймай тіреліп қалуы мүмкін.

Қозғалыстағы әлсіреген немесе координациясы бұзылған науқастарды құлап қалудан сақтау үшін сенімді бекіту мақсатында көмекші жалпақ мықты белдемені қолдана алады, ол науқасқа киім сыртынан киіледі және құлыппен бекітіледі (сурет 22).

Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері - student2.ru Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері - student2.ru

www.pomocedlaseniora.pl
sklep.poradnia.pl

Сурет 22.

Қолдаушы белдемелер

Науқас қозғалғанда бір қолымен көмекшінің мойынынан ұстайды, ал көмекші науқасты бір немесе екі қолымен белдемеден ұстайды. Мұндай белдеме көмекшіге науқасты қозғалтқанда аз күш жұмсауға және дұрыс бақылауды жүзеге асырауға әсер етеді.

Науқастарды тасымалдайтын заттар болмаса, басқа да әдістерді қоладнуға болады. Науқасты тасымалдайтын әдіс жарақат сипатына және ауырлығына, зардап шегушінің салмағына, көмек көрсетуші адамдардың санына және олардың физикалық қабілеттіліктеріне, қолда бар заттардың барлығына сәйкес болады. Маман емес адамдардың зардап шегушілерді тасымалдауы, тек дәрігерлер мен құтқарушылардың келген уақытына дейін науқасқа төніп тұрған қауіпті алдын алу кезінде қолданылады.

Алыс қашықтыққа науқастарды тасымалдауы иықбауқолдану арқылы жеңілдетіледі, бұл қол басына жүктемені азайтады.

Науқасты иықбау көмегімен тасымалдау

Бір тасымалдаушы иықбау арқылы науқасты тасымалдай алады, иықбау сегіздік немесе соңымен қосылады(сурет 23).

Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері - student2.ru

dic.academic.ru

Сурет 23.

Иықбау көмегімен науқасты тасымалдау:

а - иықбауды дайындау; б - иықбауды кию; в - иықбаудың және алдыңғы тасымалдаушының қолының қалпы; г - иықбаудың және артқы тасымалдаушының қолының қалпы; д - бір тасымалдаушының тасымалдауы; е - екі тасымалдаушымен тасымалдау.

Тасымалдаушы иықбауды өз бойымен өлшеп, науқас аяғына кигізеді де оны сау бүйіріне жатқызады, науқасқа арқасымен тығыз қысып ұстайды да иықбауды өзіне кигізеді, иықбау кеуде қуысына айқасып келуі керек. Осыдан кейін төрт аяқтап тұрып, бірінші бір тізесін содан кейін бар бойына баяу көтеріледі. Науқас тасымалдаушының иығынан ұстайды. Доға болып бүктелген иықбауды өз бойына шақтау қажет. Иықбауды екі қолының бас бармағына іліп алып, шынтақ буынын тік бұрышпен бүгеміз.

Науқас иықбауын дұрыстап, сау бүйіріне жатқызады, тасымалдаушы иықбаусоңымен қосылып, бір жақ жартысы бөксе астына, ал екінші жартысы қолтық астына беріледі - арқада; иықбаудың бос ұшы жерде жатуы қажет. Осылайша науқас бүйірлеріне тұзақ құрылып, оған тасымалдаушы өз қолдарын өткізеді де иықбауды өз иығына тартады, содан кейін науқасты арқасына салып баяу көтеріледі. Науқас тасымалдаушыға тартылған иықбауда отырады.

Екі тасымалдаушы болғанда науқасты иықбауды сегіздік ретінде қолданып тасымалдайды. Иықбауды айқастыра тағып, оның деңгейі жамбас-сан буынына сәйкес келуі керек, ал иықбау ұштары тұзақ ретінде біреуінің оң жақ, екіншінің сол жақ иығы арқылы өтуі керек. Тасымалдаушылар науқасқа артқы жағынан келіп, бір – біріне бетімен қарап бір тізелеріне отырады (біреуі оң жағына, екіншісі сол жағына), науқасты көтеріп, қосылған тізелеріне отырғызады да иықбауды науқас бөксе астына өткізіп, аяқтарына көтеріледі.

Бір тасымалдаушымен науқасты тасымалдау иықпен, қолмен немесе арқамен жүзеге асырылады (сурет24 а).

Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері - student2.ru

dic.academic.ru  

Сурет24.

Бір тасымалдаушымен науқасты тасымалдау:

а — қолмен; б — арқада; в — иықта.

Алыс емес қашықтыққа науқасты тасымалдау үшін тасымалдаушы бір тізесіне отырып, бір қолымен науқастыңбөксе астынан, келесі қолымен жауырын астынан ұстайды; науқас тасымалдаушы мойынынан ұстап алады. Тасымалдаушытұрып, тасымалдайды. Бұл жағдайда күш қолға және кеуде қуысына түседі.

Алыс қашықтыққа науқасты тасымалдау арқаға салу арқылы жүргізіледі. Науқас биіктеу жерге орналасып, тасымалдаушы бір тізеге төмендеп арқасымен науқас аяқтарының арасына қарап тұрады да сандарынан ұстап көтеріледі, науқас тасымалдаушының кеудесінен ұстайды (сурет 24 б).

Ессіз жатқан науқасты қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда иыққа салу арқылы тасымалдайды (сурет 24 в).

Науқасты екі тасымалдаушының қолдары арқылы тасымалдауы

Тасымалдау екі әдіспен жүзеге асады:

1) Бір тасымалдаушы науқастың кеуде жағын көтеріп, білегін шынтақта бүгіп оның денесін құшақтап білектерінен «маймыл тәсілмен» ұстайды, ал екіншісі науқас аяқтарының арасына арқасымен тұрып тізе буынынан төмен көтереді. Осыдан кейін екеуі де тіктеліп науқасты тасымалдайды. (сурет 25 а).

Науқасты тасымалдаудың басқа әдістері - student2.ru

dic.academic.ru  

а б в

Сурет 25

Наши рекомендации