Дымқылданған оттегіні Бобров аппараты арқылы енгізудегі медбикенің технологиясы.

Бұл емдеудің екі түрі бар:

1.Дымқылданған оттегіні мұрын катетеры арқылы беру.

Мақсаты:ағзадағы тіннің гипоксиясын азайту, жүрек-өкпе ранимациясынан кейін қанды оттегімен қамтамасыз ету және созылмалы дем жетіспеушілігінде қолдану.

Көрсеткіші: Дәрігер нұсқауын орындау, ауыр жағдайда қолдану.

Жабдықтау:Бобров аппараты,дистилденген су, залалсыздандырылған лоток, мұрын катетеры, шпатель, бинт, 70% этил спирті, резеңке қолғап, лейкопластырь, вазелин майы, қолданылған заттарға арналған контейнер.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациентке процедура барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2.Қолды гигиеналық деңгейде жуып, резеңке қолғап киіңіз.

3.Пациентті Фаулер жағдайында отырғызыңыз.

4.Бобров аппаратын дайындаңыз. Бобров аппаратына дистилденген суды құйыңыз.

5. Егер өкпе ісігі болса 70% этил спиртін 3/2 өлшемде қүйыңыз,температурасы 30-40° С болуы керек.

6. Қақпағын жабыңыз. Бобров аппаратында екі түтікше болады. Біреуі кислород баллонға, ал екінші түтікше науқасқа беріледі, оның ұзындығы 60см.

7.Катетер жіберер алдында тыныс жолдарының өткіздіштігін тексеріңіз.

8. Резеңке қолғапты өндеңіз, катетеры бар орауды ашыңыз.

9.Түтікшені кандай ұзындыққа жіберетінін тексеру үшін құлақтын шеміршегінен мұрын ұшына дейін өлшеп, (15см) болжам белгі қойыңыз.

10. Катетердын салатын жағына вазелин майын (физ.ертітінді немесе дистилденген су) жағыңыз.

11. Катетерды қалам тәрізді ұстаңыз(3-4см).

12. Төрт саусақ маңдайында, мұрын ұшын бас бармақмен жоғары көтеріңіз.

13. Катетерды мұрын қуысына белгілеген жеріне дейін кіргізіңіз.

14. Шпательді алып, жұтқыншақтың артқы жағын қараңыз. Сол жерде көрініп тұрады.

15.Катетерды лейкопластырмен бекітіңіз.

16.Мұрын катетырына резеңке түтікше арқылы Бобров аппаратына жалғаңыз.

17.Екінші түтікшені кислородтық баллонға жалғаңыз.

18. Баллонды ашып, оттегіні беру жылдамдығын реттеңіз (минутына 2-3л)

19.Пациенттің мұрынның шырышты қабаттарын тексеріңіз.

20.Жалпы жағдайына баға беріңіз.

21. Егер мұрынның шырышты қабаттары тітіркенген болса, онда оған майлы ерітіндіні тамызыңыз.

22. Катетерды әрбір 6 сағат сайын бір мұрын қуысынан екінші мұрын қуысына ауыстырыңыз.

23. Катетерды, резеңке қолғапты контейнерға тастаңыз, шпательді дезинфекциялық ертіндіге салыңыз.

24. Қолды жуып, құрғатыңыз.

Оттегіні жастықша арқылы қолдану

Мақсаты:тіндердегі оттегінің көлемін жоғарлату.

Құрал – жабдықтары:құрамында 100 % оттегі бар жастықша, мүштік, 4 қабатты марліленген дәке, дезинфекциялық ертінді, су, көпіршікті басатын заттар (10 % антифомсилан, 96% спирт).

Іс-әрекет алгоритмі:

Жастықшаны оттегі баллонынан оттегімен толтыру:

1. Жастықшаның резеңке трубкасын оттегі баллонын редуктормен жалғаңыз.

2. Баллонның қырынан тұрыңыз.

3. Жастықшаның резеңке трубкасынын, содан кейін баллонның бұрандысын ашыңыз.

4. Жастықшаға оттегіні толтырып алыңыз.

5. Ең бірінші баллонның бұрандысын, содан кейін жастықша бұрандысын жабыңыз.

6. Резеңке трубканы редуктордан алып, мүштікті кигізіңіз.

Ескерту:оттегі алған кезде қауіпсіздік ережесін сақтайды (шылым шекпеу, сіріңке жақпау, баллонға қарсы тұрмау).

7. Дәкені суға немесе көпіршікті басатын затқа малып алып, мүштікті ораңыз.

8. Пациенттің ауыз қуысын қақырықтан тазалаңыз.

9. Пациенттің аузына мүштікті тақатып, жастықшаның бұрандысын ашыңыз.

10. Оттегіні беру жылдамдығы минутына 4 – 5литр болады. Егер оттегі 100 % болса, оны әрбір 15 минут сайын үзіліспен беріп отырады.

11. Жастықшаны шиыршықтап оттегіні жайлап жіберіңіз.

12. Босаған жастықшаның трубкасынан мүштікті алып дезинфекциялық ертіндіге салыңыз.

13. Пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз.

Постуральді дренажы

Мақсаты: пациенттің төсектегі жағдайын ауыстыра отырып,қақырықты шығару,

Көрсеткіштері:тыныс алу жүйесінің аурулары,(бронхиттер,бронхоэктаз ауруы,өкпе абцессі т.б)

Жабдықтау:1/4 бөлігінде дезерітіндісі бар түкіргіш ,(егер қақырықты тексеріске алмайтын жағдайда)

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациентке дренажды төсекте қалай орындалатынын түсіндіріңіз (қақырық оз бетінше түсуі үшін);

2.Пациетнтің рұқсатын алыңыз;

3.Түкіргішті пациенттің жанына қойыңыз,алуға оңай болатындай;

4.Квинке дренаж жағдайын ұстаныңыз:

- бас жақтан жоғары төсектің төменгі жағын 20-30см көтетіңіз;

-пациенттің төсектегі жағдайын қадағалаңыз.Жөтел болған жағдайда қақырықтың көп бөлінуіне көз жеткізіңіз;

-процедураны 20-30минут ішінде , 10-15минут үзілістен кейін қайталаңыз;

-төсекті қалыпты жағдайға келтіріңіз( егер пацеинт төсектегі жағымсыз жағдайын денесінің көтеруімен байланыстыра шағымданатын болса);

5.Пациентті шалқасынан жатқызыңыз:

-Пациентті бір жақ қырына 360 Дымқылданған оттегіні Бобров аппараты арқылы енгізудегі медбикенің технологиясы. - student2.ru -қа жатқызыңыз.

-Пациентті 45 Дымқылданған оттегіні Бобров аппараты арқылы енгізудегі медбикенің технологиясы. - student2.ru та аударып ,одан терең дем алып, дем шығаруын сұраңыз.

-Пациент жөтелген жағдайда жақсы жөтелуіне мүмкіндік беріңіз.

-Процедураны 3-6 рет 10-15минут үзіліс сайын қайталаңыз.

6.Пациентті оң жақ қырына жатқызып:

-Пациенттің басы мен қолын төсектен төмен қарай жіберіңіз

-Пациенттің төсектегі жағдайын қадағалаңыз.Жөтел кезінде қақырықтың көп бөлінуіне көз жеткізіңіз

-Процедураны сол жақ қырына жатқызу арқылы қайталаңыз

-Процедураны күніне 5-6 рет қайталаңыз.

Наши рекомендации