Ішкі аурулар пропедевтикасы клиникасының мақсаты. Ауру тарихы схемасы (үлгісі). Науқастарды сұрасыру, жалпы қарау.
АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ
Н.З. Мейрембаева , Г.Ж.Ахметова
ІШКІ АҒЗА АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Арағанды 2009
ОЖ 616.1\.9
КБЖ 54.1 я7
А 36.
Рецензеттер:
Нурсултанова.С.Д. – Қарағанды Мемлекеттік Медицина
Академиясының м.ғ.к доценті
Кенжетаева Т.А- Қарағанды Мемлекеттік Медицина
Академиясының м.ғ.к доценті
.Байболина. А.Т. – Қарағанды медициналық колледжінің Мейірбике ісі негіздері және Ішкі аурулар пропедевтикасының аға оқытушысы.
А 36Мейрембаева.Н.З, Ахметова.Г.Ж. Ішкі ағза аурулар пропедевтикасы.Оқу әдістемелік құрал –Қарағанды.-2009ж.-
196 б.
Оқу әдістемелік құралға сипаттама; бұл оқу әдістемелік құрал-Қазақстан Республикасы Денсаулық Министрлігі Департаменті тағайындаған типтік жұмыс бағдарламасына сәйкестендіріп жасаған Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясындағы медициналық колледждің жұмыс бағдарламасына сай «Ішкі ағза аурулар пропедевтикасы» мамандығы оқушыларына теориялық өзіндік сабаққа дайындалуға арналған.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясының медициналық колледжіне арналған оқу әдістемелік құрал Оқу әдістемелік кеңесінің отырысында қаралды және мақұлданды. Хаттама. № 5 22.04.2009ж
Оқу әдістемелік құрал баспаға ғылыми кеңесімен бекітілді және ұсынылды. Хаттама № 5 28.05.2009 ж
© Н.З. Мейрембаева, Г.Ж. Ахметова,. 2009
Жалпы медициналық білім ішіндегі ішкіқұрылыс ауруларыныңмаңызы
Ішкі аурулар пропедевтикасы клиникасының мақсаты. Ауру тарихы схемасы (үлгісі). Науқастарды сұрасыру, жалпы қарау.
Ішкі ағза аурулары клиникалық медицинаның негізгі бөлігі болып саналады. Ол ішкі аурулардың этиологиясын, патогенезі мен клиникалық белгілерін зерттей отырып, науқастың түрін танып анықтау, емдеу және алдын алу шараларын қарастырады, жеке аурулардың пайда болу себептерін анықтайды. Жалпы айтқанда, ішкі аурулар туралы ғылымның медициналық практикадағы орны орасан зор. "Дені сау" және "ауру" дегеніміз не? Дені сау және ауру болу -бұл адамнын коршаған ортадағы тірішлігінің екі жақты көрінісі. Оған физикалық және әлеуметгік жағдайлар тікелей әсер етеді.
Дені сау адамның сипаттамалары: 1) организмнің анатомиялық және физиологиялық тұтастығы; 2) организмнің коршаған ортаның өзгерістеріне оңай бейімделуі; 3) жақсы көңіл-күйде болуы.
Ауру дегеніміз – ол ағзаның зақымдануға қарсы беретін қатысты серпілісі. Ауру тек бір жеке мүшені ғана зақымдамайды, ол тұтас адамға әсер етеді. Аурулардың пайда болуына әкеліп соғатын мәнбірлерді аурудың этиологиясыдеп атайды. Олар экзогенді және эндогенді деп екі топқа бөлінеді. Экзогенді түрлері: механикалық, физикалық және жұқпалы мәнбірлер. Механикалық зақымдануға тамырлардың жарақаттанып қансырауға әкеліп соғуы, кеуде қуысының жарақаттанып дем алу дәрісінің бұзылуы, ауырсынуда дамитын шок т.б. жатады. Физикалық мәнбірлер: жоғары немесе төменгі температура, электр тоғы, күн сәулесінің әсері, рентген сәулесі. Химиялық мәнбірлер: тұрмыста немесе кәсіби жұмыс барысында қолданатын әртүрлі химиялық заттардың теріге, ағзаға патологиялық әсер етуі. Жұқпалық мәнбірлер: организмге сырттан келіп түскен бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар бір талай ішкі аурулардың себебі болып табылады. Дұрыс тамақтанбауда ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Бұл жағдайда зат алмасу дәрісі бұзылып семіздік немесе ашығу дамиды. Эндогенді – ішкі этиологиялық мәнбірлер. Кейбір ішкі ағзалардың бұзылуы нәтижесінде болатын улану жағдайларды этиологиялық агенттер ретінде қарауға болады. Витаминдердің жетіспеушілігі де бір қатар ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Ішкі сөлденіс бездер қызметінің бұзылуы аурулардың дамуына себепті болуы ықтимал. Мысалы, ұйқы безі қызметінің бұзылуы қант сусамырының дамуына әсер етеді. Орталық және шеткі жүйке жүйесінің функционалдық және органикалық бұзылуы этиологиялық мәнбірлер рөлін атқаруы мүмкін. Тамырлардың қызметінің және органикалық өзгеруі нәтижесінде қан айналымының бұзылуы көптеген ішкі ағзалар ауруларының себебі болуы мүмкін. Мысалы, жүрек тамырларының өзгеруінен жүрек бұлшық етіндегі зат алмасу дәрісі бұзылып жүрек ауруларының дамуына бейімділік туғызады. Бір қатар ішкі ауруларында нейро-гуморальдық механизмдер арқылы жүзеге асады. Ағзадағы аллергиялық аурулардың дамуына себепші көптеген аллергендер болып келеді. Аллергиялық серпілістердің жылдам және баяу қарқынды дамитын түрлері болады. Жылдам аллергиялық серпіліс аллерген әсер еткеннен соң 15-20 минуттан кейін дамиды. Ал баяу аллергиялық серпілістер аллергеннің әсерінен бірнеше сағат, тәулік өткен соң дами бастайды. Әр аурудың биологиялық даму механизмін патогенез деп атайды. Мысалы, өкпе қабынуында патогенді жұқпаның әсерінен өкпе ұлпасы зақымданып, өкпе альвеоларына сары судың жиналуы. Сөйтіп дем алу дәрісі бұзылады.
Ауру ағымын төрт кезеңге бөлуге болады: жасырынды, латентті кезең (аурудың белгілері болмайды); бастапқы кезең; аурудың негізгі айқындалу кезеңі; аурудың соңғы кезеңі. Жалпы адам ағзасындағы сырқат ағымдары жедел (жіті) және созылмалы түрде болып өтеді. Аурудың ағымында ремиссия (науқас жағдайының уақытша оңалуы) және рецидив (аурудың қайталануы) білінеді. Кейбір ауруларда асқынулар дамиды. Әр ауру симптомдарменсипатталады
Симптом – аурудың негізгі клиникалық белгісі, ауру әйгіленісі. Мысалы, лоқсу, құсу асқазан ауруларында, жөтел – тыныс алу мүшелерінің ауруларында кездеседі. Симптомдар субъективтік және объективтік түрге бөлінеді. Субъективтік деп науқастың өзінің сезген сезім шағымдарын айтады, ал объективтік деп дәрігердің науқасты қарағанда анықтаған белгілерін айтады (мысалы, жүрек, бауыр көлемінің үлкеюі, қан қысымының, дене қызуының көтерілуі т.б.) Синдром деп әр патологиялық жағдайға сәйкес келетін бірнеше симптомның жиынын айтады. Мысалы, уыттану синдромына әлсіздену, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, бас айналуы, тамаққа тәбетінің тартпауы жатады. Аурудың нәтижесі жазылу, созылмалы түріне ауысу, мүгедектікке ұшырау немесе өлімге ұшырау. Ағзаның функционалдық жағдайына байланысты мүгедектік 3 топқа бөлінеді. І топ – науқас функционалдық қабілетінен толығымен айырылады. Науқас өзін-өзі күте алмайды. ІІ топ – науқас функционалдық қабілетінен жартылай айырылады, бірақ өзін-өзі күте алып, өздеріне сәйкес тұрмыс істей алады. ІІІ топ - науқас жұмыс жағдайын толығымен істей алмайды, жеңіл жұмыс жасауға рұқсат беріледі. Дерт анықтамасын сырқатқа диагноз қою үшін қолданады (қандай ауру екенін анықтау үшін).
Диагноз – аурудың анықтамасы, оны медицина терминологиясымен жазу. Диагноз болжамды, нақтылы(дифференциалды), қорытынды болады. Болжамды диагнозды науқастың шағымдарына, субъективтік, объективтік тексеру мәліметтеріне сүйеніп қояды. Дифференциалды – көп аурулардың белгілері бір біріне ұқсас келеді, сондықтан қосымша тексерістерді жүргізіп, клиникалық белгілерін салыстырып, қай ауруға тән екендігін анықтап сырқат түрін бір - бірінен ажыратады. Қорытынды диагнозды субъективтік, объективтік және қосымша тексеру нәтижелер көрсеткіші бойынша қояды. Егер науқаста бір неше ауру болса, онда ең басты және қосалқы диагноз қойылады. Диагноз қойылған соң науқасқа емханада немесе ауруханада арнаулы емжүргізіледі. Консервативтік ем: дәрі – дәрмектермен емдеу; симптомдық ем – белгілі симптомға ғана жүргізілетін ем; алдын –алу емі. Сырқатты емдеудегі алдын алу шараларының үш түрі болады. Алғашқы (бірінші) алдын алу – ауруды болғызбау үшін көрсетілетін шаралар. Екінші алдын алу – қауіпті мәнбірлерді болдырмау, қайталанып келіп отыратын аурудың алдын алу шаралары. Мысалы, созылмалы ауруларда көктем мен күзде науқастар ауру қозбас үшін алдын алу ретінде ем алып отырады. Үшінші алдын алу (синонимі - реабилитация) – ағзаның қызметін қалпына келтіру, физиологиялық жағдайын жақсарту.