Асқазан жастық ерекшеліктері

Асқазан жастық ерекшеліктері - student2.ru Асқазан нәрестелерде цилиндр пішінді болады. Кардиалық бөлігі, түбі және пилорикалық бөлігі нашар жетілген, қақпалық бөлігі кең. Нәресте асқазанының көлемі - 50 см3, ұзындығы 5 см, ені 3 см. Кіретін тесігі VIII-IX кеуде омыртқалары деңгейінде орналасқан. 1 жасқатаман асқазан ұзарады, көлемі 300см3-ге дейін үлкейеді, ұзындығы 9 см, ені 7 см болады. 2 жастаасқазан көлемі 490-590 см3, 3 жаста - 580-680см3, 4 жаста - 750см3, 12 жаста -1300-1500см3. 7-11 жаста асқазан пішіні ересек адамдардағыдай болады. Кардиалық бөлігінің қалыптасуы 8 жаста аяқталады. Жас өскен сайын асқазан төмен түсе береді де, 7 жаста оның кіретін тесігі XI-XII кеуде омыртқалары арасында проекцияланады. Нәрестелерде асқазанның шырышты қабығы қалың, қатпарлары биік, асқазандық шұңқыршалар 200.000. Шұңқыршалардың саны 3 айға таман 700.000-ге дейін көбейеді, 2 жаста 1.300 000, 15 жаста - 4 млн. болады. Нәресте асқазанының бұлшықеттік қабығында барлық үш қабаты болады, бойлық қабаты мен қиғаш талшықтары нашар жетілген. Бұлшықеттік қабығы ең жоғарғы қалыңдығына 15-20 жаста жетеді.

ЖІҢІШКЕ ІШЕК, intestinum tenue (грекше enteron, қабынуы - энтерит), Еркек мәйіттерінде жіңішке ішектің ұзындығы шамамен 7 м, әйелдердікінде – 6,5 м. Жіңішке ішекте ас механикалық (жылжытылады) және сілтілік реакция жағдайында одан әрі химиялық өңдеуден өтіп, сіңіріледі. Жіңішке ішек үш бөлімге бөлінеді: 1. Duodenum, он екі елі ішек; 2. Jejunum, аш ішек; 3. Ileum, мықын ішекқалған.

1.Он екі елі ішек, duodenum, ұзындығы 25-30 cм, ұйқы безінің басын тағатәрізді айналып жатады. Онда төрт бөлімді ажыратады: 1. pars superior I бел омыртқа деңгейінде оңға және артқы қарай өтіп, төмен қарай иілім, flexura duodeni superior,түзе; 2. pars descendens –ке ауысады, ал ол төмен түсіп, омыртқа бағанасынан оңға қарай III бел омыртқаға дейін орналасады; бұл жерде екінші иілім, flexura duodeni inferior, түзіледі. 3. pars horizontalis- солға қарай бағыт алып v. cava inferior мен қолқа алдында көлденең өтетін; 4. pars ascendens I –II бел омыртқа деңгейіне көтерілетін. Рars ascendens duodeni аш ішекке ауысқанда II бел омыртқаның сол жағында ішектің күрт иілімі он екі елі аш ішек, flexura duodenojejunalis, пайда болады. Рентгендік зерттегенде 12-елі ішектің бастапқы бөлігі кең жері, ampulla duodeni (bulbus duodeni) негізі қақпаға қараған үшбұрышты көлеңке тәрізді, қақпа жиырылған кезде duodenum одан ақшыл жолақпен бөлінеді.

Асқазан жастық ерекшеліктері - student2.ru Асқазан жастық ерекшеліктері - student2.ru Асқазан жастық ерекшеліктері - student2.ru Аш және мықын ішек. Аш және мықын ішекті intestinum tenue mesenteriale деген жалпы атпен біріктіреді, өйткені бүкіл бұл бөлім ішастармен жабылып, шажырқай арқылы артқы іш қабырғасына бекиді (так как весь этот отдел покрыт брюшиной полностью и прикрепляется к задней брюшной стенке брыжейкой). Аш ішек пен мықын ішек, арасында айқын шекара болмаса да, екі бөлімнің де jejunum (жоғарғы бөлігі) мен ilium-нің (төменгі бөлігі) байқалатын айырмашылықтары бар: jejunum-нің диаметр үлкен, қабырғасы қалың, қан тамырлары мол болады. Аш ішек негізінен ортаңғы сызықтың сол жағында, ал мықын ішек негізінен ортаңғы сызықтың оң жағында орналасады. 2%- жағдайда мықын ішекте, оның шетінен шамамен бір метр қашықтықта өсінді- diverticulum meckelii Меккелев дивертикул (ұзыңдығы 5-7см) (ұрықтың сарыуыздық түтігінің қалдық бөлігі) байқалады.

Асқазан жастық ерекшеліктері - student2.ru Асқазан жастық ерекшеліктері - student2.ru Жіңішке ішектің шырышты қабығы, оны жауып тұратын көптеген ішек бүрлерінен, villi intestinales, барқыттәрізді көрінеді. Бүрлер- ұзындығы шамамен 1 мм, шырышты қабықтың өсінділері, олар цилиндрлі эпителимен жабылған және лимфа орталығында лимфа қойнауы мен қан капиллярлары болады. Ішек қуысындағы ас қорытудан басқа қабырға жаналық асқорыту да болады (пристеночное пищеварение). Жіңішке ішектің шырышты қабығының сіңіру ауданы онда дөңгелек қатпалар plicae circulares, деп аталатын көлденең қатпарлардың арқасында едәуір үлкейеді. Бұл қатпарлар тек шырышты қабық пен шырышасты негізінен ғана құралады да, тіпті ішек түтігі созылғанда да жоғалып кетпейтін тұрақты түзілістер болып табылады. Он екі елі ішектің шырышты қабығында төмендеген бөлігінің медиалды қабырғасында бойлық plica longitudinalis duodeni орналасқан, papilla duodeni major (Фатеров сосочек) аяқталады(сфинктер Одди). Рapilla duodeni major-да жалпы өт түтігі мен ұйқы безі түтігі бір ортақ тесікпен ашылады. Рapilla duodeni major-дан проксималды орналасқан кішілеу екінші бүртік, papilla duodeni minor, жатады. Оған ұйқы безінің қосалқы өзегі ашылады. Бүкіл Асқазан жастық ерекшеліктері - student2.ru ішекте шырышты қабықта қарапайым түтікті бездер, glandulae intestinalis, орналасқан; олар ішек сөлін бөліп шығарады. Жіңішке ішекте зиянды заттар мен микробтарды залалсыздандыратын лимфа аппараты болады. Ол жеке түйіншелерден, folliculi lymphatici solitarii, және олардың жиындары шоғырланған лимфа түйіншелерінен, folliculi lymphatici aggregati, тұрады. Folliculi lymphatici solitariiбүкіл жіңішке ішекте тары дәніндей ақшыл дөнестер түрінде шашырай орналасқан. Folliculi lymphatici aggregati (20-30)(пейеровы бляшки) мықын ішекте ғана болады.

Бұлшықет қабығы, tunica muscularis, екі қабатынан тұрады: сыртқы бойлық қабат және ішкі дөңгелек қабат. Бұлшықеттің бойлық және дөңгелек қабаттардан басқа, дөңгелек қабаттық спиралды бұлшықет талшықтарыболады. Спиралді талшықтар перисталтикалықтолқынның ішек түтікшесінің білігі бойымен дисталды жылжуына жәрдемдеседі.

Жіңішке ішек жастық ерекшеліктері

Жіңішке ішек ұзындығы нәрестеде 1,2-2,8 м, ал 2 -3 жаста ұзындығы шамамен 2,8 м. құрайды. Саңылауының ені 1 жаста- 16 мм, ал3 жаста- 23,2 мм. Нәрестеде12-елі ішектің пішіні сақинатәрізді, оның иілімдері кейінірек қалыптасады. Оның басталатын және аяқталатын жері I бел омыртқасы деңгейіне сәйкес келеді. 5 айдан кейін 12-елі ішектің жоғарғы бөлігі XII кеуде омыртқасы деңгейінде болып, 7 жаста төмендеген бөлігі II бел омыртқасына дейін түседі. Он екі елі ішек бездері нәрестеде өлшемдері кішкентай және нашар тармақталған, ең қарқынды жетілетін кезі өмірдің бірінші жылына сәйкес келеді. Шырышты қабықтың қатпарлары мен бүрлері анық көрінбейді.Ішек бездерінің саны өмірдің алғашқы жылында қарқынды көбейеді. Нәресте ішегінде лимфоидты түйіншелер туылғанда болады. Бұлшықеттік қабығы, әсіресе бойлық қабаты нашар жетілген.

Асқазан жастық ерекшеліктері - student2.ru Ток ішек (жуан ішек), intestinum crassum (қабынуы - колит), жіңішке ішектің шетінен артқы тесікке дейін созылып, мынадай бөліктерге бөлінеді: 1. сaecum - құрттәрізді өсіндісі (appendix vermiformis) бар соқыр ішек; 2. colon ascendens - жоғарылаған жиек ішек; 3. colon transversum - көлденең жиек ішек; 4. colon descendens төмендеген жиек ішек; 5. colon sigmoideum - сигматәрізді ішек; 6. rectum тік ішек. Тоқ ішектің жалпы ұзындығы 1,0 мен 1,5 м аралығында өзгеріп отырады. Тоқ ішектің диаметрінің үлкендігінен басқа мынадай белгілердің болуымен ерекшеленеді: 1. бойлық бұлшықетті таспалардың, teniae coli болуы 2. өзіне тән қампаймаларының, haustra coli, болуы және; 3. майы бар сірлі қабық өсінділерінің, appendices epiploicae болуы. Teniae coli, жиек ішек таспалары, саны үшеу. Олар соқыр ішектің құрттәрізді өсіндісінің түбінен басталып, rectum басталатын жерге дейін созылады. Teniaeжиек ішектің бойлық бұлшықет қабатының орналасу қалпына сәйкес келеді, ол қабат бұл жерде тұтас қыртыс түзбей үш таспаға бөлінеді: 1. tenia libera – бос таспа, caecum және colon ascendens-тің представляют пальцевидные выпячивания серозной оболочки, содержащие жировую ткань и расположенн алдыңғы бетінен өтеді, ол colon transversum-де көлденең жиек ішектің өз білігі айналасында бұрылуына байланысты артқы бетке өтеді; 2.tenia mesocolica – шажырқайлық таспа, көлденең жиек ішек шажырқайдың бекитін сызығы бойымен өтеді, осыдан «шажырқайлық таспа» деп аталады; 3. tenia omentalis- шарбылық таспа, үлкен шарбының colon transversum- дегі бекитін сызығы бойынша және осы сызықтың тоқ ішектің басқа бөлімдердегі жалғасы болып табылады. Haustra coli, тоқ ішектің қампаймалары, іш жағынан қапшықтәрізді ойыс түрінде байқалады; сырт жағынан таспалар арасында орналасқан дөнестер түрінде болады; сырт жағынан таспалар арасында орналасқан дөңестер түрінде болады. Аppendices epiploicae, шарбылық өсінділер, сірлі қабықтың ұзындығы 4-5 см өсінділері болып табылады, аppendices epiploicae-те май тіні болады. Тоқ ішектің шырышты қабығында бүрлер болмайды – тегісболып келеді. Тоқ ішекте жарты айлық қатпарларға,plicae semilunares coli, болады – тек шырышты қабықтан ғана емес, қабырғаның басқа қабаттарынан болады. Бұлшықет қабығы екі қабаттан тұрады: сыртқы- бойлық және ішкі – дөңгелек қабат. Ішкі дөңгелек, тарылтатын қабат қана тұтас. Кеңейтетін бойлық бұлшықет тоқ ішекте үш teniae-ге бөлінеді.

Асқазан жастық ерекшеліктері - student2.ru Асқазан жастық ерекшеліктері - student2.ru Асқазан жастық ерекшеліктері - student2.ru 1.Сaecum (грекше typhlon, қабынуы- typhlitis), соқыр ішек тоқ ішектің басталатын жерінен оған жіңішке ішек құятын жерге дейінгі бірінші бөлігі болып табылады; тік шамасы 6 см-дей, көлденең шамасы 7-7,5 см-дей қап тәрізді. Caecum оң жақ мықын шұңқырында орналасады. Caecum –нің медиалды бетінен құрттәрізді өсінді, appendix vermiformis, шығады. Құрттәрізді өсіндінің орташа ұзындығы 8,6 см-ге тең. Өсіндінің орналасу қалпының әр алуан түрлерінің барлығында да оның орталық бөлігі, яғни өсіндінің соқыр ішектен шығатын жері тұрақты. Аппендицит болған кезде ауырсыну нүктесі сыртқы және кіндікті алдыңғы жоғарғы мықын қылқанымен қосатын сызықтың ортаңғы және сыртқы 1\3-нің шекарасында (точка Мак- Бурнея) немесе осы сызықта оң жақ1\3-і ортаңғы үштен бірден бөлетін нүктеде, екі алдыңғы жоғарғы мықын қылқанымен қосатын сызықта іш бетіне проекцияланады (точка Ланца). Аппендикстің шырышты қабығы folliculi lymphatici aggregate appendicis vermiformis түріндегі лимфа тініне біршама бай да, кейбір авторлар оның қызметін осымен байланыстырады (ауру тудыратын микробтарды тұтып, жоятын «ішек бадамшасы», аппендициттің жиілігі осымен түсіндіріледі). Соқыр ішек пен құрттәрізді өсінді жан-жағынан ішастармен жабылған. Жіңішке ішектің тоқ ішекке құятын жерінде ішінде мықын-соқыр ішек қақпағы (клапан), valva ileocaecalis (баугиниева заслонка),байқалады.Ол екі айшық қатпардан тұрады, олардың негізінде сақиналы бұлшықет қабаты, m. sphincter ileocaecalis,жатады. Valva et sphincter ileocaecalis бірлесе, астың реакциясы сілтілі жіңішке ішектен, реакциясы қайтадан қышқылды тоқ ішекке қарай жылжуын реттеп, астың кері жылжуына және ортаның бейтараптануына кедергі жасайды. Valvae ileocaecalis-тің жіңішке ішекке қараған беті бүрлермен жабылған, ал басқа бетінде бүр болмайды. 2. Сolon ascendens, жоғарылаған жиек ішек соқыр ішектің тікелей жалғасы болып табылады, және екеуінің арасындағы шекара-жіңішке ішектің құяр жері. Ол осы жерден жоғары қарай өтіп, бауырдың төменгі бетіне жетіп, осы жерде солға қарай жиек ішектің оң иілімін- flexura coli dextra, түзіп, colon transversum-ге ауысады.

Асқазан жастық ерекшеліктері - student2.ru Асқазан жастық ерекшеліктері - student2.ru 3. Сolon transversum, көлденең жиек ішек, ішектердің ішіндегі ең ұзыны, flexura coli dextra-дан көкбауырдың төменгі шетіндегі-ға дейін созылады, ол жерде жиек ішек екінші иілім жасап, colon descendens-ке ауысады. Көлденең жиек ішек екі иілім арасында қатаң көлденең өтпейді, дөнесі төмен доға түзеді әрі оның сол жақ иілімі оң жақ иілімі қарағанда жоғарылау тұрады. Көлденең жиек ішек арқы жағынан pars descendens duodeni, pancreas-тың басын қиып өтіп, шажырқайы, mesocolon transversum, арқылы артқы іш қабырғасына және pancreasтың алдыңғы жиегіне бекиді.

4.Colon descendens, төмендеген жиек ішек, flexura coli sinistra-дан төмен қарай, іш қуысының сол жағымен өтіп, мықын қыры деңгейінде colon sigmoideum-ге ауысады.

5. Сolon sigmoideum, сигматәрізді жиек ішек– төмендеген жиек ішектің жалғасы болып табылады, тік ішектің басталатын жеріне дейін созылады.

Асқазан жастық ерекшеліктері - student2.ru Асқазан жастық ерекшеліктері - student2.ru 6. Тік ішек, rectum (грекше- proctos, қабынуы - проктит ) нәжіс массасының жиналуы үшін қажет. Ол сегізкөз алдында кіші жамбас астауына түсіп, екі иілім түзеді: біріншісі- сегізкөз ойысына сәйкес- flexura sacralis, сегізкөздік иілім, екіншісі, дөнесі алға қараған, шат иілімі- flexura perinealis.Rectum-ның жоғарғы бөлімі жамбас астау қуысында жайғасады- pars pelvina деп аталады; ол жамбастық бөлік, flexura perinealis-ке қарай кеңейіп тік ішектің кеңжерін- ampulla recti-түзеді. Rectum-нің төмен қарай кететін соңғы бөлігі артқы өтіс өзегіне, canalis analis, созылады, ол жамбас астау түбінен өтіп, артқы өтіспен, anus, аяқталады. Шырышты қабық, tunica mucosa, ішек қабырғасы созылғанда оңай жазылып кететін көптеген бойлық қатпарлар түзеді. Canalis analis-те бойлық қатпарлар 8-10 мөлшерінде артқы өтіс бағаналары- columnae analis- деп аталатындар түрінде тұрақты болып қалады. Олардың арасындағы ұңғылдар, артқы өтіс қойнаулары, sinus anales, байқалады. Бұлшықетті қабық, tunica muscularis, ішкі- дөңгелек және сыртқы- бойлық қабаттан тұрады. Ішкі қабат шат бөлімінің жоғарғы бөлігінде жуандап, осы жерде артқы өтістің ішкі қысқышын, m.sphincter ani internus, түзеді, оның биіктігі 2-3 см, артқы өтістің терімен қосылатын жерінде аяқталады.

Тоқ ішек жастық ерекшеліктері

Тоқ ішек. Нәресте тоқ ішегі қысқа, оның ұзындығы 63 см, қампаймалары мен шарбылық өсінділері болмайды. 6 айда қампаймалары, 2 жаста шарбылық өсінділері пайда болады. 1 жасқа таман тоқ ішек 83 см-ге дейін ұзарады, ал 10 жаста 118 см-ге жетеді. Тоқ ішектің таспалары, қампаймалары және шарбылық өсінділері толығымен 6-7 жаста қалыптасады. Нәресте соқыр ішегі құрттәрізді өсіндісінен анық бөлінбеген, ені ұзындығынан үлкен болады. Соқыр ішектің ересек адамға тән сипаттары 7 жаста қалыптасады. Соқыр ішек жоғары орналасады, оң жақ мықын шұңқырына 14 жаста түседі. Илеоцекалдық тесік нәрестеде сақинатәрізді, бос тұрады. Нәресте соқыр ішегінің құрттәрізді өсіндісінен ұзындығы -2см, диаметрі 0,5 см, кіреберісін жауып тұратын қақпақша 1 жасқа таман пайда болады. Өсіндінің ұзындығы 1 жаста - 6 см, 10 жаста - 9 см, 20 жаста - 20см болады. Жоғарылаған жиек ішек – нәрестеде нашар жетілген және бауырмен жабылып тұрады. 4 айда бауыр оның тек жоғарғы бөлігіне жанасып жатады. 7 жасқа таман жоғарылаған жиек ішекті алдыңғы жағынан үлкен шарбы жауып тұрады. Ересектерге тән құрылымдары жасөспірімдік кезеңде қалыптасады. Көлденең жиек ішек – нәрестеде қысқа шажырқайымен болады (2 см ге дейін). 1,5 жаста шажырқайдың ені 8 см ге дейін үлкейеді, бұл ішектің қозғалғыштығын арттыруына мүмкіндік береді. 1 жаста ұзындығы -25 см, 10 жаста - 35 см болады. Ең үлкен өлшемдері қарт адамдарда байқалады. Төмендеген жиек ішек – нәрестелерде ұзындығы 5 см, 1 жаста – оның ұзындығы екі еселенеді, 5 жаста - 15см, 10 жаста - 16см. Ең үлкен өлшемде қарт адамдарда болады. Сигматәрізді жиек ішек – жоғары, іш қуысында орналасады, ұзын шажырқайы болады. Тік ішек нәрестелерде цилиндр пішінді, ампуласы мен иілімдері болмайды, қатпарлары айқын емес, оның ұзындығы 5-6 см. Артқы өтістік бағаналар мен қойнаулар балаларда жақсы жетілген. Айтарлықтай өсуі 8 жастан кейін байқалады. 14 жаста ұзындығы 15-18см, ал диаметрі 5 смболады.

Асқазан жастық ерекшеліктері - student2.ru №2 ТАҚЫРАБЫ: ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ АНАТОМИЯСЫ ЖӘНЕ ТОПОГРАФИЯСЫ. БАЛАЛАРДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Асқазан жастық ерекшеліктері - student2.ru Ұйқыбез, pancreas (қабынуы - панкреатит)- region epigastrica-да артқы іш қабырғасында жатады, сол бөлігімен сол жақ қабырғаастына еніп тұрады. Артқы жағынан төменгі қуыс венаға, сол жақ бүйрек венасы мен қолқаға жанасып жатады. Ұйқы безінің басы caput pancreatic, ілмектәрізді өсіндісі, processus uncinatusжәне денесімен, corpus pancreatis, құйрық, cauda pancreatis,деп бөлінеді. Бездің басы он екі елі ішекпен қамтылып, I бел омыртқа мен II бел омыртқаның жоғарғы бөлігі деңгейінде орналасады. Дене призма пішінді, үш беті бар: алдыңғы, артқы және төменгі. Әдетте бастың денемен қосылатын жеріне жақын шарбылық төмпе, tuber omentale, болады. Үш беті бір-біріне үш жиек арқылы бөлінген: margo superior, anterior және inferior. Pancreas-тың қапшығы болмайды, сондықтан оның үлесті құрылысы бірден көзге түседі. Ұйқыбез түтігі, ductus pancreaticus тік бұрышпен дерлік келіп құятын көптеген тармақтарды қабылдайды. Ductus choledochus-пен қосылып, түтіконымен ортақ тесік арқылы papilla duodeni major-да ашылады. Негізгі түтіктен басқа тұрақты дерлік қосалқы түтік, ductus pancreaticus accessorius, болады, ол papilla duodeni minor-да ашылады. Ұйқыбезі құрылысы жағынан күрделі альвеолды бездерге жатады. Онда екі құрам бөлігін ажыратады: бездің негізгі массасының сыртқы секреттік қызметі бар, ол секретін шығару түтігі арқылы он екі елі ішекке құяды; бездің аздау бөлігі- ұйқыбез аралшықтары, insulae pancreaticae (Лангерганса), деп аталатындар түрінде эндокриндітүзілістерге жатады, олар қандағы қант мөлшерін реттейтін инсулинді қанға бөліп шығарады.

Наши рекомендации