Уақытша қойылатын пломбылар (временные пломбы)

Қазіргі кезде уақытша пломбылар үшін қолданылып жүрген материалдарға шартты талаптар қойылады:

· араластыруы оңай және тісжегі қуысына енгізуі жеңіл болу;

· тісжегі қуысында тұрғанда герметизмді (жабуды) толық қамтамасыз ету;

· тістің тіндеріне және организмге зиянды әсер тигізбеу;

· тісжегі қуысынан оңай алыну.

Уақытша пломбылар тісжегі қуысында, өзек ауыздарында немесе өзектерде қалдырылған емдік дәрілерді ауыз іші факторларының ықпалдарынан сақтау үшін аз уақытқа (1-3 тәуліктен 2-3 аптаға дейін) немесе ұзақ уақытқа (үш-алты айға дейін) қойылады.

Жиірек қолданылып жүрген уақытша пломбылық материалдардың өкілі – жасанды дентин (суға шыланған) және дентин-қойыртпағы (өсімдік майларына шыланған). Жасанды дентин (искусственный дентин) немесе сульфатты-цемент ертеректе Флетчер цементі деген атпен белгілі және арнаулы сұйықтыққа шыланатын. Сұйықтықтың құрамына гуммиарабиктің сулы ерітіндісі, глицерин, спирт, бура, карбол қышқылы және апиынның өте аз

1-сурет . Жасанды дентин ұнтағы.
Уақытша қойылатын пломбылар (временные пломбы) - student2.ru мөлшері (ізі) кіретін.

 
Жасанды дентин ұнтағы (1-сурет) мырш тотығынан (65-70%), цинк сульфатынан (25%), каолиннен немесе декстриннен (5-10%) тұрады. Пломбылық материалды шыны пластинаның бұдырлы бетінде араластырады және қуыстың көлеміне сай дистилденген су (2-4 тамшы) мен ұнтақ мөлшерін қатар орналастырып алған соң, ұнтақты суға қосып араластырады. Дайын болған материалдың консистенциясы қою кілегейдей болады және тегістегіштің көмегімен тісжегі қуысын тұтас толтыратындай бөлігін бір мезетте ғана қуысқа апарып, мақта анжымен нығыздап, артығын алып, мүмкіндігінше пішін береді. Жасанды дентин 1,5-2 минөттен кейін қатая бастайды және 3-4 минөттен кейін толық қатаяды. Осы уақыт аралығында пломбыны қойып үлгеру керек. Ескеретін жағдай, жасанды дентин механикалық әсерлерге аса төзімді емес. Сондықтан уақытша пломбыға шайнау күшін көп түсірмеу керек.

2-сурет. Дентин қойыртпағы.
Уақытша қойылатын пломбылар (временные пломбы) - student2.ru Дентин қойыртпағы (дентин-паста) дайын күйінде шығарылады (2-сурет). Ауыз іші температурасында 2-3 сағаттан кейін қатаяды. Дентин қойыртпағын тісжегі қуысында сұйық дәрілер қалдырылғанда және аралық төсем ретінде қолдануға болмайды.

Уақытша пломбылық материал ретінде эвгенолға араластырылған мырш тотығын (цинк-эвгенолды цемент) пайдалануға болады. Қатайғаннан кейін бұл пломбы механикалық әсерлерге біраз төзімді болады және көбіне сүт тістерін пломбылау үшін қолданады.

Соңғы жылдары шетелдік фирмалар уақытша пломбылық материалдардың механикалық әсерлерге төзімді және тісжегі қуысында герметизм сақтайтын түрлерін шығара бастады және олардың ішінде сәуле әсерінен қатаятындары да бар.

3-сурет. Уақытша пломбылық материал провикол.
Уақытша қойылатын пломбылар (временные пломбы) - student2.ru
   
Provicol (Провикол) құрамында эвгенол жоқ цемент (3-сурет), уақытша пломбылар қоюға, жасанды сауыттар мен ортопедиялық конструкцияларды уақытша бекіту үшін пайдаланылады, негізгі және қатайтушы қойыртпақтар түрінде пластмасса сықпаларда шығарылады. Негізгі (базовая паста) және қатайтушы қойыртпақ (каталитическая паста) 1׃1 қатынасында шыны бетінде біркелкі консистенцияға дейін араластырылады (20 секөнд шамасында). Дайын болған материалмен тісжегі қуысы аса қысым көрсетілмей жабылады. Материал 4-6 минөттан кейін қатаяды және артық бөлігі алынып тасталады.

4-сурет. Циномент.
Уақытша қойылатын пломбылар (временные пломбы) - student2.ru Zinoment (Циномент)- цинкэвгенольды цемент (4-cурет). Емдік төсем ретінде (композиттерден пломбы қойған кезде бетін басқа материалдармен жабу керек), уақытша пломбылар және ортопедиялық конструкцияларды уақытша бекіту үшін қолданылады. Шыны немесе қағаз бетінде ұнтақтың 2 бөлігімен сұйықтың бір бөлігін ақпайтын және жабыспайтын қамыр консистен-циясына дейін металл қалақшамен араластырады. Қатаю уақыты – 3-5 минөт.

Cimpa (симпа) – уақытша пломбылық материал, тіс тіндеріне зиянды әсері жоқ, ұлпаны тітіркендірмейді, тез қатаяды.

Septo – Pack (Септо-Пак) – құрамында талшықтары бар өзі қатаятын жұмсақ қойыртпақ, уақытша пломбылық материал ретінде басқа дәрілік заттармен бірге қолдана беруге болады. Құрғақ және таза қалақшамен ыдысынан алып шар пішін бере отырып, тісжегі қуысына апарады. Қуыс ішінде 2-3 минөттан кейін жұмсақтығын жоя бастайды және жарты сағатта қатаяды.

Clip (Клип) – кремнийдің қос тотығы (диоксид кремния) және полиуретанакрилат полимері негізінде дайындалған сәуле әсерінен қатаятын уақытша пломбылық материал, сықпа түрінде шығарылады.

Клипті тісжегі қуысына енгізіп, белгілі пішін бергеннен кейін 20-40 секөнд шамасында галлоген сәулесін жібереді. Пломбы қабатының қалыңдығы 5 мм болса, 40 секөндтен кейін қатаяды. Пломбының қалыңдығына қарай сәуле жіберу уақытын ұзартады.

Наши рекомендации