Бүйрек жеткіліксіздігі
#181
*!БЖЗ кезінде диурез азаюы кезеңінде мына жағдайлардың қайсысының дамуы науқас үшін қауіпті болып табылады?
*+Өкпе ісінуі
*Дегидратация
*Гипокалиемия
*Гипокальциемия
*Артериалдық гипотензия
#182
*!Жүктіліктің ерте мерзімінде БЖЗ-ң дамуының ЕҢ ықтимал себебін көрсетіңіз:
*Қант диабеті
*Мерзімінен бұрын босану
*Жедел гломерулонефрит
*Вегето-тамырлық дистония
*+Септикалық аборттың салдары
#183
*!Жүктіліктің кеш мерзімінде ауыр БЖЗ-ң дамуының ЕҢ ықтимал себебін көрсетіңіз:
*+Жатырдың жыртылуы
*Жүктілер нефропатиясы
*Созылмалы гипертензия
*Несеп жүйесінің инфекциясы
*Антифосфолипидтік синдром
#184
*!30-32 апта мерзімдегі жүкті әйелде сапасыз тағам қабылдағаннан кейін құсу, диарея, әлсіздік пайда болды. Об-ті: Жағдайы ауыр, АҚҚ – 70/50 мм сбб., тәуліктік диурез 100 мл. Креатинин – 315 мкмоль/л. Несеп талдауы: түсі ашық-сары, салыстырмалы тығыздығы - 1018, белок – 0,55 г/л, эритроциттер – 0-2 к/а, лейкоциттер – 8-10 к/а. Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
*Постреналді бүйректің жедел зақымдалуы
*+Пререналді бүйректің жедел зақымдалуы
*Реналді бүйректің жедел зақымдалуы
*Жедел нефритикалық синдром
*Нефротикалық синдром
#185
*!30-32 апта мерзімдегі жүкті әйелде сапасыз тағам қабылдағаннан кейін құсу, диарея, әлсіздік пайда болды. Об-ті: Жағдайы ауыр, АҚҚ – 70/50 мм сбб., тәуліктік диурез 100 мл. Креатинин – 315 мкмоль/л. Несеп талдауы: түсі ашық-сары, салыстырмалы тығыздығы - 1018, белок – 0,55 г/л, эритроциттер – 0-2 к/а, лейкоциттер – 8-10 к/а. Қандай емдеу тактикасы бірінші кезекте жүргізіледі?
*Парентералді қоректендіру
*Гипотензивті ем
*Жедел гемодиализ
*+Айналымдағы қан көлемін толықтыру
*Диуретиктер
#186
*!22 жасар әйелде қылмыстық аборттан кейін қызба, әлсіздік, адинамия, жыныс жолдарынан қан кету байқалады. Об-ті: ЖЖЖ – 120-130 р/мин, АҚҚ - 80/50 мм сбб., тәуліктік диурез - 50 мл. Несеп талдауында: салыстырмалы тығыздығы – 1008, белок – 0,3 г/л, эритроциттер – 1-3 к/а. Қанында – креатинин 278 мкмоль/л. Қандай диагноз мейілінше ықтимал?
*Постреналды бүйректің жедел зақымдалуы
*Преренальді бүйректің жедел зақымдалуы
*+Ренальді бүйректің жедел зақымдалуы
*Жедел апостематозды нефрит
*Жүктілер нефропатиясы
#187
*!Жүктілерде бүйректің жедел зақымдалуының дамуының қандай себептері мейілінше жиі кездеседі?
*Реналдық
*Ареналдық
*+Пререналдық
*Постреналдық
*Кездеспейді
#188
*!30-32 апта мерзімдегі жүкті әйелде сапасыз тағам қабылдағаннан кейін құсу, диарея, әлсіздік пайда болды. Об-ті: Жағдайы ауыр, АҚҚ – 70/50 мм сбб., тәуліктік диурез 100 мл. Креатинин – 315 мкмоль/л. Несеп талдауы: түсі ашық-сары, салыстырмалы тығыздығы - 1018, белок – 0,55 г/л, эритроциттер – 0-2 к/а, лейкоциттер – 8-10 к/а. Жүкті әйелде пререналді БЖЗ-ң дамуының қандай себебі мейілінше ықтимал?
*Гиповолемиялық гипогидратация
*Өзекшелердің кристаллдармен бітеліп қалуы
*+Гиповолемиялық жағдай
*Нефротоксикалық заттардың әсері
*Бүйректің қан айналымының кенет жоғарылауы
#189
*!Мына жағдайлардың қайсысының БЖЗ-мен асқынуы өте сирек?
*Преэклампсия
*HELLP-синдром
*Гипертониялық криз
*+Төменгі несеп шығару жолдарының инфекциясы
*Плацентаның сылынуы кезіндегі жатырлық қан кету
#190
*!Жүкті әйел 30 жаста, жүктілік 37 апта. Қарау кезінде шамалы ісінулер бар, АҚ 170/110 мм с.б. Тексеру кезінде: креатинин 450 мкмоль/л, мочевина 25 ммоль/л, К 6,2 ммоль/л, АЛТ 1,25 мкмоль/л, АСТ 0,96 мкмоль/л, ЖЗА-де белок 1,65 г/л, Ле 10 к/а, Эр 1-2 к/а. Емдеу тактикаларының қайсысы ЕҢ бірінші жасалады?
*Гемодиализ
*Гемодиафильтрация
*Бүйрек трансплантациясы
*Перитонеалдық диализ
*+Тез арада босандыру
#191
*!Гемолитикалық-уремиялық синдромға тән:
*Гипертензия + ісінулер + тромбоцитоз
*Гиперазотемия + нефротикалық ісінулер
*Билирубинемия + аутоиммундық анемия
*Тромбоцитоз + уремия + аутоиммундық анемия
*+Гемолитикалық анемия + азотемия + тромбоцитопения
#192
*!Науқас 26 жаста. Жүктілік 38 апта. Бірінші босануы. Созылмалы пиелонефрит фонында жүктіліктің екінші жартысындағы қосарланған гестоз. Преэклампсия. Түскендегі жағдайы ауыр деп бағаланды. Ауыр АГ байланысты магнезиальді ем жүргізілді. Түскеннен соң 30 мин кейін тырысу ұстамасы ұстап, науқас ЖӨВ ауыстырылды. Басқарылатын гипотензия фонында ЖМП және криопреципитат инфузиясымен отаға дейінгі дайындық жүргізілді. Кесар тілігі жасалды, ЖӨВ. Экстубациядан кейін 2 сағат 25 мин. өткеннен соң АГ фонында (220/130 мм.сбб.) қайтадан тырысу ұстамасы қайталанды. Лабораторлы: Тр 96 мың., жалпы белок 38 г/л, ж.билирубин 136 ммоль/л, тікелей емес 88 ммоль/л, АлАТ 3,4; АсАТ 2,1, креатинин 300 мкмоль/л, мочевина 16 ммоль/л. Олигурия 10 мл/сағ. дейін. Науқасқа қайтадан интубация жасалынып, ЖӨВ-ға қайта ауыстырылды. Мейілінше ықтимал диагноз қандай?
*ГУС
*БСА
*Вирусты гепатит
*Гипертониялық криз
*+БЖЗ, HELLP-синдром
#193
*!Жүктілікке дейінгі бүйректің созылмалы аурулары кезіндегі нефропротективті емнің «алтын стандарты» болып табылатын препараттарды көрсетіңіз:
*Дәрумендер
*Ферменттер
*Антибиотиктер
*Глюкокортикостероидтар
*+Ангиотензинайналдырушы ферменттің ингибиторлары
#194
*!Бүйректің жедел зақымдалуының сатыларының диагностикасы неге негізделген?
*Ацидоз, несептің рН-ы
*Мочевина мен диурез
*Несептің тығыздығы мен АҚ
*+Креатинин деңгейі мен диурез
*Қышқыл-сілті жағдай мен электролиттер
#195
*!Әйелде пререналді БЖЗ күдік туғызды. Пререналді БЖЗ-на қандай көрсеткіш сәйкес келеді?
*Несептегі креатининнің қандағы креатининге қатынасы<20
*Несептегі натрийдің концентрациясы >40 ммоль/л
*+Натрийдің шығарылу фракциясы<1%
*Несептің салыстырмалы тығыздығы<1010
*Несептің осмолярлығы<350 мосмоль/л
#196
*!Созылмалы артериалды гипертензиямен жүкті әйелде кезекті гипертониялық криз болды, АҚ 220/140 мм.с.б. дейін жоғарылаған. Үйінде 2 сағат бойы өзі АҚ 120/80 мм.с.б. дейін түсірген, сөйтіп кенеттен айқын әлсіздік сезініп, басы айналған, жүрегі айнып, құсқан, несебінің көлемі азайған. Ауруханаға түскенде креатинин 900 мкмоль/л болған. УДЗ-де екі бүйректің өлшемі 11,0х4,5 см, несеп іркілісі жоқ. Мейілінше ықтимал диагноз қандай?
*БСА, 5 сатысы
*+Пререналді БЖЗ
*Постреналді БЖЗ
*Гипертониялық криз
*Жедел гастроэнтероколит
#197
*!Созылмалы артериалды гипертензиямен жүкті әйелде кезекті гипертониялық криз болды, АҚ 220/140 мм.с.б. дейін жоғарылаған. Үйінде 2 сағат бойы өзі АҚ 120/80 мм.с.б. дейін түсірген, сөйтіп кенеттен айқын әлсіздік сезініп, басы айналған, жүрегі айнып, құсқан, несебінің көлемі азайған. Ауруханаға түскенде креатинин 900 мкмоль/л болған. БСА мен БЖЗ арасында қандай ажырату диагностикасын жүргізу керек?
*Диурезді өлшеу
*Ісінулерді анықтау
*Иммунологиялық зерттеулер
*Толық биохимиялық зерттеу
*+Бүйрек УДЗ, тамырлар допплерографиясымен
#198
*!Гинекологиялық бөлімшеге 20 жастағы науқас әйел түсті. Шағымдары дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, әлсіздік, ішінде ауру сезімі, қынабынан қанды бөлінділердің болуы. Өзін жүктімін деп санайды. Жүктілік болғанын қаламайды. Жүктілікті үзу мақсатында дәрі ішкен, 3 күн бұрын жатыр қуысына катетер енгізген. Объективті: жағдайы ауыр, есі анық, әлсіз, сұрақтарға қиналып жауап береді. Тері жабындылары сұрғылт, петехиялар. t 39,2° С, пульс 140 рет мин., АҚҚ 100/60, 95/60 мм сбб. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші аздап кепкен, жұмсақ, ауру сезімінсіз. Несебінің түсі қошқылдау, аз мөлшерде. Бөлінділері аздап қан аралас, жағымсыз иіспен. Лабораторлы зерттеулерде: ЖҚА: Нв-78г/л, Тр 100 мың., Ле-15,4х109/л, креат-920 мкмоль/л, мочев-30 ммоль/л, К-7,1 ммоль/л. УДЗ де бүйрек өлшемдері қалыпты, несеп іркілісі жоқ. Науқаста қандай жағдай дамыды?
*+БЖЗ
*ТМА
*БСЖ
*ТТП
*тБСЖ
#199
*!Гинекологиялық бөлімшеге 20 жастағы науқас түсті. Шағымдары дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, әлсіздік, ішінде ауру сезімі, қынабынан қанды бөлінділердің болуы. Өзін жүктімін деп санайды. Жүктілік болғанын қаламайды. Жүктілікті үзу мақсатында дәрі ішкен, 3 күн бұрын жатыр қуысына катетер енгізген. Объективті: жағдайы ауыр, есі анық, әлсіз, сұрақтарға қиналып жауап береді. Тері жабындылары сұрғылт, петехиялар. t 39,2° С, пульс 140 рет мин., АҚҚ 100/60, 95/60 мм сбб. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші аздап үрленген, жұмсақ, ауру сезімінсіз. Несептің түсі қошқылдау, аз мөлшерде. Бөлінділері аздап қан аралас, жағымсыз иіспен. Лабораторлы зерттеулерде: ЖҚА: Нв-78г/л, Тр 100 мың., Ле-15,4х109/л, креат-920 мкмоль/л, мочев-30 ммоль/л, К-7,1 ммоль/л. УДЗ де бүйрек өлшемдері қалыпты, несеп іркілісі жоқ. БЖЗ дамуының ең ықтимал себебі қандай?
*Нефрит
*Перитониттің дамуы
*Обструктивті уропатия
*Бүйрек тамырларының тромбозы
*+Септикалық аборттың салдары
#200
*!Науқас 25 жаста, жүктілік 32 апта. Клиникаға келесі симптомдармен түсті: оң жақ бел аймағында қатты ауру сезімі, несебі ал қызыл қанмен аралас. Госпитализацияға дейін 3 күн бұрын дене қызуы 370С дейін жоғарылап, бел аймағында қатты ауру сезімі пайда болып, несебіне қан араласқан. Спазмолитик қабылдағанымен жағдайы жақсармаған. Анамнезінен: 20 жасынан несеп тас ауруы. Зерттегенде – АҚҚ-150/100, ЖЖЖ-86, оң жақ бел аймағында ауру сезімі. Талдауларында: креат-620 мкмоль/л, мочев-35ммоль/л, К-6,5ммоль/л, ЖҚА: Нв-136 г/л, тромб-225 мың, лейк-8мың, СРБ-15 мг/дл. ЖНТ: Ле –6-8, эритроцит – тұтасымен. Бүйрек УДЗ: оң бүйрегінің ұлғаюы, оң жақ астауша 6 см дейін ұлғайған. Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы мейілінше ықтимал болып табылады?
*+БЖЗ, постренальді
*БЖЗ, ренальді
*БСЖ
*БСА
*тБСЖ
#201
*!Науқас 25 жаста, жүктілік 32 апта. Клиникаға келесі симптомдармен түсті: оң жақ бел аймағында қатты ауру сезімі, несебі ал қызыл қанмен аралас. Госпитализацияға дейін 3 күн бұрын дене қызуы 370С дейін жоғарылап, бел аймағында қатты ауру сезімі пайда болып, несебіне қан араласқан. Спазмолитик қабылдағанымен жағдайы жақсармаған. Анамнезінен: 20 жасынан несеп тас ауруы. Зерттегенде – АҚҚ-150/100, ЖЖЖ-86, оң жақ бел аймағында ауру сезімі. Талдауларында: креат-620 мкмоль/л, мочев-35ммоль/л, К-6,5ммоль/л, ЖҚА: Нв-136 г/л, тромб-225 мың, лейк-8мың, СРБ-15 мг/дл. ЖНТ: Ле –6-8, эритроцит – тұтасымен. Бүйрек УДЗ: оң бүйрегінің ұлғаюы, оң жақ астауша 6 см дейін ұлғайған. Төменде көрсетілген тактикалардың ішінде қайсысы ЕҢ БІРІНШІ кезекте тұрады?
*Гемодиализ
*+Нефростомия
*Уретеролитотомия
*Перитонеальді диализ
*Жедел босандыру
#202
*!Перзентхананың қарқынды ем палатасында 36 жастағы босанған әйел жатыр, босанғанына 3 күн болған. Анамнезінде 3 мед түсік, 2 босану, соңғысы бала басының дұрыс емес орналасуына байланысты кесар тілігі отасымен аяқталған. Отадан кейінгі кезең дене қызуының жоғарылауымен өткен. Қазіргі жүктілігі пиелонефриттің жиі өршуімен өткен. Ота жасалғанның бірінші тәулігінен бастап дене қызуы 38,3-39С. Антибактериалды ем жүргізіліп жатыр. Отадан кейін 3-ші тәулікте қарап тексергенде: жағдайы ауырға жақын, t 39°, ps 124 рет мин., АҚҚ 110/70 мм сбб., тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші кебіңкі, ауырады, әсіресе оталық тігіс маңайында. Жатыры пальпация кезінде ауырады. Зерттегенде: Нb - 80 г/л, Тр. - 70,0x109/л, Ле - 15,7х109/л, ЭТЖ - 25 мм/сағ., мочевина -28,6 ммоль/л, креатинин - 673 ммоль/л, калий - 6,19 ммоль/л. ЖЗА: түсі қоңыр-қошқылдау, белок - 0,66 г/л, Ле- 4-6 к/а,Эр - 40 к/а көп. Бүйрек УДЗ: Бүйрек өлшемдері ұлғайған, АТЖ өзгермеген. Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы мейілінше ықтимал болып табылады?
*СБЖ
*тБСЖ
*Эклампсия
*Преэклампсия
*+Босанудан кейінгі ГУС
#203
*!Перзентхананың қарқынды ем палатасында 36 жастағы босанған әйел жатыр, босанғанына 3 күн болған. Анамнезінде 3 мед түсік, 2 босану, соңғысы бала басының дұрыс емес орналасуына байланысты кесар тілігі отасымен аяқталған. Отадан кейінгі кезең дене қызуының жоғарылауымен өткен. Қазіргі жүктілігі пиелонефриттің жиі өршуімен өткен. Ота жасалғанның бірінші тәулігінен бастап дене қызуы 38,3-39С. Антибактериалды ем жүргізіліп жатыр. Отадан кейін 3-ші тәулікте қарап тексергенде: жағдайы ауырға жақын, t 39°, ps 124 рет мин., АҚҚ 110/70 мм сбб., тілі құрғақ, ақ жабындымен жабылған. Іші кебіңкі, ауырады, әсіресе оталық тігіс маңайында. Жатыры пальпация кезінде ауырады. Зерттегенде: Нb - 80 г/л, Тр. - 70,0x109/л, Ле - 15,7х109/л, ЭТЖ - 25 мм/сағ., мочевина -28,6 ммоль/л, креатинин - 673 ммоль/л, калий - 6,19 ммоль/л. ЖЗА: түсі қоңыр-қошқылдау, белок - 0,66 г/л, Ле- 4-6 к/а,Эр - 40 к/а көп. Бүйрек УДЗ: Бүйрек өлшемдері ұлғайған, АТЖ өзгермеген. Төменде көрсетілген тактикалардың ішінде қайсысы ЕҢ БІРІНШІ кезекте тұрады?
*+ЖМП, диализ
*Препараттар санын көбейту
*Қолданылып жатқан препараттар мөлшерін жоғарылату
*Кешенді инфузиялық емді бастау
*Форсирленген диурез әдісін қолдану
#204
*!Науқас 22 жаста. Жүктілігі 35-36 апта. Босануы II, мезгілінен бұрын. Күшену кезеңі. Түскеннен 4,5 сағаттан кейін мерзімінен бұрын ІІ сатыдағы гипотрофиясы бар ұл бала босанды. Бала жолдасының бөлінгенінен 8 сағаттан кейін эпигастральді аймақта ауру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға шағымданды. Қарап тексергенде: айқын сарғаю, клинико-тоникалық тырысулар, диурез 150 мл. Тырысу кезіндегі АҚҚ 160/120 мм сбб. Эклампсияның дамуына байланысты антигипертензивті және седативті терапия бастады. Зерттеу кезінде: Нв 100 г/л, Тр 90 мың, билирубин: жалпы-172,3 ммоль/л, тікелей емес 96,9 және тікелей 66,6 ммоль/л, АлАТ 3,04 и АсАТ 1,67 мкмоль/л, жалпы белок 51,3, креатинин 650 мкмоль/л, мочевина 32 ммоль/л. ЖЗА белок 3,3 г/л, Ле 20-25 к/а, Эр көп. Мейілінше ықтимал диагноз қандай?
*ГУС-синдромы фонындағы БЖЗ
*+HELLP-синдромы фонындағы БЖЗ
*Вирусты гепатит фонындағы БЖЗ
*Нефритикалық синдром фонындағы БЖЗ
*Нефротикалық синдром фонындағы БЖЗ
#205
*!Науқас 22 жаста. Жүктілігі 35-36 апта. Босануы II, мезгілінен бұрын. Күшену кезеңі. Түскеннен 4,5 сағаттан кейін мерзімінен бұрын 11 сатыдағы гипотрофиясы бар ұл бала босанды. Бала жолдасының бөлінгенінен 8 сағаттан кейін эпигастральді аймақта ауру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға шағымданды. Қарап тексергенде: айқын сарғаю, клинико-тоникалық тырысулар, диурез 150 мл. Тырысу кезіндегі АҚҚ 160/120 мм сбб. Эклампсияның дамуына байланысты антигипертензивті және седативті терапия бастады. Зерттеу кезінде: Нв 100 г/л, Тр 90 мың, билирубин: жалпы-172,3 ммоль/л, тікелей емес 96,9 және тікелей 66,6 ммоль/л, АлАТ 3,04 и АсАТ 1,67 мкмоль/л, жалпы белок 51,3, креатинин 650 мкмоль/л, мочевина 32 ммоль/л. ЖЗА белок 3,3 г/л, Ле 20-25 к/а, Эр көп. Төменде көрсетілген тактикалардың ішінде қайсысы ЕҢ БІРІНШІ кезекте тұрады?
*+ЖӨВ, ЖҚП
*Препараттар санын көбейту
*Қолданылып жатқан препараттар мөлшерін жоғарылату
*Кешенді инфузиялық емді бастау
*Форсирленген диурез әдісін қолдану
#206
*!Ересектерде бүйректің созылмалы ауруының ең жиі себебі:
*Обструктивті уропатия
*Гломерулярлық аурулар
*+Артериалды гипертония
*Интерстициалді нефрит
*Бүйректің поликистоздық ауруы
#207
*!Бүйректің созылмалы ауруы бар науқаста диализді ШСЖ-ң (СКФ) қай деңгейінде бастау керек?
*60 мл/мин. төмен
*50 мл/мин төмен
*50 мл/мин жоғары
*+15 мл/мин төмен
*15 мл/мин жоғары
#208
*!26 жасар емделуші, жүктілік 34 апта. Емханаға айқын әлсіздікке, бас ауруына, жүрек айнуына шағымданумен түсті. 19 жасында ісінумен өткен бүйрек ауруы болған, кейіннен шамалы протеинурия байқалған. Түскенде: терісі құрғақ, сарғыштық реңмен бозғылттық, ісінулер жоқ. Жүрек шекаралары солға ығысқан. АҚ 150/90 – 160/100 мм.с.б. Қанда: Нв 50 г/л, креатинин екі ретте де – 300-340 мкмоль/л. Несепте – белок 0,9 г/л, меншікті салм. – 1006-1010, несеп тұнбасында: эритроциттер – бірен-саран. Төмендегі аталған болжам диагноздардың қайсысы емдеу тактикаларын анықтауда ЕҢ маңызды?
*Бүйрек поликистозы
*+Бүйректің созылмалы ауруы
*Бүйректің жедел зақымдалуы
*Созылмалы гломерулонефрит
*Тубулоинтерстициалді нефрит
#209
*!26 жасар емделуші, жүктілік 34 апта. Емханаға айқын әлсіздікке, бас ауруына, жүрек айнуына шағымданумен түсі. 19 жасында ісінумен өткен бүйрек ауруы болған, кейіннен шамалы протеинурия байқалған. Түскенде: терісі құрғақ, сарғыштық реңмен бозғылттық, ісінулер жоқ. Жүрек шекаралары солға ығысқан. АҚ 150/90 – 160/100 мм.с.б. Қанда: Нв 50 г/л, креатинин екі ретте де – 300-340 мкмоль/л. Несепте – белок 0,9 г/л, меншікті салм. – 1006-1010, несеп тұнбасында: эритроциттер – бірен-саран, лейк – 7-8 к/а. Қандай зерттеу әдісі ЕҢ бірінші жасалады?
*Цистография
*Экскреторлық урография
*Ретрограддық пиелография
*+Динамикада қайталап креатининді зерттеу
*Биоптатты морфологиялық зерттеумен бүйрек биопсиясы
#210
*!Әйел 26 жаста, 2-ші жүктілік, 8 апта. Диагноз: созылмалы гломерулонефрит нефротикалық синдроммен және гематуриямен. Кокрофт-Голт әдісі бойынша шумақшалық сүзілу жылдамдығы – 64 мл/мин. Созылмалы бүйрек ауруларының қай сатысына сәйкес келеді?
*1
*+2
*3
*4
*5
#211
*!Барлық созылмалы бүйрек ауруларында үдеудің әмбебап механизмін көрсетіңіз:
*Пиелонефритпен асқыну
*Шумақішілік гипотензия
*Жүйелі гипертензияның болуы
*Иммундық механизмнің қосылуы
*+Шумақішілік гипертензия және гиперфильтрация
#212
*!Емделуші 36 жаста, бүйректің созылмалы ауруы бар. Анамнезінен: туа пайда болған рефлюкс, оң жақ несепағардың қосарлануы, 6 жасында шамамен 7 рет ота жасалынды, оң жақ тотальдық және сол жақ бөлшекті нефрэктомиямен. Соңғы 20 жыл бойы ШСЖ-ң біртіндеп төмендеуі байқалды, түскен кезде ШСЖ=11 мл/мин. Түскен кезде жүктілік 11 апта. Уремиялық интоксикацияның белгілері өсуде. Зертханалық: креатинин 390-500 мкмоль/л, мочевина 58 ммоль/л. Төмендегі аталған емдеу тактикаларының қайсысы ЕҢ бірінші кезекте жүргізіледі?
*+Гемодиализ
*Плазмаферез
*Бүйрек трансплантациясы
*Перитонеалдық диализ
*Жүктілікті жедел үзу
#213
*!Емделуші 36 жаста, бүйректің созылмалы ауруы бар. Анамнезінен: туа пайда болған рефлюкс, оң жақ несепағардың қосарлануы, 6 жасында шамамен 7 рет ота жасалынды, оң жақ тотальдық және сол жақ бөлшекті нефрэктомиямен. Соңғы 20 жыл бойы ШСЖ-ң біртіндеп төмендеуі байқалды, түскен кезде ШСЖ=11 мл/мин. Жүктілікке 11 апта (3-ші жүктілік, 1 рет түсік болған, 1 баласы бар). Уремиялық интоксикацияның белгілері өсуде. Зертханалық: креатинин 390-500 мкмоль/л, мочевина 58 ммоль/л. Емделуші бағдарламалы гемодиализге енгізілді, аптасына 3-5 рет. 35-ші аптада артериалдық қысымы жоғарылай түсті. Аталған емдеу тактикаларының қайсысы ЕҢ дұрысы болып табылады?
*Бүйрек трансплантациясы
*Гемодиализді жалғастыру
*+Жедел босандыру
*Плазмаферез қосу
*Перитонеалдық диализге ауыстыру
#214
*!22 жасар жүкті әйел. Бала кезінде бүйректің туа біткен аномалиясының фонында қайталанып отыратын несеп шығару жолдарының инфекциясы жиі орын алған, хирургиялық коррекция жүргізілген. Қарағанда: бірінші жүктілік, 23-24 апта. Зертханалық тексеру: белок 0,3 г/л, лейкоциттер 3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШСЖ – 45 мл/мин. Терминалды БСА дамуы мен үдеуіне қандай қауіп факторы ықпал етеді?
*Несептегі инфекцияның ұзақтығы
*Туа біткен аномалияның сипаты
*+Протеинурия
*Жасы
*Жынысы
#215
*!22 жасар жүкті әйел. Бала кезінде бүйректің туа біткен аномалиясының фонында қайталанып отыратын несеп шығару жолдарының инфекциясы жиі орын алған, хирургиялық коррекция жүргізілген. Қарағанда: бірінші жүктілік, 23-24 апта. Зертханалық тексеру: белок 0,3 г/л, лейкоциттер 3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. ШСЖ – 45 мл/мин. Қандай симптомды бақылап отыру керек?
*+АҚ
*Диурез
*Гиперкалиемия
*Иммунологиялық
*Гемокоагуляциялық
#216
*!22 жасар жүкті әйел. Бала кезінде бүйректің туа біткен аномалиясының фонында қайталанып отыратын несеп шығару жолдарының инфекциясы жиі орын алған, хирургиялық коррекция жүргізілген. Қарағанда: бірінші жүктілік, 23-24 апта. Зертханалық тексеру: белок 0,3 г/л, лейкоциттер 3-4 к/а, эритроциттер -2-3 к/а. Креатинин 90 мкмоль/л. АҚ 150/100 мм с.б. Қандай бұзылыстарды түзеу БСА-ң осы сатысында мейілінше дұрыс?
*Гормоналді
*Метаболикалық
*Иммунологиялық
*Гемокоагуляциялық
*+АҚ, протеинурия, креатинин
#217
*!Преэклампсиямен жүкті әйелде бүйректің жедел зақымдалуы орын алды. Мыналардың қайсысы БЖЗ дамуының ең ерте маркеры болып табылады?
*IL-1
*+NGAL
*Мочевина
*Адипокиндер
*Қандағы креатинин
#218
*!30 жасар науқас әйелде гипертониялық нефросклероздың салдарынан болған терминалды БСА, босанғаннан кейін диализ бөлімшесіне ауыстырылды. Бағдарламалық гемодиализ алады, аптасына 3 рет 4 сағаттан. Зертханалық мәліметтер: Нв 110 г/л, ЭТЖ 20 мм/сағ., креатинин 900 мкмоль/л, Са 1,5 ммоль/л, Р 2,3 ммоль/л, паратгормон 500 нг/мл. Эритропоэтин препараттарын алады. Мұндай жағдайда қандай бұзылыстарды түзеген жөн?
*Уремия
*Ацидоз
*Гипергидратация
*+Гиперпаратиреоз
*Реналді анемия
#219
*!Қандай препараттар тек протеинуриямен және гематуриямен жүретін созылмалы гломерулалық аурулардың үдеуін баяулатады?
*+ААФ ингибиторлары және ангиотензин рецепторларының блокаторлары
*Циклофосфанмен және солимедролмен пульс-терапия
*Комбинирленген антибактериалдық ем
*Дезинтоксикациялық ем
*Циклоспоринмен емдеу
#220
*!Жүкті әйелде диабеттік нефросклероздың салдарынан болған БСА-ң 4 сатысы. Зертханалық мәліметтер: Нв 90 г/л, креатинин 380 мкмоль/л, калий 5,9 ммоль/л, Са 1,8 ммоль/л, Р1,5 ммоль/л. Осы кездегі гиперкалемияның себебі қандай?
*Ангиотензин рецепторларының блокаторларын қабылдау
*ААФ ингибиторларын қабылдау
*+Метаболикалық ацидоз
*Кепкен жемістер пайдалану
*Альдостерон антагонистерін қабылдау
#221
*!БСА мен протеинуриясы бар науқас әйелде АҚ-ң қандай деңгейі дұрыс болып саналады?
*< 120/80 мм с.б.
*+< 130/80 мм.с.б.
*< 140/90 мм.с.б.
*Төмен болғаны дұрыс
*Жалпы популяциядағыдай
#222
*!Екіншілік гиперпаратиреоидизмді емдеу үшін Д дәруменінің белсенді түрін алатын БСА-ң 4 сатысы бар жүкті әйелде гиперфосфатемия 3,5 ммоль/л анықталды. Минералдық-сүйектік бұзылыстарды емдегенде бірінші кезекте қандай коррекция жасау керек?
*Фосфат-биндер тағайындау
*Кальцимиметик тағайындау
*Гипофосфатты емдәм тағайындау
*+Д дәруменінің белсенді түрін алып тастау
*Д дәруменінің рецепторларының активаторларын тағайындау
#223
*!28 жасар әйелде босанғаннан кейін БСА анықталды. Бұл әйелге ұзақ диспансеризацияда міндетті түрде қандай ұсыныстар беріледі?
*Бүйректің МРТ
*Зимницкий сынамасы
*Экскреторлық урография
*Компьютерлік томография
*+ШСЖ және протеинурияны анықтау
#224
*!22 жасар жүкті әйел, 20 апта. Дене қызуының 39◦С дейін жоғарылауына байланысты тағайындалған апмициллинді қабылдағаннан кейін жедел интерстициалді нефрит дамыды. Әйелде қандай БЖЗ дамыды?
*+Реналді
*Пререналді
*Постреналді
*Обструктивті
*Функционалды
#225
*!Жүктіліктің ерте мерзімінде БЖЗ дамуының себебі:
*Қант диабеті
*Преэклампсия
*Жедел гломерулонефрит
*Вегето-тамырлық дистония
*+Құсумен өткен айқын токсикоз
Құқықтық компетенция
#1
*!Әйелдерге амбулаторлы акушерлік-гинекологиялық көмекті көрсетеді:
*Перзентханалар
*Көп профильді ауруханалар
*ҒЗИ клиникалары және ғылыми орталықтар
*Медико-санитарлық бөлімдердің гинекологиялық бөлімшелері
*+Әйелдер кеңесі мен емханалардың гинекологиялық бөлімшелері
#2
*!ҚР-дағы ана өлімінің негізгі себептері:
*Гестоздар
*Септикалық жағдайлар, қан кетулер
*Жүрек қан-тамыр аурулары, акушерлік қан кетулер
*+Акушерлік қан кетулер, гестоздар, экстрагениталді патология
*Инфекциялық аурулар, гестоздар, экстрагениталді патология
#3
*!Қазақстан Республикасының заңы денсаулық сақтау саласында неге негізделген
*+Қазақстан Республикасының конституциясына
*Халықаралық келісім ережесіне
*ҚР президентінің жарғылары мен Қаулыларға
*Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске
*ҚР ДСМ денсаулық сақтау саласындағы нормативті-құқықтық актілеріне
#4
*!Созылмалы цистит фонында жүктілікті жоспарлаған кезде жүкті әйелде қандай көрсеткіштерді бақылау АСА МАҢЫЗДЫ?
*Жалпы қан талдауы
*УДЗ бойынша АТЖ жағдайы
*Амбурже бойынша несеп талдауы
*Нечипоренко бойынша несеп талдауы
*+Несепті бак. себінді жасау, жалпы несеп талдауы
#5
*!Репродуктивті денсаулық дегеніміз:
*Ұрпақ жалғастыру қабілеттілігінің болуы
*Репродуктивті жастағы әйелдің денсаулығы
*Репродуктивті жастағы адамның денсаулығы
*Ұрпақ жалғастыру құқығын және қабілеттілігін көрсететін адам денсаулығы
*+Толыққанды ұрпақ жалғастыру құқығын және қабілеттілігін көрсететін адам денсаулығы