Босатқан сабақтарды өтеу ережесі

Кіріспе

Қазіргі жағдайда қоғамның денсаулығы көбінде оның санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығымен, өмір сүретін ортасының қауіпсіздігіне азаматтардың құқығы шын мәнінде қамтамасыз етілуімен және сырқаттардың алдын алуымен анықталады. Адам ағзасы мен қоршаған орта арасында тығыз байланыс бар, ортаның қолайсыз факторларының ағзаға тұрақты түрде әсер етуі, әсіресе сыртқы орта қарқынды ластанып жатқан жағдайда және адам денсаулығы үшін қауіпсіз емес жаңа техногендік факторлардың спектрі тез кеңейіп жатқан қазіргі кезеңде, халықтың денсаулық потенциалы төмендеуінің және көптеген аурулар дамуының себебі болып табылады. Ауру дамуының қауіп-қатерін төмендетуге, популяцияның денсаулығын сақтауға тек адамның өмір сүретін жағдайын сауықтыруға бағытталған алдын алу шаралары ғана қабілетті. Гигиена ғылымының негізін қалаушы Ф.Ф.Эрисман осыған байланысты «Егер ауруларды дұрыс анықтау және оны дұрыс емдеу тәсілдері өте маңызды және мәнді деп саналса сол аурулардың және өлімнің себебі болып табылатын қоғамдық санитарлық сырқаттарын анықтау және жою барлық рецепттер мен дәрілердің бәрін бірге алғандағыға қарағанда қалай өте жоғары дәрежеде маңызды деп айтпасқа» деген.

Алдын алу жөніндегі медицина тек дәрігер – гигиенист маманының еншісі емес. Гигиена білімінсіз кез келген емдеу дәрігерінің жұмыс істеуі мүмкін емес, өйткені оның күнделікті кәсіптік жұмысы, ауруханада, балалар мекемелерінде, өнеркәсіп кәсіпорындарында, тамақ өнеркәсібінде болсын.

Қоршаған ортаның әр түрлі факторларының адам ағзасына әсер ету сипатын білу де болашақ дәрігерлер үшін маңызды, себебі ол аурудың себебін анықтап дұрыс диагноз қоюға, сондай-ақ дәлелді емдеу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді. Гигиеналық білім халық арасында санитарлық ағарту жұмысын жүргізу үшін қажетті жағдай, халықтың гигиеналық сауаттылығы сауықтыру шараларының тиімділігін қамтамасыз етудегі звеноларының бірі болып табылады.

Сондықтан гигиеналық ойлау тәсілі және бұл салада көп білу студенттік кезден негізі қалануы тиіс, ал аурудың алдын алу жөніндегі медицина болашақ дәрігерлер дайындауда өзіне сай орын алуы тиіс.

Аурудың алдын алу жөніндегі медицинаның ғылыми негізі гигиена – іске асырылуы адамдардың денсаулығы сақталуын және нығаюын қамтамасыз ететін гигиеналық нормативтерді, санитарлық ережелерді және шараларды негіздеу мақсатында қоршаған орта факторларының адам ағзасына және қоғам денсаулығына әсер ету заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Гигиенаны оқытудың мақсаты:

Этиологиясы жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың біріншілік және екіншілік алдын алу сұрақтарын шешуге мүмкіндік беретін ғана емес, сонымен қатар дұрыс диагноз қою, адекватты емдеу және науқастарды қалпына келтіру, халықтың гигиеналық сауаттылығын арттыру үшін қажетті болатын аурудың алдын алу жөнінде ойлауды және гигиеналық білімдердің негізін қалыптастыру .

Пәнді оқыту міндеттері:

1. Адамның тіршілік жағайлары мен өдірістік іс әрекетіндегі қоршаған ортаның әртүрлі факторларының жеке адамның денсаулығы мен қоғам денсаулығына әсер ету табиғаты мен сипаты жөнінде түсінік беру.

2. Аурудың алдын алу, дені сау адамдадың денсаулығын сақтау және нығайту үшін гигиеналық білімдерін қолдануды үйрету.

3. Аурудың этиологиялық немесе қатерлі факторлары ретінде болу мүмкін қоршаған орта факторларының рөлін анықтауды және осы білімдерді өзінің кәсіптік іс әрекетінде қолдануды үйрету.

4. Келешектегі дәрігерлік жұмысында нақты кәсіби міндеттерін шешу үшін гигиена ғылымының қәзіргі кездегі жетістіктерін үйрету.

5. Гигиеналық білімдерін халықтың санитарлық мәдениеттілігін арттыру үшін қолдануды үйрету.

Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуге міндетті:

1. Гигиенаның даму тарихын. Гигиена ғылымының негізін қалаушыларды. ҚР көрнекті ғалым- гигиена мамандарын. Гигиеналық зерттеу әдістерін. Қоршаған орта факторларын гигиеналық нормалаудың негізідерін.

2. Ауаның гигиеналық маңызын. Ауа райы мен климаттың, микроклиматын жағдайларының, атмосфералық ауаның, үйлердің ауасының химиялық заттармен және бактериялармен табиги және антропогендік ластануымен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды.

3. Жұқпалы және табиғаты жұқпалы емес аурулардың пайда болуы мен таралуындағы су факторы мен топырақтың рөлін және олардың алдын алуды. Қазақстанның табиғи және антропогендік биогеохимиялық аймақтарын. Елді мекендерді санитарлық тазалау жөніндегі шараларды.

4. Жеке адамның және ұжымның рационалды тамақтануын ұйымдастырудың гигиеналық негіздерін және оларды медициналық бақылауды.

5. Қоршаған орта факторлары мен балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы мен дене дамуының өзара әсерлесуінің гигиеналық мәселелерін. Жеке адамның гигиенасы мен салауатты өмір салты негіздерін.

6. Ең көп тараған зиянды өндірістік факторлардың (физикалық, онын ішінде, иондаушы және иондаушы емес сәулеленулер, химиялық, өндірістік шаң, биологиялық) гигиеналық сипаттамасын. Кәсіби патологиялардың алдын алу жөніндегі шараларды

7. Емдеу-алдын алу мекемелерін орналастыруға, жоспарлауға, жабдықтауға және абаттандыруға қойылатын гигиеналық талаптарды. Ауруханаішілік инфекциялардың адын алу жөніндегі шараларды.

8. Елді мекендерді жоспарлаудың гигиеналық негіздерін.

9. Соғыс жағдайында медициналық қызметке жүктелетін санитарлық гигиеналық шаралардың мазмунын, көлемі мен жүргізу тәртібін.

Студент істей алуы қажет:

1.Тұрғын және қоғамдық үйлердегі микрокимат параметрлерін, ауа ортасының сапасын, желдетуді, жылытуды, жарықты зерттеуді және бақылауды.

2.Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы су факторы мен топырақтың рөлін бағалауды және олардың алдын алу жөнінде шаралар жүргізуді. Суды зарарасыздандыру үшін құрамында хлоры бар препараттардың дозасын есептеуді және зарарасыздандыру жүргізуді.

3.Жеке адамдардың тамақтануы мен халықтың ұйымдастырлыған топтары тамақтануының ұйымдастырылуын, қауіпсіздігін және құндылығын бағалауды және оған медициналық бақылау жүргізуді.

4.Кәсіптік зияндылықтардың (өндірістік шаң, шу, діріл, иондаушы және иондаушы емес сәулеленулер, т.б.) адам ағзасына әсер ету қауіптілігін бағалауды және қажетті алдын алу шараларын ұсынуды.

5.Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына, дене дамуына және күн тәртібінің, оқу-тәрбие үрдістерінің, балалар мекемелерінде болу жағдайлары мен оқытуды ұйымдастырылуына бақылау жүргізуді.

6.Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды жүргізуді. Аурулардың ауруханада болу кезіндегі жағдайларын және ауруханалардың санитарлық режимін бақылауды.

7.Зертханада зерттеу үшін әскерлердегі дайын тағамнан және судан сынама алуды, тағамдық азықтарды санитарлық сараптауды және де олардың радиоактивті заттармен және уландырғыш заттармен ластануы кезінде полктің медициналық қызметінің мүмкіншіліктеріне сәйкес келетін көлемде зерттеу жүргізуді.

8.Әскерлерде аурулардың, оның ішінде жұқпалы аурулардың да пайда болуы мен таралу қауіп–қатер факторларын анықтауды және олардың алдын алу жөніндегі шаралар дайындауды. Дала жағдайындағы судың мөлдірленуіне және зарарсыздандырылуына бақылау жүргізуді.

9.Гигиена саласынан алған білімдерін халықты әртүрлі контингенттері арасындағы санитарлық ағарту жұмысын жүргізу үшін қолдануды.

Реквизитке дейінгі: философия, саясаттану, әлеуметтану, құқық негіздері, информатика, экология, медициналық биофизика, химия, молекулалы биология және медициналық генетика, биохимия, анатомия-1, физиология-1, патологиялық физиология-1, микробиология.

Реквизиттен кейінгі: ішкі аурулар, балалар аурулары, акушерия және гинекология, жалпы тәжірибе.

Пәннің қысқаша мазмұны: Қоршаған орта факторларын гигиеналық нормалаудың ғылыми негіздері.Ауа ортасының факторлары. Су денсаулық факторы. Топырақтың адам денсаулығына әсері. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіші.Тамақтану денсаулық факторы. Еңбек гигиенасы және физиологиясының негіздері. Науқастардың ЕАБ болу кезіндегі жағдайларының гигиеналық негіздері. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қалыптастырудағы қоршаған орта факторларының ролі.

Дәрістердің тақырыптық жоспары:

Тақырыптың аталуы Өткізу түрі ұзақтығы
1. Кіріспе. Гигиена негізгі алдын алу пәні ретінде. Мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері. Медициналық білімдер жүйесіндегі гигиенаның ролі. Мәселелі дәріс 1 сағат
2. Ауа ортасының гигиеналық маңызы. Мәселелі дәріс 1 сағат
3. Ауаның физикалық және химиялық факторларының ағзаға әсерімен байланысты аурулардың алдын алу. Мәселелі дәріс 1 сағат
4. Климаттың және ауа райының гигиеналық маңызы. Жерсіндірудің (акклиматизация) қазіргі кездегі мәселелері. Мәселелі дәріс 1 сағат
5. Су денсаулық факторы ретінде. Су факторымен байланысты аурулардың алдын алу. Мәселелі дәріс 1 сағат
6. Тамақтану денсаулық факторы ретінде. Рационалды тамақтанудың қазіргі кездегі аспектілері. Мәселелі дәріс 1 сағат
7. Алиментарлық аурулар, олардың алдын алу. Мәселелі дәріс 1 сағат
8. Емдеу-алдын алу мекемелерінің гигиенасы. Аурухана ішіндегі инфекциялардың алдын алу. Мәселелі дәріс 1 сағат
9. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғау және нығайтудағы гигиенаның маңызы. Мәселелі дәріс 1 сағат
10. Өндірістік зияндылықтар және кәсіптік аурулар туралы негізгі түсініктер. Кәсіптік аурулардың алдын алу шаралары. Мәселелі дәріс 1 сағат
11. Еңбек физиологиясының негіздері. Жұмыс үрдістерімен байланысты өндірістік қажудың және аурулардың алдын алу. Мәселелі дәріс 1 сағат
12. Ионды сәуле көздері және олардың сипаттамасы Мәселелі дәріс 1 сағат
13. Тұрғындардың және персоналдардың радиациялық қауіпсіздігін ұйымдастыру Мәселелі дәріс 1 сағат
14. Иондағыш емес электромагниттік сәулеленулер, электрлік және магниттік өрістер және олармен байланысты аурулардың алдын алу. Мәселелі дәріс 1 сағат
15. Гигиеналық нормалаудың ғылыми негіздері. Мәселелі дәріс 1 сағат
16. Соғыс уақытындағы санитарлық-гигиеналық шараларды ұйымдастыру негіздері. Әскерлерді далада орналастыру гигиенасы. Мәселелі дәріс 1 сағат
17. Дала жағдайында әскерлердің тамақтануына және сумен жабдықталуына санитарлық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу негіздері. Мәселелі дәріс 1 сағат
18. Қарулы күштердің жалпыға арналған бөлімдеріндегі және әскер түрлеріндегі еңбек гигиенасы. Мәселелі дәріс 1 сағат
  Барлығы: 18 сағат

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

Тақырыптың аталуы Өткізу түрі ұзақтығы
Үйлердің микроклиматын гигиеналық бағалау. Жылытуды бағалау. Тәжірибелік сабақ 2 сағат
Үйлердің ауасының химиялық және бактериялармен ластануын, табиғи және жасанды желдетудің тиімділігін гигиеналық бағалау. Тәжірибелік сабақ 2 сағат
Бөлмеге күн сәулесінің түсу режимін, табиғи және жасанды жарықты гигиеналық бағалау Тәжірибелік сабақ 2 сағат
Балалар мен үлкен адамдарға ультракүлгін сәуле жетіспеушілігінің алдын алу. Үйлерді санациялау үшін УК- сәулеленудің жасанды көздерінің қолданылуы Семинар 2 сағат
Ауыз судың және сумен қамтамасыз ететін су көздерінің сапасын гигиеналық бағалау. PBL жобалау бағытымен оқыту (PROBLEM – BASID LEARNING) 2 сағат
Судың сапасын жақсарту әдістері. ТBL командалық бағытпен оқыту (TEAM- BASID LEARNING) 2 сағат
Топырақты санитарлық-гигиеналық бағалау. Елді мекенді тазарту жөніндегі шаралар.Бөлім бойынша соңғы сабақ. Семинар, коллоквиум 2 сағат
Тағам мәзірінің жіктемесі бойынша тамақтанудың адекваттылығын гигиеналық бағалау. ТBL командалық бағытпен оқыту (TEAM- BASID LEARNING) 2 сағат
Сүттің, еттің және банкідегі консервілердің залалсыздығын бағалау. Тәжірибелік сабақ 2 сағат
Тамақтан уланулар және инфекциялар және олардың алдын алу. ТBL командалық бағытпен оқыту (TEAM- BASID LEARNING) 2 сағат
Ауруханалардың ас блоктарын жоспарлауға,жабдықтауға және күтіп ұстауға қойылатын гигиеналық талаптар Семинар 2 сағат
Ауруханалардың жағдайлық және жалпы жоспарларын гигиеналық бағалау Тәжірибелік сабақ 2 сағат
ЕАБ мамандандырылған бөлімдерінің ішкі жоспарлануын гигиеналық бағалау. Ауруханаішілік инфекциялар, олардың алдын алу. Тәжірибелік сабақ 2 сағат
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын және дене дамуын гигиеналық бағалау. ТBL командалық бағытпен оқыту (TEAM- BASID LEARNING) 2 сағат
Балабақшалардағы және мектептердегі балалардың күн тәртібін және оқу-тәрбие үрдістерінің ұйымдастырылуын гигиеналық бағалау. Семинар 2 сағат
Мектепте оқуға жетілгендігін медициналық және психофизиологиялық критерийлер бойынша бағалау. Семинар 2 сағат
Балалар мекемелерін жоспарлаудың және керек-жарақтармен жабдықтаудың гигиеналық принциптері және санитарлық нормалары мен ережелері.Бөлім бойынша соңғы сабақ Тәжірибелік сабақ , коллоквиум 2 сағат
Өнеркәсіптік шаң, оның гигиеналық маңызы. Шаң ауруларының алдын алу. Тәжірибелік сабақ 2 сағат
Өндірістік шу мен дірілдің гигиеналық маңызы. Шу және діріл ауруларының алдын алу. Семинар 2 сағат
Компьютердің бейнедисплейлік терминалдарымен жұмыс істеу кезінде оқу және еңбек жағдайының ұйымдастырылуын медициналық бақылау. Семинар 2 сағат
Кәсіптік уланулар және олардың алдын алу. Семинар 2 сағат
Өндіріс кәсіпорындарындағы жұмысшыларды емдік-профилактикалық қызметпен қамтамасыздандыруды ұйымдастыру принциптері Семинар 2 сағат
Радиациялық гигиенадағы негізгі түсініктер. Иондаушы сәулеленудің көздерімен жұмыс істеу кезінде персоналдың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптері. Тәжірибелік сабақ 2 сағат
Табиғи көздерімен сәулеленуді және медициналық сәулеленуді шектеу. Дозиметриялық және радиометрлік бақылау. Тәжірибелік сабақ 2 сағат
Дала жағдайында әскерлерлердің тамақтануа санитарлық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу негіздері. Семинар 2 сағат
Дала жағдайында әскерлерлерді сумен қамтамасыз етілуіне санитарлық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу негіздері. Семинар 2 сағат
Қарулы күштердің жалпыға арналған бөлімдері мен әскер түрлеріндегі еңбек гигиенасы. Бөлім бойынша соңғы сабақ Семинар, коллоквиум 2 сағат
  Барлығы: 54 сағат

Кеңес беру уақыты: кеңес күнделікті дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 16.00 дан 18.00 аралығында өтеді.

Аралық бақылау уақыты:

мамандық Курс/поток/топ Пән апта/күні уақыты
  Жалпы медицина   Курс 3/ поток – екінші     Жалпы гигиена апта:8 – інші  
306, 313, 317, 319, 320, 321, 329, 332 20.10.11ж. 16.00-16.50
352, 356, 357, 358, 351, 353, 354, 363 20.10.11ж. 16.00-16.50
305, 311, 322, 326, 327, 330 21.10.11ж. 17.00-17.50
333, 341, 355, 359, 360, 361, 365, 369, 370 21.10.11ж. 17.00-17.50
  апта:16  
306, 305, 311, 313, 317, 319, 322, 08.12.11 (3, 4 поток) 16.00-16.50
341, 355, 352, 356, 357, 358, 365, 369, 370   08.12.11   16.00-16.50
320, 321, 329, 332, 326, 327, 330 13.12.11 (5, 7 поток) 17.00-17.50
333, 351, 353, 354, 363, 359, 360, 361, 364 13.12.11 17.00-17.50

Қорытынды бақылау уақыты: академиялық күнтізбе кестесі бойынша

  • Студенттердің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған тапсырмалар

Студенттердің өзіндік жұмысы тақырыптары

Тақырыптың аталуы Өткізу түрі ұзақтығы
Гигиенаның қалыптасуы және даму тарихы. Қоршаған орта факторларының әсерімен байланысты аурулардың алдын алудың негізі ретіндегі гигиеналық нормалау. Әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау 2 сағат
Ауаның физикалық қасиеттерінің гигиеналық маңызы- атмосфреалық қысымның, электрлік жағдайы мен радиоактивтілігінің. Қолайсыз әсерлерінің алдын алу. Климат және ауа райы жағдайының адамның денсаулығына әсері және олардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу. Әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау 2 сағат
Ауаның химиялық және биологиялық құрамы және оның гигиеналық маңызы. Су факторы мен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шаралар. Әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау 2 сағат
Елді мекендерді жоспарлау және салудың гигиеналық негіздері. Тұрғын үй гигенасы. Әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау 2 сағат
Тағам статусы бойынша тамақтану адекваттылығын бағалау. Алиментарлық аурулар, олардың алдын алу. Негізгі тағамдық азықтардың тамақтық және биологиялық құндылығы. Эпидемиологиялық маңызы. Әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау 2 сағат
Тағамдық азықтардың қауіпсіздігі мен тамақтық және билогиялық құндылығы сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар. Ұнның, нанның, балықтың және концентраттардың залалсыздығын бағалау. Әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау 2 сағат
Азықтарды консервілеу әдістерінің гигиеналық сипаттамасы. Жеке адам тамақтануы мен халықтың ұйымдастырылған топтары тамақтануының ұйымдастырылуын және оның құндылығын медициналық бақылау. Әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау 2 сағат
Ауруханалардың ішкі ортасын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. Әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау 2 сағат
Балалардың әртүрлі жас кезеңіндегі ағзасының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері және олардың себебімен байланысты аурулардың алдын алу. Әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау 2 сағат
Мектептерде балалардың дене тәрбиесі және шынықтырудың гигиеналық негіздері және оның ұйымдастырылуын медициналық бақылау.Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың физиологиялық-гигиеналық принциптері. Оны ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. Әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау 2 сағат
Жасөспірімдерге мамандық таңдауға дәрігерлік кеңес беру. Мектептерде және бала-бақшаларда емдеу-алдын алу және санитарлақ-гигиеналық шаралардың ұйымдастырылуын дәрігерлік бақылау. Әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау 2 сағат
Мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріндегі жиһаздарға, жабдыққа, ойыншықтарға, оқулықтарға қойылатын гигиеналық талаптар. Әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау 2 сағат
Жұмыс ауырлығы мен қауірттілігін бағалау. Жұмыс үрдістерімен байланысты өндірістік қажу мен аурулардың алдын алу. Өнеркәсіптік улардың әсер етуінің жалпы заңдылықтары. Улылығы мен қауіптілігін бағалау. Әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау 2 сағат
Инфра – уьтра дыбысты және лазерлік сәулеленуді гигиеналық бағалау. Қолайсыз әсерлерінің алдын алу. Өндірістік ортаның биологиялық факторлары және олар тудыратын аурулардың алдын алу. Әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау 2 сағат
Иондаушы емес электромагниттік сәулеленудің, электрлік және магниттік өрістердің гигиеналық маңызы және олардың зиянды әсерлерінің алдын алу жөніндегі шаралар. Әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау 2 сағат
Ауылшаруышылығындағы еңбек гигиенасының негізгі мәселері, аурулардың алдын алу. Әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау 2 сағат
Медицина қызметкерлерінің еңбек гигенасының негізгі аспектілері. Рентгенологиялық кабинеттер мен сәулемен емдеу бөлімдеріндегі медицина қызметкерінің радиациялық қауіпсіздігі. Полимерлік материалдарды медицинада қолданудың гигиеналық мәселелері Әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау 2 сағат
Қазіргі заманғы негізгі әлеуметтік мәселермен байланысты денсаулық жағдайы бұзылуының алдын алудағы жеке бас гигиенасының рөлі. Тері гигиенасы. Киімге және аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар. Әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау 2 сағат
Барлығы 36 сағат

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі: пән бойынша барлық тақырыптарды оқу, соңғы сабаққа дейін курсты өту барысында рефераттарды тапсыру және қорғау.

апта
№ тақыр   1,2   3,4   5,6   7,8   9,10   11,12   13,14 17,18  

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

1. Большаков А.М., Маймулов В.Г. Общая гигиена – М.: ГЭОТАР – Медиа,2006.-729с

2. Пивоваров Ю.П. Гигиена и основы экологии человека : учебник для студ. высш. мед. учеб. заведений / Ю. П. Пивоваров, В. В. Королик, Л. С. Зиневич. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : Академия, 2008. - 528 с. - (Высшее профессиональное образование)

3. Румянцев Г.И. Гигиена : Учебник для вузов - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : ГЭОТАР-МЕД, 2001. - 608 с. : ил. - (XXІ век)

4. Глиненко В. М. Гигиена и экология человека : учебник / [и др.]. - М. : Мед. информ. агентство, 2010. - 545 с : ил

Қосымша:

1. Большаков А.М. Общая гигиена : Учеб. пос. для вузов. Для сисемы послевуз. образования врачей / Большаков, Алексей Михайлович, Маймулов В.Г. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2006. - 729 с. : ил.

2. Пивоваров Ю.П. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене и основам экологии человека : Учеб. пос. для медвузов / Пивоваров, Юрий Петрович, Королик В.В. - М. : Академия, 2006. - 508 с. : ил. - (Высшее профессиональное образование).

3. Мельниченко П.И. Военная гигиена и военная эпидемиология : Учебник / Мельниченко, П.И., Огарков П.И., Лизунов Ю.В. - М. : Медицина, 2006. - 400 с. : ил. - (Учеб.лит.Для студентов мед.вузов)

4. Большаков А.М. Общая гигиена : Учебник для студ. фарм. специальностей / Большаков, Алексей Михайлович, Новикова И.М. - Изд. 2-е,перераб.и доп. - М. : Медицина, 2002. - 384 с. : ил. - (Учеб.лит. Для студ. мед. вузов)

5. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков: Учеб.для мед. Вузов/В.Р.Кучма.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2008.-473с

6. Артамонова В.Г. Профессиональные болезни:Учебник для медвузов.-Изд.4-е,перераб.и доп.-М.:Медицина,2006.-480с.-(Учеб.лит.для студентов мед.вузов)

7. Оформление Э.В.Мухлынова. Медицинская экспертиза трудоспособности, медико-социальная, военно-врачебная:(Сб.нормативных актов РФ)/.-М.:Джангар,2006.-775с.

8. Винник Ю.С.,Кочетова Л.В., Карлова Е.А., Теплякова О.В. Асептика и антисептика: Учеб.пос./-Ростов н/Д:феникс,2007.-116с.

9. Коваленко, Л.М. Техника современных санитарно-химических Учеб.-метод. пособие/ Коваленко, Л.М. - Караганда : [s. n.], 2005. - 73 с. - ISBN 9965406731 : Б.ц.УДК 613/614(02) исследований в области Госсанэпиднадзора:

10. Рубина Е. А. Санитария и гигиена питания: Учеб. пос. для не мед.вузов/ :Вып 2: Материалы респ. науч.-практ. конф. с междунар. участием. - Караганда : Б.и., 2005. - 302 с.

11. Актуальные вопросы профессиональной патологии Вып 2: Материалы респ. науч.-практ. конф. с междунар. участием. - Караганда : Б.и., 2005. - 302 с. -

12. Королев А.А. Гигиена питания: Учебник для медвузов/ Королев, Алексей Анатольевич. - М. : Академия, 2006. - 528 с. - (Высшее профессиональное образование).

13. Проблемы медицины труда и промышленной токсикологии в Казахстане. :Материалы респ.науч.-практ.конф.с междунар.участием. - Караганда : Б.и., 2006. - 310 с

14. Елисеев Ю.Ю. Санитарные нормы: Полный справочник/ ред. - М. : Эксмо, 2006. - 768 с

15. Терехин С. П. Сборник нормативных документов, регламентирующих государственный надзор в области гигиены питания: учеб.- метод. пособие/ [и др.]; КГМУ. - Караганда : 2009. - 196 с.

Оқу және оқыту әдістері:

· Дәрістер: мәселелі

· тәжірибелік сабақтар:семинарлар, жағдайлық есептерді шешу, жағдайды талдау, ағымды бақылау жүргізу.

· студенттердің өзіндік жұмысы:әдебиетпен жұмыс, жобаны дайындау

Оқушылардың білімдері мен дағдыларын бағалау әдістері:

· Ағымды бақылау: тестілеу, жазбаша/ауызша сұрау, бағдарламалық бақылау, жағдайлық есептерді шешу, тапсырманың нәтижелерін толтыруды тексеру және т.б.

· Бөлім бойынша соңғы сабақ: жазбаша тестілеу, жағдайлық есептерді шешу.

· Қорытынды бақылау: емтихан

· Білім бағасының ережесі және критериі: әрбір деңгейге білім бағасының шкаласы және критериі (ағымдық аралық, қорытынды бақылау), барлық сабақтардың түрлеріне баға ережесі (аудиториялық, СӨЖ, ОЖСӨЖ*)

Бағаны баллдық-рейтингтік жүйе бойынша қою ҚММА Әдістемелік кеңесі шешімімен бекітілген (№ 2 хаттама, 10.10.2007 ж.) төменде келтірілген критерийлерге сәйкес жүзеге жүзеге асырылады:

Пән бойынша бірінші сабақта студенттің білімінің базалық деңгейі бағаланады. Базалық білімнің бағасы оқу журналында 100-балдық шкаласымен қойылады. ЖР есептеу кезінде базалық деңгейінің бағасы есепке алынбайды.

1 кесте. Білімді бағалаудың баллдық-рейтингілік әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалау Бағаның сандық эквиваленті Бағаның пайыздық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 95-100 «Үздік»
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 «Жақсы»
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 «Қанағаттанарлық»
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0-49 «Қанағаттанарлықсыз»

Семинарлық сабақ, ОЖСӨЖ бойынша студенттердің білімін, біліктілігін және дағдысын бағалаудың критерилері

Әріптік жүйе бойынша бағалау Бағаның сандық эквиваленті Бағаның пайыздық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау Білімді бағалау критерилері
А 4,0 95-100 Үздік Жауап толық дұрыс, түсінікті. Студент бағдарламада берілген негізгі және қосымша әдебиеттерді терең меңгерген. Күрделі деңгейдегі оқу материалын еш қиындықсыз түсінеді. Пән бойынша негізгі терминдерді сауатты және мағынасына сай қолданады, пән бойынша негізгі терминдерді сауатты және жақсы біледі, пәндік терминдерді меңгерген. Алған білімін жайдан күрделі оқу пәндеріне қарай дамыта алады. Тәжірибе жасау (химиялық немесе тағы басқа, пәнге байланысты) дағдылары бар және алынған тәжірибелік мәліметтерді теориялық тұрғыдан дәлелдеп, талдау жасай алады.
А- 3,67 90-94 Жауап толық, дұрыс. Студент оқу бағдарламасының материалдары бойынша жүйелі және терең білім алған, бағдарламада белгіленген негізгі және қосымша әдебиеттерді толық меңгерген. Пәнге сай терминологияны қолдана отырып, материалдың мазмұнын сауатты түсіндіреді, алған білімін медико-биологиялық пәндер бойынша жинаған білімімен байланыстыра алады. Тәжірибе жасау (химиялық немесе тағы басқа, пәнге байланысты) дағдылары бар және алынған тәжірибелік мәліметтерді теориялық тұрғыдан дәлелдеп, талдау жасай алады, тәжірибеден қорытынды шығара алады.
В+ 3.33 85-89 Жақсы Жауап жеткілікті түрде толық. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі әдебиетті жетік біледі, пәнге сай терминологияны дұрыс қолданады, өмір құбылыстарындағы әр түрлі байланыстардың ролі мен мәнін сенімсіз (бірақ дұрыс) түсіндіреді. Жауап барысында бір-екі аса көңіл аудармайтын қате жібереді, бірақ оны өзі түзетеді. Тәжірибе жасау (химиялық немесе тағы басқа, пәнге байланысты) дағдылары бар және алынған тәжірибелік мәліметтерді теориялық тұрғыдан дәлелдеп, талдау жасай алады, тәжірибеден қорытынды шығара алады.
В 3.0 80-84 Жауап толық. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі әдебиетті біледі. Пәндік терминологияның қолданылу бағытын дұрыс түсіндіреді, бірнеше қате жібереді, бірақ оқытушының сауал қоюы арқылы оларды түзетеді. Тәжірибе жасау (химиялық немесе тағы басқа, пәнге байланысты) дағдылары бар және алынған тәжірибелік мәліметтерді теориялық тұрғыдан дәлелдеп, талдау жасай алады, тәжірибеден қорытынды шығара алады.
В- 2,67 75-79 Жауап дұрыс, бірақ жеткілікті толық емес. Студент бағдарламалық материалды меңгерген, бағдарламада көрсетілген негізгі әдебиетті біледі, ұсынылған бағдарламаны біледі, пәндік терминологияны дұрыс қолданады, пәндік терминологияның барысы мен бағытын түсінеді және түсіндіре алады, негізгі механизмдерді түсіндіре алады, бірақ оны ашып айтуда қиындыққа тап болады. Жауап бергенде маңызды емес қателіктер жібереді, бірақ оны оқытушының көмегімен түзетеді. Тәжірибе өткізу дағдалары (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) қалыптасқан. Тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.
С+ 2,33 70-74     Қанағат танар лық Жауап толық емес, маңызсыз қателіктері бар, оны студент оқытушының сұраққа байланысты сұрақтар қойғанында түзете алады. Одан әрі оқуда қажеттілік тудыратын көлемде негізгі оқу-бағдарламалық білімі бар, бағдарламамен ұсынылған негізгі әдебиеттерді меңгерген. Пәндік терминологияны пайдаланады, негізгі механизмдерді пайдаланады, бірақ кезектілігімен атай алмайды, нақты үлгідегі білімін көрсете алмайды. Тәжірибені өткізудегі (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан. Тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.
С 2,0 65-69 Жауабы оқу бағдарламасымен қарастырылған білімін көрсете алмайды, маңызды емес және маңызды бірер қателіктері бар, оны студент оқытушының сол жауапқа алып келетін (қосымша) сұрақтар қоюы кезінде түзетеді. Пәндік терминологияны қолдану дағдылары бар, аса қиын механизмдерді анықтауда қиындықтарға тап болады. Тәжірибені өткізудегі (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.
С- 1.67 60-64 Бағдарламалық оқу материалын толық айтпайды. Студент маңызды емес және маңызды қателіктер жіберген, оларды оқытушының көмегімен түзете алады. Пәндік терминологияны дұрыс пайдалана алады, негізгі механизмдерді анықтауда қателіктерге тап болады, формулалар және т.б. жазуда қателер жібереді. Өз білімін басқа ұқсас пәндермен үйлестіре алмайды, байланыс таппайды. Тәжірибені өткізудегі (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.
Д+ 1,33 55-59 Жауап толық емес, нақтылықтар аз. Маңызды және маңызды емес қателіктер бар. Кейбір жағдайларда студент пәндік терминологияны пайдаланады, бірақ механизмдерге жауап беруде қындықтарға тап болады, байланыстыра алмайды, пән бойынша негізгі түсініктер мен терминдерге анықтама бере алмайды. Тәжірибені өткізудегі (химиялық немесе басқа да пәнге байланысты) негізгі дағдылары қалыптасқан, тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.
Д 1,0 50-54   Оқытушының қосымша сұрақтар қойғанының өзінде көптеген қателіктері бар жауап. Маңызды қателіктер: терминологияны дұрыс пайдалана алмайды, түсініктер мен терминдерге анықтаманы бере алмайды, негізгі заңдар, ережелердің орналасуын білмейді, түрлерге бөле алмайды. Негізгі үрдістер, механизмдердің мағынасын түсінбейді, материалды түсіндіруде пәндік терминологияны пайдалана алмайды, күрделі қателіктер жасайды. Тәжірибе өткізудің дағдыларын толық меңгермеген, тәжірибеге сараптама жасау мен оның нәтижелерін рәсімдеуде қиындықтарға тап болады.
F 0-49 Қанағаттанар лықсыз Студенттің жауаптан немесе жауап беруден бас тартуы, студент оқу бағдарламасы бойынша білімінің толықтай жоқтығын көрсетеді. Бірде бір тапсырма/тәжірибе орындалмаған, немесе тапсырма/тәжірибе/ зертханалық жұмыс дұрыс орындалмаған.

Пәннің әр тақырыбына студенттің ағымдық бағаларын сабақта 100- балдық шкаласымен оқытушы оқу журналына қояды. Ағымдық бағаны қоюда аталған тақырыпты меңгеруге қатысты қарастырылған барлық оқу жұмыстарының түрлері (аудиториялық және аудиториядан тыс) ескерілуі керек.

Студенттер үшін ағымдық үлгерім рейтингін есептеуі (жіберілу рейтингі), барлық ағымдық бағалар және межелік бақылаудың орташа арифметикалық есептеу арқылы жүргізіледі.

Босатқан сабақтарды өтеу ережесі - student2.ru

Босатқан сабақтарды өтеу ережесі - student2.ru – ағымдық бағалар ( 100 балдық шкалада)

m- негізсіз себеп бойынша босатылған сабақтар саны

Босатқан сабақтарды өтеу ережесі - student2.ru – - межелік бақылау бағалары (100 балдық шкалада)

Босатқан сабақтарды өтеу ережесі

6.1. Босатқан сабақтарды өтеу үшін студент:

a. факультеттің декан/декан орынбасары сабаққа қатысуға рұқсаттама алу қажет;

b. студенттің сабаққа қатысқаннан кейін екінші сабақтан кеш емес уақытта сабаққа қатысу рұқсаттамасын кафедраға тапсыруы керек. Сабаққа қатысу рұқсаттамасы болмаған жағдайда студент сабаққа қатыса алмайды, ал кафедра деканатқа студент туралы рапорт тапсырады;

c. сабақты өтеу жолдамасын сабақ жүргізетін оқытушыдан немесе кафедра меңгерушісінің оқу ісі орынбасары алу қажет.

6.2. Барлық босатылған зертханалық, тәжірибелік сабақтар сәйкес межелік бақылау өткізілген сәтке дейін өтеле алады:

a. себепсіз жағдайда – өтеу кестесіне сәйкес тестілеу бөлімінде тапсырылады;

b. себепті – студенттермен жеке жұмыс және белгіленген кеңес кестесіне сәйкес, ауызша, кезекші оқытушыға сабақ берілетін тілде (қазақ, орыс, ағылшын) тапсырылады;

c. ОКО босатылған сабақтарды өтеу, ОКО студенттерге кеңес беру және жеке жұмыс кестесіне сәйкес іске асырылады;

d. зертханалық жұмыстар, қорытынды сабақтар кафедрада өтеледі және босату себебіне қарамастан кезекші оқытушыға тапсырылады.

6.3. Себепті және себепсіз сабақа босатулар тек бір рет қана өтеледі. Қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда (0-49) сабақ өтелмеген болып есептеледі. Тәжірибелік сабақтарды, зертханалық жұмыстарды көрсетілген мерзімде (6.2. тарау) өтемеген жағдайда өтеу қайта қабылданбайды.

100 балдық шкаласына сәйкес әр сабақты себепсіз босату үшін ағымдық сабақтың орташа бағасынан 2 балл алынады.

8.6. Пән бойынша қорытынды бақылауға ( емтиханға) 60% және одан жоғары жіберілу рейтингі бар студенттер жіберіледі. Кері жағдайда емтихандық (сынақ) ведомосына студенттерге «жіберілмеген» деп қойылады, бұл GPA санауда қанағаттанарлықсыз бағаға тең.

8.11. Емтиханға келгенде студентте өзімен бірге сынақ кітапшасы және студенттік билеті болуы керек.

Наши рекомендации