Физиология кафедрасы

Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007 г

Арағанды мемлекеттік медицина академиясы

Физиология кафедрасы

Д Ә Р І С

Тақырып: «Физиологияға ғылым ретінде жалпы сипаттама»

«Физиология-1» пәні

051301 «Жалпы медицина» мамандығы

2 курс

Уақыты 1 сағат

Қарағанды 2008 ж.

Дәрістің тақырыбы: Физиологияға ғылым ретінде жалпы сипаттама

Дәрістің мақсаты: физиология ғылымының маңызын, оның себептерін және және қолданылатын зерттеу әдістерін түсініктерді беру

Дәрістің жоспары:

1. Физиология ғылымының түсінігі

2. Физиология ғылымының бөлімдері

3. Физиология ғылымының тарихы

4. Физиологияда қолданылатын әдістер

Физиология – биология ғылымының аса маңызды салаларының бірі. Ол тірі организм мүшелерінің және жүйелерінің өмір сүру процесін зерттеп, оның себептері мен қызметтерін ашады, тірі организмнің сыртқы ортамен қарым-қатынасындағы заңдылықтарды зерттейді.

Физиология грек сөзі (табиғат, ғылым) – организмнің тіршілік болмысын, яғни оның ағза ұлпалар мен клеткаларының тіршілік қызметін түрлі жағдайда зерттейтін ғылым.

Физиология негізінде өліден тіріні сапалық жағынан айыратын маңызды тіршілік процестеріне жататын заңдылықтарды зерттейді. Медицина институттарында, мысалы қалыпты және патологиялық физиологияны оқиды.

Қалыпты физиология – дені сау Адам организміндегі тіршілік әрекеттері процестерінің заңдылықтарын түсіндіреді.

Патологиялық физиология- ауру адамды дені сау адамдардың ажырататын заңдылықтарды түсіндіре отырып сипаттайды.

Физиология тағы да бірнеше түрге бөлінеді:

1. еңбек физиологиясы

2. дене жаттығулары мен спорт физиологиясы

3. тамақтану физиологиясы

4. жас ерекшеліктері физиологиясы

Тірі организмдегі функционалдық өзгерістер және оларда реттеудің механизмдері физиологияда анатомия, юиохимия, физика және басқа пәндердің мәліметтерімен тығыз байланыста қарастырылады. Физиологияны зерттеу үшін сондай-ақ химия мен физиканың заңдылықтарының білудің маңызы зор. Мәселен, физиологиялық процестерді түсіндіру кезінде физикалық және химиялық ұғымдар кеңінен қолданылады, сондай-ақ спектрометрия, радиоактивті изотоптар, электр, өлшеуіш аспаптар, рентгенография сияқты тағы басқа да физико-химиялық әдістер пайдаланылады.

Физиологияның ашылу тарихы:

Адам физиологиясының дамуы ерте уақыттан басталады. Көне медицина оқымыстыларының ішіндегі ең белгілісі Гиппократ, ал феодализм дәуірінде – Европа Авицинна деп атаған атақты тәжік дәрігері әрі философ Абу-Али Ибн-Сина. Оның «Дәрігерлік ғылымының ережелері» деген кітабы көптеген европалық және шығыс тілдеріне талай реет аударылған.

Ашылу тарихын жалпы айтсақ, оны екі кезеңге бөледі:

I. И.П.Павловқа дейінгі кезең

ІІ. И.П.Павловқа дейінгі кезең

І кезеңі - И.П.Павловқа дейінгі кезеңі бұл, анатомиялық және (целлолярлық) патанатомиялық эраларға бөлінеді.

Анатомиялық эра – ІІ ғасырдағы Рим қаласында тұрған Рален деген анатоммен байланысты. Бұл эра ХІ ғасырға дейін созылды. (Вирхов – Гиван қабығын ашты). Нағыз физиологиялық эра – 1628 жылдан басталады да, ағылшын физиологы Уильям Гарвей деген дәрігер мен байланысты. У.Гарвей қан айналымының негізгі салушысы, ол жүрек қызметін, үлкен және кіші қан айналым шеңберін анықтады. У.Гарвейден бастап физиологияда – тәжірибелік зерттеу әдістері қолданды.

Осы ғасырдағы тұрған француз философы Р.Декарт – ол физиологияға организмнің қызметтерінің негізінде рефлекторлық принципінің жататындығын дәлелдеді.

ХVІІІ ғасырдың аяғында физик және биолог Л.Гальвани тірі құрылымдардағы электрлік өзгерістерді анықтап оны «жануарлар электрлігі» деп атады.

ХІХ ғасырдың басында электр тоғын нақты өлшеуге мүмкіндік беретін физикалық құралдардың, мәселен гальванометрдің (В.Эйнтховен) жасалуына байланысты тірі тіндердегі электрлік құбылыстарды тереңірек зерттеуге мүмкіндік туды. Э.Дюбуа-Реймон өзі жетілдірген гальванометрді, индукциялық аппаратты және полярланбайтын электродтарды пайдалана отырып тірі тіндерге тыныштық күйде де, қозу кезінде де электр потенциалдарының болатындығын ешқандай күмән келтірмейтін етіп дәлелдеп шықты.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырда биопотенциалдарды зерттеу техникасы одан әрі жетілдірілді.

Н.Е.Введенский телефонды, Липпман – капиллярлық электрометрді пайдаланды.

Неміс физиологы К.Людвиг – кимограф пен сынап монометрін қолданып ең бірінші реет қан қысымды өлшеп алды. Өз лабораториясында «қан сағаты» деген құралмен қанның ағу жылдамдығын анықтады..

Ф.В.Овсянников – қан тамырларды қозғалтатын нерв орталығын дәлелдеді. Қазан қаласында тұрған Н.О.Ковалевский және оның оқушысы И.А.Миславский – тыныс алу қызметін зерттеді.

Ф.Самойлов – электркардиограф құралды жасаушысы және пайдалануға мүмкіндік Берген.

ХХ ғасырдан бастап физиологияның тереңірек дамуына И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың зерттеулері мен ашқан жаңалықтарының маңызы зор. И.М.Сеченов пен И.М.Павловтың зерттеулері мен ашқан жаңалықтарының маңызы зор. И.М.Сеченов өзіне дейінгі рефлекс туралы түсініктерді жинақтай келе, бұрын айтылмаған жаңа саладағы, жаңа сатыдағы тұжырым жасады. «Ми рефлектері» деп аталған еңбегінде ол рефлекстерді талдап, адамның психикалық әрекетінің де рефлекторлық табиғатын мойындады. Орталық жүйке-жүйесіндегі (1963 ж.) тежелеу және қозу құбылысын дәлелдеп ашты. И.П.Павлов – ұлы орыс физиологы, ол ас қорыту жүйесінің қызметін зерттеу үшін созылмалы (фистулалық) әдістерді қолданды. Осы жұмыстары үшін 1904 жылы Нобельдің премиясы берілді. Ең жоғарғы жетістіктері – И.П.Павлов жоғарғы дәрежедегі нерв қызметінің салушысы, бұл қызметтерді зерттеу үшін ол шартты рефлекторлық әдісті ашып қолданды. Ол екінші сигналдық жүйенің дамуы туралы ілімнің, ми қыртысындағы анализдеу мен синтездеу процестеріне түсінік берді және шартты рефлектерді ашып берген.

И.П.Павловтың жетістіктерін орыс ғалымдары В.М.Вехтерев, В.Н.Черниговский, Э.А.Сратян да зерттейді.

Қазіргі кезде организмді күрделі тірі система деп қарастырады да, П.К.Анохиннің пікірі бойынша организмді өзін-өзі реттейтін біртұтас жүйе деп түсінеді. Ол физиологияға функционалды (қызметтік) жүйе деп түсінеді. Ол физиологияға функционалды (қызметтік) жүйе деген түсінік береді.

Организм дегеніміз - сыртқы ортаның әсерлеріне өз бетімен жауап қайтаратын, бақаша айтқанда өзін-өзі реттейтін біртұтас супержүйе.

Организмнің өзін-өзі реттеуі нәтижесінде оның ішкі ортасының тұрақтылығы сақталып, үнемі өзгеріп тұратын сыртқы ортааға бейімделу реакциялары пайда болды.

Организм өмір сүруінің негізінде зат алмасу процесі жатады. Сонда сыртқы ортаның организалық заттарды ыдыратып, құрамында бос энергия жинақталған жаңа, өзіне қажет құрылыс материалдарын синтездейді. Жинақталған бос энергия организмді сыртқы ортаның зиянды әсерлерінің сақтауымен қатар, өзінің жаңа сапалы тіршілік жағдайында сақтайды.

Организмде алмасу процесінің 3 түрін ажыратады:

1. Зат алмасу (ас қорыту, зәр шығару, тыны салу, тері қатысады).

2. Энергияның алмасуы – бос энергияның азықтық заттардан алады.

3. Информацияның алмасуы. Барлық тірі материяға ортақ қасиеттердің ең негізлерінің бірі – тітіркенушілік. Тітіркендіргіштер (физикалық, химиялық, биологиялық) белгілі бір жағдайда тітіркену туғызады. Барлық тірі тіндер қозады, бірақ пайда болған қозуға жауап беру әр тіндерде бірдей болмайды, және қазіргі кезде шартты рефлектер арқылы барлық жауаптардың алдын-ала анықталғаны жүреді. Организмнің және оның әр түрлі жүйелерінің сыртқы ортаның тітіркендіру әрекеттеріне бейімделуін адаптация дейді. Бұл реакцияларды дәлелдеген Канада физиологы Гане Зельс. Мысалы: қоректену түрінің өзгеруі немесе бір түрлі жағдайдың екінші жаңа биологиялық жағдайға (қысқа ұйқыға кету) ауысу т.б.

1876 жылы француз физиологы Клод Вернар алғаш рет өз зерттеулеріне сүйене отырып, тірі организмнің ішкі сұйық ортасының тұрақтылығы жайлы гипотеза ұсынды.

1929 жылы америка физиологы В.Кэннон организмнің ішкі сұйық ортасының салыстырмалы тұрақтылығын сақтау қабілеті оның барлық жүйелерінің қызметтердің қалыпты тұрақтылығының нәтидесі екенін көрсетті. В.Кэннон «гомеостаз» деген терминді ұсынды.

Гомеостаз – организмнің ішкі ортасының тұрақтылығы (қан, лимфа, ұлпааралық сұйықтық).

Гомеокинез – организмнің ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы Гомеостазды анықтайтын тұрақты физиологилық көрсеткіштер – дене температурасы, қан осмостық қысым, натрий, калий, хлор, қант, белок т.б. заттар жатады.

Гомеостаз сақтауда барлық мүшелердің рөлі бірдей емес(ас қорыту жүйесі – клеткаларды қажетті құрылыс заттармен қамтамасыз етеді). Қан айналу – қан арқылы организмге қажетті оттегі, қоректік заттарды зәр шығару мүшелеріне апарып гомеостазды сақтайды.

Организмді – тірі өзін-өзі реттейтін жүйе деп қарастырса, оның негізінен құрайтын системалық принциптерді бөліп көрсеткенде былай болып келеді:

1. Детерминизм принципі (себепшілік) – организмнің әрбір жауабының себебі болады.

2. Анализ және синтез принципі – ОЖЖ әрбір тітіркендірудің талдау етеді де синтез арқылы жауап реакция туады.

3. Құрылымдылығы – жүйелерді өздерінің құрылымдары арқылы түсіндіру мүмкіндігі.

4. Нервизм принципі.

5. Иерархия сатысы принципі – жүйелерді құрайтын элементтердің бір-біріне тәуелділігі.

6. Организм мен сыртқы ортаның өзара байланысы.

7. Өзін-өзі реттеуші принципі

Физиология – бұл тәжірибелік ғылым.

Физиологияда қолданылатын әдістері:

1. Бақылау «зерттеу) әдісі.

2. Тітіркену әдісі

3. 1843 жылы К.Людвиг кимограф деген құрал арқылы қан қысымының қисығын жазып алды да, осыдан бастап зерттеушілер басқа да физиологиялық процестердің қисығын жазып алу әдістері қолданды. Мысалы: Энгельман – жүректің және бұлшық еттердің жиырылу қисықтарын жазып алады ж.б.

4. Электрофизиологиялық әдістер – биопотенциалдарды тіркеп жазып алу (Мысалы ЭКР –фия, ЭМГ-фия, ЭРР-графия, ЭЭР).

5. Жедел әдістер – жануарларға наркоз беріп, операция істеп, физиологиялық функцияларды зерттеу.

6. Созылмалы әдістер (фистулалық).

7. Биохимиялық.

8. Гистотопологиялық.

Иллюстрациялық материал:

1. Кестелер

2. Кодокарталар

3. Слайдтар

Қолданылатын әдебиеттер:

1. «Адам физиологиясы» ред. Х.Қ.Сатпаева, ж.б. Алматы . «Білім» 1995 жыл. 100-106, 113-116 беттер

2. «Кішкене бездердің үлкен құпиясы» ред. Ж.Абылаев, Алматы, Қазақстан. 1993 жыл, 117-120 беттер.

3. «Основы физиологии» ред. Н.Стерки, Москва «Мир» 1984 жыл 485-508 беттер.

4. «Физиология человека» ред. Р.Шмидт, Р.Тевс, Москва «Мир» 1986 жыл, 4-ші том, 251-254, 259-560 беттер.

5. «Физиология человека» ред. Н.А.Агаджанян, Н.З.Толь, ж.б. Алматы, Қазақстан. 1992 жыл, 175-192 беттер

Бақылау сұрақтары:

1. Физиология деген ғылым қандай құбылыстарды зерттейді?

2. Физиология ғылым қандай бөлімдерден тұрады?

3. Физиология даму тарихында қандай кезеңдерді ажыратады?

4. Физиологияда қандай зерттеу әдістерді қолданылады?

Иллюстрациялық материал:

1. Кестелер

2. Кодокарталар

3. Слайдтар

Қолданылатын әдебиеттер:

6. «Адам физиологиясы» ред. Х.Қ.Сатпаева, ж.б. Алматы . «Білім» 1995 жыл. 100-106, 113-116 беттер

7. «Кішкене бездердің үлкен құпиясы» ред. Ж.Абылаев, Алматы, Қазақстан. 1993 жыл, 117-120 беттер.

8. «Основы физиологии» ред. Н.Стерки, Москва «Мир» 1984 жыл 485-508 беттер.

9. «Физиология человека» ред. Р.Шмидт, Р.Тевс, Москва «Мир» 1986 жыл, 4-ші том, 251-254, 259-560 беттер.

10. «Физиология человека» ред. Н.А.Агаджанян, Н.З.Толь, ж.б. Алматы, Қазақстан. 1992 жыл, 175-192 беттер

Бақылау сұрақтары:

1. Рефлекс деген не?

2. Рефлекторлық теориясы дамуының кезеңдері ?

3. Рефлекторлық теориясының негізгі принциптері ?

4. Рефлекторлық доғаға қандай бөлімдер кіреді ?

5. П.К.Анохин бойынша функциялық жүйе туралы түсінік ?

Наши рекомендации