Тістем және оның түрлері

Нарбеков Муса

Ст12.003.01

Тістем және оның түрлері

Орталық окклюзияжағдайында тіс қатарларының түйісуі-тістем деп аталады. Тістем екі топқа бөлінеді:

- физиологиялық тістем;

- патологиялық тістем.

Физиологиялық тістемге шайнау, сөйлеу қызметінің толық қамтамасыз ететін және эстетикалық жағынан алғанда адамның бет әлпетінің бұзбайтын, өзгертпейтін тістемге жатады.

Патологиялық тістемде шайнау, сөйлеу қызметтерімен қатар адамның бет пішіні өзгереді.

Тістемдердің физиологиялық және патологиялық деп бөлінуі шартты. Кейбір жағдайларда, мысалы: пародонт ауыруларында немесе кейбір жеке тістерді жоғалтқанда немесе олардың ығысуында физиологиялық тістем патологиялық тістемге өтуі мүмкін.

Физиологиялық тістем түрлері:

· Ортогнатиялық;

· Тік тістем;

· Физиологиялық прогнатия/бипрогнатия/;

· Опистогнатиялық тістем.

Патологиялық тістем түрлері:

· Прогнатиялық тістем;

· Прогениялық тістем;

· Терең тістем;

· Ашық тістем;

· Қисық немесе қайшы тістем;

Ортогнатиялық тістем – ең көп тараған тістем. Тістем түрлерін зерттеуде үш бағытта (вертикалды, сагиталды, трансверзалды) қарастыру керек.

Ортогнатиялық тістемнің белгілері барлық тістерге қатысты болса, ал басқа тістемнің түрлері тек алдыңғы немесе шайнау тістеріне қатысты болуымен сипатталады.

Ортогнатиялық тістем белгілері. Әрбір тіс екі қарсы (антагонист) – негізгі және жанама тістермен түйіседі. Жоғарға жақ сүйегінің ақыл тістері мен төменгі жақ сүйкгінің орталық күрек тістерінің бір-бірден ғана антогонистері бар. Әрбір жоғарғы тіс өзі аттас төменгі және өзінен кейін тұрған тістермен , ал әрбір төменгі тіс өзі аттас жоғарғы және өзінің алдында орналасқан тістермен түйіседі.

Төменгі және жоғарғы тістердің осылайша өзара байланыстырылғаның ерекшелігі – жоғарғы орталық күрек тістердің өзі аттас төменгі күрек тістерден анағұрлым жалпақ болуымен түсіндіріледі. Осыған байланысты жоғарғы тістер төменгі тістерге қарағанда дисталды бағытта ығысқан. Жоғарғы ақыл тіс төменгі ақыл тіске қарағанда енсіздеу,сондықтан жоғарғы тіс қатарының дисталды ығысуы ақыл тістердің тұсында теңеледі және олардың артқы беттері бір жазықтықта жатады.

Тік тістем. Тік тістемнің ортогнатиялық тістеммен айырмашылығы, тік тістемде жоғарғы күрек тістердің кесу қырлары төменгі күрек тістердің кесу қырларымен тікелей тиіседі. Бүйір тістердің түйісулері ортогнатиялық тістемге ұқсайды, тек оларда төмпешіктері аласа болып келеді.

Физиологиялық прогнатия (бипрогнатия) және физиологиялық опистогнатия. Бұл тістем түрлеріне ортогнатиялық тістемнің арлық белгілері тән, айырмашылығы сол: физиологиялық прогнатияда екі жақ сүйегінің альвеориялық өсінділері және алдыңғы тістері алға еңкіш орналасқан, ал опистогнатияда альвеориялық өсінділермен күрек тістер керісінше орналасқан.

Патологиялық тістемдер. Ортогнатиялық және тік тістемдеріндегі тіндердің өзарабайланысы морфологиялық жағынан ғана емес, сондай- ақ функциялық, яғни қызметтік қалыптылығымен сипатталады.

Тіс қатарларының өзара байланысының ауытқуы аномалияны, яғни, ауытқушылық жағдайын туғызады.

Патологиялық тістемдерде тіс қатарларының байланысуы, сондай-ақ шайнау, сөйлеу қызметтерінің бұзылуымен қатар, науқастың сыртқы бет пішіні де өзгереді. Патологиялық тістемдерге прогнатия, прогения, ашық және қайшы тістемдері жатады.

Прогнатия. Прогнатия жоғарғы жақ сүйегінің алға шығып тұруымен сипатталады. Төменгі жақ сүйегінің дисталды ығысуы немесе жоғарғы жақ сүйегінің алға ығысуы немесе жоғарғы жақ сүйегінің алға ығысуы салдарынан алдыңғы және бүйір тістердің де қалыпты тістеуі бұзылады.

Физиологияқ тістемде жоғарғы күрек тістер кескіш төмпешікті түйісудің болуына байланысты, төменгі күрек тістерді жауып тұрады.

Прогнатияда жоғарғы күрек тістер алға қарай шығып, осы тұста антогонист тістер арасында саңылау пайда болады. Кей жағдайда төменгі тістердің кесу қырлары шырышты қабатқа тиіп оның жаралануы әбден мүмкін.

Прогнатиялық тістемде жоғарғы бірінші молярдың алдыңғы ұрт төмпешігі төмен өзі аттас бірінші молярдың төмпешігіне түйіседі, кейдк екінші премоляр мен бірінші молярдың алдыңғы ұрт төмпешігі арасындағы сайға түседі.

Прогнатияның ауыр түрінде жоғарғы тістер жоғарғы ерінді ысырып, алға шығып, тістердің кесу қырлары көрініп тұрады. Төменгі ерін керісінше жоғарғы тістердің астына келеді. Мұның барлығы сыртқы бет әлпетіне із қалдырып, бет пішінін өзгертеді, сонымен қатар шайнау және сөйлеу қызметтерін де бұзады.

Прогения. Бұл тістем түрінде төменгі жақ сүйегінің алға жақ жоғарғы сүйегіне салыстырғанда ілгері орналасуы орын алады, соның салдарынан төменгі алдыңғы тістер жоғарғы өзі аттас тістерді жауып тұрады. Егер төменгі жақ сүйегі алға аздап жылжыған болса, онда алдыңғы тістердің арасында байланыс сақталынады. Жақ сүйектерінің мұндай байланысында тамақ алдыңғы тістермен тістеледі.

Егер төменгі жақ сүйегінің алда орналасуы анағұрлым көп болса, жоғарғы және төменгі алдыңғы тістердің арасында саңылау қалып, күрек тістермен тамақ кесу мүмкін болмай қалады да , тамақ бүйір тістермен кесіледі. Төменгі жақ сүйегінің мезиалды жылжуына сәйкес жоғарғы бірінші молярдың төмпешіктері екінші төменгі молярдың төмпешіктерімен түйіседі. Прогенияда төменгі жақ сүйегінің, ті доғасының жоғарғы тіс доғасына қарағанда төменгі жақ сүйегінің, тіс доғасының жоғарғы ті доғасына қарағанда көлемді болуына байланысты төменгі шайнау тістерінің ұртты төмпешіктері өзі аттас жоғарғы шайнау тістерінің ұртты төмпешіктерінен сырт жатады. Прогенияда науқастың сыртқы бет пішіні күрт өзгеріп, сөйлеу және шайнау қызметтерінен де бұзылады.

Терең тістем. Терең тістемде төменгі күрек тістердің кесу қырлары жоғарғы иістерінің төмпешіктерімен түйіспейтіндіктен терең жабылып тұрады. Төменгі күрек тістердің кесу қырлары жоғарғы тістердің мойны бөлігімен жанасуы мүмкін. Кейде мұндай байланыстардың болмауы да мүмкін, бұл жағдайда тістер қызыл иекке тиіп, оны жарақаттайды.

Терең тістеммен қатар, терең жабылу құбылысы болады. Терең жабылуда жоғарғы күрек тістер төменгі күрек тістердің биіктіктерін вертикал бойынша 1/3 бөлігінен артық жауып тұрады, бірақ кесу қырлары таңдай төмпешіктерімен түйісуді сақтайды. Терең тістемде ьұл түйісу болмайды. Терең жабылу ортогнатиялық тістемнің анатомиялық варианты болып табылады, ал терең тістем ауытқушылыққа (аномалияға) жатады.

Ашық тістем. Тістемнің бұл түрінде алдыңғы тістер, кейде кіші азу тістерде түйіспейді, бұл кезде тек қана үлкен азу тістер түйіседі. Қызметтік бшзылулар байқалады. Алдыңғы тістердің арасындағы түйіспеушіліктің болмауы азу тістерімен тамақты тістеуге мәжбүр етеді.

Пайдалы шайнау ауданының (акклюзиялық аймақ) қысқаруы тамақтың пайдалануын да қиындатады. Тамақ шайнау үдерісіне тілдің қатысунының орны ерекше, бұл кезде тіл көлемі жағынан үлкейеді. Науқастың тез сөйлеуі бұзылады, сыртқы бет-пішіні де (беттің төменгі бөлігі ұзаңқырап кетеді) өзгереді.

Қайшы немесе қисық тістем. Қайшы тістем кезінде төменгі азу тістер ұрт төмпешіктерімен өздерінің аттас жоғарғы азу тістерінің ұрт төмпешіктерін сыртқы жағынан жауып жатады. Алдыңғы тістер қалыпты жағдайда тістеседі. Мұндай тістем жоғарғы тіл қатарының қысқаруы негізінде пайда болады. Қайшы тістем бір жақты немесе екі жақты болуы мүмкін.

Эндрюс бойынша 6 кілт

Эндрюс қалыпты тістемнің негізгі көріністерін бағалау үшін ортогнатиялық тістемі бар 120 адамның моделіне анализ жасап төмендегі 6 көріністі қалыптастырды.

1кілт-Молярлардың қатынасы

2кілт-Сауыттардың мезиодистальді бағытта қисаюы

3кілт- Сауыттардың және тіс түбірлерінің вестибулоральді бағытта қисаюы

4кілт- Тіс қатарындағытістер өз өсінен айналмауы қажет

5кілт- Тіс қатарындағы әр-бір тістердің пішіні мен көлемі тістескенде тығыз орналасуы қажет

6кілт- Оклюзиялық қисық Шпее

Наши рекомендации