Назогастральды зонд арқылы науқасты тамақтандыру
Назогастральді зонд – асқазаннан сұйықтықты немесе ауаны шығарып алуға, дәрілік затты енгізуге арналған асқзанға мұрын арқылы енгізілетін зонд (сур. 85).
Жабдықтар: зонд, 200 мл көлемді оймақ немесе Жане шприці, қоректік қоспа, вазелин майы (немесе глицерин), фонендоскоп, астау, салфеткалар, қысқыш, 100 мл ыстық су бар ыдыс, қолғап.
www.nesidelki.ru |
www.kp.ru |
Сурет 85
Науқасты назогастральды зондпен тамақтандыру
Емшараны орындау:
1. Қолғап кию.
2. Зондтың енгізілетін ұзындығын анықтап оған белгі салу: зондпен мұрын ұшымен құлақ сырғалығы арасын өлшеп оған төстің төменгі бөлігі мен (семсер тәрізді өсіндіге дейін) кіндік аралығын қосу(немесе басқа әдіс бойынан 100 см алып тастау).
3. Пациентті Фаулер қалпына жатқызып мұрын тесігі арқылы жіңішке асқазан зондын 15-18 мм тереңдікке енгізіп пациенттен жұтынуын өтіну.
4. Фонендоскопты іштің іштің алдыңғы қабырғасына қойып тыңдау (зонд ішке түскенде іштен бүлкілдеген дыбыс естіледі).
5. Зондты бекіту (бинт немесе лейкопластырьмен).
6. Зондты қысқышпен қысу, зондтың бос бөлігін астауға салу.
7. Жане шприціне дайын тамақты сору немесе зондтың бос ұшына оймақты жалғау.
8. Зондтағы қысқышты босату және асқазанға қоспаны баяу енгізу.
9. Тамақтандырып болған соң басқа шприцпен зондты жуу.
10. Зондты қысқышпен қысып зондтың бос ұшын салфеткамен орап келесі тамақтандыруға.
11. Құралдарды өңдеу.
12. Қолғапты шешу, қолды жуу.
Гастростома, илеостома арқылы науқасты тамақтандыру
Гастростома –асқазанды сыртқы ортамен жалғастыратын іштің алдыңғы қабырғасынан шығып тұратын жасанды тесік жасау (оперативті жолмен орындалады). Гастростома өңештің өзегі ісікпен немесе күйікпен тарылғанда, яғни өңеш өткізгіштігі бұзылғанда науқастың өмірін сақтау мақсатында салынады (сур. 86 а, б, в).
www.ravnoepravo.ru |
www.skazhi-raku.net |
palliativ.ru |
palliativ.ru |
Сурет 86
Науқасты тамақтандыру
а, б, в – гастростома арқылы, г – илестома арқылы
Илеостомия – мықын ішекке (ащы ішекке) салынатын хирургиялық стома (сур. 86 г).
Жабдықтар: зарарсыздандырылған шыны оймақ, зарарсыздандырылған салфеткалар, қысқыш, тамақ қоспасы, қолғап, Б тобының қалдықтарын салуға арналған ыдыс.
Емшараны орындау:
1. Пациентті жоғарғы Фаулер қалпына жатқызу
2. Қолды жуу, қолғап кию.
3. Тамақты дайындау.
4. Қысқышты резеңкелі түтіктен шешу
5. Резеңкелі түтікшенің тесігіне шыны оймақты жалғау.
6. Оймаққа тамақты құйып науқасты тамақтандыру.
7. Аз мөлшерден үгітілген тамақты немесе арнайы қоспаны асқазанға енгізу.
8. Тамақты енгізіп болған соң судың шамалы мөлшерін енгізу.
9. Зондтың дистальды ұшына қысқышты салу және оны пациенттің киіміне бекіту.
10. Оймақты шешу және оны залалсыздандыру.
11. Ауызды шаю үшін ыдыспен су және астауша беру.
12. Қолғапты шешіп, қолды жуу.